Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Хіх ғ. Екінші жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

1199. ХІХ ғ. 60 жылдарының ортасында ішкі аудандардан орыс және украин шаруаларын Қазақстанға қоныс аудартуды бастағанда патша үкіметінің көздеген мақсаттарының бірі?

А. Қазақстандағы бос жерлерді игеру

В. Қазақстанда жұмыс күшінің жетіспеушілігін болдырмау

С. Қазақ және орыс шаруаларының достығын нығайту

Д. Ішкі губернияларда әлеуметтік толқуларды әлсірету және жер мәселесін шешу

Е. Қазақстанда өнер мен мәдениетті дамыту

1200. 1868-ден 1883 жылға дейін күшін сақтаған “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы” Ережеге сай Жетісуға қоныс аударғандардың жан басына қанша жер берілді?

А. 30 десятина

В. 40 десятина

С. 50 десятина

Д. 35 десятина

Е. 25 десятина

1201. 1883 жылғы жаңа Ережеге сай Жетісу облысында келушілердің жан басына 10 десятина жер беріліп, сонымен қатар орыс шаруалары...?

А. Тегін малмен қамтамасыз етілді

В. Тегін үйлермен қамтамасыз етілді

С. Мемлекеттік несиемен қамтамасыз етілді

Д. Салық пен міндеткерліктен үш жылға босатылды

Е. Тұқымдық бидайды тегін алды

1202. ХІХ ғ. аяғына таман Ресейдің ішкі аудандарынан Қазақстанға қоныс аударған орыс шаруалары қандай жерлерге орналастырылды?

А. Егіске жарамсыз жерлерге

В. Шөлді аймақтарға

С. Қазақтардан тартып алынған шұрайлы жерлерге

Д. Таулы аймақтарға

Е. Бұрын игерілмей жатқан бос жерлерге

1203. ХІХ ғ. аяғына таман қазақ жеріне қоныс аударған орыс шаруалары көп қоныстанған аймақты көрсетіңіз.

А. Маңғыстау түбегі

В. Семей облысы

С. Торғай облысы

Д. Жетісу облысы

Е. Аралдың солтүстік бөлігі

1204. ХІХ ғ. екінші жартысында қазақ ауылына капитализмнің ене бастағандығын малдың қай түрінің құны артып, санының көбейгенінен байқауға болады?

А. Жылқы

В. Сиыр

С. Ешкі

Д. Шошқа

Е. Түйе

1205. ХІХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік қатынастардың ене бастауына байланысты қазақ ауылындағы пролетариаттың әлі қалыптасып үлгірмеген әлеуметтік тобын көрсетіңіз.

А. Төлеңгіттер

В. Жатақтар

С. Шаруалар

Д. Құлдар

Е. Кулактар

1206. Егер ХІХ ғасырдың соңында Қазақстанда 482 верста темір жол болса, ХХ ғасыр басындағы бес жылда бұл көрсеткіш қаншаға жетті?

А. 1000 шақырым

В. 1818 шақырым

С. 2500 шақырым

Д. 3000 шақырым

Е. 3500 шақырым

1207. ХІХ ғ. соңында 300-400 жұмыскері бар салыстырмалы түрде ірі деп атауға келетін Қазақстандағы өндіріс орнын атаңыз?

А. Успен кеніші

В. Балқаш мыс қорыту комбинаты

С. Верныйдағы сыра зауыты

Д. Арал тұз өндіру кәсіпорны

Е. Ембі мұнай кәсіпшілігі

1208. ХХ ғасырдың басында филиалдары саны жағынан Қазақстанның шаруашылық өмірінде белгілі орын алған ірі банкті көрсетіңіз?

А. Ағылшын сауда банкі

В. Орыстың ауыл шаруашылық банкі

С. Орыстың сауда өнеркәсіптік банкі

Д. Немістің сауда банкі

Е. Француз даму банкі

1209. 1832 жылы тұңғыш жәрмеңке Қазақстанның қай жерінде ашылды?

А. Семейде

В. Өскеменде

С. Бөкей Ордасында

Д. Петропавлда

Е. Оралда

1210. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстан аумағындағы жәрмеңкелердің дамыған өңірі?

А. Сырдария облысы

В. Орал облысы

С. Торғай облысы

Д. Ақмола облысы

Е. Семей облысы

1211. 1848 жылы ашылған аса ірі жәрмеңке Қарқаралы уезіндегі қай жерде ашылды?

А. Жаркент

В. Талды-Қоянды

С. Сарысу

Д. Аягөз

Е. Шар

1212. ХІХ ғ. екінші жартысында Қытаймен саудада ерекше орынға ие болған Жетісу уезіндегі белгілі жәрмеңкені атаңыз?

А. Ойыл

В. Шар

С. Қоянды

Д. Жаркент

Е. Қарқара

1213. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қазақ жерінде қанша жаңа қала пайда болды?

А. 9

В. 19

С. 29

Д. 39

Е. 13

1214. 1897 жылғы Ресейдегі тұңғыш халық санағы бойынша Қазақстандағы ірі қалалар?

