- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •2 Тақырып. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері.
- •3 Тақырып .Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6 Тақырып . Инввестиция есебі (қаржылық салымдар). Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік, олардың жіктелуі
- •7 Тақырып. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі.
- •8 Тақырып Несиелер мен займдар есебі.
- •9 Тақырып. Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктемесі.
- •10 Тақырып. Негізгі құралдар қозғалысының есебі(келіп түсуі, есептен шығарылуы ).
- •11 Тақырып. Нқ-ң амортизациясы мен тозуын есепке алу.
- •12 Тақырып. Нқ-ы жөндеудің және жаңғыртудын есебі.
- •13 Тақырып. Нқ-ң ағымдағы жал бойынша операциялардың есебі
- •14 Тақырып. Материалдық емес активтердің жіктелуі, бағалануы мен түрлері.
- •15 Тақырып. Меа –ның келіп түсуі мен есептен шығалылуы.
- •19 Тақырып. Материалдың өндірістегі жұмсалуын бақылау жасау әдістері.
- •20 Тақырып. Материалдық құндылықтарды сатып алу есебі, жектізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу.
- •21 Тақырып.Материалдардың қозғалысын есепке алу туралы құжаттама.
- •22 Тақырып. Материалдық құндылықтарды түгендеу.
- •24 Тақырып. Еңбекақы нысындары, түрлері мен жүйелері.
- •25 Тақырып. Мерзімді еңбекақы есебі мен рәсімделуі.
- •26 Тақырып. Кесімді еңбекақы мынадай жалақы жүйесіне бөлінеді:
- •27 Тақырып. Жалақыдан ұстап қалу және шегеру есебі.
- •28 Тақырып. Еңбекақы төлеу тәртібі.
- •30 Тақырып. Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары.
- •31 Тақырып. Өндіріс түрлері мен өндірістік шығындар есебі.
- •32 Тақырып. Негізгі өндіріс шығындарының есебі.
- •33 Тақырып. Көмекші өндіріс шығындарының есебі.
- •34 Тақырып. Жүкқұжат шығындардың есебі
- •35 Тақырып. Калькуляциялау ұғымы және оның маңызы.
- •36 Тақырып. Өндіріс шығындары мен өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері (нормативтік, тапсырыстық, процестік, қарапайым).
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың тапсырыстық әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың бөлістік әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың қарапайым әдісі
- •Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері Шығындар есебінің әдісі бойынша «Стандарт-кост» жүйесі
- •«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі
- •37 Тақырып. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау.
- •38 Тақырып. Дайын өнім қозғалысын жөнелту мен сатуды құжаттау.
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •40 Тақырып. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.
- •41 Тақырып. Ддайын өнімді түгендеу және оның нәтижесін есепте көрсету.
- •42 Тақырып. Қаржылық нәтижелерді қалыптастыру тәртібі.
- •43 Тақырып. Меншікті капитал есебі.
- •44 Тақырып. Төленбеген капитал есебі. .
- •45 Тақырып. Резервтік капитал есебі
- •46 Тақырып. Нарықтық экономика қатынастарындағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттары, құжатты рәсімделуі..
- •47 Тақырып. Экспорт және импорт операцияларының есебі.
- •48 Тақырып. Толлингтік операциялар есебі.
- •49 Тақырып. Есеп саясатының ұғымы және құрылуы.
- •50 Тақырып. Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау.
- •51 Тақырып. Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы.
- •52 Тақырып. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.
- •53 Тақырып. Бухгалтерлік балансты құру бойынша дайындық жұмыстарды жүргізу (түгендеу).
- •54 Тақырып. Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есепті міндеттері.
- •55 Тақырып. А/ш-қ өнімдерінің жіктелуі, биологиялық активтер.
- •56 Тақырып. Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар.
- •57 Тақырып. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •58 Тақырып. Турөнімінің бағасының қалыптасу саясаты.
- •59 Тақырып. Автокөліктік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •60 Тақырып. Автокөлік ұйымындағы негізгі құралдар, материалдық құндылықтар есебі.
- •61 Тақырып. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастыру ерекшелігі, сауда ұйымының түрлері.
- •62 Тақырып. Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •63 Тақырып. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері.
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •64 Тақырып. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы.
- •65 Тақырып. Құрылыстың шаруашылық және мердігерлік әдістері.
- •66 Тақырып. Құрылыстағы есептің мақсаттары.Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемінің есебі және құжатты рәсімделуі.
53 Тақырып. Бухгалтерлік балансты құру бойынша дайындық жұмыстарды жүргізу (түгендеу).
Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңға, «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті.
Есептік кезеңдегі түгендеу санын, оның жүргізілетін күнін, оның әрбіреуін көрсететін мүлік тізбесін субъект белгілейді.
Аяқталмаған құрылысты түгендеу барысында оның бар – жоқтығын және заттай көлемі тексеріледі, сонымен бірге оның құрамына құрал – сайман, құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтау; құрылыс – монтаж жұмыстарының құрамында – жоспарсыз жұмыстың бар – жоғы анықталуы керек; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды.
Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын, оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді.
Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен бланктерді полистік қайта есептеумен түгендеуді. Түгендеу нәтижесін жеке «Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен» рәсімдейді. Кассаны түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек. Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есеп беруге кірді және кассада кірістелінбеген, есептен шығарылмаған сома қалған жоқ деген қолхат алынады.
Инвистицияны түгендеу құнды қағаздарға жұмсалған шығынды растайтын құжаттар, олардың дұрыс ресімделуі, құнды қағаз балансында ескерілген құнның нақтылығы, уақыттылығы және құнды қағаз бойынша алынған табыстардың бухгалтерлік есепте толық көрініс табуы тексеріледі.
Материалдық емес активтерді түгендеуде олардың есепте дұрыс әрі уақытылы көрініс табуы, субъектінің оны пайдалану құқын растайтын (патент, лицензия, тауарлық ьаңба және т.б.) құжаттардың қолда бар болуы тексеріледі. Материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру Актілерінің қолда бар болуы (бар – жоғы) және уақытылы жасалынуы, олардың бастапқы құны, амортизациялық аударымның анықталуы мен есептелуі және басқа да аса қажетті деректер тексеріледі.
Консолидацияланған қаржылық есеп беру.
Есепті кезең біткен соң шаруашылық жүргізуші субьектісі қаржылық есеп беруді жасайды. Шаруашылық жүргізуші субьекттің құрамында ҚР-ң аймағында және одан тысқары жерлерде тұратын еншілес серіктестері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолидацияланған қаржылық есеп беруді жасайды, яғни бірнеше заңды тұлғаның есеп беруін біріктіреді.
Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беруі. Заңды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін егер де сол сатып алынған акциясы 50 % -дан астам болса, онда инвестицияланған обьектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда кәсіпорын негізгі заңды тұлға болып табылады, ол бақыланатын кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп аталады. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес кәсіпорында бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консалидацияланған қаржылық есеп беруді жасайды.
Консолидацияланған қаржылық есеп беру құрамына консолидацияланған бухгалтерлік балансы, консолидацияланған қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктемесі жазбасы береді. № 13 БЕС сәйкес «Консолидацияланған есеп беру және еншілес серіктестікті инвестициялық есебі» жүзеге асырады.
Ауыл шарушылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері.
