- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •2 Тақырып. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері.
- •3 Тақырып .Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6 Тақырып . Инввестиция есебі (қаржылық салымдар). Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік, олардың жіктелуі
- •7 Тақырып. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі.
- •8 Тақырып Несиелер мен займдар есебі.
- •9 Тақырып. Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктемесі.
- •10 Тақырып. Негізгі құралдар қозғалысының есебі(келіп түсуі, есептен шығарылуы ).
- •11 Тақырып. Нқ-ң амортизациясы мен тозуын есепке алу.
- •12 Тақырып. Нқ-ы жөндеудің және жаңғыртудын есебі.
- •13 Тақырып. Нқ-ң ағымдағы жал бойынша операциялардың есебі
- •14 Тақырып. Материалдық емес активтердің жіктелуі, бағалануы мен түрлері.
- •15 Тақырып. Меа –ның келіп түсуі мен есептен шығалылуы.
- •19 Тақырып. Материалдың өндірістегі жұмсалуын бақылау жасау әдістері.
- •20 Тақырып. Материалдық құндылықтарды сатып алу есебі, жектізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу.
- •21 Тақырып.Материалдардың қозғалысын есепке алу туралы құжаттама.
- •22 Тақырып. Материалдық құндылықтарды түгендеу.
- •24 Тақырып. Еңбекақы нысындары, түрлері мен жүйелері.
- •25 Тақырып. Мерзімді еңбекақы есебі мен рәсімделуі.
- •26 Тақырып. Кесімді еңбекақы мынадай жалақы жүйесіне бөлінеді:
- •27 Тақырып. Жалақыдан ұстап қалу және шегеру есебі.
- •28 Тақырып. Еңбекақы төлеу тәртібі.
- •30 Тақырып. Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары.
- •31 Тақырып. Өндіріс түрлері мен өндірістік шығындар есебі.
- •32 Тақырып. Негізгі өндіріс шығындарының есебі.
- •33 Тақырып. Көмекші өндіріс шығындарының есебі.
- •34 Тақырып. Жүкқұжат шығындардың есебі
- •35 Тақырып. Калькуляциялау ұғымы және оның маңызы.
- •36 Тақырып. Өндіріс шығындары мен өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері (нормативтік, тапсырыстық, процестік, қарапайым).
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың тапсырыстық әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың бөлістік әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың қарапайым әдісі
- •Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері Шығындар есебінің әдісі бойынша «Стандарт-кост» жүйесі
- •«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі
- •37 Тақырып. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау.
- •38 Тақырып. Дайын өнім қозғалысын жөнелту мен сатуды құжаттау.
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •40 Тақырып. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.
- •41 Тақырып. Ддайын өнімді түгендеу және оның нәтижесін есепте көрсету.
- •42 Тақырып. Қаржылық нәтижелерді қалыптастыру тәртібі.
- •43 Тақырып. Меншікті капитал есебі.
- •44 Тақырып. Төленбеген капитал есебі. .
- •45 Тақырып. Резервтік капитал есебі
- •46 Тақырып. Нарықтық экономика қатынастарындағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттары, құжатты рәсімделуі..
- •47 Тақырып. Экспорт және импорт операцияларының есебі.
- •48 Тақырып. Толлингтік операциялар есебі.
- •49 Тақырып. Есеп саясатының ұғымы және құрылуы.
- •50 Тақырып. Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау.
- •51 Тақырып. Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы.
- •52 Тақырып. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.
- •53 Тақырып. Бухгалтерлік балансты құру бойынша дайындық жұмыстарды жүргізу (түгендеу).
- •54 Тақырып. Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есепті міндеттері.
- •55 Тақырып. А/ш-қ өнімдерінің жіктелуі, биологиялық активтер.
- •56 Тақырып. Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар.
- •57 Тақырып. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •58 Тақырып. Турөнімінің бағасының қалыптасу саясаты.
- •59 Тақырып. Автокөліктік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •60 Тақырып. Автокөлік ұйымындағы негізгі құралдар, материалдық құндылықтар есебі.
- •61 Тақырып. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастыру ерекшелігі, сауда ұйымының түрлері.
- •62 Тақырып. Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •63 Тақырып. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері.
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •64 Тақырып. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы.
- •65 Тақырып. Құрылыстың шаруашылық және мердігерлік әдістері.
