Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mezh.u_p.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
145 Кб
Скачать
☆
  1. Құлдыққа ұқсас институттардың (жағдайлардың) және әдеттердің (обычай) түсінігі

1926 жылғы 25 қыркүйектегi Құлдық туралы конвенцияны, 1953 жылғы 7 желтоқсандағы Құлдық туралы конвенцияға өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы және 1956 жылғы 7 қыркүйектегi Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптарды жою туралы қосымша конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 ақпанда заңы қабылданды. Бұл заңның I тарауында « Құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптар» туралы жазылған.

Осы Конвенцияға қатысушы Мемлекеттердiң әрқайсысы, 1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған Құлдық туралы конвенцияның 1-бабындағы, құлдық анықтамасымен қамтылуына немесе қамтылмауына қарамастан олар әлi бар жерде төмендегi институттар мен әдет-ғұрыптарды бiртiндеп және мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде:

а) борыш кiрiптарлығы, егер орындалатын жұмыстың белгiленетiн тиiстi құндылығы қарыздың өтелуiне есептелмесе немесе бұл жұмыстың ұзақтығы шектелмесе және оның сипаты анықталмаса, яғни борышкер өзiнiң жеке еңбегiнiң не оған тәуелдi адамның еңбегiнiң борышын қамтамасыз ету үшiн кепiлге беру салдарынан туындайтын ахуал мен жағдайды;

b) жердi пайдаланудың мұндай түрi, яғни пайдаланушы заң, әдет-ғұрып немесе келiсiм бойынша басқа адамға тиесiлi жерде өмiр сүруге және жұмыс iстеуге және осындай басқа адам үшiн белгiлi бiр жұмысты сыйақы үшiн немесе онсыз орындауға мiндеттi, өзiнiң осы жағдайды өзгерте алмайтын басыбайлы жағдайды;

с) мыналарды:

i) өз тарапынан бас тарту құқығы жоқ әйелдi оның әке-шешесi, қамқоршысы, отбасы немесе кез-келген басқа адам немесе адамдар тобы ақшалай не табиғи болмысымен сыйақы төлеу үшiн күйеуге беруге уәде беретiн немесе күйеуге беретiнi;

ii) әйелдiң күйеуi, оның отбасы немесе оның рулық қауымы сыйақы төлеу үшiн немесе өзге де амалмен оны басқа адамға беруге құқылы; немесе

iii) ерi қайтыс болған әйелдi басқа адамға мұра бойынша беретiн күшi бар кез-келген институтты немесе әдет-ғұрыпты;

d) кез-келген институт пен әдет-ғұрыптардың күшiне сай он сегiз жастан кiшi баланы немесе жасөспiрiмдi өзiнiң әке-шешесiнiң бiреуi не екеуi де немесе оның қамқоршысы осы баланы немесе жасөспiрiмдi не оның еңбегiн пайдалану мақсатында сыйақы үшiн немесе онсыз басқа адамға бере алатын күшi бар кез-келген институтты немесе әдет-ғұрыпты толық жоюды немесе таратуды қамтамасыз ету үшiн барлық мүмкiн және қажеттi заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

Ал 2-бабында Конвенцияға қатысушы мемлекеттер ең кiшi некелiк үйлесiмдi жасты анықтауды және өкiлеттi азаматтық лауазымды адамның немесе дiн басының көзiнше екi тараптың да некелесуге келiсiмдерiн еркiн айтуын қамтамасыз ететiн тәртiптiң орнатылуын көтермелеуге мiндеттенедi.

  1. Мемлекеттердің құлдық және құл саудасымен күрес саласындағы халықаралық міндеттемелері

Тәуелсіз, дербес мемлекет санайтын әр елдің бұл салаға айрықша мұқият болып, өз азаматтарының мүддесін қорғауда қырағылық танытып отырған жөн. Күнделікті ақпараттарды парақтаған кезде «із түссіз жоғалып кетті» деген хабарларға еріксіз көңіл аударып, шынында бұл жандар қайда жүруі мүмкін деген ойға ораласың. Трафик немесе адам сату аясында «құлдыққа» мәжбүрлеп пайдалану - біздің топырағымызға, ұлттық дінімізге мүлдем жат, жан түршіктірер ұғым.

Құлдық және құлдыққа сату – бүгінгі мәселеде кең орын алған актуалдық құбылыс барлық әлемде орын алып отыр. Бұл әрекет адам құқығының өрескел тәртібін бұзатыны анықтан айғақ. Қазіргі таңда осы қылмыс түріне әлемдегі барлық бірлестіктер қарсы тұруда.

Құл саудасы - қазіргі кезде глобальды масштабтарды алып жатыр және адам саудасы аясында ежелден бастап дамыған формасы болып табылады. Көбіне қазіргі кездегі құл саудасының құрбандары – бұл әйел адамдары мен кәмелетке толмаған жас балалар болып табылады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметтеріне сәйкес, осыдан екі жыл бұрын, құлдыққа шамамен 700 000 адам сатылып, мемлекет шекарасынан асырылып жіберетіндігі туралы деректер бар. Адам құқығын қорғау Орталығының бақылауы бойынша, жыл сайын құлдыққа 4 млн. адам шамасында түседі

Негізінен, осы мәселеге бірден -бір қатысы бар 1926 ж. 25 қыркүйекте Женева қаласында қол қойылған «Құлдық туралы» конвенцияның 7-бабында адамды құлдыққа сату мақсатында ұстау, сату немесе айырбастау үшін басқа біреуге берудің, сондай - ақ еріксіздерді сатудың немесе алып кетудің кез келген көрінісі - құлдыққа салу саудасы деп түсіндірілген. Соған орай Біріккен Ұлттар Ұйымы әйелдерді, балаларды және кәмелетке толмағандарды саудаға салумен күрес туралы халықаралық конвенцияның хаттамасын қабылдады. Конвенцияларда және аталған хаттамада әйелдерді жезөкшелікке салу және әйелдер мен балаларды сатумен шұғылданатын адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту және әр елдің әйелдер мен балаларды саудалайтын кәсіпқой саудагерлері туралы ақпарат беріп отыру көзделген. Негізінен, адамның құлдыққа түскенін анықтау, үш критерий бойынша жүргізіледі:

- құлдыққа түскен адамның қызметі - қорқыту, үрейлетумен бақыланады;

- құлдыққа түскен адам белгілі бір жерде еріксіз және мәжбүрлі түрде қызметін атқарады, бірақ ол жағдайды өз еркімен өзгерте алмайды;

- құлдық құрығындағы адам өз қызметі үшін төлемақысын төмен мөлшерде немесе тіпті мүлдем алмайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]