- •І тарау қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
- •В. Орта палеолитке
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Іі тарау қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ертедегі мемлекеттік бірлестіктер
- •Е. Дахиларға
- •В. Ксеркс
- •В. Қытайдың
- •Үйсіндер
- •Е. Чигучен
- •Қаңлылар
- •Сарматтар
- •Ііі тарау ерте орта ғасырлардағы қазақстан Түрік қағанаты
- •Батыс түрік қағанаты
- •Түргеш қағанаты
- •Қарлұқ қағанаты
- •Оғыз мемлекеті (іх ғ. Соңы - хі ғ. Басы)
- •Қимақ қағанаты ( іх ғ. Соңы - хі ғ. Басы)
- •Іү тарау дамыған орта ғасырлардағы қазақстан Қарахан мемлекеті
- •Наймандар. Керейттер. Жалайырлар
- •Қарақытайлар
- •Қыпшақ хандығы
- •Іх ғ. Іі жартысы - хііі ғ. Басындағы қазақстан мәдениеті
- •Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
- •Алтын Орда (хііі ғ. Ортасы - хү ғ. Ортасы)
- •Ақ Орда (хііі-хү ғасырлардың басы)
- •Моғолстан (хіү ғ. Ортасы – хүі ғ. Басы)
- •Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
- •Хііі-хү ғғ. Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
- •А. Моңғолдар мен қазақтар
- •Әбілқайыр хандығы
- •Қазақстанның хіү-хү ғғ. Мәдениеті
- •Е. Бәбіш молда кесенесі
- •Д. Қытай басқыншыларына қарсы қазақтарды пайдалану үшін
- •Қазақ мемлекетінің хүі-хүіі ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Е. Желтоқсан айының соңында
- •С. Аралдың солтүстігі
- •Хүіі ғасырдың іі жартысындағы Қазақстан
- •Қазақстанның хүііі ғ. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
- •Абылайдың хандығы
- •Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі
- •Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
- •1837-1847 Жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
- •1836-1838 Жж Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
- •В. Қазақ сұлтандары
- •Үі тарау қа3ақстан-ресей империясының отары Қазақ жерлерін Ресейдің толық отарлауы
- •1116. Хіх ғ. Басында Оңтүстік Қазақстанның біраз бөлігі кімдерге тәуелді болды?
- •1867-1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформалар
- •Хіх ғасырдағы Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары
- •Хіх ғ. Екінші жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
- •Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •Қазақстан Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезеңінде
- •Үіі тарау кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайындағы қазақстан Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы
- •Қазақстан шетелдік интервенция мен азамат соғысы жылдарында
- •Қазақтың ұлттық мемлекеттігінің қайта қалпына келтірілуі
- •В. Әскери
- •Е. 1920 жылғы 4-ші қазан
- •Жаңа өмірдің қиындықтары
- •Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1930 Жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
- •Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде
- •1920-1940 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті
- •1940 Жылдардың екінші жартысынан 1960 жылдардың ортасына дейінгі Қазақстан
- •Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
- •Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде
- •Үііі тарау тәуелсіз қазақстан
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі
884. ХҮІІІ ғасыр соңындағы Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне басшылық жасаған Сырым Датұлы кім еді?
А. Шыңғыс тұқымы
В. Белгілі сұлтан
С. Әбілқайыр ханның ұрпағы
Д. Байбақты руының старшыны, шешен әрі батыр
Е. Беріш руының старшыны, кедей
885. 1783-1797 жж. Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басты қозғаушы күші кімдер болды?
А. Тек қазақ сұлтандары
В. Дін өкілдері мен қожалар
С. Шыңғыс ұрпақтары мен жергілікті феодалдар
Д. Шаруалар, старшындар, билер мен ру басшылары
Е. Тек қазақ ақсүйектері
886. ХҮІІІ ғасыр соңындағы Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басты мақсаты?
