Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

81.Оқулық басылымдар. Оларға қойылатын талаптар.

Оқу бағдарламасына сай, оқу жүйесінің негізінде құрылған, оқушы жастарға білім беру мақсатында шығарылатын басылымдар.Олардың безендірілу ерекшеліктері де оқушы немесе студенттердің деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Бірінші бесінші сыныптар аралығындағы оқушыларға арналған оқулықтары түрлі түсті бояулардан тұратын суреттермен үлкен қаіптерден тұрады.Жастары неғұрлым ұлғайған сайын бояулары азайып,суреттері де сиреп, танымдық деректері молая түседі. Ал оныншы он бірінші сыныпқа арналған оқулықтарда қаріптер мейілінше кішірейтіліп,тек ақ қара түсті бояулар қолданылады.Яғни жоғарғы сынып оқушыларына деректерді молайтып,танымдық процесін арттырады.Ал жоғарғы оқу орындарының оқулықтары қалың әрі ғылыми деректері басым,мазмұны жағынан күрделі,кәсіби терминдермен толықтырылған оқулықтар болып келеді.Бүгінде оқулық басылымдар шығаратын бірден бір баспа ол «Мектеп» баспасы. шығатын, мазмұны қайталанбайтын бір типті безендірілген ортақ тақырыптық сериялы басылым түрі.

83. Әож индексі (Әмбебап ондық жүйе)

Әмбебап ондық классификация осыдан 100 жылдай уақыт бұрын пайда болған. Осы уақыт аралығында ол көптеген өзгерістерге ұшырады, сыналды, соған қарамастан оның таралуымен тең келетін классификациялық индекс жоқ. Халықаралық библиографияға арналған классификациялық жүйе ретінде пайда болған ӘОЖ бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде бапа өнімдерін, түрлі құжаттарды, машина оқитын құжаттарды жүйелейтін классификация ретінде қолданылады. Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бері оны «УДК консорциумы» шығарады. Ал 1991 жылы Кеңес Одағы құлағаннан кейін, сол күнге дейін қолданылып келген «КСРО-дағы кітап басу ісіндегі әдебиеттерге арналған жалпы классификацияны» алмастырды. ОСТ 29.131-98 "Баспалық және кітап таратушылық библиографиялық ақпарат» деп аталатын стандарт бойынша белгіленеді. Ол әлемнің барлығына түсінікті, халықаралық дәрежеде кітап сату мен тарату ісінде маңызды рөл атқарады. Кітап нарығындағы субектілердің ақпарат алмасуын жеңілдетеді. Ғаламторда ӘОЖ арқылы кітап сатып алуға болады. Бірақ та кейінгі кезде жарық көріп жатқан басылымдардың басым көпшілігінде осы номер кездеспейді. Кітап палатасының мамандары баспагерлер бұл номерді алмайды дейді. Кітап палатасына номределді алуға тапсырыс берген кезде тек ББК индексін жазып, ӘОЖ индексін жазуды талап етпейді. Сондықтан бүл индекс көптеген кітаптарда жазылмайды.

«Ал ББК дегеніміз – кітапханалық-библиографиялық классификация. Бұл баспа ісінде өолданылатын сандық жүйелердің бір түрі. Ол елдегі баспа өнімдерін есепке алу мен классификациялау үшін қолданылады. 1960-жылдары ББК таблицасының алғашқысы жарық көрген. Оны жасауға бірнеше жылдар мен көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. ББК-ны каталогтар мен картотекаларда кітап қорларын жасауда, библиографиялық басылымдарда қолданылатын болды. Кеңес кезінде ББК-ны да идеологияның құралы ретінде де пайдалаған. Оны көп жылдар бойы кітапханалар мен библиографиялық мекемелерде жұмыс істейтін адамдардан құралған Редколлегия бақылап отырған. ББК бұрыннан бар әлемдік классификацияның дамытылған түрі болып табылады. Оның бірінші шығарылымы түрлі мақсаттағы мен көлемдегі басқа да классификацияның негізі болып табылады. Мысалы, ғылыми кітапханаларға арналған қысқартылған нұсқасы, қоғамдық кітапханаларға арналған, балалар мен мектеп кітапханаларына арналған, облыстық кітапханаларға арналған ББК таблицалары бар. ББК – әмбебап классификациялардың ішіндегі ең жасы. Сондықтан бүгінгі күнгі ғылымның құрылымы мен логикалық дамуын нақты бейнелейді. Ол өзінің қуаттылығы жағынан тек УДК-ға тең келеді. Бұл жүйеде толық интернационализмді беретін техникалық әдістер қолданылады, яғни, ол барлық халықтар мен тілдердің әдебиетінің бейнеленуіне мүмкіндік береді. Соның арқасында ол тек КСРО-ның шеңберінде қалып қоймай, тез таралуына мүмкіндік берді. Орыс теоретиктері ӘОЖ мен Дьюидің ондық классификациясында АҚШ пен және басқа да елдерге басымдық береді деп санайды.

84. Ақпараттық басылымдар. Ақпараттық басылымдардың баспалық безендірілуі

Ақпараттық басылымдар -Құжат (жарияланған, жарияланбаған, жарияланбайтын) жайлы жүйеленген мәліметтері немесе мағлұмат жайлы нәтиженің анализы бар ғылыми-ақпараттық қызметті атқарушы, ұйымдармен шығарылған басылымдар. 1. Қолдану аясы

Бұл стандарт ғылыми мәтіндік және шығарылымдылық - тәжірибелік журналдарға, жинақтарға және ақпараттық басылымдарға қатысты және шығарылатын материалдардың басылымдық безендірілу элементтеріне, пішініне, олардың орналасу ретіне талаптар орнатады.

Бұл стандарт үнжария беттерінде орналастырылатын материалдарға қатысты емес.

Бұл стандарт баспагерлерге және полиграфиялық кәсіп орындарға олардың әкімшілік - құқықтық жүйесіне, ведомствалық тиесілігіне және меншік түріне қарамастан міндетті болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]