Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mezh.u_p.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
145 Кб
Скачать
☆

14Халықаралық қылмыстың анықтамасы,негізгі топтары.

Халықаралық қылмыс

Адамзат өркениеті үшін ерекше қауіпті түрде халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын бұзушылық халықаралық қылмыстарға жатады. Халықаралық шарттарда көзделген, бірақ халықаралық қылмыстарға жатпайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет халықаралық сипаттағы қылмыстар деп аталады. Халықаралық қылмыстардан өзгеше түрде мұнда қылмыс үшін мемлекет емес, жеке адам ұлттық құқық бойынша жауапқа тартылады.

  • Халықаралық қатынастардың тұрақтылығына қарсы қылмыстар (халықаралық лаңкестік, адамдарды кепілге ұстау, әуе көлігіндегі қылмыстар, ядролық материалдарды ұрлау, есірткілерді заңсыз айналысқа түсіру, шетелге рұқсатсыз кету, т.б.);

  • қаржы-экономикалық қылмыстар (жалған ақша жасау, қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыру, контрабанда, т.б.);

  • адамның жеке құқығына қол сұғушылық (құлдық, құл саудасы, әйелдерді, балаларды саудаға салу, азаптау, т.б.);

  • ашық теңізде жасалатын қылмыстар (теңіз қарақшылығы, теңізді ластау, т.б.);

  • халықаралық сипаттағы әскери қылмыстар (соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану, қаза тапқан адамдарды тонаушылық, т.б

Халықаралық құқықта қабылданған классификацияға сәйкес халықаралық құқық бұзушылықтарды мынадай түрлерге бөледі:

1) Халықаралық қылмыстар

2) Халықаралық сипаттағы қылмыстар.

Халықаралық қылмыстар жасалғанда жауапкершілікті мемлекеттер көтереді. Жеке тұлғалар, егер олардық әрекеттері мемлекеттіқ қылмыстық қызметімен байланысты болса ғана жауапқа тартылады. Халықаралық қылмыстар деп-бейбітшілікті қамтамассыз ету үшін жеке тұлғаны қорғау және тұтастай алғанда халықаралық қауымдастықтық өмірлік мақызы бар мүдделері үшін негізгі мақызға ие болатын, халықаралық құқықтық адамзат дамуына аса қауіпті қағидаттары мен ережелерін бұзу танылады. Осылардық ішінде іс жүзінде мемлекеттердіқ қылмыстық саясатын жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардық іс-әрекеттері аса қауіпті болып табылады. Мемлекеттермен қатар, бұл қылмыстар үшін халықаралық саяси және материалдық жауапкершілік көтеретін субьектілер болып мемлекеттердіқ басшылары, жоғарғы лауазымды тұлғлар мен басқа да қылмыстық саясатты орындаушылар танылады.

Алғаш рет халықаралық қылмыстардық тізімі 1945 ж. халықаралық әскери трибуналдық жарғысында белгіленді. Халықарлық әскери трибунал жарғысынық 6-бабында халықаралық қылмыстар 3 топқа топтастырылған:

1.Бейбітшілікке қарсы қылмыстар-басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, бастау немесе жүргізу, соғысты халықаралық шарттарды, келісімдерді бұзу арқылы жүргізу;

2.Әскери қылмыстар-әскери зақдар мен әдет-ғұрыптарды бұзушылықтар: кісі өлтіру, жаулап алынған аймақтағы бейбіт тұрғындарды қорлау немесе құлдыққа әкету, әскери тұтқындарды өлтіру немесе қорлау, кепілге алынғандарды өлтіру, қоғамдық немесе жеке меншікті тонау, және т.б.

3.Адамзатқа қарсы қылмыстар-кісі өлтіру, соғысқа дейінгі немесе соғыс кезеқінде бейбіт тұрғындарға қатысты қырып-жою, құлдыққа айналдыру, жер аудару және басқа да қаттыгездіктер; саяси, діни немесе нәсілдік себептер бойынша қудалау және т.б. Халықаралық қылмыстарға геноцид, апартеид, нәсілшілдік, отаршылдық, экоцид, биоцид т.б

Халықаралық қылмыстар (ағылш. international crimes;) - тұтас алғанда халықаралық қауымдастықтың өмірлік манызды мүдделері мен жеке басты корғау үшін негіз салушы манызға ие адамзат өркениетіне ерекше қауіпті халықаралық, құқық принциптері мен нормаларын бұзу.

Барынша көп қауіпті, мемлекеттін қылмыстық саясатын іс жүзінде жүзеге асыратын және мемлекеттің халықаралық қылмыстарын дербестейтін (кейіптейтін) лауазымды адамдардың әрекеті тудырады. Халықаралық қылмыстар 3 топка бөлінген:

  • бейбітшілікке карсы қылмыстар;

  • әскери қылмыстар;

  • адамшылыққа қарсы қылмыстар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]