Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

78.Мерзімді басылымдар және оның түрлері.

Басылым түрі бұл бір немесе бірнеше белгілер мен ерекшеленетін басылымдар тобы.1.Мерзімі бойынша басылымдар түрлері: уақыт аралығы мен мерзімі, нөмір сандары бекітілген ұдайы шығарылатын басылым.2.Ақпараттық сипатына қарай басылым түрі: басылым шығармасының жанрлық және басқа ерекшеліктерін бейнелейтін белгілер жиынтығы.3. Басылымның материалдық құрылымы: басылым мазмұнына тәуелсіз баспалық және полиграфиялық белгілерін сипаттайтын басылымның қалыптасқан формасы.1 мерзімі бойынша.Мерзімді емес басылым жалғасы жоқ бір рет шығатыни басылым. 2 Сериялы басылым.Бірдей тақырыппен нөмірленген белгілі бір уақытта басылып шығатын жалғасы алдын ала жоспарланбаған басылым түрі.3. Мерзімді басылым.Белгілі бір уақыт аралығында басылып шығатын мазмұны қайталанбайтын бірдей безендірілген нөмірленген сериялы басылым түрі. 4. Ұзақ мерзімді (ақпарат жинауына байланысты)белгісіз уақыт аралығында шығатын, мазмұны қайталанбайтын бір типті безендірілген ортақ тақырыптық сериялы басылым түрі.

79.Ғылыми көпшілік басылымдар және оның түрлері.

Ғылыми танымдық басылымдар теориялық және эксперименталды зерттеуден тұратын (ғылым,мәдениет,техника салаларыбойынша) маман емес оқырманға (жалпы көпшілік) арналған басылым.

Өндірістік тәжірибелік басылым өндірісті ұйымдастыру мақсатында жарық көретін сонда әр түрлі біліктілік деңдейіндегі мамандарға арналған басылым.

Нормативті өндірістік тәжірибелі басылым әртүрлі саладағы өндірісті ұйымдастыру мақсатында жарық көретін ережелер, талаптар, нормалар.

Оқулық басылымдар ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы оқытуға ыңғайлы әр түрлі жастағы оқушыларға арналған, жүйеленген басылым.

Ғылыми тұжырымдамалармен деректерден тұратын жүйеленген ақпарат көзі.Ғылыми және білім министірлігі тарапынан бекітіледі.

80.Баспа өнімдерін мемлекеттік бақылау. ӘОЖ, ББК, ISBN, ISSN номерлері қалай пайда болды, не үшін керек? Бұл номерлер кітапты үлкен кітапханалық қорға енгізу үшін қажет. Осы міндетті біздің елде Қазақстан Ұлттық кітап палатасы атқарады. Кез-келген жарық көрген басылым кітап палатасына тіркелуі қажет. Онда әрбір басылымға өзіне кезекті кітапханалық-библиографиялық номерді, халықаралық стандарт номерін, авторлық әмбебап ондық жүйелік санын береді. Осы сандар болмаса, кітап тіркелмеген болса, онда басылым заңсыз шығарылған болып есептеледі. Шығарылымдық деректердің болуы – кітаптың сапасы мен маңызын арттыра түсетін белгілер. Дербес мекеме ретіндегі Ұлттық библиографиялық ор­та­лық Қазақстан Республика­сы­ның Ұлттық кітап палатасы бо­лып құрылғанына 70 жылдан асты. Осыдан жетпіс жыл бұрын ірге бекітіп, ша­ңырақ көтерген Қазақстан Республика­сы­ның Ұлттық кітап палатасы – ұлтымыз­дың жады, халқымыздың тарихы, тасқа басылып, хатқа түскен әрбір сағаты, тәулігі, айы мен жылы деуімізге болады.

Кітап палатасының негізгі 8 бөлімі бар:

  1. Тіркеу және бақылау бөлімі

  2. Статистика бөлімі

  3. Мемлекеттік библиография бөлімі

  4. Анықтамалық-іздеу бөлімі

  5. «Казахстаника» бөлімі

  6. Қазақстан Республикасының Баспасөз мұрағаты бөлімі

  7. Баспа-редакциялық бөлімі

  8. Ақпараттық технологиялар бөлімі.

Әр бөлімнің жеке атқаратын өз міндеттері бар. Тіркеу және бақылау бөлімі республика аумағында жарық көрген барлық баспа өнімдерінің, сонымен қатар, баспалардың тапсырысымен шетелде шығатын кітаптарды қабылдау мен алғашқы тіркеуін жүргізеді. Баспа өнімдерінің өз уақытында түсіп, кітаптың шығарылымдық деректерінің мемлекеттік стандартқа сәйкес дұрыс рәсімделуі мен халықаралық ISBN номерінің баспалар мен баспалық жұмыс жүргізетін ұйымдардың дұрыс қолдануын қадағалайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]