- •1.Биологияны оқыту әдістемесі пәні , оның ғылыми негізі
- •2. Биологиядан көрнекі құралдар, олардың түрлері
- •3.Мектептегі биология курсы және тәрбие
- •4.Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие.
- •2. Биология кабинетін жасау және ұйымдастыру.
- •3.Биология пәнін оқытудағы тәрбие
- •1.Биология оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
- •2.Биологияны оқытудың материалдық базасы
- •1.Мектепте биологиялық білім берудің ғылыми тұжырымдамасы
- •2.Дүниетанымды қалыптастырудағы тәрбие
- •3.Биология сабақтарының құрылымымен типтері
- •3.Биология сабағының құрылымы
- •Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.
- •Биология кабинетінің оқу тәрбиелік,ғылыми әдістемелік рөлі.
- •1.Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемелік бастауы.
- •2.Оқу тәжірибе алаңы (н.И.Верзилин нұсқасы).
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде экологиялық тәрбие беру.
- •Мектеп жаратылыстануы әдістемесінің XIX ғ. Бергі дамуы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және оны ұйымдастыру
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие беру
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Кеңес үкіметі кезіндегі дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісі
- •3.Биологияны оқыту үрдісіндегі салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісінің оқушылыр үшін маңызы
- •3.Зертханалық және танымжорықтық сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері,оларға сипаттама
- •1.А.Любеннің жаратылыстанудың әдістемесіндегі пікірлері.
- •2.Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптерінің біртұтастығы.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері: түсіндірмелі-көрнекілік әдіс.
- •1.А.Я.Гердтің әдістемесінің негізгі қағидалары.
- •2.Дәстүрлі емес сабақтар: саяхат, ертегі сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері:нұсқаушы ойға түсіруші әдіс.
- •1. А.Н Бекетовтың оқыту үрдісі туралы пікірлері.
- •2. Мектеп пәнініде биолгиялық ұғымдарды дамыту.
- •1.В.В Полоцевтің әдістемелік еңбегі.
- •2.Теория мен практиканың бірлігі, принципі.
- •Билет №15
- •1.М.Шаймарданованың авторлық тұжырымдамасы.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: ауызша әдістер.
- •Билет №16
- •2.Биологияны оқытудағы сабақтан тыс жұмыстар.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: көрнекі әдістер.
- •1.Боә даму тарихы
- •2. Дәстүрлі емес сабақтар: прессконференция, дөңгелек үстел, викториналық сабақтар
- •3. Биологияны оқытудағы мультимедиялық әдістер
- •1.Хх ғғ алғашқы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалым-биологтар мен әдістемешілер
- •2. Биология пәнінен оқыту құралдары.
- •3. Оқытудың жаңа технологиясы.
- •1.Оқытудың Мангейм, Башаев жүйесі
- •Осы сабақтың бір тақырыпты басқа сабақтардың жүйесіндегі орны; сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
- •Сабақты ұйымдастыру:
- •Сабақтың мазмұны:
- •Сабақ өткізу әдістемесі:
- •5. Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: үні, қарым-қатынас стилі, жеке оқушылармен және сыныппен қатынас мәнері.
- •6. Оқушылардың сабақтағы жұмысы мен тәртібі:
- •7. Сабақ бойынша жалпы қорытындысы.
- •Оқытудың Белл – Ланкастер жүйесі.
- •Сабаққа қойылатын жалпы дидактикалық және әдістемелік талаптар.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: оқытудың ойын формасы.
- •Үлкен Гай Плини Секунданың жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі туралы пікірлері.
- •Тест және тесттік білім тексеру.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: шығармашылық сайыс сабағы.
- •1. В.Ф.Зуев оқытудың қандай әдістемелік проблемаларын шешті?
- •2.Биологияны оқытудағы білімді бағалаудың маңызы.
- •2.Биология сабақтарында оқушыларға гигиеналық тәрбие беру
- •3.Алғашқы биология сабағы, оны өткізу.
1.Оқытудың Мангейм, Башаев жүйесі
2. Қазыргі биология сабағына қойлатын талаптар. Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің бастауыш білім беру сатысындағы дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам қоғам, адам табиғат арасындағы қарым қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады және олардың өзара байланысты екендігін ұғынады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негіздері қаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады.
Биология - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамыта отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз.
Биология пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптары мынандай:
Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;
Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;
Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;
Тақырыптық зерттеу жүргізу;
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;
Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;
Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы қабілеттерін арттыру.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;
Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру;
Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сыни тұрғыдан ойлау модулі.
