- •І тарау қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
- •В. Орта палеолитке
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Іі тарау қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ертедегі мемлекеттік бірлестіктер
- •Е. Дахиларға
- •В. Ксеркс
- •В. Қытайдың
- •Үйсіндер
- •Е. Чигучен
- •Қаңлылар
- •Сарматтар
- •Ііі тарау ерте орта ғасырлардағы қазақстан Түрік қағанаты
- •Батыс түрік қағанаты
- •Түргеш қағанаты
- •Қарлұқ қағанаты
- •Оғыз мемлекеті (іх ғ. Соңы - хі ғ. Басы)
- •Қимақ қағанаты ( іх ғ. Соңы - хі ғ. Басы)
- •Іү тарау дамыған орта ғасырлардағы қазақстан Қарахан мемлекеті
- •Наймандар. Керейттер. Жалайырлар
- •Қарақытайлар
- •Қыпшақ хандығы
- •Іх ғ. Іі жартысы - хііі ғ. Басындағы қазақстан мәдениеті
- •Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
- •Алтын Орда (хііі ғ. Ортасы - хү ғ. Ортасы)
- •Ақ Орда (хііі-хү ғасырлардың басы)
- •Моғолстан (хіү ғ. Ортасы – хүі ғ. Басы)
- •Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
- •Хііі-хү ғғ. Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
- •А. Моңғолдар мен қазақтар
- •Әбілқайыр хандығы
- •Қазақстанның хіү-хү ғғ. Мәдениеті
- •Е. Бәбіш молда кесенесі
- •Д. Қытай басқыншыларына қарсы қазақтарды пайдалану үшін
- •Қазақ мемлекетінің хүі-хүіі ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Е. Желтоқсан айының соңында
- •С. Аралдың солтүстігі
- •Хүіі ғасырдың іі жартысындағы Қазақстан
- •Қазақстанның хүііі ғ. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
- •Абылайдың хандығы
- •Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі
- •Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
- •1837-1847 Жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
- •1836-1838 Жж Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
- •В. Қазақ сұлтандары
- •Үі тарау қа3ақстан-ресей империясының отары Қазақ жерлерін Ресейдің толық отарлауы
- •1116. Хіх ғ. Басында Оңтүстік Қазақстанның біраз бөлігі кімдерге тәуелді болды?
- •1867-1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформалар
- •Хіх ғасырдағы Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары
- •Хіх ғ. Екінші жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
- •Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •Қазақстан Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезеңінде
- •Үіі тарау кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайындағы қазақстан Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы
- •Қазақстан шетелдік интервенция мен азамат соғысы жылдарында
- •Қазақтың ұлттық мемлекеттігінің қайта қалпына келтірілуі
- •В. Әскери
- •Е. 1920 жылғы 4-ші қазан
- •Жаңа өмірдің қиындықтары
- •Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1930 Жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
- •Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде
- •1920-1940 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті
- •1940 Жылдардың екінші жартысынан 1960 жылдардың ортасына дейінгі Қазақстан
- •Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
- •Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде
- •Үііі тарау тәуелсіз қазақстан
1867-1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформалар
1138. Ресейде капиалистік қатынастардың дамуы кең өріс алып, оның ұлт аймақтарына таралуы қай кезден басталады?
А. 1861 жылғы басыбайлылық құқығы жойылған соң
В. 1825 жылғы декабристер көтерілісінен кейін
С. 1850 жыл соңындағы Қырым соғысынан соң
Д. Ресей Қоқан хандығын басып алған соң
Е. Ресей бүкіл Орта Азияны басып алған соң
1139. 1867-1868 жж. реформаға дейін қазақ жері қандай екі генерал-губернаторлыққа бағындырылған еді?
А. Орынбор және Дала
В. Орынбор және Түркістан
С. Торғай және Орал
Д. Орынбор және Батыс Сібір
Е. Орынбор және Астрахан
1140. ХІХ ғ. 60 жылдары қазақтарды басқаруды өзгерту үшін статс-хатшы И.И.Бутков басқарған комиссия құрылып, ол қазақ жерін қалай бөлуді көздеді?
