- •І тарау қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
- •В. Орта палеолитке
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Іі тарау қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ертедегі мемлекеттік бірлестіктер
- •Е. Дахиларға
- •В. Ксеркс
- •В. Қытайдың
- •Үйсіндер
- •Е. Чигучен
- •Қаңлылар
- •Сарматтар
- •Ііі тарау ерте орта ғасырлардағы қазақстан Түрік қағанаты
- •Батыс түрік қағанаты
- •Түргеш қағанаты
- •Қарлұқ қағанаты
- •Оғыз мемлекеті (іх ғ. Соңы - хі ғ. Басы)
- •Қимақ қағанаты ( іх ғ. Соңы - хі ғ. Басы)
- •Іү тарау дамыған орта ғасырлардағы қазақстан Қарахан мемлекеті
- •Наймандар. Керейттер. Жалайырлар
- •Қарақытайлар
- •Қыпшақ хандығы
- •Іх ғ. Іі жартысы - хііі ғ. Басындағы қазақстан мәдениеті
- •Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
- •Алтын Орда (хііі ғ. Ортасы - хү ғ. Ортасы)
- •Ақ Орда (хііі-хү ғасырлардың басы)
- •Моғолстан (хіү ғ. Ортасы – хүі ғ. Басы)
- •Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
- •Хііі-хү ғғ. Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
- •А. Моңғолдар мен қазақтар
- •Әбілқайыр хандығы
- •Қазақстанның хіү-хү ғғ. Мәдениеті
- •Е. Бәбіш молда кесенесі
- •Д. Қытай басқыншыларына қарсы қазақтарды пайдалану үшін
- •Қазақ мемлекетінің хүі-хүіі ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Е. Желтоқсан айының соңында
- •С. Аралдың солтүстігі
- •Хүіі ғасырдың іі жартысындағы Қазақстан
- •Қазақстанның хүііі ғ. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
- •Абылайдың хандығы
- •Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі
- •Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
- •1837-1847 Жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
- •1836-1838 Жж Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
- •В. Қазақ сұлтандары
- •Үі тарау қа3ақстан-ресей империясының отары Қазақ жерлерін Ресейдің толық отарлауы
- •1116. Хіх ғ. Басында Оңтүстік Қазақстанның біраз бөлігі кімдерге тәуелді болды?
- •1867-1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформалар
- •Хіх ғасырдағы Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары
- •Хіх ғ. Екінші жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
- •Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •Қазақстан Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезеңінде
- •Үіі тарау кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайындағы қазақстан Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы
- •Қазақстан шетелдік интервенция мен азамат соғысы жылдарында
- •Қазақтың ұлттық мемлекеттігінің қайта қалпына келтірілуі
- •В. Әскери
- •Е. 1920 жылғы 4-ші қазан
- •Жаңа өмірдің қиындықтары
- •Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1930 Жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
- •Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде
- •1920-1940 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті
- •1940 Жылдардың екінші жартысынан 1960 жылдардың ортасына дейінгі Қазақстан
- •Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
- •Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде
- •Үііі тарау тәуелсіз қазақстан
Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
1231. Батыс Сібір генерал-губернаторы М.Сперанскийге Сібір қазақтарының Жарғысын дайындауға көмектескен Орынбордағы декабристердің жасырын ұйымының мүшелері?
А. Г.Карелин, Г.Батиньков
В. А. Жемчужников, М.Муравьев
С. В.Вольховский, А.Янушкевич
Д. П.Коновницин, М.Лаппа
Е. А.Салтанов, И.Лушников
1232. Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алған, осы өңірде айдауда болған белгілі декабрист?
А. П.Величко
В. А.Кучевский
С. Х.Старков
Д. М.И.Муравьев-Апостол
Е. А. Жемчужников
1233. Белгілі декабрист Г.Карелин Қазақстанның қай жерін зерттеуге арналған экспедицияға қатысты?
А. Арал теңізін
В. Солтүстік-шығыс Қазақстанды
С. Жетісуды
Д. Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауларын
Е. Сырдарияның орта ағысын
1234. Бұхар экспедициясына қатысқан В.Вольховскийдің әлі күнге маңызды дерек болып саналатын еңбегі?
А. Ұлы жүз руларының картасы
В. Орта жүз руларының картасы
С. Кіші жүз руларының картасы
Д. Маңғыстау қазақтарының картасы
Е. Сырдария қазақтарының картасы
1235. 1831 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусы жанынан ашылған мұражай нені сипаттауға арналды?
