- •1. Халықаралық қылмыстық құқықтық түсінігі мен қайнар көздері
- •2 .Халықаралық қылмыс пен күрес түсінігі және маңызы
- •3 .Қылмыспен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тарихы
- •4 .Халықаралық қылмыстық құқықтың анықтамасы
- •5 .Халықаралық қылмыстық құқықтың пәні
- •6 .Халықаралақ қылмыстық құқықың қайнар көздері
- •7.Қылмыспен күрестің халықаралық тетіктері
- •8.Қылмыспен күрестің институционалдық жә.Е келісім шарттық нысыны. Бұұ шеңберіндегі қылмыспен күрес
- •10Қылмыспен күрестің тетіктері.
- •11. Интерполдың құқықтық жағдайы
- •9.Қылмыстың алдын алу және құқықбұзушылармен айналысу жөніндегі бұұ Конгрестері
- •12. Қр интерпол қызметіне қатысуының құқықтық негіздері.
- •13.Халықаралық қылмыстардың және халықаралық сипаттағы қылмыстардың түсінігі түрлері
- •14Халықаралық қылмыстың анықтамасы,негізгі топтары.
- •15.Халықаралық қылмыстардың заңды құрамы
- •16.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың анықтамасы, олардың негізгі топтары
- •17.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың заңды құрамы
- •18.Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресудің халықаралық құқықтық негіздері
- •19, Құлдық және құл саудасымен халықаралық құқықтық күрес
- •20.Құлдық және құл саудасы халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде
- •Құлдыққа ұқсас институттардың (жағдайлардың) және әдеттердің (обычай) түсінігі
- •Мемлекеттердің құлдық және құл саудасымен күрес саласындағы халықаралық міндеттемелері
- •Құлдықпен күреске байланысты қр заңнамасы
- •Есірткінің заңсыз айналымымен халықаралық құқықтық күрес
- •Қазіргі замандағы есірткінің заңсыз айналымы түсінігі мен сипаты
- •Есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы халықаралық келісімдер
- •Есірткі бизнесімен күрестің негізгі тенденциялары
- •29..Есірткінің заңсыз айналымымен күресіндегі халықаралық ынтымақтастыққа қр қатысу мәселелері
- •31. Қаржы саласындағы халықаралық сипаттағы қылмыстар мен халықаралық құқықтық күрес
- •32.Қаржы саласындағы халықаралық сипаттағы қылмыстардың түсінігі мен түрлері
- •33.Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырумен (легализация) халықаралық құқықтық күрес
- •38.Апартеид және нәсілдік кемсітумен халықаралық құқықтық күрес
- •39.Әскери қылмыстармен халықаралық құқықтық күрес
- •40.Адамзатқа қарсы қылмыстармен халықаралық құқықтық күрес. Экоцид және биоцидпен халықаралық құқықтық күрес.
