Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mezh.u_p.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
145 Кб
Скачать
☆

64.Қылмыс жасағаны үшін қамауға алынған адамдармен айналысуда халықаралық ынтымақтастық

65. Халықаралық пенитенциарлық құқық халықаралық қылмыстық құқықтың құқықтық институты ретінде түсінігі мен жүйесі

Халықаралық пенитенциарлы құқық – пенитенциарлық мекемелерінің басқару мәселелері, қылмыспен күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығы және де адам құқығының жағдайы мен қағидаттарын, нормаларын қоса алғандағы комплекстік салаcы болып табылады. Гноселогиялық позиция арқылы халықаралық пенитенциарлық құқықтың алғашқы және де туынды жүйе жасаушы қайнар көздерін ерекшелеуге болады.Сол себептен халықаралық пенитенциарлық құқық халықаралық қылмыстық құқықтың институты ретінде қарастыруға болады.Біріншіге ақылды әлеуметтік жанды зат ретінде адамның табиғатынан пайда болатын, құқық пен міндеттердің жиынтығы деп ұғындырылатын табиғи құқықты жатқызуға болады.

Екіншіге халықаралық құжаттарында бейнеленген халықаралық бірлестіктер мен мемлекеттердің ерікінен шығатын, осындай пенитенциарлық нормалардың жүйесін көрсететін позитивтік құқықтық нормалардың жиынтығы жатады.

Қазіргі кезде пенитенциарлық сферадағы мемлекет қызметтерінің нақты бағыттары бойынша заңдық стандарттар өзіндік ерекше орын алады: сотталған адамдардың сыныпталу өлшемдерін анықтау, олардың қабылдауы бойынша жұмысты ұйымдастыру және түзету мекемелерінде бейімделу.

Пенитенциарлық мәселелер бойынша мемлекеттердің ынтымақтастығы жеке тұлғалармен ұйымдастырылған халықаралық түрме конгресінен бастау алды (пенитенциарлық құқықтың ағылшындық негізін қалаушылар Д. Говард пен И. Бентамның идеялары әлемде кең тарала бастағанда, сонымен қатар 19 ғасырда АҚШ-тың пенитенциарлық жүйесінің табысқа жету кезінде). Алғашқы мұндай конгресс Франкфурт-МАйнда 1846 жылы Үкіметаралық комиссиясы аясында ашылған еді (1872 жылғы- мемлекет өкілдерінің комиссиясы, 1878 жылғы халықаралық пенитенциарлық комиссия, одан кейін халықаралық қылмыстық және пенитенциарлық комиссиясы). 1950 жылға дейін 12 түрме конгресі өткізілді.Осыдан кейін бұл комиссия қысқартылып, қылмыстылықтың ескертуі бойынша бұл конгресс шеңберінде халықаралық күштерді басқарған БҰҰ оның барлық қызметтерін өз мойнына алды.

66.Қамауға алынған адамдармен айналысуда мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың тарихы

67.Қамауға алынған адамдармен айналысудың бұұ халықаралық құқықтық стандарттарының түсінігі мен құқықтық табиғаты

68.Қамауға алынған адамдармен айналысудың халықаралық құқықтық стандарттары мен ҚР қылмыстық атқару заңдары арақатынасы 69. Қамауға алынған адамдармен айналысудың халықаралық құқықтық стандарттарын ҚР заңдарына имплементация мәселелері 

Халықаралық пенитенциарлық құқықтың нормалары мен қағидаттарының орындалуы тікелей халықаралық құқықтық және ұлттық механизм имплементациясының дамуы мен жетілуіне байланысты болды. Осыған орай бұл төмендегідей имплементациондық элементтермен ерекшеленеді:

1.Сыртқы бақылау - конференция мен халықаралық ұйымдардағы бас бостандығынан айырылу туралы баяндамалар,айыпталғандар мен сотталғандарды шартты түрде ұстау,адам құқығы бойынша комиссиялардың жұмысы,бақылаушылар, халықаралық ұйым мүшелерінің талаптарды сақтау жағдайы және т.б.

2.Халықаралық міндеттерді орындау барысында ұлттық құқықтық механизмдердің қалыптасуы. Мысалы, адам құқығы мен бостандықтарын қорғау бойынша мемлекетаралық органдарға сотталғандардың құқықтық үндеуінің жүзеге асырылуы.

3.Пенитенциарлық сферада мемлекеттердің ынтымақтастығы( біріккен ведомстваралық бағдарламалар).

4. Ұлттық заңнамаға халықаралық пенитенциарлық құқық нормаларының инкорпаорациясы.

Халықаралық пенитенциарлық құқық нормаларының имплементация тиімділігі көбінесе пенитенциарлық мекеме жұмысшысының мамандандырылған деңгейіне байланысты болады.

