Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Хх ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы

1310. Қазақстанның империялық шаруашылық жүйесіне белсене тартылуын тездеткен ХХ ғасырдың басында салынған 1656 шақырымдық ірі шойын жолды атаңыз.

А. Рязань-Орал шойын жолы

В. Сібір шойын жолы

С. Орынбор-Ташкент шойын жолы

Д. Түркістан–Сібір шойын жолы

Е. Орынбор-Кубек шойын жолы

1311. ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында Қазақстанда сауданың үш түрі болды:

А. Қалалық, далалық, жол бойындағы сауда

В. Қозғалмалы айырбас саудасы, маусымдық жәрмеңкелер, тұрақты сауда

С. Ресейлік, еуропалық, азиялық сауда

Д. Батыстық, шығыстық, көшпелілер саудасы

Е. Уездік, болыстық, ауылдық сауда

1312. 1914 – 1915 жылдары іске қосылған кен байыту фабрикасы:

А. Риддер кен байыту фабрикасы

В. Балқаш кен байыту фабрикасы

С. Успен кен байыту фабрикасы

Д. Спасск кен байыту фабрикасы Е. Алтай кен байыту фабрикасы

1227. 1853-1905 жж. көшпенді қазақтардан 4 миллион десятина жер тартып алынса, 1906-1907 жж. қанша десятина жер тартып алынып, қоныс аударған орыс шаруаларына бөлініп берілді?

А. 7 миллион

В. 17 миллион

С. 27 миллион

Д. 37 миллион

Е. 47 миллион

1313. ХХ ғ. басында Қазақстан сияқты отарлық өлкеде революциялық көзқарастың қалыптасуына белгілі бір дәрежеде әсер еткен кімдер?

А. Ислам дінінің өкілдері

В. Жергілікті феодалдар

С. Қазақ шаруалары

Д. Жер аударылғындар

Е. Әскерилер

1314. 1902 жылы өлкеміздегі тұңғыш маркстік құпия ұйымдардың бірі қай қалада құрылды?

А. Қостанайда

В. Верныйда

С. Орынборда

Д. Қазалыды

Е. Өскеменде

1315. 1905 жылы мамырда өткен Қарқаралыдағы халықтық саяси ереуілге белсене қатысқан қазақ зиялысын атаңыз?

А. Әлихан Бөкейханов

В. Ахмед Байтұрсынұлы

С. Міржақып Дулатұлы

Д. Бақытжан Қаратаев

Е. М.Тынышпайұлы

1316. 1905 жылы қарашаның 16-28 аралығында болған пошта-телеграф қызметкерлері ереуілін басу үшін облыс губернаторы Қарқаралыдан әскери күш шақырды бұл оқиға қай қалада болып еді?

А. Верныйда

В. Өскеменде

С. Петропавлда

Д. Семейде

Е. Жаркентте

1317. Бірінші орыс буржуазиялық революциясының дүмпулерінен әскери бөлімдер де тыс қалмады. 1905 жылы 6-7 қарашада Верныйдағы Батыс Сібір батальоны, ал осы айдың 21-де қай қаладағы гарнизон солдаттары патша саясатына қарсылығын білдірді?

А. Семей

В. Өскемен

С. Жаркент

Д. Петропавл

Е. Қостанай

1318. 1905-1907 жж. революция кезінде ерекше көзге түскен қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық ұйымы “Орыс-қырғыз одағы” қай жерде құрылды?

А. Спаскіде

В. Риддерде

С. Успен (Нілді) кенішінде

Д. Қарағанды көмір шахтасында

Е. Екібастұз көмір шахтасында

1319. 1905-1907 жж. революция кезіндегі Қазақстандағы басты оқиғалардың бірі 1906 жылы шіддедегі жапай ереуіл қай қалада өтті?

А. Верныйда

В. Семейде

С. Петропавлда

Д. Қостанайда

Е. Оралда

1320. Патша үкіметінің заңына сәйкес “түземдік” халық арасынан да Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлауға тиісті болды, төмендегі сайланған депутаттар ішінен қатені табыңыз:

А. Ақмоладан - молда Ш.Қосшығұлов

В. Жетісудан - федералист М.Тынышпайұлы

С. Торғайдан - батыр А.Иманов

Д. Оралдан - кадет А.Бірімжанұлы

Е. Семейден - ауқатты Х.Д.Нүркенұлы

1321. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында Ресейдің қоғамдық дамудың қай сатысына аяқ басуы, ұлт аймақтарындағы отарлық езгінің күшеюіне кең жол ашты?

А. Социализм

В. Империализм

С. Коммунизм

Д. Тоталитаризм

Е. Анархизм

1322. 1906-1910 жж. патша үкіметінің революцияны тұншықтыру үшін және орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудартып, Қазақстанды орыстандыруға қолданған ірі саясаты?

А. Жер-су туралы декрет

В. 1906 жылғы оқу-ағарту ісіндегі ережелер

С. Столыпиннің аграрлық саясаты

Д. 1905 жылы 17 қазандағы патша манифесі

Е. 1906 жылдың 10-шы қаңтарындағы ішкі істер министрі Дурновтың арнайы тапсырмасы

1323. 1917 жылғы Қазан революциясы қарсаңында Қазақстандағы жергілікті халықтан тартып алынған жер көлемін табыңыз?

А. 17 миллион десятинадан астам

В. 27 миллион десятинадан астам

С. 37 миллион десятинадан астам

Д. 35 миллион десятинадан астам

Е. 45 миллион десятинадан астам

1324. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қазақтарға тигізген ауыр зардаптарының бірі?

А. Сүт салығы

В. Май салығы

С. Жүн салығы

Д. Шаңырақ салығының көбеюі

Е. Тері салығының көбеюі

1325. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстандағы орыс шаруаларына тигізген ең ауыр зардабын анықтаңыз?

А. Күштеп кен орындарына жұмысқа тарту

В. Басыбайлылық құқығының күшеюі

С. Майдан шебіне күштеп көшіру

Д. Әскерге шақырудың жаппай сипат алуы

Е. Соғыс құралдарын жасауға күштеп көндіру

1327. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстандағы өндіріс орындарындағы қара жұмысшыға төленетін бір күндік жалақы шамамен қанша болды?

А. 3 сом 50 тиын

В. 3 сом

С. 2 сом

Д. 20 тиын

Е. 60 тиын

1328. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанға әкелінген соғыс тұтқындарының басым бөлігі қандай әлеуметтік топтан шыққандар еді?

А. Буржуазия табынан

В. Феодалдар табынан

С. Төменгі әлеуметтік топтан

Д. Дворяндардан

Е. Ақсүйектер тобынан

1329. 1915 жылы Австро-Венгрия тұтқындарының ереуілі өткен жер?

А. Риддер

В. Семей

С. Өскемен

Д. Верный

Е. Орынбор-Ташкент темір жолы