Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1920-1940 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті

1663. Республикада еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізде жұмыс істеген “Сауатсыздықты жою” қоғамы қашан құрылды?

А. 1921 жылы

В. 1922 жылы

С. 1923 жылы

Д. 1924 жылы

Е. 1925 жылы

1664. 1931 жылғы желтоқсанда республиканың қай жас аралығындағы сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті сауат ашу еңгізілді?

А. 15-тен 50 жасқа дейінгілер

В. 10-нан 40 жасқа дейінгілер

С. 12-ден 35 жасқа дейінгілер

Д. 7-ден 18 жасқа дейінгілер

Е. 10-нан 18 жасқа дейінгілер

1665. Республиканың Халық Комиссарлар Кеңесі “Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын” қашан қабылдады?

А. 1924 жылы мамырда

В. 1926 жылы мамырда

С. 1928 жылы мамырда

Д. 1929 жылы мамырда

Е. 1930 жылы мамырда

1666. 1930/31 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 жылдың көктемінен бастап көшпелі аудандарда...?

А. 10 жылдық білім беру еңгізілді

В. 11 жылдық білім беру еңгізілді

С. Жалпыға бірдей білім беру еңгізілді

Д. Араб тілі оқытыла бастады

Е. Қытай тілі оқытыла бастады

1667. Соғыс қарсаңында “ Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі” атағына ие болған белгілі педагогты көрсетіңіз?

А. М.Қаратаев

В. Қ.Жұмалиев

С. С.Көбеев

Д. М.Жанпейсова

Е. М.Елікбаев

1668. 1928 жылы ашылып, кейіннен Абайдың есімі берілген Қазақстандағы тұңғыш жоғарғы оқу орның атаңыз?

А. Қазақ мемлекеттік университеті

В. Педагогикалық институт

С. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты

Д. Алматы ауыл шаруашылығы институты

Е. Қазақ кен-металлургия институты

1669. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті қашан ашылды?

А. 1929 жылы

В. 1930 жылы

С. 1932 жылы

Д. 1934 жылы

Е. 1936 жылы

1670. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда ...?

А. 10 жоғары оқу орны болды

В. 20 жоғары оқу орны болды

С. 30 жоғары оқу орны болды

Д. 40 жоғары оқу орны болды

Е. 50 жоғары оқу орны болды

1671. 1920-1930 жылдары Қазақстан 1ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосқан белгілі ұйымды көрсетіңіз?

А. Орыс географиялық қоғамы

В. Қазақ КСР Ғылым Академиясы

С. Қазақстанды зерттеу қоғамы

Д. КСРО ғылыми Кеңесі

Е. Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми Кеңесі

1672. 1926 жылы Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмысын жүргізген белгілі ғалым?

А. Х.Алпысбаев

В. Ә.Марғұлан

С. М.Е.Массон

Д. А.П.Окладников

Е. Г.П.Сосновскиий

1673. 1926-1927 жылдары бүкіл Қазақстан аумағында статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген кешенді экспедицияны ұйымдастырған...?

А. Ленинград мемлекеттік университеті

В. Мәскеу мемлекеттік университеті

С. КСРО Ғылым академиясы

Д. Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті

Е. Орыс географиялық қоғамы

1674. Кейінірек КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалына айналған КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы қашан құрылды?

А. 1930 жылы

В. 1932 жылы

С. 1934 жылы

Д. 1936 жылы

Е. 1938 жылы

1675. 1935 жылы бірінші бөлімі жарық көрген “ Қазақстанның көне заманан бергі тарихы” атты еңбектің авторы?

А. А.Байтұрсынов

В. С.Асфендияров

С. Е.Бекмаханов

Д. М.Қозыбаев

Е. Б.Сұлтанов

1676. Қазақ тілінде тұңғыш жарық көрген алгебра мен география оқулықтарының авторлары?

А. А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейханов

В. С.Асфендияров пен Е.Бекмаханов

С. Қ.Сәтпаев пен Ә.Бөкейханов

Д. Қ.Сәтпаев пен Е.Бекмаханов

Е. Б.Қаратаев пен Т.Жүргенов

1677. Соғыс қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде ( жоғары оқу орындарын қоса алғанда ) қанша ғалым еңбек етті?

А. 700-ден астам

В. 1700-ден астам

С. 2700-ден астам

Д. 3700-ден астам

Е. 4700-ден астам

1678. Эпостық кең құлашпен жазылған халқымыздың тарихындағы белесті оқиғалар мен біртуар қайраткерлер әсерлі жырланған “Батыр Баян”, “Ертегі”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Жүсіпхан” атты дастандардың авторы?

А. Міржақып Дулатов

В. Мағжан Жұмабаев

С. Сәбит Мұқанов

Д. С.Сейфуллин

Е. І.Жансүгіров

1679. Иса Байзақовтың поэмасын атаңыз?

А. Көкшетау

В. Құлагер

С. Сұлушаш

Д. Құралай сұлу

Е. Амангелді

1680. Тарихи тартысқа толы “Тар жол, тайғақ кешу” романының авторы?

А. С.Сейфуллин

В. Б.Майлин

С. І.Жансұгіров

Д. М.Жұмабаев

Е. С.Торайғыров

1681 . М.Әуезовтың драмалық шығармаларын атаңыз?

А. “Айман-Шолпан”, “Түнгі сарын”

В: “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”

С. “Жалбыр”, “Құлагер”

Д. “Ер Тарғын”, “ Қобыланды”

Е. “Ақбілек”

1682. “Мансапқорлар”, “ Ел қорғаны” сияқты бірегей драмалық туындылардың авторын атаңыз?