А. Әбілқайыр ұрпақтары билігін толық жою
В. Сырым Датұлын хан сайлау
С. Қайыпұлы Батыр сұлтанды Кіші жүзге хан сайлау
Д. Біртұтас Қазақ хандығын қалпына келтіру
Е. Жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру. Ресей отаршылдығын тоқтату
887. ХҮІІІ ғасырдағы Сырым Датұлы бастаған көтерілісшілер өздерінің партизандық-әскери қимылдарын кімдерге қарсы жұргізді?
А. Орыс шаруаларына қарсы
В. Еділ қалмақтарына қарсы
С. Башқұрттарға қарсы
Д. Орал казак әскеріне қарсы
Е. Орыс көпестеріне қарсы
888. 1778 жылы Орал казактарымен қақтығыстың бірінде Сырым Датұлының қандай жақындары қайтыс болған?
А. Ағалары
В. Інілері
С. Балалары
Д. Қарындастары
Е. Ағасы мен інісі
889. 1785 жылдың көктемінде Сырым Датұлы бастаған көтерілісшілер қай бекіністі алуға талаптанып, бірақ ала алмады?
А. Сахарная бекінісі
В. Жайық бекінісі
С. Тройцк бекінісі
Д. Гагарьевск бекінісі
Е. Пресногорьковск бекінісі
990. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтары көтерілісінде ерлікпен шайқасып, ұрыс даласында қаза тапқан жас батыр. Айшуақ сұлтанның баласы?
А. Барақ
В. Жанболат
С. Тіленші
Д. Оразбай
Е. Атақ
991. 1785 жылы Кіші жүздің старшындары мен билері Нұралы ханды биліктен тайдырған соң, хан қай жерде қай жылы қайтыс болды?
А. 1787 жылы Орынборда
В. 1788 жылы Калугада
С. 1789 жылы Оралда
Д. 1790 жылы Уфада
Е. 1791 жылы Астраханда
992. ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы Кіші жүз қазақтары көтерілісі жылдарында барон О.А.Игельстромның Кіші жүзде жасамақ болған реформасының жүзеге аспау себебі не?
А. Орыс помещиктеріне ұнамады
В. Қазақ сұлтандарына ұнамады
С. Ресейдегі монархиялық билік мүддесіне қайшы келді
Д. Орал казактары мүддесіне қайшы келді
Е. Қазақ шаруалары қолдамады
993. 1797 жылы көтерілісшілер Есім ханды өлтірген соң, барон О.Игельстром Кіші жүзді басқаруды қалай шешті?
А. Хандық кеңес арқылы
В. Билер кеңесі арқылы
С. Старшындар кеңесі арқылы
Д. Сұлтандар кеңесі арқылы
Е. Шаруалар кеңесі арқылы
994. Сырым батырдың күшеюінен үрейленген патша үкіметі 1797 жылы Кіші жүзде хандық билікті қалпына келтіріп кімді хан сайлады?
А. Айшуақ сұлтанды
В. Қаратай сұлтанды
С. Ералы сұлтанды
Д. Жантөре сұлтанды
Е. Шерғазы сұлтанды
995. Патша үкіметі мен жергілікті ақсүйектердің қуғынынан өз елінен кетуге мәжбүр болған Сырым батыр қай жерде, қай жылы қайтыс болды?
А. 1800 жылы Орта жүзде
В. 1801 жылы Ұлы жүзде
С. 1802 жылы Хиуада-
Д. 1803 жылы Самарқанда
Е. 1804 жылы Ташкентте
996. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты нәтижесі қандай?
А. Қазақ жерінде бекіністер салу тоқтатылды
В. Қазақтарға орыс саудагерлерінің келуі тоқтатылды
С. Кіші жүзде хандық билік жойылды
Д. Қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуге рұқсат етілді
Е. Орал казактарының зорлық-зомбылығы тоқтатылды
ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
997. Қазақ халқының жан-дүниесі, ой-арманы, тұрмыс-тіршілігі қайда көрініс тапты?
А. Батырлар жырында
В. Ертегілерде
С. Ауыз әдебиетінде
Д. Аңыз әңгімелерде
Е. Лиро-эпостық жырларда
998. Қазақ сал-серілерінің суырып салма ақындығымен қатар, тағы қандай өнерлері болуы қажет еді?
