Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143 Кб
Скачать
☆
  1. Дәстүрлі емес сабақтар: шығармашылық сайыс сабағы.

Дәстүрлі емес сабақтар дегеніміз – сабақ құрылымын оқу-тәрбие үрдіснің мақсаттарына сай өзгертіп оқушының шығармашылықпен білім игеруінің субъектілік үлесін жоғарылататын оқыту формасы.

Шығармашылық сайыс сабақтары кезінде оқушының белсенділігін, ынтасын арттырып, өздігінен ізденуіне, ойлануына жол ашатынын, осының негізінде оқу материалын сапалы, толық меңгеруіне мүмкіндік беретіні практикада дәлелденген. Сайыс сабақтың қызметі алуан түрлі: Оларда жаңа материалды зерделеуге оқушылардың білімі, білік-дағдыларын бекітуге, үлкен тақырыпты өтіп болағн соң жинақтап, жүйелеп қорытуға, тақырыптар арсындағы сабақтастықты жүзеге асыруға болады. Қызметі алуан салалы болғанымен бұл сабақтардың түпкі мақсаты біреу: оөушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілеттерін қалыптастыру арқылы, олардың шығармашылығы дамыған адам болып шығуына ықпал ету. Шығармашылық сайыс сабақтарынан алуан түрлі қызметті көруге болады:

  • Оқушы өздігінен ізденіп, оқу материалын өзі зерттейді, шығармашылық еңбек етеді. Дұрыс сұрақ құрастыру, сұраққа жауап іздеу – оқу материалын мұқият талдап, өздігінен өажетті білім алуын қамтамасыз етеді.

  • Талдау, синтез, салыстыру тәсілдерін үйреніп, қолдануға жаттығады.

  • Сызбанұсқа, кесте, ылғалды препараттарды пайдалануды үйренеді.

  • Бір – бірінің және өзінің жұмысына талдау беріп, ондағы оқулықтарды, дұрыс жауаптарды анықтауды, өзін өзі және басқаның ісін, жұмыс нәтижесін бағалаудың критериін., нормаларын меңгереді.

  • Жауаптылыққа тәрбиеленеді.

Билет №23

1. В.Ф.Зуев оқытудың қандай әдістемелік проблемаларын шешті?

В.Ф. Зуев жаратылыс тарихы оқытылуының практикалық мәселелерін шеше отырып, әдістеменің бірқатар проблемаларын айқындап берді: ҒЪІЛЫМ мен оқу пәнінің өзара байланысы; мазмұнның ғылымилылығы;

Оқу пәнінің құрылымы (қарапайымнан курделіге қарай, өлі табиғаттан өсімдіктерге дейін, онан соң жануарлар мен адамды оқуға); оқылатын нысанның монографиялық сипатталуьі; оқытудағы көрнекілік пен табиғи заттардың рөлі; оқытылатын материалға деген қызығушылыктың дамытылуы; ғылыми - жаратылыстык білімнің практикалык маңызы (оқудың өмірмен БАЙЛАНЫСТЫ); Орта және жоғарғы мектептегі оқыту әдістемесінің өзара байланысы. Сонымен академик В. Ф. Зуев Ресейде биологияны оқытудың әдістемесіне бастама салды және шын мәнінде оның негізін салушы болып есептеледі.

2. Биология сабағында білімді бақылау түрлері мен әдістері. Білім тексерудің төрт түрін бөліп атауға болады: алдын ала, ағымдық, мерзімдік, қортынды. Бұларды оқу үрдісіндегі орны мен қызметіне қарай бөледі.

Ағымдық бақылау сабақтар мен танымжорықтар сияқты күнделікті жұмыстарда және оқытудың басқа да формаларында жүргізіледі. Осы кезде ұстаз үнемі әрбір оқушының және барлық сыныптың білімін, біліктілігін сонымен қоса құндылық қатынастарының дамуын бақылап отыруға мүмкіндік алады. Ағымдық бақылаудың формасы мен ондағы қолданылатын әдістер алуан түрлі. Қолданылатын әдістер дидактикалық максаттарға байланысты.

