Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mezh.u_p.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
145 Кб
Скачать
☆

54. Халықаралық құқықтағы экстрадиция институты түсінігі мен маңызы

Ұстап беру- мемлекеттердің қылмыстылықпен күрестегі бір-біріне құқықтық көмек көрсетудегі ең ежелгі формасы болып табылады. Ұстап беру жөніндегі тарихтағы ең бірінші келісімнің бірі болып, Египет фараоны ІІ Рамсес пен Хет патшасы ІІІ Хаттушилимен жасасқан келісім табылады. Онда: «Егер кімде-кім Египеттен қашып, хет мемлекетіне кетсе, хет патшасы оларды өзінің елінде ұстамайды, бірақ Рамсес мемлекетіне жібереді.» көріп отырғанымыздай мемлекеттен қашып кету фактісі де ұстап беруге негіз болған.

Құлиеленушілік кезінде, еңбек ететін құлдарды ұстап беру кең етек алған болатын. Сәйкес келісімдер Ежелгі Греция мен Римнің тәжірибесінде белгілі. Ондай келісімдер Ежелгі Русьтің де тәжірибесінде кездеседі. 911-944 жылдардағы Олег және Игорьдің Византиямен жасасқан келісімдерінде көзделгендей, Византияда қылмыс жасаған орыс азаматтары өзінің еліне жазалану үшін ұсталып беріледі. Тиісінше гректер Византияға беріледі.

Ортағасырларда ұстап беру туралы көптеген келісімдерге қол қойылды, ол кезде негізінен саяси қылмыстар туралы сөз болған. Феодалды мемлекеттер бір-біріне билікке қарсылармен күресте құқықтық көмек көрсеткен.

Ұстап беру туралы келісімдер Ресейдің ді тәжірибесінде кездескен. Ең ежелгілерінің бірі болып, 1649 жылғы Швециямен «жазба келісімі» табылады. Ал мұсылман мемлекеттері ислам дінін ұстанатын адамдарды басқа дінді ұстанатын мемлекеттерге бермейтін. Ұстап беру институтын түп-тамырымен өзгерткен жағдай, ХVІІІ ғасырдағы Францз Революциясы еді. Ол заңды баспана құқығын бекітті. 1793 жылғы Конституцияда көзделгендей: «Француз халқы өз елінен қуылған шетел азаматтарына баспана береді» деген. ХІХ ғасырда баспана құқығы жалпымойындатылған болып есептеліп, ұстап беру ортақ қылмыстарда мемлекеттердің бір-біріне құқықтық көмек көрсетудегі ынтымақтастығына айналады.

Төменде көрсетiлген мән-жайлардың кез-келгенi бойынша қылмыскердi ұстап беруге рұқсат берiлмейдi (императивтiк негiздер):

а) егер ұстап беру туралы келiп түскен өтiнiш бойынша құқықбұзушылық сұратқан мемлекетке саяси сипаттағы құқықбұзушылық ретiнде қарастырылатын болса;

б) егер сұратылған мемлекет ұстап беру туралы өтiнiш тұлғаны нәсiлi, дiни сенiмi, азаматтығы, тегi, саяси көзқарасы, жынысы немесе мәртебесi белгiлерiне қарай немесе соттық қудалау мақсатында сұратады деп немесе қандай да бiр себептермен байланысты мұндай тұлғаға зиян келедi деп ойласа;

в) егер құқықбұзушылыққа қатысты ұстап беру туралы келiп түскен өтiнiш бойынша әскери құқық көздейтiн құқықбұзушылық деп танылса, бiрақ жәй қылмыстық құқықта олай деп есептелмесе;

г) егер сұратылған мемлекетте адамға жасаған құқықбұзшылығы үшiн түпкілікті үкiм шығарылып қойылса;

д) егер ұстап беру туралы өтiнiш келiп түскен тұлға, екi жақтың бiрiнiң заңы бойынша ескiру мерзiмiн немесе рақымшылық актiсiн қоса алғанда, соттық қудалаудан немесе жазалаудан иммуниетi бар болса;

е) егер ұстап беру туралы өтiнiш келiп түскен тұлға сұратылатын мемлекетте азапталатын болса ар-намысын қорлайтындай әрекет жасалатын болса немесе оған қатысты қылмыстық бақылау процесiнде ең төменгі кепiлдiктер қолданылмайтын болса;

ж) егер сұратылған мемлекетте сот шешiмi тұлғаның қорғалуын жеткiлiктi қамтамасыз етпей немесе ол жоқ кезде iстi қайталап тыңдауды қамтамасыз етпей шығарылса.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]