А. Осы өлкенің әскери өнерін
В. Осы өлкенің пайдалы қазбаларын
С. Осы өлкенің хайуанаттар әлемін
Д. Осы өлкенің өсімдіктер әлемін
Е. Осы өлке тұрғындарының тұрмысы мен тарихын
1236. Декабрист И.Завалишиннің бір бөлімі қазақтарға арналған Мәскеуде 1867 жылы жарық көрген еңбегі?
А. Батыс Сібірді сипаттау
В. Орынбор өлкесін сипаттау
С. Жетісуды сипаттау
Д. Арал өңірін сипаттау
Е. Ұлытауды сипаттау
1237. Декабрист А.Коровковтың қай очеркінде қазақ жері, оның шексіз даласы, байлығы туралы айтылады?
А. Ыстықкөл сапары
В. Іле бекінісіне бару
С. Қазақтардағы шамандықтың қалдығы
Д. Ұлы жүз қазақтары
Е. Қашғар сапары
1238. 1849 жылы М.Петрашевский ісі бойынша Семейде айдауда болған орыстың ұлы жазушысы Ф.Достоевский өлке тарихын зерттеуде не нәрсеге ерекше көңіл бөлді?
А. Халық ауыз әдебиетіне
В. Ұлттық тағамдарға
С. Ұлттық ойындарға
Д. Археологиялық ескерткіштерге
Е. Қазақтың ұлттық салт-дәстүріне
1239. Белгілі шығыс зертеушісі А.Макшеев қай экспедицияға қатысып, өлкенің тарихи-географиялық бейнесін сипаттап жазды?
А. Г.Карелиннің Каспий экспедициясы
В. А.Бутаковтың Арал экспедициясы
С. Ш.Уәлихановтың Қашғар экспедициясы
Д. Бұхар экспедициясы
Е. Хиуа экспедициясы
1240. ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда ағарту ісі негізінен...?
А. Ұлттық салт-дәстүрді үйретумен шектелді
В. Әскери өнерге баулумен шектелді
С. Ислам қағидаларын үйретумен шектелді
Д. Орыс тілі мен мәдениетін үйретумен шектелді
Е. Қазақ ауыз әдебиетін үйретумен шектелді
1241. Қазақстанның Ресей құрамына кіруінің аяқталу кезеңінде ірі медреселерде араб тілінен сабақ беруге қандай адамдар тартылды?
А. Қажылыққа барған адамдар
В. Міндетті түрде шариғат заңдарын ұстайтындар
С. Мұғалімдікке арнаулы куәлігі бар адамдар
Д. Араб елдерінде діни білім алған адамдар
Е. Тек Ташкент медресесін бітіргендер
1242. Делдалдық тілмаштар даярлау үшін Азия халықтары тілін оқытып-үйрететін қазақ жерінде 1789 жылы ашылған оқу орның атаңыз.
А. Тілмаштар мектебі
В. Орал әскери училищесі
С. Өскемен әскери училищесі
Д. Азиялық училище
Е. Семей училищесі
1243. ХІХ ғ. басында ашылған Сібір кадет корпусы мен Неплюев кадет корпустары қандай мамандар даярлаумен айналысты?
А. Тау-кен ісінің мамандарын
В. Ресей ғылымы үшін географтар даярлады
С. Ресей саудасы үшін есепшілер даярлады
Д. Билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлады
Е. Ресей әскері үшін теңізшілер даярлады
1244. 1841 жылы татар және орыс тілдерінде сабақ беретін қазақ балаларына арналған алғашқы діни емес мектеп қай жерде ұйымдастырылды?
А. Торғайда
В. Ырғызда
С. Ішкі Бөкей Ордасында
Д. Қызылжарда
Е. Атбасарда
1245. 1836 жылы жанында қазақтар үшін интернаты бар орысша білім беретін училище қай жерде ұйымдастырылды?
А. Семейде
В. Өскеменде
С. Оралда
Д. Бұқтырмада
Е. Петропавлда
1246. Орынбор өлкесінде қызмет жасаған орыс жазушысы В.И.Дальдың осы өлке қазақтарының тұрмысын сипаттаған шығармасын атаңыз?