Мерзімдік бақылау әдетте тақырыпты оқып біткен соң немесе оқу тоқсаны мен семестр соңында жүргізіледі. Тексерудің бұл түрін әсіресе тақырып (тарау) немесе курс соңында, яғни оқу материалының логикалық біткен бөлімінен кейін жүргізген орынды. Осындай тексерістің басты мақсаты -барлық тақырыптың оқу мазмұныеың меңгерілу сипатын анықтау үшін: негізгі ұғымдардың, заңдардың, үрдістердің, байланыс-себетіліктеріи анықтау. Сұрақтар оқушыларды толық жауап беруге, салыстыруға, дәлелдеуге, өздірінің пікірлерін айтуға бағыттауы тиіс.

Қорытынды бақылау өз қызметі бойынша мерзімдік тексеріске өте ұқсас, өйткені оқылатын оқу курсы немесе жартыжылдық, жылдық нәтижені білу үшін жүргізіледі. Кейбір мектептерде, кейбір жекелеген жоғарғы сыныптарда қорытынды тексеріс емтихан болып табылады. Қорытынды тексеріс жалпы үлгерім бағасына әсер ететіндіктен оқушыларды да, ұстазды да қобалжытады.

Оқушының білімі мен біліктілігін тексерудің соңғы кезеңі - бағалау. Білімді бағалау тек қана оқу мазмұнын бақылауда ғана емес, жаңа материалды баяндағанда да болады. Ұстаз жаңа материалды баяндау кезінде сұрақтар қойып, бақыланған құбылысты түсіндіруді, олардың себеп салдарларын ашуды сұрайды. Оқушылар әртүрлі тірі нысандардың қасиеттерін салыстырып, кейбір деректерді түсіндіруде қатысады. Осы кезде мұғалім окушының бұрын игерілген білім мен біліктерін қалай пайдаланғандарын, жауаптарын қандай формада баяндағандарын тексереді. Осындай жұмысты мұғалім міндетті түрде бағалауы тиіс.

3. Биологиядан көрнекі құралдар, олардың түрлері мен жіктелуі. Биологияны оқытудағы көрнекі құралдардың маңызы ерекше, өйткені тірі табиғатты кандай да бір көрнекіліксіз оқыту аса қиын. Биологияны оқытуда көрнекі құралдарды олардың сипатына және маңызына карай екі топқа бөлуге болады: негізгі және көмекші. Негізгілердің ішінде нақты (табиғи), суретті және сөздік құралдар, ал көмекші құралдар ішінде - оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) және зертханалық құралдар (ЗҚ). Өз кезегінде, биология сабағында пайдаланылатын табиғи көрнекі құралдар тірі және тірі емес немесе препаратталған болып екіге бөлінеді. Суретті құралдарды салынған (жазыкы) және көлемді деп екіге бөледі. Табиғи құралдар. Табиғи көрнекі құралдар болып арнайы таңдап алынған өсімдіктер(бөлме өсімдіктері, оқу-тәжірибе алаңынан немесе танымжорықтан әкелінген), тірі табиғат мүйісіндегі аквариумдегі, инсектариидегі, террариумдегі және тордағы жануарлар саналады. Табиғи препаратталғандарға гербарийлер, ылғалды препараттар, микропрепараттар, коллекциялар, омыртқалы жануарлардың қаңкалары мен олардың бөлшектері, тұлыптар, практикалық жұмыстарға арналған таратпа материалдар жатады.

Таратпа материалдар ретіндегі көрсетілетін тірі өсімдіктер жануарларды алдын ала дайындап алган дұрыс. Бұл нысандарды таңдап бағдарламаға, жергілікті жағдайға және табиғатты қорғау талаптарына байланысты болады. Табиғатта нысандарды жинағаннан басқа, мысалы өсімдіктерді, таратпа материалдар дайындау үшіп оқу-тәжірибе алаңында арнайы себуге болады, ал оку-тәжірибе алаңында өсімдіктерге түс: зиянкестерді зоологиядан таратпа материал ретінде колдануға коллекция жинап алуға болады. Гербарийлермен және коллекциялармен жұмыс істегенде материалдардың тірі ағзалар жөнінде толык мәлімет бермейтіндігін ескеру қажет. Сол себепті оларды басқа да, оқылатын ағзалардың қасиеттерін түсінуге көмектесетін құралдармен бірге пайдаланған орынды.

