Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нур Агай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде

1811. Қайта құру мен қоғамды демократияландыруға қадам жасаған топты басқарып, 1985 жылы наурызда КОКП-ның басшылығына кім келді?

А. Г. В. Колбин

В. Л. И. Брежнев

С. А. И. Рачков

Д. К .У. Черненко

Е. М. С. Горбачев

1812. Кеңес Одағында қайта құру деп аталатын кезеңді көрсетіңіз?

А. 1987-1992 жылдар

В. 1988-1990 жылдар

С. 1985-1992 жылдар

Д. 1985-1991 жылдар

Е. 1984-1991 жылдар

1813. Көп жылдан бері Республика партия ұйымының басшылығында болған Д.Қонаевтың орнына орталық өкілінің ұсынысы бойынша Г.Колбинді тағайындаған Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы қашан болды?

А. 1985 жылы 16 желтоқсанда

В. 1986 жылы 16 желтоқсанда

С. 1986 жылы 18 желтоқсанда

Д. 1986 жылы 21 желтоқсанда

Е. 1987 жылы 16 сәуірде

1814. Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар негізінен кімдер еді?

А. Қазақ жұмысшы табы

В. Қазақ зиялылары

С. Тек қазақ студент жастары

Д. Қазақтың студент және жұмысшы жастары

Е. Алматыдағы мұсылман текті ұлт өкілдері

1815. 1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасына” қатысушылар қандай талаптар қойды?

А. Экономикалық

В. Әлеуметтік

С. Саяси

Д. Діни

Е. Ешқандай талап қоймады

1816. 1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасына” қатысушыларды билік басындағылар Орталық алаңнан қандай жолмен таратты?

А. Елге танымал адамдарды жіберіп, ақыл айтқызып таратылды

В. Аса қатыгездікпен қуып таратылды

С. Әскер шақырамыз деп қорқыту арқылы таратылды

Д. Талаптарың орындалады деп алдау арқылы таратылды

Е. Ереуілшілер өздері тарап кетті

1817. 1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасына” қатысты қанша адам сотталды?

А. 199 адам сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді

В. 299 адам сотталды, оның үшеуі өлім жазасына кесілді

С. 99 адам сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді

Д. 399 адам сотталды, оның үшеуі өлім жазасына кесілді

Е. 119 адам сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді

1818. Кейін “Халық қаћарманы” атағына ие болған “Желтоқсан оқиғасы” құрбандарының бірі?

А. Ләззат Асанова

В. Қайрат Рысқұлбеков

С. Еламан Әбдіреев

Д. Қали Оспанов

Е. Батыржан Қапезов

1819. Коммунистік әкімшіліктің 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматының Орталық алаңына жиналған қазақ жастарын қуып таратуға арналған құпия жоспары қалай аталады?

А. “Алматы- 86”

В. “Дала-86”

С. “Алатау-86”

Д. “Бұрқасын-86”

Е. “Желтоқсан-86”

1820. 1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасына” байланысты билік басындағылар жаппай жазалауды күшейту үшін қандай терминді жиі қолданды?

А. “Алашордашылар”

В. “Халық жаулары”

С. “Қазақ жабайылығы”

Д. “Қазақ ұлтшылдығы”

Е. “Қазақ фашизмі”

1821. Н.Назарбаев Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына қай жылы келді?

А. 1989 жылдың маусымында

В. 1989 жылдың қаңтарында

С. 1988 жылдың маусымында

Д. 1988 жылдың ақпанында

Е. 1990 желтоқсанында

1822. Қазақ тілінің мәртебесін көтерген “Қазақ КСР-індегі тілдер туралы Қазақ КСР-нің заңын” республиканың Жоғары Кеңесі қашан қабылдады?

А. 1988 жылдың қыркүйегінде

В. 1989 жылдың қыркүйегінде

С. 1990 жылдың қыркүйегінде

Д. 1991 жылдың қыркүйегінде

Е. 1990жылдың қарашасында

1823. 1990 жылдың маусымынан 1991жылдың маусымына дейінгі бір жылдың ішінде республика бойынша қазақ тілінде білім беретін қанша мектеп ашылды?

А. 55

В. 155

С. 255

Д. 355

Е. 455

1824. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен бүгінде қазақ әдебиетінің “Бес арысы” атанған қазақ зиялыларының бір тобы қай жылы ақталды?

А. 1988 жылы

В. 1990 жылы

С. 1991 жылы

Д. 1987 жылы

Е. 1992 жылы

1825. Кеңес Одағы өзінің басқыншы әскерін 1989 жылы Азияның қай елінен шығарды?