А. Қалқаман мен Мамыр
В. Капитан қызы
С. Бикей мен Мәулен
Д. Менің ойларым
Е. Исатай мен Махамбет
1247. 1833 жылы Е.Пугачев көтерілісі туралы мәлімет жинау үшін Орынбор мен Оралда болған орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин қазақтың қай жырымен танысып, оны қағазға түсірген?
А. Қамбар батыр жыры
В. Ер Тарғын жыры
С. Қырымның қырық батыры туралы жыр
Д. Қыз Жібек жыры
Е. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры
1248. 1848-1849 жж. капитан-лейтенант А.Бутаковтың экспедициясы қазақ даласының қай өңірін зерттеуде ерекше мәнге ие болды?
А. Каспийдің солтүстігін
В. Арал теңізі мен оған құятын Сырдарияны
С. Балқаш көлінің солтүстік-шығысын
Д. Ертіс өзенін
Е. Іленің Балқашқа құяр жерін
1249. ХІХ ғ. бірінші жартысында Қазақ даласын зеттеуде Ресейдегі қай қоғамның ұйымдастырған экспедицияларының орны ерекше?
А. Императорлық зерттеу қоғамы
В. Азиялық зерттеу қоғамы
С. Орыс географиялық қоғамы
Д. Орыс статистикалық қоғамы
Е. Табиғи байлықтарды зерттеудің азиялық бөлімі
1250. ХІХ ғ. бірінші жартысында қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым болды, яғни еңбекші бұқара мүддесін жақтаған және...?
А. Діни көзқарасты жақтаған
В. Ресей отаршылдарының мүддесін жақтаған
С. Ірі ақсүйектер мүдделерін жақтаған
Д. Пайдакүнемдікті жақтаған
Е. Өмірден түңілушілікті, пессимизмге берілуді жақтаған
1251. Махамбет Өтемісұлы Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынмен бірге 1824-1829 жылдары қай қалада тұрды?
А. Уфада
В. Оралда
С. Орынборда
Д. Омбыда
Е. Семейде
1252. 1829 жылы шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет Өтемісұлы қай жерде біраз уақыт қамауда ұсталды?
А. Орал түрмесінде
В. Орынбор түрмесінде
С. Калмыков бекінісінде
Д. Сахарная бекінісінде
Е. Жаманқала бекінісінде
1253. Жалынды өлеңдерімен еңбекшілерді жігерлендірген Махамбет ақын қай жылы патша үкіметі жендеттерінің қолынан қапыда қаза тапты?
А. 1846 жылы
В. 1847 жылы
С. 1848 жылы
Д. 1849 жылы
Е. 1850 жылы
1254. 1807 жылы қазіргі Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген дәстүрлі суырыпсалма өнерін жетілдіріп, феодалдардың оғаш мінездерін әжуалаған ақынды көрсетіңіз?
А. Шөже Қаржаубайұлы
В. Шернияз Жарылқасұлы
С. Сүйінбай Аронұлы
Д. Кемпірбай ақын
Е. Шортанбай ақын
1255. 1808 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Қызылту ауданында туып өскен, жастай екі көзінен айырылған, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының ең көркем нұсқасын жырлаған ірі эпик ақынды көрсетіңіз.
А. Шөже Қаржаубайұлы
В. Көтеш ақын
С. Жанақ ақын
Д. Мұрын ақын
Е. Ақан сері Қорамсаұлы
1256. 1822 жылы қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы Қаракәстек ауылында дүниеге келген тапқыр, тілге жүйрік, еңбекшілердің ой-арманын жырлаған атақты Жамбылдың ұстазын атаңыз.
А. Шортанбай ақын
В. Кемпірбай ақын
С. Сүйінбай Аронұлы
Д. Естай ақын
Е. Әсет Найманбайұлы
1257. ХІХ ғ. бірінші жартысында әр түрлі музыкалық аспаптардың ішінде халық арасына кең таралғаны...?
А. Сыбызғы
В. Жетіген
С. Сазсырнай
Д. Домбыра
Е. Дауылпаз
1258. Қазақ қоғамында өнерімен халыққа жағымды болғандарға қандай құрметті атақтар қосылып айтылатын?
А. Батыр
В. Палуан
С. Мерген
Д. Сал, сері
Е. Оташы
1259. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы қазақтардың материалдық мәдениеті шаруашылықтың қай саласына тығыз байланысты болды?
