Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

5. Журналдар мен жинақтардағыматериалдардың баспалық безендірілуі

5.1 Материалдардың баспалық безендірілуінің элементтеріне кіреді: материалмен жұмыс істеген автор, құрастырушы және басқа да тұлғалар туралы мәліметтер; жарық көрген материалдың тақырыбы;тақырып асты мәлім еттер; ӘОЖ (УДК) индексі; аннотациясы, резюме; негізгі сөздер; мақала алды библиографиялық тізім; жарық көретін материал аударылған мәтіннің тілі туралы мәліметтер; қолжазбаның баспаға түскен күні; жарық көретін материалдың жалғасы немесе соңы туралы мәліметтер; қосымша;

ескерту; бөлімнің, бөлімшенің, циклдің атауы; колонтитул.

Жарық көретін материалдың жалғасы немесе соңы туралы мәліметтер материалды бір басылымда (санында) үзінді етіп шығару үшін немесе кезеңді және жалғасатын басылымда бөлімдерге бөліп шығару үшін міндетті.

Мақала алды библиографиялық тізім болған жағдайда, жарық көретін материал мәтінінен кейін орналасатын басылым безендірілуінің элементтері содан кейін орналасады.

Баспадан депонированиаға жіберілген қолжазба мақалалар туралы ақпаратты 5.2, 5.5 - 5.7, 5.10, 5.12, 5.15 талаптарына сәйкес жасайды.

Авторлар туралы мағлұмат

5.2.1 Авторлар туралы мәліметтерге келесі элементтер кіреді:

- автор есімі (бас әріптері мен тегі; аты; аты, әкесінің аты және тегі; лақап аты);

- ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі;

- қызметі немесе мамандығы;

- жұмыс орны (мекеменің немесе кәсіпорынның, ауылдық аймақтың атауы);

- елдің атауы (шет ел авторлары үшін).

Автордың есімі атау септікте беріледі.

Әкесінің атын қолдануға болмайтын жағдайда бір бас әріп немесе есімі беріледі. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, қызметі, мамандығы, жұмыс орны, елдің атауы туралы мәліметтер баспаның қалауы бойынша автор есімінен кейін толық немесе қысқартылған түрде беріледі. Қысқартулар – ГОСТ 7.12 бойынша. Жұмыс орны мен елдің атауын көрсету үшін аббревиятураларды қолдануға рұқсат беріледі. Бірнеше автор қосылып жұмыс істегенде олардың есімі өз таңдаулары бойынша беріледі.

Автордың есімі полиграфиялық белгілермен ерекшеленеді.

5.2.2 Өз тақырыбы бар мақалалар (алдыңғы қатарлы мақаладан басқа), баяндамалар мен хабарламалар, баяндамалар мен хабарламалар тезисі, қысқа ғылыми хабарламалар (баспаға хат) және рецензиялар авторы туралы мағлұматты тақырыптың алдында орналастырады.

Рецензия тақырыбын рецензияланатын туындының библиографиялық суреттелуі мен айырбастағанда рецензия авторы туралы мәліметтерді жарық көретін материалдан кейін оң жағына орналастырады.

Алдыңғы қатарлы мақала авторлары туралы мағлұматты баспаның қалауы бойынша жарық көретін материал мәтінінен кейін оң жағында береді.

Автордың жұмыс орны туралы мағлұматты жарық көретін материал мәтінінен кейін бөлек жолға орналастыру рұқсат етіледі.

55.Каталогтар және олардың түрлері

Каталог-белгілі бір тақырып аясында жүйеленген тақырып аясында берілген ақпараттар.Өнеркәсіптік каталог- жүйеленген өнеркәсіптің өнімдер каталогы .Номенклатуралық каталог өнеркәсіптік өндіріс номенклатурасының басты техникалық сипатты көрсетілетін каталог.Аукцион каталогы аукционда шығарылған зат атаулары мен соларға берілген қысқаша түсініктемелерді қамтитын каталог.Кітапхана каталогы кітапханада бар немесе болған кітаптар тізімі.Көрме каталогы көрмеде тұратын заттарға қысқаша мағлұмат беретін өндірістік басылым.

Аукцион каталогы- Аукционға қойылған заттар тізбегінен тұратын каталог. Көрме каталогы ,Мұражай каталогы , Баспалық библиографиялық нұсқаушы; Баспа каталогы, Кітап сату библиографиялық нұсқаушысы; Кітап сату каталогы - ГОСТ 7.60-90 бойынша. Баспа каталогтік карточкасы- Стандартты формасы бар, 123X75мм көлемді қамтитын библиографиялық парақша басылым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]