А. Пәкістаннан

В. Үндістаннан

С. Ираннан

Д. Ирактан

Е. Ауғанстаннан

1826. Варшава шартына енетін елдер бұл әскери ұйымның жұмысын тоқтататыны туралы хаттамаға 1991 жылы қай қалада қол қойды?

А. Варшавада

В. Прагада

С. Москвада

Д. Киевте

Е. Минскіде

1827. Семейдегі ядролық сынақ полигонын жаптыру міндетін алдына қойған 1989 жылдың 28 ақпанында Алматыда құрылған “Невада-Семей” антиядролық қозғалыстың жетекшісін көрсетіңіз.

А. Мұхтар Шаханов

В. Олжас Сүлейменов

С. Әнуар Әлімжанов

Д. Советқазы Ақатаев

Е. Серік Әбдрахманов

1828. Қазақстанның егеменді ел болуы үшін аянбай күрес жүргізген 1990 жылдың жазында құрылған азаматтық қозғалысты атаңыз.

А. Азат

В. Алаш-Орда

С. Қазақ

Д. Үш жүз

Е. Мұсылмандар қозғалысы

1829. 1990 жылдары құрылған қазақстандық “Видергебурд” (қайта өрлеу) ұйымы қай ұлт өкілдерінің мүдделерін қорғау ниетімен құрылды?

А. Поляктардың

В. Украиндардың

С. Венгрлердің

Д. Немістердің

Е. Болгарлардың

1830. 1990 жылдың соңына таман Қазақстандағы саясаттанған қоғамдық бірлестіктердің саны қаншаға жетті?

А. 20-дан асты

В. 40-тан асты

С. 60-тан асты

Д. 80-нен асты

Е. 100-ден асты

1831. 1989 жылы Қарағанды көмір бассейнінде болған кеншілер ереуілі қандай талаптар қойды?

А. Техникалық қауіпсіздікті жақсарту

В. Медициналық көмекті жақсарту талаптары

С. Зейнеткерлік жасын азайту

Д. Саяси талаптар

Е. Азық-түлік бағасын түсіру талабы

1832. 1989 жылдың маусым айында Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы халықтың бас көтеруіне себепші болған басты мәселені көрсетіңіз?

А. Саяси мәселелер

В. Әлеуметтік мәселелер

С. Діни мәселелер

Д. Тіл мәселесі

Е. ұзақылық

1833. 1980 жылдардың соңындағы КСРО-ны жайлаған саяси-экономикалық дағдарыстың сырын түсінген және одан шығу жолын көрсете білген белгілі ғалым?

А. Л.Гумилев

В. Е.Гайдар

С. А.Сахаров

Д. Е.Примаков

Е. Г.Әлиев

1834. Қазақстанда социалистік қоғамдық даму бағытынан бас тартып, экономикада түбегейлі бетбұрыс жасап, нарықтық қатынастарды енгізудің бастамасы болған алғашқы заңды көрсетіңіз?

А.Қазақ КСР-індегі Тіл туралы заң

В. Қазақ КСР-індегі Сот жүйесі туралы заң

С. Қазақ КСР-індегі Меншік туралы заң

Д. Қазақ КСР-індегі Еңбек туралы заң

Е. Қазақ КСР-індегі Білім туралы заң

1835. Қазақстан егемендік алғанға дейін экспортқа не шығарып келді?

А. Станоктар

В. 97% дайын өнімдер

С 97% шикізаттар, материалдар және жартылай дайын өнімдер

Д. 97% ауыл шаруашылығы өнімдері

Е. 97% мал өнімдері

1836. 1990 жылдың қарашасында қай елмен біріккен “Әл-Баракабанк-Қазақстан” банкі құрылды?

А. Катармен

В. Иракпен

С. Египет Араб Республикасымен

Д. Сауд Арабиясымен

Е. Алжирмен

1837. 1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда 24 елдің қатысуымен қанша біріккен кәсіпорын ресми тіркелді?

А. 25

В. 35

С. 55

Д. 65

Е. 85

1838. Шетел капиталын елге әкелу үшін Қазақстан сырттан тартылған инвесторларға алғашқы кезде қандай жеңілдіктер берді?

А. Барлық салықтан босатылды

В. Кеден салығынан босатылды

С. 5 жылға дейін барлық салықтан босатылды

Д. 5 жылға дейін пайда салығынан босатылды

Е. 10 жылға дейін қосымша құн салығынан босатылды