Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143 Кб
Скачать
☆

2.Биология сабақтарында оқушыларға гигиеналық тәрбие беру

Биологиялық білім берудің мәселелерінің бірі- гигиеналық және жыныстық тәрбие беру. Әрбір оқушының денінің саулылығы – оның дқрыс білім алып,, үлгілі, тәрбиелі болуының кепілі.

Салауатты өмір салты – ол оқушының дене мәдениетінің, гигиеналық сауаттылығының және адамгершілігінің, имандылық пен руханилығының, тіпті жыныс тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуына бастайтын барлық тәрбие салаларының тоғысқан бірден-бір маңызды құрам бөлігі.

3.Алғашқы биология сабағы, оны өткізу.

Биология сабағын дайындауда, құруда және өткізуде ең өзекті мәселе сабақтағы басты мақсат – биологиялық ойлауды дамыт. Әр ұстаз бір мәселені өзінше шешеді – біреулерінде сәттілігі жоғары, басқаларында төмендеу. Қазіргі мектептегі білім беру, жалпы білім мен тәрбие саласындағы реформалары кезеңі жағдайында әрбір мұғалім жаңаша ойлап, жаңаша жұмыс істеуі қажет.

Алғашқы сабақта «Биология нені оқытады?» деген тақырыпта оқушыларды тірі табиғат жөніндегі биология ғылымымен, оның зерттеу нысаны, тірі ағзалардың көптүрлілігі, маңызы мен оларды қорғау мәселелерімен таныстыру қажет. Сабақты Дүниетану, Жаратылыстану пәндерінде оқыған табиғт жөніндегі білімдерін қалпына келтіріу, естеріне түсіруден, онда дүниетану, жаратылыстану мен биология арасында логикалық көпір жасау арқылы бастаған дұрыс. Ол үшін оқушыларды талқылауға мынадай сұрақтар ұсынылады: Дүниетану нені оқытады? Жаратылыстану қандай ғылым? Табиғат дегеніміз не? Біздің планетамызда өлі табиғат қандай заттардан тұрады? Пікірлесу барсында ұстаз тақтаға Табиғат деген сызбанұсқа құрады, оның жазулары алдын ала дайындалады. Осы арқылы оқушылардың тірі тбиғат жөніндегі білімін анықтайды. Содан кейін мұғалім биолгия терминін түсіндіреді.