Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

В. Қытайдың

С. Үндістанның

Д. Ежелгі Грецияның

Е. Ахеменидтік Иранның

Үйсіндер

225. Қытай деректерін ғылыми айналымға енгізуге алғаш еңбек сіңірген 1807-1821 жж. Пекиндегі православие діні миссиясында жұмыс істеген орыс шығыстанушысын атаңыз.

А. В.С.Таскин

В. Н.Я.Бичурин

С. Н.В.Кюнер

Д. Л.Н.Гумилев

Е. М.М.Герасимов

226. Б.з.б. ІІ ғ. Тиграхауда сақтарының жерін Орталық Азиядан келген үйсін тайпалары мекендей бастады. Олардың орналасқан жері -

А. Қаратау жотасы

В. Сырдария бойы

С. Аралдың солтүстігі

Д. Жетісу

Е. Маңғыстау

227. Үйсін мемлекетінің негізін қалаушы, аңыз бойынша жас кезінде кімнің тәрбиесінде болған?

А. Қытай патшасының

В. Ғұн билеушісінің

С. Қаңлы билеушісінің

Д. Сармат билеушісінің

Е. Массагет патшасының

228. Тарихи деректерде Үйсін мемлекеті 3 бөлікке бөлінген: шығыс, батыс, орталық. Солардың астанасы - Қызыл Аңғар /Чигучен/ қаласы қайда орналасқан?

А. Ыстықкөл жағасында

В. Шу алқабында

С. Талас алқабында

Д. Іле алқабында

Е. Балқаштың оңтүстігінде

229. Үйсіндердің өмір сүрген уақытын көрсетіңіз.

А. Б.з.б. 3 ғ. мен б.з.-дың 4 ғ. аралығын-

В. Б.з.б. 5 ғ мен б.з. 1 ғ-дың аралығын

С. Б.з.б. 4 ғ мен б.з.б. 1 ғ-дың аралығы

Д. Б.з.б. 3 ғ мен б.з.б. 1 ғ-дың аралығын

Е. Б.з.б. 1ғ мен б.з. 6 ғ-дың аралығын

230. Үйсіндер басшысын “Гуньмо” деп атаған, ал оған бағынған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары қалай аталды?

А. Жабғы

В. Шад -түтік

С. Елтебер

Д. Бек-

Е. Әмір

231. Аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өңделген шағын егіс танабының орны анықталған үйсін дердің қыстау қонысын көрсетіңіз.

А. Ақтас қыстау қонысы-

В. Мойынқұм қыстау қонысы

С. Балқаш қыстау қонысы

Д. Бесшатыр қыстау қонысы

Е. Қарғалы қыстау қонысы

232. Үйсіндердің мемлекет басшысының лауазымы?

А. Патша

В. Хан

С. Шанью

Д. Шах

Е. Гуньмо

233. Үйсіндердің жеке меншігін көрсет:

А. Көлдер

В. Өзендер

С. Тек мал

Д. Тек жер

Е. Мал мен жер

234. Үйсіндер өмірінде қай шаруашылық маңызды роль атқарды?

А. Егін шаруашылығы

В. Мал шаруашылығы

С. Аңшылық

Д. Балық аулау

Е. Сауда

235. Үйсіндерде адам бармас алыс, құпия жерлерге кімдерді жерлеу дәстүрі болған?

А. Ру көсемдерін

В. Жасы үлкен адамды

С. Ұрлық жасағандарды

Д. Кісі өлтіргендерді

Е. Бақсыларды

236. 2300 м биіктіктегі қараңғы тау шатқалынан табылған Қарғалы диадемасы /әйелдің тәж тәрізді әшекейлі бас киімі/ бізге үйсіндердің өмірі туралы қандай қызықты мағлұмат береді?

А. Үйсіндердің саудасы туралы мағлұмат

В. Әскери өнері туралы мағлұмат

С. Үйсін шаруашылығы туралы мағлұмат

Д. Үйсіндердің өнері мен діни наным-сенімдері туралы мағлұмат

Е. Үйсін қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік туралы мағлұмат

237. Қарғалы диадемасындағы қанатты аттар нені бейнелейді?

А. Жел құдайын

В. Ай құдайын

С. Жылқы құдайын

Д. Күн құдайын

Е. Жұлдыз құдайын

238. Үйсіндердің қыш ыдыстарына ненің суреті салынды?

А. Геометриялық өрнектер

В. Аңдардың

С. Өсімдіктердің

Д. Күннің-

Е. Айдың

239. Тарихи деректерге сүйенсек, үйсіндер қай тілде сөйлеген деген жорамал басым?

А. Үнді-иран

В. Көне түркі

С. Моңғол

Д. Көне қытай

Е. Көне парсы

240. Б.з.б. 138 ж. ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде “Батыс өңірге” келіп, үйсіндер туралы тамаша дерек қалдырған қытай елшісі әрі саясатшыны көрсетіңіз.

А. Чжан Цянь

В. У-ди

С. Сыма Цянь

Д. Бань Гу

Е. Сюань-Цзян

241. Үйсін қоғамы мемлекет дәрежесіне жетті ме?

А. Жетті

В. Жетпеді

С. Тайпалық одақ болды

Д. Әскери қоғам болды

Е. Таптар әлі қалыптаспады

242. Үйсіндер жайлы деректер қалдырған тарихшы?

А. Страбон

В. Геродот

С. Плиний

Д. Сыма Цянь

Е. Птоломей

243. Б.з. Ү ғасырына дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін кімдер құлатты?

А. Түріктер

В. Эфталиттер

С. Аварлар (жужандар)

Д. Сәнбилер

Е. Телелер