А. Егін шаруашылығы
В. Мал шаруашылығы
С. Саудамен
Д. Металлургиямен
Е. Аңшылық және балық аулаумен
1260. ХІХ ғ. бірінші жартысында Ресейге қосылу барысында қазақтардың көшпелі өмірден отырықшылыққа ойыса бастауын неден көруге болады?
А. Қазақтардың саудамен айналыса бастауы
В. Қазақтардың бала оқытуға көңіл бөле бастауы
С. Қазақтардың тұрақты үйлер сала бастауы
Д. Қазақтардың жаппай қалаға қоныс аудара бастауы
Е. Қазақтардың қолөнермен айналыса бастауы
1261. “Ресей, Отанның толық географиялық сипаттамасы” деген еңбегінің “Қырғыз өлкесі”, “Түркістан өлкесі” атты екі томын Қазақстан мен Орта Азияға арнаған, әлемге әйгілі саяхатшы ғалым?
А. В.В.Радлов
В. Л.Ф.Костенко
С. В.Н.Витевский
Д. П.П.Семенов-Тяньшанский
Е. И.И.Крафт
1262. 1847-1857 жж. Қазақстанда айдауда болған украинның ұлы ақыны Т.Г.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі?
А. Атқа мінген қазақ
В. Қазақ шаңырағы
С. Байғұстар
Д. Менің ойларым
Е. Арал өңірі
1263. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) Уәлиханов 1847 жылы 12 жасында қай оқу орнына түсіп, оны 1853 жылы бітіріп шықты?
А. Семейдегі Ахмед Риза медресесін
В. Орынбордағы Неплюев кадет корпусын
С. Омбыдағы Сібір кадет корпусын
Д. Азиялық училищені
Е. Орынбор әскери училищесін
1264. 1857 жылы Ш.Уәлиханов Алатау қырғыздарына сапары кезінде қырғыздың әлемге әйгілі қай жырын қағазға түсіріп, зерттеді?
А. Он екі мұқам
В. Жүсіп Злиха
С. Манас
Д. Қырғыздың қырық батыры
Е. Ләйлі мен Мәжнүн
1265. 1858-1859 жж. Ш.Уәлиханов әлемге әйгілі қандай сапарға барып қайтты?
А. Құлжа сапары
В. Қашқар сапары
С. Шәуешек сапары
Д. Үрімші сапары
Е. Ыстықкөл сапары
1266. “Русский инвалид” газетінің 1865 жылғы 51 санында жарияланған Ш.Уәлихановтың соңғы еңбегін көрсетіңіз?
А. Қазақтардағы шамандықтың қалдығы
В. Қазақстандағы сот реформасы туралы
С. Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы
Д. Қырғыздардың салт-дәстүрі туралы
Е. Ыстықкөл сапарынан туған ойлар
1267. 1878 жылы құрылған Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшесі болған қазақ зиялысын атаңыз?
А. Дулат Бабатайұлы
В. Шәкәрім Құдайбердіұлы
С. Абай Құнанбайұлы
Д. Әбдірахман Абайұлы
Е. Мағауия Абайұлы
1268. Қазақ жерінде алғашқы қоғамдық кітапхана қай жылы қай жерде ашылды?
А. 1860 жылы Оралда
В. 1863 жылы Петропавлда
С. 1873 жылы Верныйда
Д. 1883 жылы Семейде
Е. 1886 жылы Торғайда
1269. 1876 жылы халықтың сауатын көтеруді басты мақсат еткен арнайы комиссия қай қалада ұйымдастырылды?
А. Орынборда
В. Ташкентте
С. Петропавлдв
Д. Семейде
Е. Оралда
1270. ХІХ ғ. екінші жартысында патша үкіметінің қазақ жерінде орыс-қазақ мектептерін көбейтуінің басты себебі?
А. Қазақтарды сауатты халыққа айналдыру
В. Қазақтарды Еуропа мәдениетіне жақындату
С. Қазақ мәдениетінің дамуына жағдай жасау
Д. Отаршылдық басқару жүйесіне тілмаштар мен шенеуніктер даярлау
Е. Ресейдегі басшылық қызметтерге қазақтарды тарту
1271. Тұңыш қазақ мұғалімдік мектебі қай жылы қай жерде ашылды?
А. 1883 жылы Орск қаласында
В. 1883 жылы Оралда
С. 1875 жылы Семейде
Д. 1886 жылы Петропавлда
Е. 1878 жылы Верныйда
1272. 1879 жылы қай қалада мұғалімдер институты ашылды?