А. Батыс және Шығыс облыстарға
В. Солтүстік және Оңтүстік облыстарға
С. Орынбор және Түркістан облыстарына
Д. Далалы және Таулы облыстарға
Е. Торғай және Жетісу облыстарына
1141. 1865 жылы И.И.Бутков комиссиясының пікірлері қабылданбай қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Ф.К.Гирс басқарған қандай комиссияға жүктелді?
А. Азиялық комиссияға
В. Орынбор комиссиясына
С. Батыс Сібір комиссиясына
Д. Дала комиссиясына
Е. Қырғыз-қайсақ істері жөніндегі комиссияға
1142. Қазақстандағы 1867-1868 жж. реформаларды әзірлеуде Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап еткен белгілі қазақ зиялысы?
А. Салық Бабажанов
В. Абай Құнанбайев
С. Шоқан Уәлиханов
Д. Ыбырай Алтынсарин
Е. Жаяу Мүса Байжанұлы
1143. 1867-1868 жж. реформаны тезірек іске асыруды көздеген Ф.К.Гирс бастаған комиссия қазақ арасында кімдермен ақылдасып, мәлімет жинады?
А. Имамдар мен молдалардан
В. Сауатсыз қазақ шаруаларынан
С. Оқыған қазақ зиялыларынан
Д. Көпті көрген ақсақалдардан
Е. Феодалдық топ өкілдерінен
1144. ІІ Александр патша “Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені” қашан бекітті?
А. 1867 жылы 11 сәуірде
В. 1867 жылы 11 мамырда
С. 1867 жылы 11 маусымда
Д. 1867 жылы 11 шілдеде
Е. 1867 жылы 11 тамызда
1145. ІІ Александр патша “Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені” қашан бекітті?
А. 1868 жылы 21 шілдеде
В. 1868 жылы 21 тамызда
С. 1868 жылы 21 қыркүйекте
Д. 1868 жылы 21 қазанда
Е. 1868 жылы 21 қарашада
1146. 1867-1868 жж. реформаға байланысты бүкіл қазақ жері неше генерал-губернаторлыққа бөлінді?
А. 2
В. 3
С. 4
Д. 5
Е. 6
1147. 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларға байланысты Түркістан генерал-гуернаторлығына қай облыстар біріктірілді?
А. Ақмола және Семей
В. Ақмола және Жетісу
С. Жетісу және Сырдария
Д. Көкшетау және Петропавл
Е. Сырдария және Перовск
1148. 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларға сәйкес Орал және Торғай облыстары қай генерал-губернаторлыққа бағындырылды?
А. Батыс Сібір
В. Дала
С. Орынбор
Д. Астрахан
Е. Уфа
1149. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес Ақмола және Семей облыстары қай генерал-губернаторлыққа бағындырылды?
А. Дала
В. Батыс Сібір
С. Омбы
Д. Тобыл
Е. Томск
1150. 1867-1868 жж. реформалар кезінде қазақ жерінде неше облыс құрылды?
А. 3
В. 4
С. 5
Д. 6
Е. 7
1151. 1872 жылдан бастап бұрынғы Бөкей хандығының жері қай губернияның құрамына еңгізілді?
А. Астрахань
В. Саратов
С. Орынбор
Д. Дала
Е. Қазан
1152. 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына Қазақстанның қай өңірі енгізілді?
А. Сырдарияның төменгі ағысы
В. Каспийдің солтүстік жағалауы
С. Маңғыстау приставтығы
Д. Аралдың солтүстік өңірі
Е. Қарақұм өңірі түгел
1153. Қазақстандағы 1867-1868 жж. реформалар кезінде генерал-гуернаторлар қолында қандай билік шоғырландырылды?