А. Көкшетау, Торғай, Ақмола

В. Орал, Верный, Семей

С. Торғай, Атбасар, Көкпекті, Қазалы

Д. Перовск, Әулиеата, Түркістан

Е. Орал, Қазалы, Көкшетау, Өскемен

1215. Қазақстан жұмысшы табының негізгі шоғырланған саласы? А. Темір жол саласы

В. Тау-кен өнеркәсібі

С. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы

Д. Балық аулау кәсіпшілігі

Е. Құрылыс саласы

1216. Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформаларды заңдастыру қанша уақытқа созылды?

А. 5 жылдан астам уақытқа

В. 10 жылдан асам уақытқа

С. 15 жылдан астам уақытқа

Д. 20 жылдан астам уақытқа

Е. 30 жылдан астам уақытқа

1217. 1886 жылы маусымда қабылданған “Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін еңгізу туралы Ережеге” сай Түркістан өлкесінде құрылған үш облысты атаңыз:

А. Сырдария, Ферғана, әмудария

В. Сырдария, әндижан, Ферғана

С. Сырдария, Бұхара, Самарқан

Д. Сырдария, Хиуа Самарқан

Е. Сырдария, Ферғана, Самарқан

1218. 1886 жылғы маусымдағы “Ережеге” сай Түркістан өлкесінің басқару орталығы қай қала болып бекітілді?

А. Самарқан

В. Ташкент

С. Бұхара

Д. Әндижан

Е. Верный

1219. 1891 жылғы 25 наурызда қабылданған “Ережеге” сай Жетісу облысы қай генерал-губернаторлықтың құрамына кірді?

А. Батыс Сібір

В. Дала

С. Түркістан

Д. Орынбар

Е. Астрахань

1220. 1891 жылғы 25 наурызда қабылданған “Ережеге” сай Дала генерал-губернаторлығының әкімшілік басқару орталығы қай қала болды?

А. Томск

В. Тобыл

С. Омбы

Д. Петропавл

Е. Қостанай

1221. 1891 жылғы 25 наурызда қабылданған “Ережеге” сай қай облыстардың әскери губернаторлары сол өңірдің казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептелді?

А. Орал, Торғай

В. Орал, Ақмола

С. Орал, Жетісу

Д. Ақмола, Семей

Е. Сырдария, Жетісу

1222. 1886 жылғы “Ережеге” сай Түркістан өлкесіндегі ең төменгі сот буынын атаңыз:

А. Билер мен қазылар соты

В. Ауыл соты

С. Халық соты

Д. Уездік сот

Е. Болыстық сот

1223. Уездік және болыстық тұрғындардың мәселелерін шешетін Соттардың төтенше съезі 1886-1891 жж. “Ережелерге” сай кімнің рұқсатымен шақырылатын болды?

А. Болыс сұлтандарының

В. Уезд бастығының

С. Билер кеңесінің

Д. Әскери губернатордың

Е. Қазақ шаруаларының

1224. Қазақстандағы кен орындарында 16 жасқа толмаған балалар еңбегі қай кезден бастап кеңінен пайдаланыла бастады?

А. ХІХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап

В. ХІХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап

С. ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап

Д. ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап

Е. ХІХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап

1225. Қазақстандық жұмысшылардың таптық қарсылықтарының бірі өндіріс орнын тастап кету еді, ХІХ ғасырдың соңынан бастап өндірісті тастап кеткендерге қандай жаза қолданыла бастады?

А. 3 ай ақысыз еңбек етті

В. 3 айға дейін абақтыға қамады

С. Дүре соқты

Д. 30 сом айып төлетті

Е. Күнделікті еңбек уақытын ұзартты

1226. Қазақстан жұмысшыларының алғашқы бас көтерген ереуілі қай жылы қай жерде болды?

А. 1840 жылы Успенскіде

В. 1841 жылы Риддерде

С. 1842 жылы Қарағанды көмір шахтасында

Д. 1849 жылы Көкшетау кен округінде

Е. 1891 жылы Өскемендегі Владимирск алтын кенішінде

1227. 1881-1884 жж. аралығында Қытайдан 45 мың ұйғыр мен 5 мың дүнген халықтарының Жетісу мен Солтүстік Қырғыз өңіріне қоныс аударуының себебі?

А. Қытай үкіметінің қысымы

В. Қытайлық Шыңжанда жердің жетіспеуінен

С. Ресей үкіметінің арнайы шақыруы

Д. Тибеттіктердің жойқын шапқыншылығы

Е. Қытайлықтардың бұл халықтарды будда дініне зорлап кіргізуі

1228. ХІХ ғ. 80 жылдары Жетісуға қоныс аударған ұйғырлардың басым көпшілігі шаруашылықтың қай түрімен айналысты?

А. Жылқы шаруашылығы

В. Қой шаруашылығы

С. Қолөнер кәсібі

Д. Егін шаруашылығы

Е. Аңшылық пен балық аулау

1229. ХІХ ғ. 80 жылдары Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендердің әлеуметтік жіктелуіне әсер еткен жағдай? А. Шаруаларда еңбек құралдарының жетіспеуі

В. Шаруалардың жерден айырылуы

С. Капиталистік қатынастардың енуі

Д. Егістік жердің ауқаттылар қолына шоғырлануы

Е. Сауданың дамуы

1230. Ұйғыр ауыз әдебиетіндегі тамаша ескерткіштердің бірі?

А. Көріғұлы жыры

В. Алып Манаш жыры

С. Он екі мұқам

Д. Фархат пен Шырын

Е. Оғызнама