А. Ертегіші
В. Палуан
С. Әскери өнерді жетік білуі
Д. Әнді өзі шығарып, өзі орындайтын әнші болуы
Е. Мерген болуы
999. Көшпелі қазақтар түндегі жүріс бағытын бағдарлауда қай жұлдызды пайдаланды? А. Жетіқарақшы
В. Ақбозат
С. Көкбозат
Д. Темірқазық
Е. Арыстан шоқжұлдызы
1000. Қазақтар үшін астрономиялық сағат рөлін атқарған жұлдыз?
А. Есекқырған
В. Таразы
С. Сүмбіле
Д. Жетіқарақшы
Е. Үркер
1001. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақтар ресми түрде қай дінді ұстанды?
А. Бақсылық дін
В. Тәңірлік дін
С. Ислам діні
Д. Несториандық дін
Е. Будда діні
1002. Қазақтар өмірінде отқа табыну (От ана) үлкен рөл атқарды. От үйдің қамқоршысы деп санады. Отпен тазарту ырымы қалай аталды?
А. Дуалау
В. Асар
С. Аластау
Д. Сауын
Е. Тоғыту
1003. Қазақ киіз үйі сүйегінің ең жоғарғы бөлігі?
А. Кереге
В. Уық
С. Шаңырақ
Д. Туырлық
Е. Үзік
1004. Қазақ әйелдері бас киімді жас ерекшеліктеріне қарай киетін болған. Жас келіндер сәукеле, 30-40 жастағы әйелдер кимешек кисе, ал күндік деп аталатын бас киімді кімдер киді?
А. Тұрмысқа шықпаған жас қыздар
В. Күйеуі қайтыс болған әйелдер
С. Жасы келген әйелдер
Д. Соғыста тұтқынға түскен әйелдер
Е. Жеті жасқа толмаған қыз бала
1005. Түйе сүтінен жасалатын емдік қасиеті бар сусын?
А. Қымыз
В. Айран
С. Шұбат
Д. Боза
Е. Көже
1006. Қазақтардың өте бағалы тағамдарының бірі - жент неден дайындалды?
А. Күріштен
В. Арпадан
С. Бидайдан
Д. Тарыдан
Е. Жүгеріден
1007. 1490 жылы Азов қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған шешен әрі батыр өз өлендерінде жастарды елін қорғауға, ерлікке шақырған жалынды жырауды көрсетіңіз?
А. Марғасқа
В. Ақтамберді
С. Шалкиіз
Д. Доспамбет
Е. Бұхар
1008. Кіші жүздің Алшын руынан шыққан Есім ханның әскербасы батыры болған, 1627 жылы Ташкент билеушісі Тұрсын хан көтерілісін басуға қатысқан жырауды көрсетіңіз?
А. Жиенбет жырау
В. Ақтамберді жырау
С. Асан қайғы
Д. Сыпыра жырау
Е. Бұхар жырау
1009. Ертөстік пен Алтын сақа ауыз әдебиетінің қай жанрына жатады?
А. Ертегілер
В. Эпостық жырлар
С. Лиро-эпостық жырлар
Д. Тарихи дастандар
Е. Бәдік айтыс түрі
1010. Мыналардың ішінен эпостық жырды табыңыз?
А. Керқұла атты Кендебай
В. Ер Тарғын
С. Құламерген
Д. Қыз Жібек
Е. Аяз би
1011. Қозы Көрпеш-Баян сұлу шығармасы ауыз әдебиетінің қай жанрына жатады?
А. Эпостық жыр
В. Лиро-эпостық жыр
С. Тарихи дастан
Д. Тұрмыс-салт ертегісі
Е. Аңыз әңгіме
1012. Қамыстан, кейде ағаштан жасалатын қазақтың үрмелі саз аспабы?
