Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828 Кб
Скачать
☆

32 Тақырып. Негізгі өндіріс шығындарының есебі.

Негізгі өндіріс шығындарын есептеу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының 8 бөліміндегі 8100 негізгі өндіріс деп аталатын шот пайдаланылады. Бұл шотта әртүрлі мақсаттарға арналған өндіріске жұмсалған шығындар есептеледі. Жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау үшін 8110 шоты арналған. Оған мынадай талдамалық шоттар ашылады:

8111- материалдар

8112- өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы

8113- еңбекақыдан аударылатын аударымдар

8114- үстеме шығыстар

Өндіріс шығындарының есебі үшін, әр түрлі бағыттағы 8110 «негізгі өндіріс» шоты қолданылады.

«Негізгі өндіріс» активті шоты өндірістегі барлық шығындарды жинақтап, қорытуға арналған.

Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады: «Цехтар бойынша шығындар» ведомосы, онда 8110, 8210 және 8310 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады.

«Цехтар бойынша шығындар» ведомосына жазу үшін мыналар негіз болады:

  • «Материалдар шығындарын бөліп-тарату» кестесін әзірлеу, онда шикізат пен материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық босалқылары көрсетіледі; өндіріс персоналдарына төленген еңбекақы шығыстары; еңбекақыдан аударылатын аударымдар;

  • «Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі;

  • «Материалдық емес активтер амортизациясының есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті амортизациясының сомасы көрсетіледі;

  • «Көмекші өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу» кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі.

Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек.Өнім өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы жағынан да, экономикалық мазмұны жағынан да, өнім өндірісіндегі ролі мен өнімнің өзіндік құнына енгізілу тәсілі бойынша да біртекті емес. Сондықтан экономикалық теорияда шығындарды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады. Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоқ екенін ескеруі тиіс. Шығындардың негізгі классификациясы төмендегідей:

33 Тақырып. Көмекші өндіріс шығындарының есебі.

Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу әцехтар шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады. Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты ұшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарда, үстеме шығыстарды қосады. Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді. Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір – біріне қызмет көрсетеді: жөндеу – механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды. Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша есептелінеді.

Көмекші материалдар – тұрақты технологиялық проуестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны. Қайтарылатын қалдықтар – бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің қалдығы.

8310- көмекші өндіріс

8311- материалдар

8312-қызметкерлердің еңбекақысы

8313-еңбекақыдан ұсталынатын аударымдар

8314- үстеме шығындар