Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828 Кб
Скачать
☆

14 Тақырып. Материалдық емес активтердің жіктелуі, бағалануы мен түрлері.

МЕА дегеніміз – физикалық формасы жоқ кәсіпорынға ұзақ уақыт бойы қызмет ету барысында табыс әкелетін ақшалай емес активтер.

2710- гудвилл

2720-гудвиллдің құнсыздануы

2730- өзге де МЕА

2740- өзге де МЕА-ң құнсыздануы.

Материалдық емес активтерді бағалау.

МЕА-ге мыналар жатады:

1. Гудвилл

2. патенттер

3. Лицензиялық келісімдер

4. Бағдарламамен қамтамасыз ету

5. Авторлы құқықтар

6. сауда маркалары

7. Тауарлық белігілер

8. Франшизалар

Гудвил- ұйымды сатып алу барысында анықталған ұйымның бағасы.

Лицензиялық келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муницалитет беретін және қоғадық меншікті манополиялық пайдалануға беретін құқықтар.

Патенттер – заңды түрде танылған тіркелген айрықша құқықтар№ Патент белігілі бір өнімді шығаруға және арнайы ерекше процеспен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді.

Франшизалар. Мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе комуналдық қызмет көрсету үшін үкіметтік органдар беретін құқық.

15 Тақырып. Меа –ның келіп түсуі мен есептен шығалылуы.

1. Басқа кәсіпорындармен адамдардан ақыға сатып алынған МЕА есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі.

2. Кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен МЕА сараптау жолымен бағаланады.

3. Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.

МЕА-ң қолда бары мен қозғалысының есебі 2700 бөлімшесінің активтік шоттарында жүргізіледі.

МЕА-і келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған №1 нысандағы «МЕА-ді қабылдау өткізу актісімен рәсімделеді».

Актіде мыналар көрсетіледі:

1. МЕА-ң дәл атауы

2. Кәсіпорынға келіп түскен күні

3. Обьектінің сипаттамасы

4. Бастапқы құны

5. Амортизация нормасы

МЕА- басқа кәсіпорынға табыс етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт өткізуші мен қабылдаушы кәсіпорынға 2 данада жасалады. 10- бөлімшенің шоттары бойынша МЕА-ді есепке алудың № 2 МЕА нысанында инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін МЕА-ді есепке алу ведомісінде топтастырылады, онда мыналар келтіріледі:

1. МЕА-ң атауы

2. Ай басындағы және соңындағы қалдықтар

3. Ай ішіндегі қозғалысы

Есеп комрьютеленген жағдайда осындай принциппен машинограмма жасалады.

МЕА обьктілерін қабылдауды рәсімдегенде акт әрбір обьектісінен бір данадан жасалады. Басқа ұйымға МЕА-ны бергенде акт 2 данадан жасалады.

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

Тип

Заңды тұлғадан МЕА кірістелді. ҚҚС сомасымен бірге

700

1420

3310

3310

3

3

Алынағн МЕА үшін жабдықтаушылардың қарыз сомасы төленді

3310

1030

4

МЕА жарғылық капиталға салым ретінде келіп түсті

2700

5110

3

Өтеусіз келіп түскен МЕА кіріске алынды.

2730

6220

3

МЕА-ны дайындау үшін негізгі өндіріс мұқтажына материалдар босатылды

8111

1310

1

Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысынан әлеуметтік салық есептелінді

8112

3350

3

Сатып алушыларға МЕА сатылды. Оның ішінде ҚҚС сомасы көрсетіледі

1210

6010

3130

3

Сатып алуышылардың қарыз сомасы есеп айырысу шотқа келіп түсті.

1030

1210

1

ҚҚС сомасы есепке алынды

3130

1420

4

Бюджетке ҚҚС аударылды

3130

1030

1

16 тақырып .Тауарлық-материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеттері мен жіктемесі. К/о-дар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алынған тауарлары, сатып алынған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:

  1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.

  2. Материалдардың қоймада және тасмалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.

  3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.

  4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.

  5. Мат-дың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.

  6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдарқұнын әр объектінің шығынына қосу.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемі пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажнт:

  • тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлімдердің әрқайсысы материалдардың білгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;

  • материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастыруы керек.

Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек.Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айымашылықтары бар.Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

  • шикізат;

  • негізгі материал;

  • көмекші материал;

  • жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді

Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды. Шикізаттар деп – бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды айтады.Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері – мұнай- кен, мақта, жүн, тері, ағаш және т.б. материалдар жатады. Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын, құрайтын өндіруші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады. Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар д.а. Мат-дың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айымашылығы, оны сол күйінде сптуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады. Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші мат-дың негізгі мат-дкан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негігі мат-дарға өзінің қандай да бір әсерін тигізіп, негізгі мат-дың түсін тағыда басқа жақтарын өзгертеді. Мат-дың бұл түріне бояуларды, әктреді жатқызуға болады. Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық мат-дар, қосалқы бөлшектер.құрылыс мат-ры және т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй жайларды жылытуға пайдаланылатын мат-дың барлық түрі жатады.

Ұйымның типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің екінші бөлімінде «материалдар» есебі мына шотта жүргізіліді.