А. Ташкентте
В. Омбыда
С. Орынборда
Д. Оралда
Е. Семейде
1273. ХІХ ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі Қазақстан мен Орта Азияда мұсылман медреселерінің дамуына кедергі жасағанда қандай саяси ағымды желеу етті?
А. Исламдағы сопылық ағымды
В. Исламдағы оқапшылық ағымды
С. Пантюркизм мен панисламизмді
Д. Ислам джехатын
Е. Ислам фундаментализмін
1274. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанда халық-ағарту ісінің дамуына кедергі болған...?
А. Халықтың білімге деген ынтасының төмендігі
В. Феодалдардың халықтың сауат ашуына қарсылығы
С. Қаржы мен сауатты мұғалімдердің жетіспеуі
Д. Қазақтардың орыс мәдениетіне үрке қарауы
Е. Сауат ашуға мұсылман дін иелерінің қарсылығы
1275. Патша үкіметінің 1870 жылы шыққан “Бөтен христиандар мен татар магометандар туралы арнайы Ережесінде” Қазақстандағы мешіттер жанындағы мектептерде нені оқыту міндетті деп танылды?
А. Ағылшын тілін
В. Түрік тілін
С. А.С.Пушкин шығармаларын
Д. Орыс тілін
Е. Қазақ мәдениетін
1276. ХІХ ғ. қандай оқиғадан кейін қазақ даласындағы діни мектептерге өзгерістер еңгізілді? А. Орта жүзде хандық билік жойылғаннан кейін
В. Кіші жүзде хандық билік жойылғаннан кейін
С. Кенесары көтерілісі басылғаннан кейін
Д. 1867-1868 жж. реформалардан кейін
Е. Ұлы жүз жері Ресейге қосылғаннан кейін
1277. Петербург университетінің заң факультетін бітірген алғашқы кәсіпқой қазақ заңгерін атаңыз?
А. Бақытжан Қаратаев
В. Мұстафа Шоқай
С. Жақып Ақбаев
Д. Дінше әділов
Е. Әлихан Бөкейханов
1278. Ыбырай Алтынсарыұлы есімінің Қазақстан тарихында терең із қалдыруы оның қандай қызметімен байланысты?
А. Жазушылық
В. Ақындық
С. Саяхатшы-ғалымдық
Д. Ағартушылық
Е. Ел билеудегі іскерлігі
1279. 1857 жылы Ы.Алтынсарыұлы қай оқу орнын алтын медальмен бітірді?
А. Сібір кадет корпусын
В. Орынбордағы Неплюев кадет корпусын
С. Азия училищесін
Д. Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті
Е. Орск қаласындағы қазақ мұғалімдік мектебін
1280. 1879 жылы Ы.Алтынсарыұлы қай облыстағы мектептердің инспекторлығына тағайындалды?
А. Орал облысындағы
В. Торғай облысындағы
С. Бөкей Ордасындағы
Д. Ақмола облысындағы
Е. Маңғыстаудағы
1281. Ы.Алтынсарыұлының ерекше еңбегін атап көрсетіңіз?
А. Спорт мектебін ұйымдастырды
В. әскери мектептерді ұйымдастырды
С. Қолөнер, ауылшаруашылық мектептерін ұйымдастырды
Д. Теңізшілер мектебін ұйымдастырды
Е. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мектептерді ұйымдастырды
1282. Ы.Алтынсарыұлы қай жерде алғаш қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат ұйымдастырды?
А. Орынборда
В. Оралда
С. Қазалыда
Д. Перовскде
Е. Ырғызда
1283. Ы.Алтынсарыұлы орыс-қазақ мектептеріне арнап екі оқу құралын жазды, сонын бірі...?
А. Қырғыз әдебиеті
В. Тіл ұстарту
С. Қырғыз тілінің граматикасы
Д. Қырғыз әліппесі
Е. Қырғыз хрестоматиясы
1284. Ы.Алтынсарыұлының “Қыпшақ Сейітқұл” атты әңгімесі нені насихаттайды?
А. Қолөнерді
В. Мал шаруашылығын
С. Егіншілікті
Д. Әскери өнерді
Е. Теңізде жүзуді
1285. Қазақтын ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы Семейде қандай оқу орнында оқыды?