Сонымен халықаралық құқықтың осындай жаңа саласының қалыптасуы мемлекеттің аяққа тұруына , тіпті адам құқығын құрметтеу жүйесіне де тиімді, үлкен септігін тигізеді. Осы тақырыпты зерттей отырып, халықаралық пенитенциарлық құқықты негізінен халықаралық құқықтың дербес саласы екеніне көзімді жеткіздім. Бұл мемлекет үшін тәжірибелік мағына береді.Сонымен бірге қылмысты-орындатушылық жүйенің жетілуіне қосымша ынта пайда болады.Бас бостандығынан айыру жазасының жүзеге асырылу сферасында халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі арта түспек

Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық              заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың              заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға              қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделiп, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады.        2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады. 

Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер,              прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудiң              және олардың заңсыз айналымы мен терiс              пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларының              негiзгi принциптерi

      Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясат және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл;        1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылау жасау;        2) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер прекурсорлар айналымын және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды мемлекеттiк реттеу;        3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау;        4) мемлекеттiк және өзге де органдардың қызметiн ведомствоаралық және ведомствоiшiлiк үйлестiру;        5) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымын оларды шектен тыс пайдалануды тыюға бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзу мiндеттерiн кешендi түрде шешу;        6) нашақорлықтың және сонымен байланысты құқық бұзушылықтардың етек алып кетуiн көздейтiн алдын алу шараларын қамтамасыз ету;        7) нашақорлықтың және оған байланысты құқық бұзушылықтардың етек алуына қарсы күресте әлеуметтiк базаны кеңейту, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту;        8) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау, олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту принциптерiнде жүзеге асырылады. 

      Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар             айналымы мемлекеттiк реттеу және олардың заңсыз             айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы             iс-қимыл шаралары

      1. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудi және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.        3. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай негiзгi мiндеттердi атқарады:        1) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi реттеу және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды ұйымдастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етедi;        2) тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласына қатысушы заңды тұлғалар қызметiнiң тәртiбiн реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және аталған саладағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;        3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады;        4) денсаулық сақтау органдарына, есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың шектен тыс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастыруға және көмек көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк берiлуiн қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;        5) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне және Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге уәкілетті органдардың ұсыныстары бойынша өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныс енгізеді;        6) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымына болжам жасайды;        7) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттiң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын анықтайды;        8) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды;        9) Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетi бекiту үшiн Республиканың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын Үкiметке ұсынады.        10) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы ғылыми зерттеулердi және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимылды үйлестiрiп отырады;        11) қызметi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласымен байланысты мамандар оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды, тағлымдамадан өткiзудi және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;       12) қызметi нашақорлық проблемаларымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiрiп отырады;       13) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;       14) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа, есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;       16) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзедi;       17) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалдың даму жай-күйi мен үрдiстерiн талдауды, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуді жүзеге асырады;       18) мемлекеттiк органдарға және өзге де ұйымдарға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде ұсыныстар, нұсқамалар енгiзедi;       19) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылдарды әзiрлейдi және iске асырады;       20) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiредi;       21) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;       22) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi өңiрлiк комиссиялардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады;       23) өз құзыретi шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмектi тартуды және олардыңмақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.        Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың              айналымын мемлекеттiк бақылау және олардың заңсыз              айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы              iс-қимыл шаралары

      Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының:       1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардыңайналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;        2) меншiк нысанына қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерудi жүзеге асыруға;        3) құрамында Тiзiмге енгiзiлген есiрткi заттары бар өсiмдiктер өсiрiлетiн жер учаскелерiне тексеру жүргiзуге;        4) құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiктердi жою мақсатында арнайы құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзуге;        5) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргiзу үшiн аталған өнiмнiң техникалық негiзделген мөлшердегi үлгiлерiн алуға;        6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нұсқамалар беруге;        7) Есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы талаптарды бұзған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлiмшелердiңөндiрiстiк қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтата тұруға;       8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңдар менөзге де нормативтiк актiлердi бұзғандығы үшiн жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныс енгiзуге құқығы бар.       