- •41.Халықаралық қылмыстармен күрес саласындағы қр заңнамасы
- •42.Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі
- •43) Халықаралық қылмыстық юрисдикциясын жүргізу үшін аd hoc трибуналдарын құру тәжирибесі
- •44) Халықаралық трибуналдардың құқықтық мәртебесі
- •45) Халықаралық Қылмыстық Соттың құқықтық мәртебесі
- •46) Халықаралық Қылмыстық Сот арқылы жеке тұлғаларды қылмыстық жаупкершілікке тарту процедурасы
- •47) Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру
- •48) Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру институтының түсінігі мен маңызы
- •49) Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек берудің түрлері
- •50. Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру қағидалары
- •51. Сот және тергеу тапсырыстарын орындау тәртібі
- •53. Халықаралық құқықтағы экстрадиция (ұстап беру) институты
- •54. Халықаралық құқықтағы экстрадиция институты түсінігі мен маңызы
- •55. Экстрадиция түрлері
- •56. Экстрадицияның негізгі қағидалары
- •1. Өзінің мемлекетінің азаматтарын ұстап бермеу;
- •3. Ұстап берілген қылмыскер тек ұстап беру жүзеге асқан қылмыс бойынша ғана жазаланады;
- •4. Саяси негіз бойынша іздестіріліп жүрген адам ұстап беруге жатпайды;
- •57.Экстрадиция туралы Үлгілі (типовой) келісім
- •58. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап берудің тәжирибелік мәселелері
- •59. Қылмыспен күрес саласындағы тмд мемлекеттерінің ынтымақтастығы
- •60. Қылмыспен күрес саласындағы тмд мемлекеттерінің ынтымақтастығының халықаралық құқықтық негіздері
- •61. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар жөніндегі Минск Конвенциясының жалпы сипаттамасы
- •62.Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар жөніндегі Кишинев Конвенциясының жалпы сипаттамасы
- •63. Қылмыспен күрес саласындағы тмд мемлекеттерінің екі жақты ынтымақтастығы
- •64.Қылмыс жасағаны үшін қамауға алынған адамдармен айналысуда халықаралық ынтымақтастық
- •65. Халықаралық пенитенциарлық құқық халықаралық қылмыстық құқықтың құқықтық институты ретінде түсінігі мен жүйесі
- •66.Қамауға алынған адамдармен айналысуда мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың тарихы
- •67.Қамауға алынған адамдармен айналысудың бұұ халықаралық құқықтық стандарттарының түсінігі мен құқықтық табиғаты
Есірткі бизнесімен күрестің негізгі тенденциялары
Халықаралық тәжірибеде есірткі қылмысымен күресте қатаң қылмыстық шаралар қолданылуда. Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, Франция және басқа елдерде осы қылмыс үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Есірткі саудасы үшін өлім жазасы Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Таиландтың заңнамаларында қарастырылған.
Президент өзінің «Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайларының жақсаруы» атты халыққа жолдауында : «Есірткіні тасымалдау мен тарату үшін белгіленетін жазаны қатаңдату қажет… Есірткі – бұл айрықша жойғыш күш және бұл жерде гуманизм принциптерінің қаншалықты қолданылуы үлкен мәселе. Таразының бір басында – есірткіні әкеліп, тарататын адамның өмірі, ал екінші басында – сол адамның «көмегімен» қиылған есірткі пайдаланушылырдың өмірлері ».
Осыған байланысты 2008 жылғы 27 маусымда «Есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді.
Алайда осы заңдағы жазалардың қатаңдатылуымен қатар, есірткі қылмыстарын анықтаудың тиімділігін арттыру үшін оларды ашуға көмек көрсеткен тұлғалар үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату қарастырылған.
Бүгінгі таңда ойын-сауық орындарында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы уақытта «клуб есірткілерін» (экстази, ЛСД), сондай-ақ көпшілік демалыс орындарында таратуға арналған марихуананы тәркілеу фактілерінің жиілеуі ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің «Лауазымды тұлғаның немесе ойын-сауық мекемесінің иесі (бұл – ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютерлік, бильярд, боулинг, кинотеатр және басқа да ойын-сауық, спорттық бағыттағы), сондай-ақ білім беру ұйымдары есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізу немесе пайдаланудың жолын кесу үшін шаралар қабылдамағаны үшін» 319 бабы заңнамамен қатаңдатылды. Жаңа заң бойынша есірткі заттарды тұтынудың жолын кесу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда міндетті түрде айыппұл мөлшеріне қарамастан мекеменің қызметіне тыйым салынады немесе тоқтатылады.
