Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

75.Балаларға арналған басылымдардға қойылатын гигиеналық талаптар

Бұл стандарттар қаріптік басылымның гигиеналық талаптары “ Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдарының гигиеналық талаптары ” Санитарлық шарттар мен нормалар талаптарына сәйкес (СанПиН 2.4.7.960-00).

Гигиеналық талаптар – оқып отырған кезде оқырманның денсаулығына кері әсер тигізбеу мақсатында мәтінді оқу ыңғайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған талаптар.

1 Егер басылым жас ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бағытталған болса, басылымды оқырман бағытына қарай көрсетілген кіші топтың талабына сай безендіру қажет.

5.1.1.2 Қаріптік безендірілудің талаптары екінші, үшінші және төртінші жас ерекшелігіне байланысты топқа арналған басылымдар қаріптің графикалық негізіне бағынышты емес.

Басылымның арғы бетіндегі жиек сызығы 26 мм аз болмауы керек.

Ұсынылған басылым бетіндегі сызық өлшемі 1 кестеде берілген.

76.Балаларға арналған басылымдардың жас ерекшелігіне байланысты безендіруіне қойылатын талаптар. Оқырман бағытына қарай және оқырманның жасына байланысты көру ағзаларының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес және қабылданған балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы бала ағзасының дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты келесі төрт топқа бөлінеді:

бірініші жас ерекшелігіне байланысты топ – 4 жастан 6 жас аралығындағы

үлкен мектеп жасына дейінгі

балаларға арналған басылымдар;

екінші жас ерекшелігіне байланысты топ - 7 жастан 10 жас аралығындағы

кіші мектеп жасындағы

балаларға арналған басылымдар;

үшінші жас ерекшелігіне байланысты топ - 11 жастан 14 жас аралығындағы

орта мектеп жасындағы

балаларға арналған басылымдар;

төртінші жас ерекшелігіне байланысты топ - 15 жастан 17 жас аралығындағы

(жасөспірімдер, сонымен қатар

талапкерлер) үлкен мектеп

жасындағы балаларға арналған

басылымдар.

Жиектен басқа бет сызығында шартты белгілерді, суреттерді, көлемі 50 белгіден аспайтын, жолақтан арақашықтығы 5 мм аз болмайтын мәтінді орналастыруға рұқсатетіледі.

Басылымда мәтін мен қағаздың оптикалық тығыздық элементтер бейнесінің арақашықтығы қара түсті бояумен басқан кезде 0,7 аз болмауы керек.

Басылымда мәтңнді түрлі-түсті, сұр фонда, әр түсті иллюстрациялық бөлімдерде басқанда фонның оптикалық тығыздығы 0,3 көп болмауы тиіс.

Басылымда қолдану қажет емес:

- жіңішке қаріптер;

- түрлі-түсті фонда, түрлі-түсті бояуды қарпі 20 пунктен аз және көлемі 200 белгіден көп болатын мәтінде қолдану.

Тақырыптың қаріптік безендірілуі регламенттелмейді.

Боялымдардағы сурет сызығының қалыңдығы 2 пунктен кем болмауы тиіс (жуан), сурет элементтерінің ең төменгі гобаритті өлшемі 5 мм кем болмауы керек.

Блокты сым темірмен бекіту амалын келесі басылымдарға қолдануға рұқсат етілмейді:

- переплетті қапшықтарда;

- блок қалыңдығы 10 мм аспайтын мұқабаларда;

Бірінші жас ерекшелігіне байланысты топқа арналған қаріптік басылым безендірілуіне қойылатын талаптар

Орыс графикалық қарпінің негізін пайдалана отырып шығарылатын бірінші және екінші категориялы басылымдардағы мәтіннің қаріптік безендірілуі 2 кестенің талаптарына сәйкес келуі тиіс. Беттегі мәтіннің көлемі 200 белгі және аз болған жағдайда жолдың ұзындығы регламенттелмейді.

Мәтінді орыс графикалық қарпінің негізінде түрлі-түсті, сұр фонда, әр түсті иллюстрацияларда басу үшін келесі қаріптік безендірілуді пайдалану қажет:

- орташа немесе кең жартылай жуан тік сызықты бөлінген қаріптер;

- беттегі мәтін көлемі 200 белгі болғанда 18 кем болмайтын және мәтін көлемі 200 белгі болғанда 14 пункттен кем емес және төменгі қаріп кеглі;

- интерлиньяждың ұлғаюы 4 пункттен кем болмайтын;

- жолдың ұзындығы және қаріптің сыйымдылығы 5.1.2.1 талаптарына сәйкес.

77.Журналдар.Жарық көретін материалдың жалғасы н\е соңы туралы мәліметтер.Жарық көретін материалдың жалғасы немесе соңы туралы мәліметтер материалды бір басылымда (санында) үзінді етіп шығару үшін немесе кезеңді және жалғасатын басылымда бөлімдерге бөліп шығару үшін міндетті.Бұл стандарт баспагерлерге және полиграфиялық кәсіп орындарға олардың әкімшілік - құқықтық жүйесіне, ведомствалық тиесілігіне және меншік түріне қарамастан міндетті болып табылады.

Бұл стандартта анықтамасы бар елесі терминдер қолданылады:

Мақала – қандай да бір тақырыпты, ойды, сұрақты айқындайтын, құрамында талдау элементтері мен кезеңді, жалғасатын басылымға немесе негізгі мәтіннің құраушы бөлігі ретінде кезеңді емес жинаққа арналған туынды.

Танымдық мақала – құрамында белгілі бір кезеңдегі ғылым, техника, әдебиет және өнерге мінездеме талдауы бар және жағдайды бағалайтын шығарылым.

Алдыңғы қатарлы мақала – осы басылымның органы болып табылатын, басылымның басында шығарылатын, баспаның немесе мекеменің көзқарасын білдіретін неғұрлым маңызды, принципиалды сұрақтарға арналған кезеңді басылымдағы озық мақала.

Баяндама – жиында немесе съезде, мәжілісте, кеңесте жақын арадағы жоспарлар немесе жұмыс барысында атқарылған істер тізімі бар хабарлама.

Хабарлама – жиында немесе съезде, мәжілісте, кеңесте айтылатын ғылыми тақырыптағы материал.

Рецензия – Құрамында авторлық түпнұсқа мен жарық көрген басылымға талдау мен болжам бағалауы бар туынды.

Тезистер – мәжілістің, симпозиумның және съездің басталуына дейін шығарылған қысыңқы түрде жинақталған жағдайлар мен ойлар.

Баспаға хат – автордың қандай да бір дәлелді жеткізу немесе қандай да бір сұрақты жалпы талқыға салу үшін жасалатын қадам.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]