А. Төрт сыныпты ерлер гимназиясында
В. Риалдық училищеде
С. Ғалия медресесінде
Д. Ахмед Риза медресесінде
Е. Сегіз сыныпты әскери гимназияда
1286. А.Құнанбайұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтаңыз?
А. Драматургияны дамытты
В. Тұңғыш роман жазды
С. Жазба әдебиеттің негізін қалады
Д. Тұңғыш повесть жазды
Е. Қазақтың батырлар жырын орыс тіліне аударды
1287. Қазақ жерінің сұлулығы асқан шеберлікпен бейнеленген “Лепсі өлкесін қоршаған таулар” атты картинаның авторы?
А. Б.С.Смирнов
В. В.Верещагин
С. О.Федченко
Д. П.Кошаров
Е. Н.Хлудов
1288. Қазақ елі аса сүйіспеншілікпен бейнеленген “Көш”, “Мал айдау”, “Отынға бару” атты картиналардың авторы көрнекті суретші?
А. Н.Хлудов
В. П.Кошоров
С. О.Федченко
Д. В.Верещагин
Е. Б.С.Смирнов
1289. Қазақтың қолөнерлік, зергерлік өнері Ресейде тіпті шетелдерде де әйгілі болды. Мысалы 1872 жылы Мәскеуде өткізілген көрмеде қазақтың қандай қолөнер туындысы таныстырылды?
А. Кйіз үй
В. Ат әбзелдері
С. Музыка аспаптары
Д. Тоқылғын кілемдер мен алашалар
Е. Ұлттық киімдері
1290. 1855 жылы Петербургте өткен байқауда күміс медальға ие болған, қазақтың шертпе күйінің негізін қалаушылардың бірі белгілі лирик сазгерді атаңыз?
А. Тәттімбет Қазанғапұлы
В. Қазанғап күйші
С. Байжұма күйші
Д. Ұзақ күйші
Е. Дәулеткерей Шығайұлы
1291. Қазақ күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жылы қай жерде дүниеге келді?
А. Маңғыстауда
В. Бөкей ордасында
С. Торғай даласында
Д. Сырдарияның төменгі ағысында
Е. Арал өңірінде
1292. Ұлы күйші Құрманғазының шығармашылығы мен бүкіл өмірі...?
А. Өз шәкірттерін тәрбиелеумен өтті
В. Ел аралап күйлерін насихаттаумен өтті
С. Әлеуметтік әділетсіздікке қарсы күресумен өтті
Д. Хан-сұлтандар арасында өнерімен үлкен беделге ие болып өтті
Е. Ресей шенеуніктері арасында үлкен беделге ие болып өтті
1293. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда Құрманғазының “Кішкентай” атты күйі кімге арналған?
А. Абылай ханға
В. Махамбет Өтемісұлына
С. Исатай Тайманұлына
Д. Сырым Датұлына
Е. Кенесары Қасымұлына
1294. Ұлы күйші Құрманғазының туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас қайратын сипаттайтын шығармасын атаңыз.
А. Ақбай
В. Көбік шашқан
С. Кісен ашқан
Д. Сарыарқа
Е. Төремұрат
1295. Құрманғазы Сағырбайұлының бізге шамамен қанша күйі жеткен?
А. 30-дан астам
В. 40-тан астам
С. 50-ден астам
Д. 60-тан астам
Е. 80-нен астам
1296. ХІХ ғ. өмір сүрген күйші, сазгер, домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы Дәулеткерей Шығайұлының көзқарасының қалыптасуына ХІХ ғасырдың І жартысындағы қандай оқиға өз әсерін тигізді?
А. 1824 жылы Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы
В. 1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
С. 1836-1838 жж. Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс
Д. 1822 жылы Орта жүздегі хандық биліктін жойылуы
Е. 1820-1830 жж. Хиуа хандығының Кіші жүзге жасаған жойқын шапқыншылығы
1297. Күйші-сазгер Дәулеткерей Шығайүлының әйелдің нәзік психологиялық бейнесін жасаған күйін атаңыз.
А. Желдірме
В. Тартыс
С. Құдаша
Д. Ысқырма
Е. Бестөре
1298. ХІХ ғ. өмір сүрген атақты сазгер, әнші, ақын Біржан Қожағұлұлының “Жанбота” әнінің тақырыбы?
А. Ботаның сұлулығын суреттеген
В. Ғашықтық әні
С. Сұлу табиғат
Д. Феодалдардың озбырлығы
Е. Саятшылық өнер туралы
1299. Бізге 40-қа жуық әндері жетіп отырған Біржан Қожағұлұлының 1865 жылы кіммен кездесуі оның сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне әсер етті?