29..Есірткінің заңсыз айналымымен күресіндегі халықаралық ынтымақтастыққа қр қатысу мәселелері
ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дәлелхан САБУРОВПЕН әңгіме.–Дәлелхан Камалбекұлы, қылмыстық іс бойынша заттай айғақ болып табылатын есірткі құралдары мен психотропты заттарды жою тәртібін бекіту туралы Үкімет қаулысы 1 желтоқсаннан бастап заңды күшіне енді. Осы қаулының қабылдану себебі туралы не айтар едіңіз?–Бұл қаулы ағымдағы жылдың маусымында қол қойылған заңсыз есірткі айналымы саласындағы жауаптылықты күшейту туралы заң нормаларын орындау үшін қабылданды. Қылмыстық процессуалдық кодекс сот органдарының қарауына дейін заттай айғақ болып табылатын есірткіні, одан аз мөлшерде үлгі ала отырып, жою мүмкіндігі туралы нормалармен толықтырылды.Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарының сақтау камераларында 32 тонна, оның ішінде полиция органдарында 26 тоннадан астам есірткі заттары бар. Бұл өз кезегінде есірткі мөлшерін азайтуға, сақтау және күзетуге байланысты шығыстарды төмендетуге жағдай жасап, сондай-ақ алынған есірткінің “екінші айналымға” кетуіне мүмкіндік бермейді.Біз алынған есірткіні сот шешімін күтпестен жою қажеттігі туралы мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келдік. Себебі сот шешімі жылдар бойы созылып, ал заттай айғақтар сақтау камераларында ұзақ жатып қалады. Түптеп келгенде, есірткіге қатысты шешім біреу, яғни оны жою қажет.Бұл жерде есірткінің бағасы мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы туралы да дүбара ой туындайды. Байқасаңыз, біз өзіміз “екінші айналым” үшін жағдай жасап отырғандаймыз. Осыған байланысты аталған заңнамаға алынған есірткіні соттың қарауына дейін жою туралы нормалар енгізілді. Сонымен бірге, егер қажеттілік туған жағдайда қайта және қосымша сараптама жасау үшін әр партиядан жеткілікті мөлшерде үлгілер алынады.– Ол үлгілердің мөлшері қандай болмақ?– Ол есірткінің түріне байланысты және есірткі туралы заңда бекітілген аса ірі мөлшердегі көлемге тең болады. Бұл героин, морфий және кокаин үшін 1 грамды, апиын үшін 100 грамды, гашиш үшін 200 грамды, марихуана үшін 1 килоны құрайды. Аса ауыр есірткілердің ірі партиясы деп 100-200 грамм немесе 5-10 кило героинді айтуға болады. Ал марихуананы біз оннан жүз килоға дейінгі көлемде аламыз.– Жаңа тәртіпке сәйкес жою рәсімі қалай өтеді?Бұл рәсімнің қағидалары өзгермейтін болады. Қазіргі кезде сот шешімі, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қысқарту туралы қаулы заңды күшіне енгеннен кейін заттай айғақ ретіндегі есірткіні комиссия арқылы жою механизмі қалыптасқан.Енді есірткіні заңсыз айналымнан алып, сараптама жүргізгеннен кейін, тергеуші үлгілерді алу туралы қаулы шығарады және ол міндетті түрде прокурормен келісіледі. Куәлердің қатысуы және бейнежазба қолдану арқылы үлгілерді алғаннан кейін, есірткінің қалған бөлігі жойылады. Жою рәсіміне комиссия мүшелерінен басқа мүдделі тараптардың, сондай-ақ қоғам мен баспасөз өкілдері қатыса алады.– Бұл жаңалықтың халықаралық келісімдерге сәйкестігі қандай, бұл орайда шетел тәжірибесі қарастырылды ма?– Әрине, бұл тәртіпті әзірлеу кезінде БҰҰ Конвенциясы, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінің ұсынымдары мен баяндамалары пайдаланылды. Мысалы, Қазақстан 1998 жылы маусымда ратификациялаған Есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы БҰҰ Конвенциясында тараптардың заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдары мен психотропты заттарды дереу жою немесе заңды мақсатта пайдалану үшін, сондай-ақ мұндай заттардың айғақ ретінде қажетті мөлшерін пайдалануға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету үшін шара қабылдай алатыны туралы нақты көрсетілген.