  • шикізат пен мат-дар;

  • сатылып алынған жартылай фабрикаттар;

  • отындар;

  • ыдыс және ыдыстық мат-дар;

  • қосалқы бөлшектер;

  • басқадай мат-дар;

  • өңдеуге берілген мат-дар;

  • құрылыс мат-ры;

Шикізаттар мен материалдар шотында өндірілетін өнімнің құрамына кіріп,оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың,өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне сондай-ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын,өнім өндіру үрдісіне әсер ететін материалдардың ұйымдардағы есебі,олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі. Сатылып алынған жартылай фабрикаттар шотында өндіріліп шығарылатын өнімді жинақтау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың,жинақтауыш бұйымдардың,бөлшектердің кәсіпорындағы есебі жүргізіледі. Отындар деп аталатын шотта тасымалдау құралына пайдаланатын,сондай-ақ өндірістің технологиялық қажетіне,энергия өндіруге және үйді жылытуға пайдаланатын (мұнай өнімдері мен фтор,газ,көмір тағы да басқа) отындардың қалдығы және кірісі мен шығысы есептеледі. Ыдыс және ыдыстық материалдар шотында ұйымдағы ыдыс және ыдыстық материалдардың барлық түрлерінің (шаруашылық құралы ретінде пайдаланатындардан басқасы),сондай-ақ ыдыстарды өндіріп (жасап) шығаруға,оларды жөнднуге арналған материалдар мен бөлшектердің кіріске алынуы шығыс етілу есебі жүргізіледі.Жабдықтаушы,өткізуші немесе саудамен айналысатын кәсіпорындар тауарлар салынған ыдыстарды «сатылып алынған тауарлар» шотында есептейді. Қосалқы бөлшектер деп аталатын шотта ұйымның пайдалануындағы машиналар мен жабдықтарды,тасымалдау құралдарын және тағы сол сияқтыларды жөндеуге,мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептеледі. Басқадай материалдар деп аталатын шотта өндіріс қалдықтары,түзілмейтін өндіріс ақаулары,ұйымның өзінде материал,отын немесе қосалқы бөлшек ретінде пайдалануға жарамайтын есептен шығарылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған материалдардың,металл сынықтарының есебі жүргізіледі.Сонымен қатар бұл шотта ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз өндірісіне қажетті тұқымдарды,отырғызылатын көшеттерді,мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды,ауыл шарушылық дақылдарын дайындауда зиянын тигізетін жәндіктермен күресу үшін пайдаланатын улы химикаттар мен дәрі-дәрмектерді және тағы да басқа материалдарды есептейді.Өңдеуге берілген материалдар шотында қайта өңдеу үшін басқа бұйымдарға берілген,келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнының құрамына кіретін материалдар есептеледі. Құрылыс материалдары атты шотта тікелей құрылыс салуға және монтаж жұмыстарына,сондай-ақ құрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланатын материалдар және құрылыс қажетіне керекті басқадай материалдар есептеледі.

17 тақырып. Қоймадағы ж/е сақтайтын орындардағы материалдық құндылықтар есебі. Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы тауарлық материялдық құндылықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Қойманың ұй-жайы тұйықталған, дабылдамамен, стеллаждың, жәшіктерінің, еденшелермен, механизация жабдықтарымен және салмақ өлшейтін приборлардың қажетті мөлшерімен жабдықталуға тиіс.Қойма ішінде материялдың әрбір тобы, топшасымен түрі белгілі бір жерде сақталуы тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материялдық затбелгі бекітіледі. Басшының бұйрығымен қоймады жұмыс істейтінматериялды жауапты адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдық жауапкершілік шарт жасалады. Материалдардың қоймадағы есебін тікелей осы адамдар жүргізеді. Материалдық құндылықтардың қоймалық есебі үшін әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін. Бірінші әдіс – сандықөсомалық есеп әдісі. Осы әдіс негізінен қорлар номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорында жүргізіледі.Екінші әдіс – сальдолық (жедел-бухгалтерлік) әдіс. Материалдық құндылықтардың есебін қойма меңгерішісі жүргізеді.Үшінші әдіс – материалдық есеп берулер әдісі.

Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері

Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі

2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі

3. ФИФО әдісі

Арнайы сәкестірілген есептеу әдісі. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен-бірін алмастыруға болмайтын к/о-да ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың және т.б.) нақтылы бір мат-дық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе к/о-ның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған мат-дың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі.Орташа өзіндік құнды есептеу әдісі бойыеша к/о-ға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандығы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болған жағдайда жүргізіледі.Мат-дық қорлар тобының орташа өзіндік құны ұйымның мат-дың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған мат-дар құнының жиынтығы мат-дың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті мат-дың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

ФИФО әдісі. ФИФО есептен шығарылған мат-дық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша мат-дық ьқорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны алғашқы болып, яғни кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған мат-дар ібрінен соң бірі кіріске алынғандығы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында к/о-ның қоймасында қалған мат-дың өзіндік құны соңғы кіріске алынған мат-дың бағасымен бағаланады.

Мат-дық қорларды ФИФО әдістерімен бағалау барысында мат-дың талдамалық есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен мат-ды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.Мат-дар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар мат-дар өздерінің топтамалық есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер мат-дық қорлардың талдамалық есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады. Бұл бағаны к/о-ның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасмалдау шығындарын ескере отырып есептен шығарады. Жалпы мат-дық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.

18 тақырып. Материалдық қорлардың бух-иядағы есебі. Қоймадан тізілім бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала жинақталғаннан кейін таксалауға беріледі. Таксалаудан кейін құжат деректер кәсіпорында белгіленген есептік топтар бойынша (орман материалдары,темір және т.б.) топтастырылады. 1300 және 1330 (тауарлар) – бөлімшелердің шоттары бойынша тауарлы-материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша жүретін, материалдардың талдамалы есебінің жинақтаушы ведомоста әрбір топ бойынша сомалқ өлшеммен көрсетіледі: 1. Өткен айдағы ведомоста алынған ай басындағы қалдық;2.Құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша тауарлыөматериалдық құндылықтардың кірісі;3. Құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша тауарлы-материалдық құндылықтардың шіғісі;4. Есептеу жолымен анықталғанай соңындағы қалдық.