А. Ғ.Мұсірепов

В. Ғ.Мұстафин

С. Ж.Аймауытов

Д. Б.Майлин

Е. С.Мұқанов

1683. Қазақстандағы орыс әдебиетінің өкілі И.П.Шуховтың көпшілікке мәлім болған романдарын атаңыз?

А. “Бақытсыз Жамал”

В. “Қамар сұлу”, “Қалың мал”

С. “Ащы өзек”, Өшпенділік”

Д. “Ботагөз”, “Шұғаның белгісі”

Е. “Құрыш қалай шынықты”

1684. “Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” жинақтарын жариялаған, 1932 жылы Қазақстанның халық әртісі атағы берілген белгілі этнограф әрі сазгерді атаңыз?

А. Б.В.Асафьев

В. М.В.Коцык

С. А.В.Затаевич

Д. Л.Соболев

Е. Е.Брусиловский

1685. 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Германияның Майндағы Франфург қаласында өнер көрсетіп, Еуропаның талғампаз көрермендерін тәнті еткен қазақтың үздік әншісі?

А. Майра Шамсуддинова

В. Күләш Байсейітова

С. Әміре Қашаубаев

Д. Роза Бағыланова

Е. Ғарифулла Құрманғалиев

1686. Тұңғыш қазақ ұлттық театры қай жылы қай жерде ашылды?

А. 1929 жылы қаңтарда Қызылордада

В. 1928 жылы қаңтарда Алматыда

С. 1930 жылы қаңтарда Алматыда

Д. 1931 жылы қаңтарда Семейде

Е. 1926 жылы қаңтарда Қызылордада

1687. Тұңғыш ашылған қазақ ұлттық театрының алғашқы режиссеры...?

А. Е.Өмірзақов

В. Жұмат Шанин

С. Қалыбек Қуанышбаев

Д. Иса Байзақов

Е. С.Қожамқұлов

1688. Қазақ ұлттық театрының сахнасында қойылған алғашқы шығарма?

А. Н.Гогольдің “Үйленуі”

В. Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” пьесасы

С. М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек” пьесасы

Д. Н.Гогольдің “Ревизоры”

Е. В.Шекспирдің “Отеллосы”

1689 1938 жылы “Ленфильм” қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болып саналатын қандай кинокартинаны жасап шығарды?

А. “Абай әндері”

В. “Жауынгер ұлы”

С. “Жалбыр”

Д. “Амангелді”

Е. “Қыз Жібек”

1690. Қазақ мемлекеттік музыка театры Алматыда қашан ашылды?

А. 1929 жылы қаңтарда

В. 1930 жылы қаңтарда

С. 1931 жылы қаңтарда

Д. 1932 жылы қаңтарда

Е. 1934 жылы қаңтарда

1691. Алматыда 1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрған белгілі сазгерді атаңыз?

А. А.В.Затаевич

В. Е.Брусиловский

С. М.Төлебаев

Д. А.Жұбанов

Е. Н.Тілендиев

1692. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы қашан ашылды?

А. 1930 жылы

В. 1932 жылы

С. 1934 жылы

Д. 1936 жылы

Е. 1938 жылы

1693. 1936 жылы мамыр айында Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде “Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетіліп, сондай-ақ, әйгілі әнші Күләш Байсейітоваға қандай құрметті атақ берілді?

А. Қазақстан Республикасының Халық әртісі

В. КСРО халық әртісі

С. ІІ Дәрежелі Мемлекеттік сыйлық

Д. Халықтар Достығы ордені

Е. Қызыл Ту ордені

1694. Шеберханасы қазақтың кәсіби кескіндеме өнерінің орталығына айналған П.Г.Хлудовтың талантты шәкірттерінің бірі?

А. Г.Смайлова

В. М.Түлкеев

С. Ә.Қастеев

Д. Ш.Уәлиханов

Е. Ш.Ниязбеков

1695. Алматыда А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы (қазіргі Ұлттық кітапхана) қашан ашылды?

А. 1931 жылы

В. 1933 жылы

С. 1935 жылы

Д. 1937 жылы

Е. 1939 жылы

1696. 1930 жылдары халық мәдениетіне зор нұқсан келтірген жағдайды атап көрсетіңіз?

А. Тап күресінің күшеюі

В. Қазақ зиялыларының аздығы

С. Қазақ зиялыларының ауызбірлігінің болмауы

Д. Контрреволюцияның қарсылығы

Е. Өмірдің барлық саласын жаппай идеологияландыру

1697. Соғыс жылдарында Алматыда КСРО-ның батысынан көшірілген қанша ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді?

А. 10-нан астам

В. 20-дан астам

С. 30-дан астам

Д. 40-тан астам

Е. 50-ден астам

1698. Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген көп жылдық еңбегі үшін 1942 жылы мемлекеттік сыйлық берілген белгілі ғалымды атаңыз?

А. А.А.Байков

В. И.П.Бардин

С. Қ.И.Сәтбаев

Д. К.Обручев

Е. А.С.Орлов

1700. Алматыда мемлекеттік шет тілдер педагогика институты, Шымкент технология институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Дене шынықтыру институты сияқты іргелі оқу орындарының ашылған мезгілін анықтаңыз?

А. 1932-1934 жылдар

В. 1936-1938 жылдар

С. Ұлы Отан соғысы басталар алдында

Д. Ұлы Отан соғысы жылдарында

Е. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда

1701. Ұлы Отан соғысының майдандарында ерлікпен шайқасқан қазақстандық ақын-жазушылардың санын көрсетіңіз?

А. 50-ге жуық

В. 100-ге жуық

С. 200-ге жуық

Д. 300-ге жуық

Е. 400-ге жуық