Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆
  1. Кітапхана библиографиялық классификация (ббк).

Кітап палатасына номределді алуға тапсырыс берген кезде тек ББК индексін жазып, ӘОЖ индексін жазуды талап етпейді. Сондықтан бүл индекс көптеген кітаптарда жазылмайды.

«Ал ББК дегеніміз – кітапханалық-библиографиялық классификация. Бұл баспа ісінде өолданылатын сандық жүйелердің бір түрі. Ол елдегі баспа өнімдерін есепке алу мен классификациялау үшін қолданылады. 1960-жылдары ББК таблицасының алғашқысы жарық көрген. Оны жасауға бірнеше жылдар мен көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. ББК-ны каталогтар мен картотекаларда кітап қорларын жасауда, библиографиялық басылымдарда қолданылатын болды. Кеңес кезінде ББК-ны да идеологияның құралы ретінде де пайдалаған. Оны көп жылдар бойы кітапханалар мен библиографиялық мекемелерде жұмыс істейтін адамдардан құралған Редколлегия бақылап отырған. ББК бұрыннан бар әлемдік классификацияның дамытылған түрі болып табылады. Оның бірінші шығарылымы түрлі мақсаттағы мен көлемдегі басқа да классификацияның негізі болып табылады. Мысалы, ғылыми кітапханаларға арналған қысқартылған нұсқасы, қоғамдық кітапханаларға арналған, балалар мен мектеп кітапханаларына арналған, облыстық кітапханаларға арналған ББК таблицалары бар. ББК – әмбебап классификациялардың ішіндегі ең жасы. Сондықтан бүгінгі күнгі ғылымның құрылымы мен логикалық дамуын нақты бейнелейді. Ол өзінің қуаттылығы жағынан тек УДК-ға тең келеді. Бұл жүйеде толық интернационализмді беретін техникалық әдістер қолданылады, яғни, ол барлық халықтар мен тілдердің әдебиетінің бейнеленуіне мүмкіндік береді. Соның арқасында ол тек КСРО-ның шеңберінде қалып қоймай, тез таралуына мүмкіндік берді. Орыс теоретиктері ӘОЖ мен Дьюидің ондық классификациясында АҚШ пен және басқа да елдерге басымдық береді деп санайды.

Оның құрылымы мен мазмұнынан сол жылдардағы ғылымның даму деңгейін байқауға болады. Бірақ оны жасаушылар бұл классификацияны дамытып, толықтырып отыруға мүмкіндік жасаған. Осы күнге дейін 160-тан астам толықтырулар мен өзгерістердің енгізілуі оның әркез дамып отыратындығын көрсетсе керек.

ББК-ның философиялық-методологиялық негізінде ғылым мен шынайы құбылыстар жатыр. Жеңілден қиынға, астыдан үстіге қарай жылжитын болғандықтан, ғылымның нақты субординациясы болып табылады. ББК-да тек қана ғылымдардың жүйесін ғана емес, сонымен бірге ғылымдардың зерттейтін түрлі объектілері мен принциптері, түсініктері, фактілер, оқиғалар, өнер туындылары кіреді. ББК-ның құрылымы бірнеше таблицалардан тұрады: негізгі, жалпы, аймақтық, арнайы. Олар бір-бірімен бірге қолданылуы да мүмкін.»

