Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Абылайдың хандығы

862. Атақты мемлекет қайраткері Абылайдың атасы “қанішер” Абылай қай қаланың билеушісі болған?

А. Түркістан

В. Ташкент

С. Әндижан

Д. Самарқант

Е. Созақ

863. Атақты мемлекет қайраткері Абылайдың шын есімі кім?

А. Әбілмәмбет

В. Әбілпайыз

С. Әбілмансұр

Д. Әбілқайыр

Е. Уәли

864. Абылай ханның өмірі мен ерлігін жырлаған және ханның кеңесшісі болған атақты жырауды көрсетіңіз.

А. Жиембет

В. Тәттіқара

С. Ақтамберді

Д. Бұқар

Е. Үмбетей

865. Абылайдың 1740 жылы Ресейдің, ал 1756 жылдары Қытайдың билігін мойындауының себебі не?

А. Қазақ елінің дербестігін сақтау үшін-

В. Жоңғар жерін Қазақ хандығына қосып алу үшін

С. Ресей мен Қытайды бір-біріне айдап салу үшін

Д. Орта Азияға шабуыл жасау үшін

Е. Хиуаны Қазақ хандығына қосып алу үшін

866. Абылай екі жылдай жоңғар тұтқынында болғаны белгілі, ол қай жылы тұтқындалған еді?

А. 1731 ж.

В. 1735 ж.

С. 1737 ж.

Д. 1751 ж.

Е. 1741 ж.

867. ХҮІІІ ғасырдың 70 жылдарында Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтар айырылып қалған қай өңірдегі қалаларды қазақтарға күшпен қайтарды?

А. Алтай өңіріндегі қалаларды

В. Шығыс Түркістандағы қалаларды

С. Оңтүстік Қазақстан қалаларын

Д. Жайық бойындағы қалаларды

Е. Ертіс бойындағы қалаларды

868. Абылайдың хандық құрған жылдарын көрсетіңіз.

А. 1740-1781 жж.

В. 1743-1781 жж.

С. 1755-1781 жж.

Д. 1760-1781 жж.

Е. 1771-1781 жж.

869. Абылайды үш жүздің өкілдері Орта жүздің ғана емес, барлық қазақтың билеушісі деп тануының басты себебі?

А. Жоңғарға қарсы азаттық күрестегі рөлі

В. Ресейдің Абылайды үш жүздің ханы деп тануы

С. Жоңғар батыры Шарышты өлтіруі

Д. Асқан ержүректігі

Е. Қытайдың Абылайды қолдауы

870. Абылай өз мемлекетінде сот істерінде кімдердің қызметіне шек қойды?

А. Сұлтандардың

В. Билердің

С. Молдалардың

Д. Имамдардың

Е. Бектердің

871. Абылай ел билеуде негізінен кімдерге арқа сүйеді?

А. Бектерге

В. Төлеңгіттерге

С. Жырауларға

Д. Қазақ шаруаларына

Е. Халық батырларына

872. 1778 жылы 24 мамырда Ресей патшасы ІІ Екатерина Абылайға қандай атақ беріп, оны бекітті?

А. Үш жүздің ханы етіп бекітті

В. Ұлы жүздің ханы етіп бекітті

С. Қазақ пен қалмақтың ханы етіп бекітті

Д. Орта жүздің ханы етіп бекітті

Е. Кіші жүздің ханы етіп бекітті

873. Абылай шаруашылықтың қай түрін дамытуға ерекше көңіл бөлді?

А. Тау-кен ісін

В. Балық шаруашылығын

С. Қолөнерді

Д. Терісі бағалы аңдарды аулауға

Е. Егін шаруашылығын

874. 1781 жылы қайтыс болған Абылай хан қазір Ахмед Йассауи кесенесінде жерленген, ал оның бас мирасқоры кім болды?

А. Қасым сұлтан

В. Уәли сұлтан

С. Саржан сұлтан

Д. Есенгелді сұлтан

Е. Қоңырқұлжа сұлтан

Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы

875. Қазақ шаруаларының және жеке қазақ фодалдарының Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған жағдай?

А. Жер мәселесі

В. Патша үкіметін құлатуға ұмтылу

С. Әскери бекіністерді түгел жою

Д. Хандық билікті жою

Е. Хандық билікті нығайту

876. 1773 жылы қарашаның 17-нен 18-не қараған түні Нұралы ханның арнайы өкілі Усиха өзені маңында Е.И.Пугачевке жолықты. Бұл өкіл кім еді?

А. Айшуақ сұлтан

В. Досалы сұлтан

С. Ералы сұлтан

Д. Кәрім батыр

Е. Зәбір молда

877. Кіші жүз феодалдарының қолдауынан үміттенген Е.И.Пугачев 1773 жылы 20 қыркүйекте Нұралы ханға жолдаған арнайы үндеуінде не айтты?

А. Өзіне көмектеспеген қазақтарды жазалаймын деп қорқытты

В. Өзін қолдаған қазақтарға жер мен суды қайтарып беруге уәде берді

С. Қазақтарға жоғарғы қызмет беруге уәде берді

Д. Қазақтарды башқұрттардың жерін басып алуға шақырды

Е. Қазақтарды христиан дінің қабылдауға шақырды

878. Е.И.Пугачевты ашық қолдап әскери көмек берген Кіші жүз сұлтанын көрсетіңіз?

А. Ералы сұлтан

В. Айшуақ сұлтан

С. Досалы сұлтан

Д. Қаратай сұлтан

Е. Жантөре сұлтан

879. Е.И.Пугачев көтерілісі кезіндегі Кіші жүз қазақтары белсене қатысқан шайқастарды атаңыз?

А. Тройцк бекінісі маңындағы шайқас

В. Звериноголовск бекінісіндегі шайқас

С. Нарынқұмдағы шайқас

Д. Жайық пен Кулагин бекіністеріндегі шайқастар

Е. Орск маңындағы шайқас

880. Е.И.Пугачев көтерілісі жылдарында Кіші жүз ханы Нұралы мен оның сыбайластары қандай бағыт ұстанды?

А. Е.И.Пугачевты толық қолдады

В. Патша үкіметін қолдап, Е.И.Пугачевке қарсы соғысты

С. Екі жақты бағыт ұстанды

Д. Патша үкіметін де, көтерілісшілерді де қолдамады

Е. Көтерілісті қолдаған қазақ феодалдарын жазалады

881. Е.И.Пугачевтың үндеуімен танысқан соң, өзіне жақын старшындармен келісіп, соғысты қолдауға шешім қабылдаған Орта жүздің биі?

А. Қазыбек би

В. Дәуітбай би

С. Мөңке би

Д. Бала би

Е. Ақтайлақ би

882. 1773 жылы қазан айында Орта жүз қазақтары топталып қай бекініске шабуыл жасауға талаптанды?

А. Тройцк

В. Гагарьевск

С. Орск

Д. Пресногорьковск

Е. Омск

883. 1773-1775 жж. Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақтардың қатысуы ...?

А. Орыс мәдениетіне қарсы ұмтылыс

В. Орыс буржуазиясына қарсы ұмтылыс

С. Отаршылдыққа қарсы ұмтылыс

Д. Хандық билікке қарсы ұмтылыс

Е. Орыс халқына қарсы ұмтылыс