Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828 Кб
Скачать
☆

21 Тақырып.Материалдардың қозғалысын есепке алу туралы құжаттама.

Материалдық қорлардың қозғалысы есептеу алу бойынша типтік құжаттар әзірленген. Оларды уақытылы жазып, дұрыс ресімдеу уйлесімді ұйымдастыру есеп пен осы қорлардық сақталуы, әрі дұрыс пайдалануына бақылау жасау мүмкіндік береді. Субъектінің бас бухгалтері дұрыс құжат айналымын, типтік құжаттардың қолданылуына, әзірлеуін ұйымдастырып, олардың жасалу, тексері және қабылдау кестесін барлық орындаушыларға жеткізуге міндетті. Материалдық қорлардың қозғалысына байланысты барлық операциалар құжаттармен рәсімделеді.Материалдық құндылықтар кәсіпорындағы, әдетте, жеткізу шарты бойынша келіп түседі. Онда жеткізілімінің саны, сомасы, ассортименті, жиынтықтылығы, сапасы, есептеулер мен жеткізу шарты бұзғаны үшін қарастырылған санкциялардың сомасы белгіленеді.Келіп түсетін материалдық құндылықтардың есептік құжаттары (шот-фактура, төлем талап-тапсырмасы, тауар-көлік жүк құжаттары) жабдықтау бөліміне жіберіледі. Жабдықтау бөлімінің қызметкерлері: 1. Осы құжаттардың деректерін ассортиментке, материалдық құндылықтардың санына, бағаға, тиеп-жөнелту мерзімдеріне қатысты жеткізу шартына сәйкестигін тексеру; 2. Жеткізушінің есеп айрысу құжаттарын төлеуге келісім беруге немесе оларды төлеуден бас тартуға; 3. Есеп айрысу құжаттарын келіп түсетін жүктерді есепке алудың №1 нысанындағы журналға тіркеуге; 4. Есеп айрысуға құжаттардың бухгалтериаға табыс етуге және материалды алу және сақталатын жеріне дейін жеткізу туралы өкілеттілігі бар лауазымды тұлғаларға өкім беруге міндетті.

22 Тақырып. Материалдық құндылықтарды түгендеу.

Түгендеу‑бұл меншіктің сақталуын, материалдық құндылықтардың сапалы күйін , олардың қоймалық және буглтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін бақылау әдістерінің бірі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыс режиміне қарамастан барлық шаруашылық субъектілері жүргізеді. Құралдардың жағдайын жылдық есеп беруде (есепті жылдың 10 қазанынан кейін) объективті түрде көрсету үшін жылына кем дегенде бір рет жүргізеді. Бұған қоса, оны материялдық жауапты тұлға ауысқан кезде істі қабылдаған күн, құндылықтардың ұрлау, бүліну фактілері белгілі болғанда,өрт және табиғи апарттардан кейін жүргізіледі. Түгендеудің негізгі мақсаты – тауарлық – материалдық құндылықтардың нақты қолда барын натуралды (нақты) және құндықөлшемдермен айқындау. Түгендеу процесінде:тауарлы материялдық құедылықтардың сақталуын; олардың сақталуының, босатылуының, салмақ және өлшем құрал‑саймандарының жағдайының дұрыстығы; тауарлы‑материялдық құндылықтардың насақталуын; олардың сақталының, босатылуының, салмақ және өлшем құрал‑саймандарының жағдайының дұрстығы; тауарлы‑материалдық қорлардың қозғалысы есебін жүргізудің тәртібі тексеріледі.Түгендеу тексерудің көлеміне қарай жалпылама және талдамалы, уақытына қарай – уақылы және аяқасты болып бөлінеді. Кәсіпорынның басшысы, оның орынбасары немесе бас бухгалтері түгендеуді ұйымдастырады және оның жүргізілуіне басшылық жасайды. Басшының бұйрығымен тағайындалған өкілетті адамдардан тұратын комиссия түгендеу жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Тауарлы­‑материалдық құндылықтардың нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы:

1) тауарлы‑материалдық құндылықтар сақталатын қосалқы үй‑жайларды, жертөлелерді және жеке кіріп шығатын жері бар басқа да орындарды пломбалауға;

