Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

4 Жалпы қағидалар

4.1 Стандарт келесі материалдардың баспалық безендірілуін регламенттейді:

мақалалар, соның ішінде алдыңғы қатарлы мақалалар, шолу мақалалар;

баяндамалар мен хабарламалар, баяндамалар мен хабарламалар тезистері,

ұсыныстар мен мәжілістің, кеңестің, съездің басқа да материалдары;

журнал іші (кітап іші) библиографиялық нұсқаулық (тізім, шолу), журналдың ағымдағы және ретроспективті " Мазмұн нұсқаулығынан " басқа, қысқа ғылыми хабарлама (баспаға хат) ; рецензиялар;

ақпараттық шығарылымдар (библиографиялық, рефераттық, танымдық).

4.2 Баспалық безендірілудің элементтер жиынтығы және олардың орналасқан жері жарық көретін материалдың түріне байланысты.

Баспалық безендірілудің элементтерінің бір қалыпқа келтірілуі, жалғасы және орналасқан жері барлық басылым сандарында бірдей болуы тиіс.

Баспалық безендірілудің элементтері жарық көретін материалдың тілінде болуы керек.

4.3 қосымша баспа безендірілуінің элементтерін қолдануға жол беріледі.

5 Журналдар мен жинақтардағыматериалдардың баспалық безендірілуі

5.1 Материалдардың баспалық безендірілуінің элементтеріне кіреді:

материалмен жұмыс істеген автор, құрастырушы және басқа да тұлғалар туралы мәліметтер;

жарық көрген материалдың тақырыбы;

тақырып асты мәліметтер;

ӘОЖ (УДК) индексі;

аннотациясы, резюме;

негізгі сөздер;

мақала алды библиографиялық тізім;

жарық көретін материал аударылған мәтіннің тілі туралы мәліметтер;

қолжазбаның баспаға түскен күні;

жарық көретін материалдың жалғасы немесе соңы туралы мәліметтер;

қосымша;

ескерту;

бөлімнің, бөлімшенің, циклдің атауы;

колонтитул.

Жарық көретін материалдың жалғасы немесе соңы туралы мәліметтер материалды бір басылымда (санында) үзінді етіп шығару үшін немесе кезеңді және жалғасатын басылымда бөлімдерге бөліп шығару үшін міндетті.

Мақала алды библиографиялық тізім болған жағдайда, жарық көретін материал мәтінінен кейін орналасатын басылым безендірілуінің элементтері содан кейін орналасады.

Баспадан депонированиаға жіберілген қолжазба мақалалар туралы ақпаратты 5.2, 5.5 - 5.7, 5.10, 5.12, 5.15 талаптарына сәйкес жасайды.

53. Паралел мәтінді басылымдар

Басылым қайта басылып шықса, бұл туралы мәлімет міндетті түрде берілуі керек. Олардың репринтті, яғни, тек мәтіні көшірілетін және факсималды – кітаптың форматы, қағазы, переплеты тура түпнұсқа секілді қылып жасалынатын түрлері бар. Көбіне басылымды қайта басқан кезде оның мәтініне өңдеулер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Олардың түрлері:

• қосымша (егер белгілі бір тарау немесе бөлім кіретін болса);

• түзетілген (егер автор алдыңғы басылымда нақты мәліметтер келтірмесе, қателер кетсе соларды түзейді);

• қайта өңделген (егер басылымның көп бөлігі немесе бөлімдері өзгертілсе);

• қайта қаралған (редакциялық мәндегі түзетулер енгізілсе);

• кеңейтілген (алдыңғы басылымға қарағанда тематикалық тұрғыдан қайта басылым кеңейтілсе).

Өңдеудің қандай мағынада екендігін білдіретін жоғарыдағы сөздерді, «басылым» сөзінене кейін жазады.

Кейде кітап сатылып кетіп, тағы да шығаруды қажет ететін кезі болады. Басылым шыққан уақыттан бір жыл айналасында басылымның пленкасынан қайта басуға болады. Оның шығарылымдық деректері, барлығы сол күйінде жазылады, бірақ соңғы титулдық бетте «Қосымша 5000 тираж» деген секілді мәлімет беріледі. Егер, бір жылдан асып кетсе, онда ол қайта басылым болады. Аударма басылымдарда тақырып астылық мәліметтерді орналастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Басылым атауынан кейін титулдық бетте түпнұсқаның аударылған мәліметтері беріледі. Содан кейін, қай тілден аударылғандығы және кім аударғаны туралы мәліметтер, ал осыған қатысы бар басқа да адамдардың аты-жөнін титулдық беттің артына жазу керек.

Шығарылым деректері. Кітаптың шығарылым деректеріне:

•басылымның шыққан жері;

•баспаның заңды атауы;

•басылымның шыққан жылы жатады.

