Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

4.2 Құрастырмалы талаптар

4.2.1 Газеттің өлшемі (форматы) ГОСТ 9254 талаптарына сай болуы керек.

4.2.2 Газеттердегі шығарылымдық деректердің безендірілуі ГОСТ 7.4 талаптарына сәйкес болуы керек.

4.2.3 Атауын және газет санын, шығарылған күнін, сондай-ақ колонцифрды қосатын колонтитулды біріншіден басқа, барлық жолақтарға қою қажет.

4.2.4 Авторлық мәтіндік және бейнелік түпнұсқа ОСТ 29.115 талаптарына сай болуы қажет.

Баспалық мәтіндік және бейнелік түпнұсқа газет жолағының түпнұсқасы ОСТ 29.129 талаптарына сәйкес болуы керек.

4.2.5 Газеттегі иллюстрация және фон элементтерінің жоғары басу жолымен басылғанда 28 сыз∕см артық болмауы керек, офсетті басылым жолымен 40 сыз∕см артық емес.

4.3 Жол берілмейтін кемшіліктер

Газет данасындағы ақпараттың бұзылуына немесе жойылуына тауар түрінің бұзылуына әкеліп соғатын жол берілмейтін кемшіліктерді қолдануға рұқсат етілмейді:

− төңкерілген, қалып қойған, шатастырылған жолақтар, иллюстрациялар, оған арналған қолтаңбалар, тақырыптар, жолдар әріптер және белгілер, мәтіннің немесе иллюстрацияның қарама-қарсы орналасуы;

− алдын-ала қаралғаннан басқа, белгіленбеген жолақтар (жолақ бөлігі);

− мәтіннің және иллюстрацияны шығарудағы дөрекі кемшіліктер: басылмай қалу (бейне элементтерінің жоғалуы), бояуды жағу, кетіру, жолақтар, көптеген бояумен бітелген бөліктер, дақтар, сырылулар, қосарлы басу, «макулатуралық» қағаздар;

− әжімдер, қатпарлар, жыртылған және (немесе) бұлғанған беттер.

51. Мемст 7.5-98. Журналдар, жиннақтар, ақпараттық басылымдар

1. Қолдану аясы

Бұл стандарт ғылыми мәтіндік және шығарылымдылық - тәжірибелік журналдарға, жинақтарға және ақпараттық басылымдарға қатысты және шығарылатын материалдардың басылымдық безендірілу элементтеріне, пішініне, олардың орналасу ретіне талаптар орнатады.

Бұл стандарт үнжария беттерінде орналастырылатын материалдарға қатысты емес.

Бұл стандарт баспагерлерге және полиграфиялық кәсіп орындарға олардың әкімшілік - құқықтық жүйесіне, ведомствалық тиесілігіне және меншік түріне қарамастан міндетті болып табылады.

3. Анықтама

3.1 Бұл стандартта анықтамасы бар елесі терминдер қолданылады:

3.1.1 Мақала – қандай да бір тақырыпты, ойды, сұрақты айқындайтын, құрамында талдау элементтері мен кезеңді, жалғасатын басылымға немесе негізгі мәтіннің құраушы бөлігі ретінде кезеңді емес жинаққа арналған туынды.

3.1.2 Танымдық мақала – құрамында белгілі бір кезеңдегі ғылым, техника, әдебиет және өнерге мінездеме талдауы бар және жағдайды бағалайтын шығарылым.

3.1.3 Алдыңғы қатарлы мақала – осы басылымның органы болып табылатын, басылымның басында шығарылатын, баспаның немесе мекеменің көзқарасын білдіретін неғұрлым маңызды, принципиалды сұрақтарға арналған кезеңді басылымдағы озық мақала.

3.1.4 Баяндама – жиында немесе съезде, мәжілісте, кеңесте жақын арадағы жоспарлар немесе жұмыс барысында атқарылған істер тізімі бар хабарлама.

3.1.5 Хабарлама – жиында немесе съезде, мәжілісте, кеңесте айтылатын ғылыми тақырыптағы материал.

3.1.6 Рецензия – Құрамында авторлық түпнұсқа мен жарық көрген басылымға талдау мен болжам бағалауы бар туынды.

3.1.7 Тезистер – мәжілістің, симпозиумның және съездің басталуына дейін шығарылған қысыңқы түрде жинақталған жағдайлар мен ойлар.

3.1.8 Баспаға хат – автордың қандай да бір дәлелді жеткізу немесе қандай да бір сұрақты жалпы талқыға салу үшін жасалатын қадам.

3.1.9 Ақпараттық шығарылым – ГОСТ 7.23 бойынша.

3.1.10 Журнал іші (кітап іші) библиографиялық нұсқаулық (тізім, шолу) – ГОСТ 7.0 бойынша.

3.1.11 Негізгі тақырыпша – ГОСТ 7.27 бойынша.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]