А. Шоқан Уәлиханов
В. Ыбырай Алтынсарыұлы
С. Абай Құнанбайұлы
Д. Жаяу Мұса Байжанұлы
Е. Дулат Бабатайұлы
1300. ХІХ ғ. өмір сүрген Біржан Қожағұлұлының кіммен айтысы оның суырыпсалма ақындық талантын елге танытты?
А. Шөжемен
В. Ақкүміспен
С. Сарамен
Д. Жамбылмен
Е. Сүйінбаймен
1301. ХІХ ғ. атақты сазгер әрі ақын-публицист Жаяу Мұса Байжанұлы 1860 жылы жергілікті феодалдардың жаласымен қай жерге жер аударылды?
А. Иркутскіге
В. Якутияға
С. Омбыға
Д. Тобылға
Е. Қиыр Шығысқа
1302. Бізге 70-ке жуық әні жетіп отырған атақты сазгер әрі ақын-публицист Жаяу Мұса Байжанұлы Ыбырай Алтынсарыұлының қай өлеңіне ән шығарған?
А. Өнер білім бар жұрттар
В. Өзен
С. Кел, балалар, оқылық
Д. Баянауыл
Е. Ақ сиса
1303. Халық арасына кең тараған Құлагер, Маңмаңгер, Сырымбет, Балхадиша әндерінің авторы ХІХ ғ. екінші жартысында өмір сүрген атақты сазгер әрі ақынды көрсетіңіз.
А. Сегіз сері
В. Балуан Шолақ
С. Ақан сері
Д. Естай
Е. Әсет ақын
1304. ХІХ ғ. екінші жартысында өмір сүрген қобызшы, сазгер қазақтың көне аспабы қылқобызда ойнаудың асқан шеберін атаңыз.
А. Сармалай
В. Ықылас Дүкенұлы
С. Қазанғап
Д. Ханбазар күйші
Е. Ұзақ күйші
1305. ХІХ ғ. өмір сүрген атақты сазгер-сыбызғышыны атаңыз?
А.Түркеш
В. Ұзақ
С. Қазанғап
Д. Сүгір
Е. Сармалай
1306. 1863-1864 жж. Польшадағы ұлт-азаттық қозғалыс өкілдерінен қанша адам Батыс Сібір генерал-губернаторлығына жер аударылды?
А. 1 мыңнан астам
В. 3 мыңнан астам
С. 5 мыңнан астам
Д. 10 мыңнан астам
Е. 20 мыңнан астам
1307. Польша азаттық қозғалысы өкілдерінің бірі Густав Зелинскийдің ХІХ ғ. 40 жылдарында жазған қазақтардың тарихи тағдырын, өмірін көркем тілмен баяндаған поэмасын атаңыз?
А. Менің ойларым
В. Қырғыз (Қазақ)
С. Бекей мен Мәулен
Д. Қырғыз (Қазақ) қызы
Е. Қырғыз (Қазақ) даласы
1308. “Қырғыздардың заң әдет-ғұрыптары үшін материалдар” деген тақырыпта құнды зерттеу дайындаған Польша азаттық күресінің өкілі ұлы Абайдың жақын досы болған кім?
А. С.С.Гросс
В. Л.В.Леонтев
С. Н.И.Долгополов
Д. Е.П.Михаэлис
Е. А. Янушкевич
1308. ХІХ ғ. 80-ші жылдары саяси жер аударылғандардың Семей және Ақмола облыстарына көптеп келуіне қандай жағдай себеп болды? А. Осы өңірде ағаш өңдеуді дамыту үшін
В. Осы өңірде жұмыс күшінің жетіспеуінен
С. Осы өңірді орыстандыру үшін
Д. 1881 жылғы 29 тамыздағы патша үкіметінің арнайы шешіміне байланысты
Е. Жергілікті халық арасында батыс мәдениетін тарату үшін
1309. 1898 жылы алғашқы томы жарық көрген “Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мәліметтер” атты құнды зерттеу еңбегін құрастырып мәтінін жазуға ат салысқан қазақ ғалымы?
А. Жақып Ақбаев
В. Ахмед Байтұрсынов
С. Міржақып Дулатов
Д. Бақытжан Қаратаев
Е. Әлихан Бөкейханов