А. Азаматтық билік
В. Тек әскери билік
С. Сот билігі
Д. Азаматтық және әскери билік
Е. Жарлықты жүзеге асыру билігі
1154. Қазақстандағы 1867-1868 жж. рефомалар кезінде қай генерал-губернаторлыққа Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөздер жүргізуге рұқсат етілді?
А. Орынбор
В. Батыс Сібір
С. Дала
Д. Түркістан
Е. Астрахань
1155. Қазақстандағы 1867-1868 жж. реформалар кезінде облыс басындағы әскери губернатор жанында іс жүргізетін облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол үш бөлімнен тұрды:
А. Шаруашылық, дін істері, жарлықты жүзеге асыру
В. Шарушылық, сот істері, жарлықты жүзеге асыру
С. Шаруашылық, сот және дипломатиялық істер
Д. Әскери, сот істері және дипломатиялық істер
Е. Әскери және сот істері, жарлықты жүзеге асыру
1156. Қазақстандағы 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес облыстық басқарма істерін қадағалау кімге тапсырылды?
А. Генерал-губернаторларға
В. Облыс басындағы әскери губернаторларға
С. Вице-губернаторларға
Д. Уезд бастықтарына
Е. Казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманына
1157. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес облыстар уездерге бөлінді, генерал-губераторлар тағайындайтын уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі кімдерден алынды?
А. Дін өкілдерінен
В. Қарапайым шаруалардан
С. Полиция қызметкерлерінен
Д. Әскери адамдардан
Е. Жергілікті халық өкілдерінен
1158. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес уездер болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Ауылда шамамен қанша шаңырақ болды ?
А. 10-15
В. 20-50
С. 50-70
Д. 100-200
Е. 500-1000
1159. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес кімдер өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды?
А. Жасы келген қарт адамдар
В. Молдалар
С. Шыңғыс хан тұқымдары-сұлтандар
Д. Мың жылқыдан көп малы бар байлар
Е. Мемлекетке үзбей салық төлегендер
1160. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес қай облыста отырықшы елді мекендердің басқару билігі арнайы өкілдер жиындарында үш жылға сайланатын ақсақалдарға берілді?
А. Орал
В. Торғай
С. Сырдария
Д. Ақмола
Е. Семей
1161. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буынын көрсетіңіз?
А. әскери сот комиссиялары
В. Уездік соттар
С. Халықтық соттар
Д. Билер мен қазылар соты
Е. Облыстық соттар
1162. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес Қазақстанда неше буынды билік жүйесі қалыптасты?
А. 2
В. 3
С. 4
Д. 5
Е. 6
1162. 1867-1868 жж. реформалар Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуына жол ашты және ...?
А. Отарлық басқару әлсіреді
В. Әскери билік әлсіреді
С. Жергілікті халық өзін-өзі басқаруға қол жеткізді
Д. Отарлық езгі күшейді
Е. Шаруалардың тұрмысы жақсарды
ХІХ ғ. 60-70 жж. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі
1163. ХІХ ғ. 60 ж. соңында қазақ даласында отаршылдық езгінің тереңдеуіне қандай жағдай әсер етті?
А. Ресейдің Қырым соғысында жіңілуі
В. Ағылшындардың Орта Азияға жақындауы
С. Қазақ қоғамындағы тап күресінің күшеюі
Д. Әкімшілік-басқару реформалары
Е. Орыс шаруаларының қазақ жеріне жаппай қоныс аударуы
1164. 1867-1868 жж. қабылданған “Уақытша Ережеге” сай земство салығын қосқанда әр шаңырақ үкіметке қанша сом салық төлеуге тиісті болды?
А. 1 сом
В. 2 сом
С. 3 сом 50 тиын
Д. 4 сом 50 тиын
Е. 6 сом 50 тиын
1165. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес жерді патша үкіметінің меншігі деп, оны аумақтық негізде пайдалану ғасырлар бойы қалыптасқан ...?