- •66 Тақырып. Құрылыстағы есептің мақсаттары.Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемінің есебі және құжатты рәсімделуі.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері Шығындар есебінің әдісі бойынша «Стандарт-кост» жүйесі
Кәсіпорынның басқарушы есебі, есептің бір бөлігі ретінде, жіктеумен, жазумен, таратумен, талдап қорытумен, ағымдағы және жорамалданған шығындар бойынша есеп берумен байланысты жүргізіледі. Басқарушы есебі салаға, сала ішіндегі салаға, қызмет түрлеріне, кәсіпорынға лайықтап шығындарды есепке алудың және өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын есептеп шығарудың жүйелі әдістерін талдап енгізуді көздейді. Мұнда цехтар, функционалдық бөлімшелер, жауапты адамдар, қызмет түрлері, бұйымдар, кезеңдер және басқа да көрсеткіштер бойынша шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын алдын ала есептеп шығару жүзеге асырылады. Басқарушы есеп келесі кезеңдерге өнімнің өзіндік құнын, стандарттық немесе өзі қалайтын өзіндік құнды болжайды, түрлі кезеңдер ішіндегі элементтер мен баптар бойынша өзіндік құнды салыстыруды жүзеге асырыда және түрлі жағдайлардағы өнімнің өзіндік құн бойынша бар нұсқаларға талдау жасап, кәсіпорынды басқару органдарына өзіндік құн туралы деректер береді, бұл деректер осы органдар үшін ағымдық және болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады.
Кәсіпорынды басқарудың екі нұсқасын кездестіруге болады.
Бірінші нұсқада тек есептік функция орындалады: жауапкершілік орталығы бойынша өндіріске кеткен шығындардың есебін жүзеге асырады және өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялайды.
Ал екінші нұсқада таза есептік функциямен қатар өндіріске кеткен шығындардың сметасын жасауды, сондай-ақ, норматив пен норманы әзірлеуді жүзеге асырады, яғни кәсіпорынның барлық нормативтік шаруашылығын жүргізіп, жасалған шығындарды талдап, оларды стандартпен салыстырып, өнімнің өзіндік құнын болжайды. Бухгалтерия жұмысын осылайша ұйымдастыру кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Шетел кәсіпорындарында тап осындай өте жиі кездеседі және ол басқарушы есеп деп аталады.
Стандарт – кост жүйесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алу.
«Стандарт» - өндіріске аса қажетті машина және еңбек шығынындағы өнім бірліктерінің саны немесе өнім (жұмыс, қызмет) бірлігінің өндірісіне бұрын есептелген машина және еңбек шығыны.
«Кост» - бұл өнімнің бір бірлігін әзірлеуге кететін өндірістік шығынның ақшалай көрінісі.
Америкалық әдебиеттерде «стандарт-кост» ұғымы өндірістің тікелей ұйымдарын реттеуге бағытталған бақылау аспабы ретінде баянадалады.
«Стандарт-кост» жүйесінің артықшылығы - өндіріс пен бұйымды өткізудің болжалды шығыны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, өнім бірлігінің өзіндік құнын бұрын есептеу негізінде бағаны белгілейді, нормативтен ауытқуларды және оның әрбір басқару деңгейіндегі пайда болу себептерін бөліп көрсету арқылы кіріс пен шығыс турады есеп беруді жасайды.
Ауытқу – нақты және нормативті (жоспарлы) шығындардың арасындағы айырмашылық. Болжалды шығындар форманың ішінде есептелген стандарттар (нормалар және нормативтер) негізінже анықталады.
Жоспарлау және есеп объектісі өндірістің заттай негізін құрайтын өнім жатады.
Барлық стандарттар жиынтығы үш топқа бөлінеді:
І Баға деңгейінің есебіне қабылданғанға байланысты:
идеалды - әлдеқайда қолайлы (жайлы) баға мен материал, қызмет көрсетудің тарифі, еңбекақы мөлшерлемедері және үсьеме шығындардың сметалық мөлшерлемелері;
қалыпты – экономикалық кезең ішінде орташа бойынша болады;
ағымдық – нақты есептік кезеңдегі болжалды әрі қолданыстағы баға негізінде есеп айырысу;
базистік – жылдың басында белгіленеді және жыл бойы өзгеріссіз қалады (негізінде баға индексін есептеуде қолданылады).