3.В.Р.Шаталовтың әдістемелік жүйесі. Оқытудың көптеген проблемаларын шешуге бағытталған педагогикалық үрдісті құрудың ұйымдастыру -әдістемелік жүйесінің бірі - В.Ф. Шаталов тәжірибесі. Шаталов жүйесінің негізті басымдылығы оның әлеуметтік бағыттылығы: «Шаталов бойынша» жоғары дәрежеде оқытылған балаларда оқудан жирену, ондағы күйреу, мектепті, ұстаздар, балалар ұжымын жатсыну болмайды. Жүйелі адал еңбекке, жолдастық өзара көмекке, ашық сынға және өзін-өзі қатал бағалауға калыптасады.
Билет №20
1. Ф.Беконның ғылыми танымның әдістамасындағы негізгі ой-пікірлері. Жалпы алғанда мектептік білім беру, оның ішінде биологиялық білім беру Ф.Бекон (1561-1621) негізін жасаған ғылыми танымның әдіснамасы әсерінен болды. Оның негізгі идеялары мыналар:
- білімнің жалғыз қайнар көзі-сезімдік тәжірибе: барлық білім тәжірибеде негізделеді және сол арқылы (эмпиризм) беріледі;
- практикалық пайдасы (утилитаризм): «білім күш»;
-Тәжірибе жолымен табылған (индуктивизм), деректерді қорыту арқылы заңдылықтарды анықтау;
- зейінді тек құбылыстар себебін тануға шоғырландыру (каулизм);
-күрделіні қарапайымға келтіру арқылы тану (редукционизм);
Барлық осы ережелер бірімен-бірі тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып тұрады.
2. Сабақ талдау үлгілері және өзінің сабағын талдау. абақты талдау үлгісі Қазіргі сабақ қандай болуы қажет? Қалай бүгінгі сабақта дәстүрлі және жаңашыл әдістер ұштасады?
Сабақты абстрактно талдауға болмайды. Ең басты, әр сабақта бүкіл құралдар мен әдістер қолданылады деп күтуге болмайды.
Сабақ талдағанда қандай жағдайларды ескерту қажет?
а) тақырыптың ерекшелігі;
б) мектептің мүмкіндіктері, кабинеттің, техникалық құралдардың, көрнекі құралдардың бар болуы;
в) осы сыныптың құрамы, оқушылардың қабіліт және даму деңгейі;
г) мұғалімнің жеке даралығы, дайындық деңгейі, мінез ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, бұрынғы жұмыстар нәтижелері.
Сабақты талқылау формасы:
а) педагог өзі сабағы туралы әңгімелейді: не ойлағандай болды, не жүзеге аспады;
б) сабаққа қатысушы сабақтың позитивті жақтарын талдайды;
в) содан кейін жағымсыз жақтарын талдайды;
г) содан кейін ғана кемшіліктерден құтылуға көмектесетін ұсыныстар беріледі;
д) талдаудан кейін педагог қайта өзінің пікірін білдіреді, содан кейін ғана басқа қатысушылар проблеманың талдауына қосылады.
Сабақтың сипаттамасы:
1) Қазіргі заман сабағының жалпы педагогикалық сипаттамасы:
- сабақтың тұжырымдамалық ерекшеліктері, қазіргі тұрғыларды жіктеу және оларды сабақта дарыту;
- сабақтың жалпы педагогикалық ерекшеліктері – оқу-тәрбие үрдесінің ұйымдастыру формасы;
- сабақ типологиясы, олардың әр түрлі типтері мен түрлерінің құрылым сипаттамасы (оның кезеңдері, бөлімдері).
2) Сабақтың әдістемелік ұйымдастырылуы және жабдықталуы, оның әдістемелік логикасы.
Сабақты талдау және өзін – өзі талдау формалары:
1) қысқа (бағалау) талдау;
2) құрылымдық (поэтапный) талдау;
3) жүйелік талдау;
4) толық талдау;
5) құрылымдық-уақыттық талдау;
6) аралас талдау;
7) психологиялық талдау;
9) аспектты талдау;
10) құрама (комплексті) талдау.
Қысқа (бағалау) талдау – ол сабақтың білім, біліктік және дағды мақсаттарын шешетін оқу-тәрбие функциясының жалпы бағасы.
Құрылымдық (поэтапный) талдау – сабақтың үстем құрымын (элементтерін) табу және бағалау, оқушылардың танырлық қабілеттерін дамытуға қамтамасыз ететін мақсатқа лайықтылығы.
Жүйелі талдау – негізгі дидактикалық мақсаттарды шешу және бір мезетте сабақтың даму мақсаттарын шешу көзқарастан сабаққа бірыңғай жүйеге ретінде қарау.