Есiрткiнi, психотроптық заттар мен               прекурсорларды жою

      1. Айналымда одан әрi пайдалану орынсыз деп танылған есiрткi заттар, психотроптық заттар, прекурсорлар мен құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiк тектес заттар, сондай-ақ аспаптар мен жабдықтар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.        2. Есiрткiнi, психотроптық заттар мен прекурсорларды жою:        1) есірткiнiң, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жарамдылық мерзiмi өткен;        2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар химиялық немесе физикалық әсерге ұшырап, соның салдарынан қайта қалпына келтiру немесе қайта өңдеу мүмкiндiгiнен айрылып, жарамсыз болған;        3) тәркiленген, табылып заңсыз айналымнан шығарылып тасталған есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың медициналық, ғылыми немесе өзге де құндылығы болмаған және қайта өңделмейтiн жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.        3. Құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiруге және жинауға лицензиясы жоқ кез келген заңды тұлға, осы өсiмдiктер өсетiн жер учаскелерiнiң иелерi немесе пайдаланушылары болып табылатын азаматтар оларды жоюға мiндеттi.        4. Осы баптың 3-тармағының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. 

Есiрткi, психотроптық заттар мен               прекурсорлардың айналымы саласындағы               насихатқа тыйым салу және жарнаманы шектеу

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттауға, яғни заңды және жеке тұлғалардың есiрткi, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әзiрлеу, дайындау және пайдалану әдiстерi мен тәсiлдерi туралы, оларды сатып алатын орындар туралы мәлiметтердi таратуға бағытталған қызметiне, сондай-ақ кiтап өнiмдерiн, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн шығару мен таратуға, компьютер желiлерiнде аталған мәлiметтердi таратуға немесе осы мақсатта басқа да әрекеттер жасауға тыйым салынады.        2. Тiзiмге (II, III кестелер) енгiзiлген есiрткi мен психотроптық заттарды жарнамалау медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арналған арнайы баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Есiрткi немесе психотроптық заттары бар дәрi-дәрмек препараттары үлгiлерiн жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады.        3. Осы бапта белгiленген нормаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа соқтырады. 

Есiрткi, психотроптық заттар мен               прекурсорлардың заңсыз айналымына               және терiс пайдаланылуына қарсы               iс-қимыл шаралары

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн тиiстi мемлекеттiк бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылады.        2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.        3. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiрудi есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.        

Есiрткi, психотроптық заттар мен               прекурсорлардың заңсыз айналымынан               түскен табысты заңдастыру үшін жауаптылық               және пайдалану

      Табысты заңдастыру: есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымынан алынған ақшалай қаражаттың немесе өзге мүлiктiң не мүлiкке құқықтыңкөздерi мен шығу тегiн, тұрған, орналасқан, қозғалыстағы жерiн немесе шын мәнiнде кiмдiкi екенiн жасыру немесе бұрмалау, сондай-ақ осындай ақшалай қаражатты немесе өзге мүлiктi кәсiпкерлiк немесе өзге экономикалық қызметпен шұғылдану үшiн пайдалану; есiрткi психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен ақша қаражатын меншiк нысандарына қарамастан, банкiлерде, кәсiпорындарда және басқа құрылымдарда орналастыру немесе осындай қаражатқа өндiру және басқа да қажеттер үшiн жабдықтар сатып алу, немесе мұндай қаражат пен мүлiктi, есiрткiнiң, психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымын жалғастыру мақсатымен пайдалану заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына апарып соғады. 

      Көлiк құралдарын, жүктердi және азаматтардың               жеке заттарын тексеру

      1. Көлiк құралын, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушылардың жеке заттарын тексерудi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдардың (мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерiнiң) осыған уәкiлеттi лауазымды адамдары жүзеге асырады.        2. Есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестерге немесе прекурсорларға жатады деген күдiк тудыратын заттар табылған кезде және одан әрi тексеру қажет болса, сондай-ақ жүргiзушiде немесе жолаушыларда есiрткiге мас болу белгiлерi байқалса, көлiк пен аталған адамдар қажеттi мән-жайларды анықтау үшiн құқық қорғау органдарына жеткiзiлуi мүмкiн.        3. Көлiктi, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушыларды негiзсiз тексерген, сондай-ақ аталған адамдар мен көлiктi құқық қорғау органдарына негiзсiз алып барған жағдайда, мұндай адамдар өзiне келтiрiлген материалдық және моральдық залалды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық өтеттiрiпалуға құқылы. 

      Есiрткi, психотроптық заттарды, сол               тектестердi, прекурсорларды тәркiлеу

      1. Заңсыз айналымдағы есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар, оларды заңсыз әзiрлеуге пайдаланылатын заттар, аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлардың заңсыз айналымына пайдаланылатын мүлiк пен ақша қаражатын не олардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған табыс тәркiленуге және заңда белгiленген тәртiппен мемлекет кiрiсiне алынуға тиiс.        2. Заңсыз айналымда пайдаланылған, тәркiлеуге жататын, заңды айналымда әрi қарай қолдану соттың шешiмi бойынша жөнсiз деп танылған есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар, сондай-ақ оларды әзiрлеуге арналған заттар, аспаптар мен жабдықтар заңда белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс. 