Осы мәселе бойынша БҰҰ аясында есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорларды сотқа дейін жою жөнінде сарапшылар кеңесі шақырылды және бірқатар ұсыныстар әзірленді. Осылайша есірткі құралдары шартты түрде үш санатқа бөлінді. Әрбір санатқа қатысты оларды жоюдың немесе іске жаратудың мүмкін тәсілдеріне байланысты қауіпсіздік, экологиялық және шығыс факторлары талданды.Заңсыз айналымнан алынған есірткіге оның құрамының ластануына қатысты сараптама жасау экономикалық тиімсіз болатыны ескеріле отырып, оларды өртеу тиімді деп шешілді. Сонымен қатар, БҰҰ-ның бірқатар нұсқаулықтарында ел үкіметтеріне алынған есірткіні заңды саудалаудан бас тарту қажеттігі көрсетілген. Керісінше, прекурсорларды заңды айналымға шығаруға немесе сатуға рұқсат беріледі, себебі олар әртүрлі өндірістерде кеңінен қолданылады.Осы ұсынымдарды ескере отырып, біз Қылмыстық процессуалдық кодекске толықтырулар әзірледік және онда тек есірткі құралдары мен психотропты заттар ғана емес, прекурсорлар да ескерілді. Мұндай нормалар көптеген елдердің заңнамаларында бар.– Қазіргі уақытта комитет есірткіге қарсы заңдарды жетілдіру, нашақорлықпен күрес бағытында тағы қандай жұмыстар атқаруда?– Бұл тұрғыда көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олар туралы баспасөзде жүйелі жарияланып тұратындықтан көп тоқталмай-ақ қояйын. Тек маңызды проблемаларды шешу үшін нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге байланысты қызметіміздің екі бағытын айта кетсем деймін.Бірінші мәселе, Шу алқабындағы қара сораны өнеркәсіптік өндіруді ұйымдастыру заңсыз айналымға қарсы күрестің бірден-бір тиімді шарасы болмақ. 2002 жылы “Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өндірістік өндіру бойынша өнеркәсіптер кешенін құру туралы” Үкіметтің қаулысы қабылданды. Қаулы Шу алқабындағы жабайы қара сораны биопластик, медициналық дәрі-дәрмектер, парфюмерия, қағаз және құрылыс материалдарын өндіру үшін пайдалану жөніндегі іс-шараларды жоспарлады. Алайда, осы жобаны негізгі орындаушы Германия тарапының бас тартуынан кейін зауыт құрылысы мүлдем басталмай қалды.2007 жылы біз осы істі қайта бастау жөнінде Үкімет алдында мәселе көтердік. Индустрия және сауда министрлігі, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әр түрлі жобаларды қарастырдық, нәтижесінде “XELORІA” қазақстандық компаниясының ұсынысы қолдау тапты. Ағымдағы жылдың 30 мамырында жоғарыда көрсетілген қаулыға тиісті өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде фармацевтикалық шикізатты өндіруді ұйымдастыру жөнінен дайындық жұмыстары басталды.Екінші мәселе – жастар арасында есірткіні теріс пайдалануды анықтау тетігін құру. Біздің ойымызша, осы саладағы тиімді шаралардың бірі – ағзадағы биологиялық сұйықтыққа тест жүргізу. Есірткіге тәуелділікті бастапқы кезде анықтау оң шара қабылдауға және білім беру мекемелерінде есірткіні теріс пайдаланушылар деңгейін төмендетуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, тест жүргізу жасөспірім үшін күшті психологиялық фактор болып табылады әрі есірткі пайдаланушылардың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды анықтауға, оқу орындарында есірткіге тәуелділіктің алдын алу жөнінен іс-шаралар өткізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретін болады.