  1. Баспа өнімдерінің штрих-коды

Штрих-код тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Онда әртүрлі міндетті атқаратын бірнеше символикалар бар. Оның мерзімді басылымдарды штрих-кодтауда қолданылатын, кең таралған екі түрі бар: EAN-13 және 128 коды . EAN 13 - коммерциялық тарату үшін пайдаланылатын код. Ол әлем бойынша көп қолданылады. Оны біз дүкендерден тауар алған кезде көп байқаймыз. EAN 13 (ол 13 белгіден тұратындықтан осылай аталады) Брюссельде орналасқан Тауарларды номерлеу еуропалық Ассоцияциясымен (EAN), бақыланады. EAN и ISSN Халықаралық орталығының арасында киоскілер мен супермаркеттерде сатылатын мерзімді басылымдар үшін ISSN идентификациялық код ретінде пайдалану туралы келісім жасалған. Сондықтан, ISSN EAN 13 кодын мерзімді басылымдарға беру үшін пайдаланылады . EAN 13 коды негізінен кәсіпорын тіркелген мемлекетті білдіретін кодтан басталады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1110 11 1996 жылдың қыркүйек айында қабылданған “Қазақстан Республикасында штрих-код жүйесін енгізу туралы” қаулысы бойынша "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес елімізде өндірілген өнімдерді автоматтандырылған есепке алу мақсатында өнімдерді штрих-кодқа өткізу міндеттелген. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. сәуірдегі № 270 қаулысы бойынша Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Кітаптарды халықаралық стандартты номермен тіркеу, штрих-код беру (ISBN Агенттігі), сериялы басымдарды тіркеп, штрих-код беру (ISSN Агенттігі) сонымен бірге халықаралық ISO 10579 стандартына сай, музыкалық-ноталық шығармаларды тіркеп, штрих-код беру (ISMN Агенттігі) жұмыстары жүктелген. Осыған байланысты Кітап палатасы төмендегідей өнімдерді Халықаралық номермен тіркеп, штрих-код бере алады: 1. Ноталық басылымдарға, соның ішінде электрондық, нотасы жазылған музыкалық шығармаларға; 2.Мультимедиялық басылымдардың бөлігі, құралында нотасы жазылған музыкалық шығармалар және музыкалық шығармалар және музыкалық шығармаларды орындаушылары жазылған; 3. Аудиобасылымдар, соның ішінде музыкалық шығармаларды- орындаушылардың электрондық аудиожазбалары;4.Бейнебасылымдар, соның ішінде музыкалық шығармалардың орындаушылардың электрондық бейне жазбалары;5.Микрофордағы ноталық басылымдар; 6.Брайль қарібіндегі ноталық- басылымдар. Бүгінде баспалардан шығып жатқан кітаптардың кейбіреуінде ғана штрих-код кездеседі. Мысалы, «Санат» баспасынан жарық көрген Зейнолла Сәніктің «Басбай» атты кітабының соңғы титулдық бетінде штрих-коды орналасқан. Штрих-кодтың үстіңгі бөлігінде кітаптың халықаралық стандартты номері 9965-665-53-6 берілсе, астыңғы бөлігінде ЕАН 13 коды 9 789965 66533 орналасқан. Бұл штрих-код кітаптың тауар айналымына еркін түсуіне мүмкіндік береді. Ақыт Үлімжіұлының «Жиһаншах» деп аталатын кітабында да штрих-код берілген. Кітаптың ISBN номері 9965-9890-7-9 болса, ал штрих-коды – 9 789965 989070. Бұл жердегі 978 саны басылымның префиксі, 9965 – елдің идентификациялық номері, 9890 – баспа идентификаторы, бұлар ISBN номерінің негізінде алыған сандар, 07 саны – басылымның шыққан жылы, 0 – бақылау саны. Кітаптың ISBN номері 9965-9890-7-9 болса, ал штрих-коды – 9 789965 989070. Бұл жердегі 978 саны басылымның префиксі, 9965 – елдің идентификациялық номері, 9890 – баспа идентификаторы, бұлар ISBN номерінің негізінде алынған сандар, 07 саны – басылымның шыққан жылы, 0 – бақылау саны.

10.Авторлық белгі, рәсімдеу.Авторлық белгіде автордың тегі, кітап атауының бірінші сөзі кодталады.Егер басылымды үш төрт автор жазған болса, онда бірінші тұрған автордың фамилиясы көрсетіледі. А.Б арқылы кітапты кітапханаларда автордың аты жөнімен немесе кітап атауымен алфавит бойынша орналастырылады.Ол автор фамилиясы немесе кітап атауының алғашқы әріптерімен соған сәйкес екі саннан құралады. Бұл сандарды А. Б. Хавкинаның авторлық таблицалары арқылы анықтайды.Ол 1916 жылы жасалып, содан бері жиырмадан астам рет қайта басылып шықты.Кітаптің библиографиялық карточкасын түзегенде осы ав-қ белгі маңызды болып табылады.

Авторлық құқық шығарма дүниеге келген бастап туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен пайдаланылуы үшін міндетті түрде тіркеуді қажет етпейді. Шығарманың авторы, кіріспе сөздердің авторлары мен иллюстрациялардың авторлары және де басқа зияткерлік меншікті жасаушы адамдардың өз туындыларына даусыз құқығы бар. Тек қызметтік міндетті орындау кезінде жасалған дүниелерге авторлық құқық таралмайды.

Баспагерлерге келісім-шарт бойынша ғана белгілі бір уақытқа шығарманы қолдану құқығы беріледі. Негізгі мәтін авторының копирайтта фамилиясы мен инициалдары, содан кейін шығарманың шыққан жылын көрсетеді. Аударма басылымдарда автордың аты-жөні тиүпнұсқада қалай жазылып тұр, солай көрсетеді.

Ал ұжыммен жазылған монографияларда белгілі бір бөлімдер мен тарауларды жеке авторлар жазса, онда, әр автордың авторлық құқық белгісі фамилиясымен жазылады. Ереже бойынша, титулдық беттің артын шамадан тыс толтырмас үшін авторлық құқықты қорғау туралы белгіде 4 автордан артық көрсетілмейді. Копирайт белгісінің жоқ болуы автордың авторлық құқығы жоқ дегенді білірмейді. Авторлық құқық Қазақстан Республикасында «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңмен қорғалады. Ал аударма басылымдарда авторлық құқықты қорғау белгісін түпнұсқада берілген түрінде жазады. Аударма жасаған адамның аты-жөні, қай тілге аударылғаны туралы мәлімет пен бірге түпнұсқа авторының авторлық құқықты қорғау белгісінің астына беріледі. Қайта айтып шыққан, өңдеуден өткізген адамдардың аты-жөні авторлық құқықты қорғау белгісінде не істегені тралы ақпаратпен бірге беріледі. Суретші-иллюстраторлардың фамилиясы мен инициалдерінан кейін копарайтта авторлық құқығы қорғалатын обектіні жзазып қою шарт. Мысалы, «фотосы, иллюстрациясы» деп беру керек

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]