А. Сазсырнай
В. Жетіген
С. Шаңқобыз
Д. Сыбызғы
Е. Дауылпаз
1013. Моғолстан мен Қазақ хандығының тарихы туралы мол мағлұмат беретін Тарихи Рашиди еңбегінің авторы?
А. Махмуд Қашғари
В. Мұхаммед Хайдар Дулати
С. Жамал Қарши
Д. Қадырғали Жалайри
Е. Әбдіразақ Самарқани
1014. Қазақтың атақты биі Қадырғали Жалайыридің орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартқан ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақ тарихы жайындағы өте маңызды шығармасы?
А. Түркі тілдерінің сөздігі
В. Тарих
С. Жылнамалар жинағы
Д. Құтты білік
Е. Хакім Ата кітабы
1015. Қыпшақ даласын билеген Жошы хан әулеті тарихын баяндайтын ХҮІ ғ. ортасында жазылған “Шыңғыснама” (Шыңғыстың өмірбаяны) атты шығарманың авторы?
А. Өтеміс қажы
В. Рашид ад-Дин
С. Самарқани
Д. Жамал Қарщи
Е.Сүлеймен Бақырғани
1016. Көшпелі өзбектер ханы әбілқайырдың тарихын баяндайтын “Тарих-и Абулхайр-хани” еңбегінің авторы?
А. Шах-Махмуд Шорас
В. Сарай ақын
С. Әбілғазы хан
Д. Усман Кухистани
Е. Сүлеймен Бақырғани
1017. Тұтқындағы швед офицері И.Г.Ренат жасаған “Жоңғария картасын” ХІХ ғасырдың 80 жылдарында орыс география қоғамы жазбаларында кім жариялады?
А. Подполковник И.Д.Бухгольц
В. Капитан В.Урусов
С. Майор И.М.Лихарев
Д. Белгілі зерттеуші В.В.Веселовский
Е. Белгілі зертеуші Г.Ф.Миллер
1018. Қазақ хандығы туралы мағлұматтарды зерттеп, жүйеге келтірген, Сібір тарихының атасы атанған ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген орыс ғалымы?
А. Г.Ф.Миллер
В. И.М.Лихарев
С. П.И.Ричков
Д. И.Г.Андреев
Е. Я.Гуляев
1019. “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “Орынбор тарихы” (1730-1750 жж.) атты тамаша еңбектерінде қазақ тарихының даму кезеңдері туралы ғылыми мұра қалдырған орыс ғалымы?
А. Үлкен П.И.Ричков
В. Кіші П.Н.Ричков
С. И.Муравин
Д. Я.Гавердовский
Е. Д.Гладышев
1020. 1771 жылы “Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар” атты қызықты еңбек қалдырған, Әбілқайыр ханның сол кезде әлі сақталған бейітін суреттеп жазған орыс зерттеушісі?
А. И.Муравин
В. Д.Гладышев
С. Үлкен П.И.Ричков
Д. Кіші П.Н.Ричков
Е. Я.Гуляев
1021. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының жағдайын, орналасуын, әскери бекіністердің салынуын, олардың өздеріне тән белгілері дәл суреттелетін “Ресей мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат” атты еңбектің авторы неміс саяхатшысы, натуралист?
А. И.Фальк
В. П.С.Паллас
С. И.Георги
Д. Я.Гавердовский
Е. К.Миллер
1022. Қаратау өңірінде тұрған, өз жырларында батырларды елін, жерін қорғауға шақырған, атақты Қабанбай, Бөгенбай батырларға өз жырын арнаған қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында жерленген ХҮІІІ ғасырдағы атақты жырауды атаңыз?
А. Ақтамберді
В. Тәттіқара
С. Үмбетей
Д. Бұқар
Е. Жанақ
1023. Шығыс Қазақстанның бұрынғы Абыралы ауданыңда дүниеге келген. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының ерекше нұсқасын бізге жеткізген ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген атақты суырыпсалма ақын?
А. Мұрын ақын
В. Шортанбай ақын
С. Мұрат Мөңкеұлы
Д. Жанақ ақын
Е. Көтеш ақын
