- •1.Биологияны оқыту әдістемесі пәні , оның ғылыми негізі
- •2. Биологиядан көрнекі құралдар, олардың түрлері
- •3.Мектептегі биология курсы және тәрбие
- •4.Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие.
- •2. Биология кабинетін жасау және ұйымдастыру.
- •3.Биология пәнін оқытудағы тәрбие
- •1.Биология оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
- •2.Биологияны оқытудың материалдық базасы
- •1.Мектепте биологиялық білім берудің ғылыми тұжырымдамасы
- •2.Дүниетанымды қалыптастырудағы тәрбие
- •3.Биология сабақтарының құрылымымен типтері
- •3.Биология сабағының құрылымы
- •Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.
- •Биология кабинетінің оқу тәрбиелік,ғылыми әдістемелік рөлі.
- •1.Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемелік бастауы.
- •2.Оқу тәжірибе алаңы (н.И.Верзилин нұсқасы).
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде экологиялық тәрбие беру.
- •Мектеп жаратылыстануы әдістемесінің XIX ғ. Бергі дамуы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және оны ұйымдастыру
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие беру
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Кеңес үкіметі кезіндегі дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісі
- •3.Биологияны оқыту үрдісіндегі салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісінің оқушылыр үшін маңызы
- •3.Зертханалық және танымжорықтық сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері,оларға сипаттама
- •1.А.Любеннің жаратылыстанудың әдістемесіндегі пікірлері.
- •2.Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптерінің біртұтастығы.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері: түсіндірмелі-көрнекілік әдіс.
- •1.А.Я.Гердтің әдістемесінің негізгі қағидалары.
- •2.Дәстүрлі емес сабақтар: саяхат, ертегі сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері:нұсқаушы ойға түсіруші әдіс.
- •1. А.Н Бекетовтың оқыту үрдісі туралы пікірлері.
- •2. Мектеп пәнініде биолгиялық ұғымдарды дамыту.
- •1.В.В Полоцевтің әдістемелік еңбегі.
- •2.Теория мен практиканың бірлігі, принципі.
- •Билет №15
- •1.М.Шаймарданованың авторлық тұжырымдамасы.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: ауызша әдістер.
- •Билет №16
- •2.Биологияны оқытудағы сабақтан тыс жұмыстар.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: көрнекі әдістер.
- •1.Боә даму тарихы
- •2. Дәстүрлі емес сабақтар: прессконференция, дөңгелек үстел, викториналық сабақтар
- •3. Биологияны оқытудағы мультимедиялық әдістер
- •1.Хх ғғ алғашқы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалым-биологтар мен әдістемешілер
- •2. Биология пәнінен оқыту құралдары.
- •3. Оқытудың жаңа технологиясы.
- •1.Оқытудың Мангейм, Башаев жүйесі
- •Осы сабақтың бір тақырыпты басқа сабақтардың жүйесіндегі орны; сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
- •Сабақты ұйымдастыру:
- •Сабақтың мазмұны:
- •Сабақ өткізу әдістемесі:
- •5. Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: үні, қарым-қатынас стилі, жеке оқушылармен және сыныппен қатынас мәнері.
- •6. Оқушылардың сабақтағы жұмысы мен тәртібі:
- •7. Сабақ бойынша жалпы қорытындысы.
- •Оқытудың Белл – Ланкастер жүйесі.
- •Сабаққа қойылатын жалпы дидактикалық және әдістемелік талаптар.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: оқытудың ойын формасы.
- •Үлкен Гай Плини Секунданың жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі туралы пікірлері.
- •Тест және тесттік білім тексеру.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: шығармашылық сайыс сабағы.
- •1. В.Ф.Зуев оқытудың қандай әдістемелік проблемаларын шешті?
- •2.Биологияны оқытудағы білімді бағалаудың маңызы.
- •2.Биология сабақтарында оқушыларға гигиеналық тәрбие беру
- •3.Алғашқы биология сабағы, оны өткізу.
3.Мектептегі биология курсы және тәрбие
Орта мектептердегі биологиялық білім берудің маңызды міндеттернің бірі –оқушыларды өмірге дайындау, еңбекке кәсіп таңдауға дайындау. Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізін қалыптастыруда мектептегі биолгиялық білімнің маңызы зор.Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына тірі табиғат туралы ілімдер үлкен үлес қосады. Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі қазіргі қоғамның жалпы талаптарыне сай келеді:
1.Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру. Дүние тану – бұл адам дүниеге көзқарасын, өзара қарым-қатынасын сипаттайтын жүйе.
2.Патриоттық тәрбие. Патриоттық сезім туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімі сыныптан тыс жұмыстарды қызықты ұйымдастырғанда арта түседі.
3.Еңбек және экологиялық тәрбие. Мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің орталағы – сабақ..Сабақ арқылы мұғалім мен оқушы арасында барлық оқу тәрбие жұмыстары әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады.Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты –адамның табиғатпен бірлестігінде.
4.Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие.
Биологиялық білім берудің мәселелерінің бірі- гигиеналық және жыныстық тәрбие беру.
Салауатты өмір салты – ол оқушының дене мәдениетінің, гигиеналық сауаттылығының және адамгершілігінің, имандылық пен руханилығының, тіпті жыныс тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуына бастайтын барлық тәрбие салаларының тоғысқан бірден-бір маңызды құрам бөлігі.
5.Эстетикалық және әдептілік тәрбие. Эстетика – көркемдік, әсемдік заңдылықтарын, жағдайларын және элементтерін зерттейтін ғылым. Биологияны оқыту процесінде тәрбиенің әдептілік жағы табиғаттың түрлі бағалылығын анықтауға және оның адамға танымдылық, эстетикалық маңызын көрсетуге негізделеді.
Билет №2
1.БОӘ-нің басқа ғылымдармен байланысы
БОӘ биология ғылымымен байланысты, бірақ мектептегі биология пәні мен биология ғылымының арасында мақсатында, көлемінде, құрылымында және баяндау түрінде үлкен айырмашылық бар. Мектпетегі биология пәні жалпы биология ғылымының түгел дерлік салаларын қамтиды: ботаниканы, зоологияны, цитологияны, өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясы мен анатомиясын , эволюциялық ілім, экологияны, генетиканы, тіршіліктің пайда болуы, антропогенез және т.с.с. Биология ғылымының мақсаты –зерттеу арқылы табиғат жқнінде жаңа мағлұматтар алу. Мектеп биология пәнінің мақсаты-биология ғылымдарының ашқан жаңалықтарын білім етіп жеткізу.
БОӘ дидактикамен тығыз байланысты. Бұл жерде пән оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру заңдылықтарын зерттей отырып, жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Ал, дидактика білім берудің теориясын және ұстанымын қалыптастырады.
БОӘ психологиямен тығыз байланысты.Себебі оқыту барысында басты назарда оқушының жас ерекшелігіне сәйкеестендіру керек. Сонымен қатар тәрбие жұмысын жүргізудің басты тиімділігі оның жасына сай жүргізіліу жақсы нәтиже береді.
БОӘ философиямен де тығыз байланысты. Биологиялық пәндерді нақты ғылыми тұрғыда оқыту ғылыми көзқарас негізінде құралады. Ұстаздың және оқушының барлық оқу жұмысы үнемі және жоспарлы түрде дамып отыруы қажет.