Технологиялық коллекциялар табиғи материалдардан алынған өнімдерді көрсетеді, мысалы, «Тас көмір және оны өңдеу өнімдері», «Астық тұқымдастар. Олардан алынатын жармалар» т. б. Омыртқалы жануарлардың құрылысын оқып үйрену үшін сабақтарда препаратталған қаңқалар (балықтардың, бақаның, кесірткенің, жыланның, тауықтың және мысықтың) және олардың бөлшектері пайдаланылады. Сабаққа жануарлардың тұлыптары да пайдаланылады. Жануарлар тұлыптарына ерекше күтім керек, әйтпесе олар кеуіп кетуі немесе каракүйе түсіп жарамсыз болуы мүмкін. Олар арнайы қораптарда не шыныланған шкафтарда сақталуы керек, сонда өздерінің табиғи түр-түстерін жоғалтпай үзақка шыдайды, тек сабақтарда көрсету үшін ғана алып пайдалану керек, тұлыптарды биология кабинетін безендіруге пайдаланған дұрыс емес екенін мектеп тәжірибесі көрсеткен сондықтан олар тек кабинеттің екінші, препараторлық (ұстаздың жұмыс бөлмесінде) бөлмесінде сақталуы керек. Бейнелі құралдар алуан түрлі болады. Оларға көлемді нақпішіндер мен нобайлар; салынған немесе құрастырылған таблицалар, географиялық карталар ғалымдар портреттері, дидактикалық таратпалы материалдар жатады.

Нақпішіндер - бұл табиғи нысанды дәл көшірме етіп жасаған құралдар. Фабрикадан жасалып шықкан муляждар: «Гибридтік және полиплоидтық өсімдіктер жемістерінің жиынтығы», «Қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесі» т. б. Олар табиғи нысандардың көлемін, формасын, түр-түсін көрсетеді. Осындай нақпішіндерді табиғи нысанды көрсету мүмкіндігі жоқ кезде пайдаланады.

Нобайлар табиғи нысандардыц бейнелері болып табылады, бірақ олар нысанның тікелей көшірмесі емес, олардың басты қасиеттерін сызбанұсқалар түрде көрсетеді.

Нобайлар жазықтықтық және көлемді, статистикалық және динамикалық болуы мүмкін. Мысалы, жүрек қақпакшаларының жұмысын көрсететін немесе қоңыздың ішкі кұрылысын көрсететін нобай сияқты жазықтықты. Жүректің фабрикада дайындалған көлемді нобайы оның ішкі және сыртқы кұрылысымен толық танысуға мүмкіндік береді. Көпшілік қозғалмайтын нобайлар бөлшектеніледі. Бұл мүшенің сыртқы және ішкі құрылысын (мысалы, гүл құрылысының, көздің, құлақтың, адам бүйректерінің нобайлары) оқуға мүмкіндік береді. Динамикалық нобайлар әдетте ағзада жүретін үрдістермен таныстырады. Оларға магнитті «Белок биосинтезі», «Мендель заңдары», «Мүктердің көбею циклі», «Биогеоценоз нобайы» сияқты нобайлар жатады.

Биологияны оқытуда кестелер жиі қолданылады. Олар бедерлі және баспалық болады.

Бедерлі кестелер - пластиктен жасалған жануарлардың түрлі-түсті бейнелерін береді. Онда аз ойықтармен ағза контуры, мүшелер жүйесі, мүшелер бөліктері бөлініп көрсетіледі. Осындай кестелер ұзақ пайдалануға жарайды, жуып тазалауға жеңіл, бірақ олардың көлемділігіне байланысты сақтау орны кең болуы керек.

Билет №24

1.Жаратылыстың ғылыми танымды әдіснамасына түбегейлі өзгерістер әкелген Ч.Дарвин еңбектері. Ч.Дарвиннің (1809-1882) еңбектері жаратылыстың ғылыми танымы әдіснамасына түбегейлі өзгерістер әкелді. Дарвинизмнің әсерінен жаңа пәндер -экология мен генетика пайда болды, морфология. физиология және систематика эволюциялық мазмұндалды. XIX ғасырдың соңында цитология пайда болды, оның нысаны жасуша теориясымен «жасап шығарылды».