Шығарылымдық деректер титулдық беттің соңына жазылады. Жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша жазған жөн. Оларды негізінде бөлек-бөлек қатарларға жатады.

Басылымның шыққан жері баспагердің заңды адресі ретінде келтірілген қала немесе мекен болып табылады. Қаланың атының алдына «қ» деп жазуға болмайды. Ал басқа жерлерді ресми статусы бойынша жазу керек. Егер мекен баспаның заңды атауының құрамына кіретін болса, онда қаланың атауын енгізудің еш қажеті жоқ.

Баспаның атауын титулдық бетте басылым шыққан жер туралы мәліметтен кейін орналастырады. Оның атауын тіркеуде тұрған нұсқа бойынша жазу керек. Баспаның атауын қысқартып жазуға болмайды. Баспаның атауының қасында оның эмблемасы берілуі кемкін. Егер бір басылымды бірнеше баспа бірігіп шығарса, баспагерлердің бәрінің аты беріледі.

Басылымның шыққан жылын араб цифрларымен «жыл» сөзінсіз немесе, «ж» әрібінсіз жазады. Баспаның атауы жоқ болған кезде, оны шыққан жерінен кейін жазады. Ал көптомдық басылымдарда контртитулдық бетте жалпы көптомдыққа байланысты, ал титулдық бетте нақты томға байланысты шығарылымдық деректерді орналастырады.

«Титулдық беттің артында жазылатын мәліметтер. Титулдық бетің артында жазылуға міндетті шығарылымдық деректер:

  • классификациялық индекстер: Әмбебап Ондық Классификация, Кітапханалық-библиографиялық классификациялар, авторлық белгі;

  • Кітаптың халықаралық стандарты номері (ISBN);

• авторлық құқықты қорғау белгісі. Сонымен қатар, титулдық беттің артында төмендегідей мәліметтер арналасуы мүмкін:

•серия туралы мәлімет;

•көптомдық туралы мәлімет;

• бекітілгені немесе ұсынылғаны туралы мәлімет;

• авторлар туралы мәлімет және басқа да басылымды жасауға қатысқан тұғалар туралы мәлімет;

• басылым туралы басқа да мәліметтер (демеушілер, ұйымдастырушылар және т.б.);

• қайта басылым туралы мәлімет;

• аннотациялық карточканың макеті;

• егер соңғы титулдық бетте шығу деректері көрсетілмесе, онда оларды титулдық беттің артына жазады..

Классификациялық индекстер, авторлық белгі. Барлық кітаптарда тиулдық беттің жоғарғы сол жақ бұрыншында жоғарыда аты аталып кеткен индекстер жазылады. Классификациялық индекстерде кітаптың тематикасы, оқырман аудиториясы, міндеті, басылым типі «жасырылған».

Әмбебап Ондық классификацияның индексі әрқашан ең бірінші жазылады. Кітапханалық-библиографиялық Классификацияның индексін УДК индексінен кейін жазады. Бұл бұлжытылмас ереже. Қазақ тілді кітаптарда да, орыс тілді кітаптарда да ол «ББК» аббвериатурасымен бірге жазылады.

Авторлық белгі ББК индексінің бірінші цифрының астына жазылады. Авторлық белгіде автордың фамилиясы кодталады. Әмбебап Ондық классификация, кітапханалық-библиографиялық классификация индекстері мен авторлық белгі кітапты сақтау шифрын құрайды.

Халықаралық стандартты номер ISBN аббревиатурасымен бірге титулдық беттің астыңғы сол жақ бұрышта жазылады.

Ал көптомдық басылымдарда екі ISBN номері жазылады: біріншісі – нақты бір томның, ал оның астында көптомдық басылымдардың ISBN номері жазылады. Көптомдық басылымдардың номерін барлық басылымдарда беріледі. Егер кітапты бірнеше баспа бірлесіп шығарса, онда, титулдық беттің артына басның өзіндік ISBN номерлері мен толық атын жазады. Сонымен қатар, алғаш жарияланып отырған аударманың түпнұсқа тіліндегі номері мен аударма тілдегі номері бірге жазылады. Қасына қай тілдегі индексі екендігін білдіру үшін, жақшаның ішінде тілді көрсетеді.

Ал комплект болып шығатын кітаптарда екі ISBN номері болады. Біреуі комплектке кіретін кітаптікі болса, екіншісі, оларды біріктіріп тұратын мұқабаның номері. Оларда ең бірінші жеке кітаптың ISBN-і, содан кейін екеуіне ортақ номері жазылуы керек. Бұл номерлердің қасына да қандай номер екендігі жақшаның ішіне жазады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]