ІІ Қуаттылықты пайдалану деңгейіне қарай:
теориялық – кәсіпорын оны жақсы немесе идеалды орындауымен қол жеткізгені. Олар қуаттылықты толық пайдалануға, нормативті көлемге, демалыс уақытына (тақау, жұмыссыз бос тұру, бүліну уақыт шығындарды қарастырылмайды) негізделген кәсіпорынның мақсаттары болып табылады;
өткендегі орташа орындау – статистикалық деректермен есептеледі және ақау, жұмыссыз бос тұру, бұліну, яғни өткен кезеңдегі барлық кемшіліктер есепке алынады;
қалыпты орындау – алдағы кезеңдегі норма кернеуінің болжалдық орташа деңгейінде қарасытарды;
ІІІ Өнім шығару көлеміне қарай:
теориялық – кәсіпорынның теориялық қуаттылығы алдын ала анықталып қойылған. Оларға қол жеткізу мүмкін емес немесе бір жолға тәртіппен қол жеткізуге болады;
практикалық – кәсіпорын жақсы орындаумен қол жеткізеді, нақты қол жеткен шығарылым деңгейіне негізделеді және болмай қоймайтын шығындарды жібереді;
қалыпты – кезең ішінде өндірістің жоғары және төменгі көлемнің орташа шамасында өнім шығарылымының қол жеткізген деңгейінде есептеледі;
болжалды - өнім шығарылымының болжалды көлеміндегі өндірістің нақты шарты негізінде есептеледі.
Бұл сипаттамалар мынаны көрсетеді: америкалық фирмаларда шығын баптары бойынша стандарттарды белгілеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Алайда қабылданған стандарттың жаңа тәсілдемесінде өндіріс басталғанға дейінгі стандартты өзіндік құн картасында бухгалтерияда қорытылады. Картон бұйым, тапсырыс бойынша бұл бұйым, тапсырыстарды дайындауға қатысатын өндіріс бөлімшелері бойынша жасалады.
«Стандарт-кост» жүйесі – тікелей шығындарды басқару құралы. Бұл жүйенің бірнеше нұсқаларын пайдаланады:
1-ші нұсқа. Шығындар 8110 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне жиналады және стандартты құн бойынша бағаланады, ал аяқталмаған өндіріс – стандартты құн бойынша бағаланады.
2-ші нұсқа. 8110 «Негізгі өндіріс» шот дебетінде қорытындыланған шығындар нақты құн бойынша бағаланады, ал 8110 «Негізгі өндіріс» шот кредиті есептен шығарылады. Дайын өнім стандартты құн бойынша бағаланады. Аяқталмаған өндіріс нақты шығынның ана немесе мына жаққа ауытқуы қоса ескерілетін стандарттық құн бойынша бағаланады.
Стандарт – кост жүйесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алудың әдісі есептің басқа жүйесінен дербес, оқшаланған болып табылмайды. Шынында ол өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын шығару әдістерімен ұштастыруды табуды көздейді. Негізінен, алғанда, стандарт – кост жүйесі машина жасау кәсіпорындарында қолдау үшін әзірленген. Бұл әдісті басқа салаларда да пайдалануға болады. одан басқа, стандарт – кост өнімді сатудың, негізгі құралдың жөндеуіне кеткен шығынның, күрделі құрылыстың материалдық ресурстарды дайындаудың есебін ұйымдастыру кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Қаржылық және өндірістік есебін салыстыру кестесін келтіріп көруге болады:
Салыстыру аясы |
Қаржылық есебі |
Басқару есебі |
1 |
2 |
3 |
Ақпаратты пайдаланатын негізгі тұтынушылар
Бухгалтерлік есеп жүйесінің түрлері
Таңдау еркіндігі
Пайдаланатын өлшемдері
Талдаудың негізгі обеъктісі
Есеп беру жиілігі
Сенімділік дәрежесі
|
Шаруашылықтан тыс ұйымдармен жеке тұлғалар
Екі жақты жазба жүйесі
Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған белгілерін мінбетті түрде басшылыққа алу
Шаруашылық жағдайының фактісі пайда болған тұсында әрекет етіп тұрған ақша бірлігінің бағамы бойынша
Шаруашылық бірлігі тұтас алынады
Тұрақты негізде, кезеңдігі бойынша
Объектілігі талап етіледі: кезеңдігі бойынша өткен жағдайлар мен фактілерді сипаттайды |
Фирма ішіндегі әртүрлі деңгейдегі басқарушы тұлғалар
Екі жақтың жазба жүйесімен шектелмейді, яғни нәтиже беретін кез келген жүйесі пайдаланады
Нормалар мен шектеулер жоқ: бірден-бір өлшем – жарамдылығы
Кез келген лайықты ақшалай немесе натуралды өлшемі: адам-сағаты, машина мағаты және т.б. Егер доллардың іс-жүзіндегі немесе болашақтағы құны пайдалану мүмкін.