Толық талдау – сабақ мақсаттарын жүзеге асыруды бағалау, оқушының оқу қызметі түрлері мен мазмұнының сипаттамасы, ойлау қызметінің тәсілдері мен білімді қабылдау деңгейінің аспектті талдау жүйесі.
Құрылымдық-уақыттық талдау – сабақтың әр кезеңінде уақыт қолдануды бағалау.
Аралас талдау – бір мезгілде сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттары және құрылымдылық элементтерін бағалау.
Психологиялық талдау – сабаққа қойылған психологиялық талаптардың орындалуын (даму типті оқушылардың танырлығын қамтамасыз етуі) зерделеу.
Дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды (дидактика принциптерін жүзеге асыру; оқушыларды оқыту және білім беруде қолданатын әдістер мен тәсілдерді сұрыптау, сабаққа қажетті оқу материалдарының дидактикалық ықпал ету, оқушылардың өзіндік танырлық қызметінің педагогикалық басшылығы және т.б.) талдау.
Аспектті талдау – сабақты жан-жақты, егжей-тегжейін тәптіштеп талқылау.
Сабақтың аспектті талдау түрлері :
педагогикалық талдау;
психологиялық талдау;
әдістемелік талдау;
гигиеналық талдау.
Сабақ талдауының педагогикалық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады :
осы сабақтың басқа сабақтардың жүйесіндегі орны;
сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
сабақты ұйымдастыру;
сабақ мазмұны;
сабақ өткізу әдістері;
сабақ үстіндегі байланыс;
оқушылардың сабақта жұмыс істеуі және тәртіптері.
Сабақ талдауының психологиялық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады:
оқушылардың назарын басқару;
Мнемоникалық ерекшеліктерді дамытуды басқару;
ойлауды дамыту және жүзеге асыру заңдылығын есепке алу.
Сабақ талдауының әдістеме аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады:
сабақтың негізгі білім беру мақсаты;
сабақтың әдістеме қисыны;
әр түрлі білім беру тәсілдерін қолдану;
әр түрлі әдістеме жолдарын қолдану;
білім беруді ұйымдастыру формаларының әр түрлерін қолдану.
Сабақ талдауының гигиеналық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады:
сынып оқушыларының мінездемесі;
оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау;
оқушылардың шаршауын және қажуын алдын-алу;
кәсіби қызметте мұғалім өзін-өзі басқару жолдарын қолдануы
Сабақты талдау мақсаттары:
Білім беру сапасын, оқушылардың білім, біліктік және дағды сапасын бақылау.
Оқу-тәрбие үрдісінің жағдайын бақылау.
Педагогтарға нұсқау өткізу.
Жоғарғы педагогикалық шеберлікті меңгеруге көмек көрсету.
Мұғалімнің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себебін анықтау, жұмыста кемшіліктерді жеңу.
Мұғалімнің жұмыс жүйесін анықтау.
Сабаққа қатысу жүйесі:
Осы сыныпта белгілеген тақырып бойынша бүкіл сабақтарға қатысу.
Бір күн ішінде осы мұғалімнің әр түрлі сыныптарда өтетін сабақтарына қатысу.
Бір күн ішінде бір белгіленген сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің сабақтарына қатысу.
Бір апта ішінде бір белгіленген сыныптың сабақтарына қатысу.
Әр түрлі мұғалімдердің сабақтарына қатысу.
Сабақтарды бақылау бағдарламасы:
I тип. Үйрену (зерделеу) және жаңа білім мен қызмет тәсілдерін алғашқы бекіту сабағы.
Мақсаты: оқушылардың қабылдау, мәнін түсіну және жаңа білім мен қызмет тәсілдерін алғашқы есте сақтауларын ұйымдастыру.
II тип. Жаңа білім мен қызмет тәсілдерін бекіту сабағы.
Мақсаты: оқушының білімін және қызмет тәсілдерін бекітуді қамтамасыз ету.
III тип. Білім мен қызмет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы
Мақсаты: оқушылар кешенді білімдері мен қызмет тәсілдерін өз беттерімен қолдануларына мазмұнды және ұйымдастырылған жағдай жасау.
IV тип. Білім мен қызмет тәсілдерін жинақтау және жүйелеу сабағы.
Мақсат: оқушылардың білім мен қызмет тәсілдерін жинақтауды ұйымдастыру.
V тип. Білім мен қызмет тәсілдерін тексеру, бағалау, өңдеу сабағы.
Мақсаты: оқушылардың білім мен қызмет тәсілдерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыру; оқушыларды өз білім мен қызмет тәсілдерін өңдеуін ұйымдастыру;
Сабақтың жалпы педагогикалық талдауын жасау үлгісі