30.Психотроптық заттардың заңсыз айналымымен халықаралық құқықтық күрестің түсінігі мен манызы (конв күресу туралы 1988)
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 221-құжат
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) бөлшек сауда - дәрiгердің рецептi бойынша жеке тұтыну үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату; 2) есiрткiлер - есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде жiктелген, оларды терiс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтыңденсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар; 3) есiрткi заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар; 4) есiрткi және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттерi жағынан I, II, III кестелерге енгiзiлген заттарға ұқсас, елiртетiн, күйзелтетiн немесе жалған елес күйiне түсiретiн химиялық құрылымы мен қасиеттерi бар, оларды терiс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшiн қауiптi және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде бекiтiлмеген шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар; 5) есiрткi, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативi (бұдан әрi - қамтамасыз ету нормативi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшiн заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгiлі бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны; 6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi егуге, жинауға және дайындауға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері; 7) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өзiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестiретiн орган; 8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке өткiзілуi; 9) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндiрудi қоспағанда, жүргiзiлуiнiң көмегiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкiн барлық процестер, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардыңбасқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы; 10) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы; 11) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру - химиялық заттардан және (немесе) өсiмдiктерден не басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс; 12) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесiнде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын iс-әрекет, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу; 13) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану; 14) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегiнде есiрткi, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардыңорнын ауыстыру жөнiндегi кез келген iс-әрекеттер; 15) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативi (бұдан әрi - тұтыну нормативi) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшiн қажеттi, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлiмделген белгiлi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны; 16) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитi - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке үшiншi мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлуi; 17) есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдалану (есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтыну) - есiрткi немесе психотроптық заттарды дәрiгердiң тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну; 18) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымда жүргенi анықталған шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейiннен әкiмшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негiз болып табылатын (шағын, iрi, өте iрi) мөлшердегi белгiленген түрлерiнiң тiзбесi (2-қосымша); 19) көтерме сауда - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың iрi топтарын сату; 20) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi (бұдан былай - Тiзiм) - халықаралық Конвенциялар негiзiнде нөмiрленген және тиiстi кестелер мен тiзiмге бiрiктiрiлген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзбесi (1-қосымша); 21) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi өсiру - апиын көкнәрi мен сораны (каннабистi), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзілген, құрамында есiрткi бар басқа да өсiмдiктердi егу және өсiру; 22) құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар өсiмдiктердi жинау - халықаралықКонвенцияларға сәйкес Тiзiмге енгiзiлген, құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн немесе егiлетiн өсiмдiктердi жинау; 23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi - заңда белгiленген тәртiппен наркологиялық көмек көрсететiн мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлiмшелер немесе кабинеттер); 24) мәжбүрлеп емдеу - нашақорлықпен ауыратын адамды ерiктi түрде емделуден жалтарған не есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу; 25) медициналық куәландыру - есiрткiден мастану күйiн анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру; 26) медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден немесе емдеуден жалтару - есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары қызметкерiнiң медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкiмiн қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрiгердiң белгiлеулерi мен ұсынымдарын орындамауы; 27) медициналық тексеру - "нашақорлық" деген диагноз қою немесе оны терiске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру; 28) нашақорлық - организмнiң физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есiрткi немесе психотроптықзаттарға не сол тектестерге тәуелдi болуға байланысты ауру; 29) нашақорлықпен ауыратын адам (нашақор) - қандай да болсын есiрткi, психотроптық заттарға немесе сол тектестерге физикалық және (немесе) психикалық тәуелдi, белгiленген тәртiппен медициналық мекеме "нашақорлық" деген диагноз қойған адам; 30) өз еркiмен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есiрткiге шектен тыс салынудан науқастыңөзiнiң немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен емдеу; 31) прекурсорлар - есiрткi және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде БҰҰ-ның Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген заттар; 32) препарат - Тiзiмге енгiзiлген, құрамында бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегi қоспа; 33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар; 34) уәкілеттi органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздерiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар; 35) уытқұмарлық - есiрткi және психотроптық заттардың әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және республикалық заңнамалық актілер мен халықаралық конвенциялардың тiзiмдерiне енбейтiн дәрілік препараттар мен табиғаты әртүрлi дәрiлiк емес заттарды шектен тыс пайдалану.