Есiрткi, психотроптық заттарды және сол               тектестердi тұтынатын адамдарды анықтау

      1. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына немесе денсаулық сақтау органдарына ұйымдардан немесе жекелеген азаматтардан, есiрткi немесе психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтынады не есiрткiге етiлген күйде деген хабарлама түскен адам медициналық куәландырылуға тиiс.        2. Есiрткi немесе психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтыну фактiсi куәлардыңайғақтары негiзiнде, сондай-ақ есiрткiге елту белгiлерi және медициналық куәландыру нәтижелерi болған жағдайда, сондай-ақ тексерiлетiн адам организмiнде есiрткi немесе психотроптық заттардың немесе сол тектестердiң бар-жоғына сынақ жүргiзу негiзiнде анықталады.        3. Есiрткi немесе психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтыну салдарынан есiрткiге елту фактiсiн анықтау медициналық куәландыру (тексеру) жүргiзу жөнiндегi мiндет жүктелген дәрiгердiң ғана құзыретi болып табылады, ал "нашақорлық" диагнозын дәрiгерлiк-консультациялық комиссия анықтайды.        4. Есiрткi, психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтынатын адамдарды анықтау мен есепке алу тәртiбi денсаулық сақтау, iшкi iстер мәселелерiн реттейтiн органдардың, Қазақстан Республикасыныңөзге де уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 

Есiрткiнi, психотроптық заттарды немесе сол               тектестердi шектен тыс пайдаланатын адамдарды               медициналық куәландыру және медициналық тексеру

      1. Медициналық куәландыру - құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң жолдамасы бойынша, ал медициналық тексеру нарколог-дәрiгердiң жолдамасы бойынша жүргiзiледi. Медициналық куәландырудан немесе медициналық тексеруден жалтаратын адам наркологиялық мекемеге әкелiнуге тиiс.        2. Медициналық куәландыру мен медициналық тексеру жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын               адамдарды мәжбүрлеп емдеу

      Ерiктi түрде емделуден жалтаратын нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелерi, адамды нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауру деп тану тәртiбi және оны мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесiне емдеуге жiберудiң негiздерi, мәжбүрлеп емдеудi тоқтатудың негiзi мен тәртiбi, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды есепке алу және демеп емдеудi жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға               наркологиялық көмек көрсету принциптерi

      1. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-санитариялық көмек наркологиялық кеселдердiң алдын алуды, азаматтарды тексеруден өткiзудi, ауытқуларға диагноз қоюды, наркологиялық кеселдерден зардап шегетiн адамдарды емдеудi, күтудi, медициналық-әлеуметтiк оңалтуды қамтиды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.        2. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға мемлекет медициналық-санитариялық көмек көрсетуге кепiлдiк бередi және ол заңдылық, адамгершiлiк және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.        3. Адам наркологиялық мекемеге медициналық көмек сұрап, ерiктi түрде өтiнiш бiлдiрген кезде нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамға медициналық-санитариялық көмек көрсетiледi. Кәмелетке толмаған, сондай-ақ заңдар белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамға наркологиялық көмек олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен көрсетiледi.        4. Өз еркiмен емделуден жалтаратын нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен денсаулық сақтау жүйесiнiң мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнде мәжбүрлеп емделуге тиiс.        5. Қылмыс жасаған, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша көрсетiледi.        6. Ерiктi стационарлық емдеу кезеңiнде ауру адамға - жұмысқа жарамсыздық қағазы, ал емделу аяқталғаннан кейiн оныңөтiнiшi бойынша емдеу мақсаты көрсетiлген анықтама берiледi.        7. Емдеу курсынан өту үшiн наркологиялық мекемеге өз еркiмен келген адамға оныңөтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Ондай емдеу туралы мәлiмет ол адам қылмыстық және әкiмшiлiк жауапқа тартылған жағдайда, тек iшкi iстер органдары мен өзге де арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға ғана берiлуi мүмкiн.        8. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға көмек көрсететiн жеке адамдардың (наркологтардың, адвокаттардың және т.б.) қызметтерiне ақы азаматтардыңөз қаражаты немесе қайырымдылық есебiнен төленедi. 

Наркологиялық көмектi қаржыландыру

      Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мемлекеттiк ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.

Есірткі, психотроптық заттар мен пркурсорлар               айналымы саласындағы бұзылушылықтар үшін               жауаптылық 

      Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы бұзушылықтар үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.        Әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартқан жағдайда Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі және Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте қолданылады (1, 2-қосымшалар).

.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]