2) барлық салмақ өлшеу құралдарының дұрыстығын және оларды таңбалау мерзімдерін сақтауды тексеруге;

3) түгендеу сәтінде кіріс және шығыс құжаттарының инвентарлық тізілімінің немесе тауарлы‑материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы есептемелердің соңғыларын алуға;

4) түгендеу басталған кезде барлық кіріс және шығыс құжаттарының бухгалтерияға тапсырылғандығын, келіп түскен барлық тауарлы‑материалдық құндылықтар кіріске алынғандығын, ал шығарылғандары шығысқа есепке шығарылғандығын растайтын қолхатты материалдық жауапты тұлғадан алуға міндетті.

Түгендеуі жүргізу сәтінде бухгалтерияда “Қоймалар, учаскілер бойынша тауарлы‑материалдық құндылықтардың инвентарлық тізілімі’’ (ИНВ.№3 нысаны) жасалады. Түгендеуі комиссияның тек толық құрамы мен материядық‑жауапты адамның қатысуымен жүргізіледі. Материалдардың бар‑жоғы міндетті түрде салмақ өлшеу және шамалау жолдарымен анықталады. Фабрикалық қаптамада тұрған құндылықтардың саны құжаттар бойынша міндетті түрде тексерумен анықталады.

Тауарлы‑материалдықтар құндылықтардың артықшылығы мен кемшілігінің құнын бағалаумен бірге есептік тіркелімдерде келтіреді. Тауарлы‑материалдық құндылықтардың бүліну себептері, пайдаланылмайтын және жарамсыздарының қалыптасуының себептері келтіріледі, оған кінәлі адамдар көрсетіледі, сондай‑ақ қортынды жасалып, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар жасалады.

23 тақырып. Ұйымдардағы еңбек және төлемақы есебінің мақсаттары.Еңбек пен еңбекақы есебі. Адам құрамының есебі.

Еңбек және еңбекақы. Жаңадан жұмысқа алынған қызметкерге, жұмысқа алушы мен қызметкер арасында еңбек келісімшарты жасалуы тиіс.

Еңбек келісімшарты дегеніміз жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жазбаша жұмыс орны, келісімшарттың мерзімі, еңбек мерзімі, еңбек режимі, тәртібі, демалысы, еңбекақысы 2 жақтың материалдық жауапкершілігі, басқа да жұмыскерді әлеуметтік тұрмыстық қамтамасыздандыру сұрақтары бойынша келісім.

16 жасқа толған әрбір азамат еңбек шартына отыруға құқылы. Ал 15 жасқа толған тұлға жұмысқа ата анасының рұқсатымен жұмысқа қабылданады.

Еңбек шарты жасалғаннан соң жұмысқа қабылданғаны жайлы жұмыс беруші бұйрық шығаруға тиіс. Кадрлар бөліі жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрық негізінде жеке карточка толтырып еңбек кітапшасына жұмысқа қабылданғаны туралы белгі жасайды.

Еңбек шартынан басқа жұмысқа алушы қызметкермен азаматтың құқықтық келісім шартқа отыруға құқылы. Ондай келісім шарт арнай тапсырмаларды орындау үшін жасалады.

Қызметкер мен жұмыс беруші арасында еңбек және әлеуметтік қатынас ұйымдық шарт бойынша реттеледі.

ЖЫл сайынғы және басқа да еңбек туралы заңға, ережелер мен заң актісіне ұйымдық шарт пен демалыс графигіне сәйкес қызметкерге берілетін демалыс туралы бұйрық шығарады. Оны мамандар бөлімі 2 дана етіп толтырады: 1 –сі мамандар бөлімінде қалып, 2 – сі бухгалтерияға өткізіледі. Бұйрыққа кәсіпорын басщысы қол қояды. Бұйрық негізінде мамандар бөлімі қызметкерге демалыс берілгендігі туралы оның жеке карточкасына белгі жасайды.

Қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда да бұйрық 2 дана етіп жасалады. Оның 1-сі мамандар бөлімінде, 2 – сі бухгалтерияға өткізіледі. Осы бұйрық негізінде бухгалтерия бөлімі қызметкермен 3 күннің есеп айырысуға міндетті.