Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

28.Басылым аппаратының рәсімделуі және безендірілуіне қойылатын техникалық талаптар

Шығарылымдық деректерді мұқаба мен переплетта орналастырудың негізгі нормалары мемлекетаралық ГОСТ 7.84 "Басылымдар. Мұқабалар мен переплеттар.Жалпы талаптар мен рәсімдеудің ережелері» стандарты бойынша жүзеге асады.

«Мұқаба мен переплетты безендіру баспагердің көркем ойы мен басылымның типологиялық ерешеліктеріне байланысты. Мұқаба мен супермұқабада және переплетта орналасатын мәліметтер басылымды идентифакциялап тұруы қажет. Ол титулдық беттегі мәліметтермен сәйкес келуі керек. Титулдық беттегі мәліметтерге қайшы келетін мәліметтерді мұқаба және переплетта орналастыруға жол берілмейді. Мұқабаның бірінші бетінде міндетті түрде автордың аты-жөні мен кітаптың атауы беріледі. Басылымның мұқабасында келтірілген авторлардың аты-жөні титулдық бетте келтірілген мәліметтермен сәйкес келуі және авторлардың аты-жөні үштен аспауы керек. Басылым атауын да титулдық бетте берілген формасында жазады. Ал тіл оқытуға арналған оқулықтар мен оқу құралдарында авторлардың аты-жөні мен басылымның атауы үйретілетін тілде жазылады.

Ресми және нормативтік басылымдардың мұқабасында немесе переплетында міндетті түрде мекеменің аты-жөні, басылымның атауы беріледі. Ал көптомды басылымдарда автордың аты-жөні, басылымның атауы, томның белгісі мен номері беріледі. Сериямен шыққан кітап болса, серияның атауы немесе серияның маркасы, автордың аты-жөні, басылымның атауы жазылады. Ал мерзімді басылым болса, онда,

•ISSN номері (үстіңгі оң жақ бұрышта орналасады);

•басылымның кезекті номері;

•басылым атауы;

•басылымның шыққан жылы. Кітап блогы 9 мм асатын басылымдардың корешоктарында:

• автордың (авторлардың) аты-жөні;

• басылым атауы;

•көптомдың басылымдарда томның номері;

•алғашқы және соңғы сөздері мен әріптері (көптомдық анықтамалық және сөздік басылымдар үшін) жазылады.

Корешоктағы мәліметтер жоғарыда аты аталған стандарт және ISO 6357 "Documentation - Spine titles on books and other Publications" бойынша рәсімделеді. Астыдан үстіге қарай жазылады. Егер кітап блогы 40 мм асатын болса, онда мәліметтерді көлденеңінен жазуға болады.Мұқабаның соңғы бетінің астыңғы жағына бірінші тарауда айтылып кеткен штрих-кодтарды орналастырады. Оны мұқабаға орналастырған кезде түс сәйкестілігіне де назар аудару керек.

Футляр, контейнер, папка және тағы басқаларында шығарылымдық деректер мұқабадағыдай жазылады» [16].

Басылым шығарылымдық деректері жоғарыда жазылған тәртіп бойынша орналастырып, рәсімделуі қажет. Бұл ережелер мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар бойынша бекітілгендіктен, оларды бұзуға болмайды. Шығарылымдық деректерді рәсімдеу - басылымды өндіріске дайындаудағы маңызды кезеңдердің бірі. Көптеген құжаттардың ішінде кітапты ерекшелеп тұратын да осы мәліметтер. ГОСТ 7.4-95 "Басылымдар. Шығарылымдық деректер" стандартында міндетті түрде келтірілетін деректердің тізімі берілген. Бұл ережеден ауытқуға болмайды. Олардың формасы мен орналасу реті, тәртібі сақталғаны жөн. Ал баспагер қосымша ақпарат беремін десе, өз еркі. Кітаптың библиографтарға түсінікті, оқырмандарына қолжетімді болының да басты тетігі осында жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]