А. Халақтың рухани мәдениетін бұзды
В. Халықтың материалдық мәдениетін бұзды
С. Халықтың көшу тәртібін бұзды
Д. Халықтың салт-дәстүрін бұзды
Е. Халықтың діни наным-сенімдерін бұзды
1166. 1868-1869 жж. Орал, Торғай облыстарын және 1870 жылдардағы Маңғыстауды қамтыған қазақ шаруалары көтерілістеріне сипаттама беріңіз.
А. Орыс мәдениетіне қарсы
В. Отаршылдыққа қарсы
С. Еуропа мәдениетіне қарсы
Д. Капитализмге қарсы
Е. Діни қысымға қарсы
1167. 1869 ж. наурыз, маусым айларында Орал, Торғай көтерілісшілері феодалдық топтарға қарсы 41 рет шабуыл жасаған бұл көтерілістің қандай сипат алғанын көрсетеді?
А. Бұқаралық сипат
В. Ұлт-азаттық сипат
С. Буржуазиялық сипат
Д. Антифеодалдық сипат
Е. Революциялық сипат
1168. 1868-1869 жж. Орал, Торғай көтерілісінің басшылары негізінен қандай әлеуметтік топтан шыққандар еді?
А. Рубасылары
В. Оқыған зиялылар
С. Қазақ шаруалары
Д. Жатақтар
Е. Қалыптаса бастаған қазақ жұмысшы табы
1169. 1868-1869 жж. Орал және Торғай көтерілісшілерінің жеңіліс табуының бір себебін атап көрсетіңіз?
А. Көтерілісшілердің жауынгерлік қабілетінің төмендігі
В. Көтерілісшілердің жер жағдайын дұрыс білмеуі
С. Ауа райының қолайсыздығы
Д. Көтеріліс басшыларының солқылдақтығы
Е. Көтерілісшілер арасында жұқпалы аурудың таруы
1170. Отаршылдыққа қарсы 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісшілері қазақтың қай руынан еді?
А. Байбақты
В. Беріш
С. Адай
Д. Табын
Е. Жағалбайлы
1171. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісшілерінің басшыларын атаңыз?
А. Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы
В. Ханғали Арсланұлы, Дәуіт Асауұлы
С. Мұңайтпасұлы, Рысқұлұлы
Д. Досұлы, Арсланұлы
Е. Мұңайтпасұлы, Тіленбайұлы
1172. 1870 жылы наурызда Маңғыстау көтерілісшілері Бозашы түбегі маңында жазалаушылар тобын талқандады, жазалаушылар тобын басқарған өзін-өзі атып өлген кім еді?
А. Штемпель
В. Комаровский
С. Веревкин
Д. Рукин
Е. Крыжановский
1173. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін патша үкіметінің тез арада талқандауға ұмтылуы қандай жағдайға байланысты еді?
А. Хиуа хандығының көтеріліске көмектесуі
В. Ирандағы ағылшын әскерінің күшеюі
С. Көтеріліске әзербайжандардың қосылуы
Д. Көтеріліске Ауғанстаннан көмек келуі
Е. Көтеріліске Ираннан әскери көмектің келуі
1174. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі жеңілген соң көтеріліс басшылары 3000 шаңырақты ертіп қай мемлекетке өтіп кетті?
А. Иранға
В. Хиуаға
С. Ауғанстанға
Д. Түркияға
Е. Иракқа
1175. 1870 жылғы Маңғысау көерілісінің басқа көерілістерден бір ерекшелігін көрсетіңіз.
А. Көтерілісшілерде зеңбіріктің болуы
В. Көтерілісшілер арасында шетелдіктердің болуы
С. Көтеріліске тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының қатысуы
Д. Көтерілісшілерге шет елден көмек келуі
Е. Көтерілістің арнайы бағдарламасының болуы
1176. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі жеңілген соң Маңғыстау адайлары соғыс шығыны ретінде өкіметке қанша мал төледі?
А. 5 мың түйе
В. 10 мың жылқы
С. 90 мың сиыр
Д. 90 мың қой
Е. 90 мың жылқы