Шаруашылық бірлігінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелері
Қажет болған жағдайда, тұрақты есем негізе жасалуы да мүмкін
Жоспарлау мақсатына тікелей байланысты болып келеді; бірақ қажет кезде дәл деректерде пайдаланады; табиғаты жағынан футуристік болып келеді
|
Стандарт – кост жүйесінің негізгі ерекшілігі сынандай: өндіріске жұмсалатын барлық шығындар өндірісте жұмсалмай тұрып есептелінеді. Шығындар стандартын есептеу үшін натуралдық және құндық көрсеткіштер пайдаланылады. Одан басқа, арнайы шоттарды қолдана отырып, нақты жұмсалған шығындар мен стандарттық өзіндік құнның арасындағы айырманы көрсетеді. Стандарт-кост жүйесі шығындарды нормалауға болатын стандарттар нормаларын әзірлеуді, бұйымдардың стандарттық калькуляциясын жасауды және стандарттардан ауытқуларды бөліп көрсетуді, өндірістегі іс жүзіндегі шығындарды есепке алуды көздейді. Стандарт-кост жүйесі өндіріс шығындарын жедел бақылап отырудың басты құралы болып табылады.
Шетел фирмаларының тәжірибесі көрсенткендей, олардың басым көпшілігі стандарт-кост жүйесін толық көлемінде пайдаланбайды: олар аяқталмаған өндірістің қалдығын бағалау үшін пайдаланбайды, бухгалтерлік есеп жүйесінде стандарттық құны бойынша калькуляция баптары (материалдар, жалақы және т.б.) калькуляциянбайды. Көптеген фирмалар шығындар стандарттары мен стандарттық калькуляцияны шығарылған өнімнің негізгі номкенклатурасы үшін ғана әзірлейді. Соның өзінде, бұл стандарттар көбіне тек натуралдық өлшемдермен ғана белгіленеді.
Стандарт-кост жүйесінің жұмыс істеуі негізіне фирманың өзі белгіленген және өндіріс процесі барысында өзгеріп отыратын стандарттар (нормалар мен нормативтер) топтамасы жатады. Барлық стандартты үш топқа бөлуге болады:
-теориялық стандарттар – бұл кез келген фирманың ұмтылыс жасайтын идеалы немесе жетілдірілген стандарттар;
-ағымдық стандарттар – стандарт белгіленген мерзіміне өндіріс шығындарының мөлгшерін көрсететін стандарттар;
-базистік стандарттар - өндіріс процесінде болған өзгерістерге дейін жылдан жылға өзгермейтін стандарттар.
Материалдарға, энергия тарифтеріне, қызметтерге жасалған баға өзгерістері базистік стандартты өзгертпейді, ол тек қана стандарттық өзіндік құнмен нақты құнның арасындағы ауытқуды анықтайды.
Шығыстар жатқызалатын баптар бойынша фирманың келесі қызметі олардың стандартын әзірлейді: технологиялық қызметі материалдардың барлық түрлері бойынша стандартын белгілейді; жабдықтау қызметі – қызметтердің, жұмыстардың, материалдардың барлық түрлері бойынша стандарттық бағасын; өндірістік-өндірістік операциялар бойынша өнімділік стандартын; қызметкерлер категориясы бойынша еңбек ақының бағасын қоюды және сағаттық мөлшерлемені жасайды. Осындай жолмен әзірленген жеке-дара стандарттар өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының карталарын жасауға және оларды шолып талдауға септігін тигізеді.
Стандарт-кост жүйесі қолданатын жекелеген фирманың шеңберіңде өнімнің өзіндік құнын жоспарлаумен тығыз байланыстарылады, өйткені ол өндіріс барсындағы шығындарға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жүйенің мәні: тікелей (өзгермелі) шығындар дайын өнім түрлері бойынша қорытындылайды, ал жанама (тұрақты) шығындар жеке шоттар жинайды және ол қай есептік кезеңде пайда болды, сол есептік кезеңдегі жалпы қаржылық нәтижеге есептен шығарады.
