Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828 Кб
Скачать
☆

34 Тақырып. Жүкқұжат шығындардың есебі

Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету және негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) түрлеріне (бірлік), өндірістік процеске, сату көлеміне, сатып алатын топқа жатқызуға болмайды. Бір сөзбен айтқанда, үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Үстеме шығындар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады кешенді сипаттағы шығыстар құрамында шығынның барлық экономикалық элементтері көрсетледі: екі және одан да көп бұйымдар шығаруда, бұл шығыстарды тікелей бұйымдарға апару мүмкін емес, сондықтан олар бір жағынан дайын өнімдердің және аяқталмаған өндірістердің арасында таратылады, екінші жағынан бұйымдардың арасында жанама тәртіппен таратылады.

Үстме шығындар есебі 8400 тобы бойынша жүкқұажат шоттарында есептеледі:

8410- жүкқұжат

8411- материалдар

8412-еңбекақы

8413-еңбекақыдан аударылатын аударымдар

8414- негізгі құралдарды жөндеу

8415-негізгі құралдардың тозуы

8416-коммуналдық шығындар

8417- жалдау ақысы

8418-басқа да шығындар

Өндірістегі ақаулардың есебі.

Өндірістегі ақауларға – өзінің сапасы бойынша белгіленген стандарттарға немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей бағыты бойынша пайдаланылмайтын не болмаса, ондағы бар ақауларды қалпына келтіру үшін қосымша шығындар жұмсағаннан кейін ғана қолдануға болатын өнімдер жатады.

Ақау байқалған орнына байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Өнімдерді тұтынушыларға (тапсырыс берушілердің жұмысын тапсырғанға дейін) жеткізгенге дейінгі өндірістің кез-келген бөлімшесінде анықталған ақау ішкі ақау деп аталады. Ал, сыртқы ақау тұтынушылардың тапқан атауы.

Ақаудың анықталу сипатына байланысты түзетілетін және түзетілмейтін болып бөлінеді. Түзетілетін ақауға жөндегеннен кейін техникалық және экономикалық мақсатқа лайықты болатын және өзінің тікелей бағыты бойынша пайдаланылуы мүмкін болатын бөлшектер, жалғауыштар, бұйымдар және жұмыстар жатады.

Түзетілмейтін ақауларға техникалық және экономикалық мақсатқа лайықты түзету мүмкін болмайтын, өзінің тікелей бағыты бойынша пайдаланылуы мүмкін емес бөлшектер, шалафабрикаттар, бұйымдар және жұмыстар жатады.

Өндірістегі ақаулар, ақау пайда болған өнімдердің аты, оның техникалық нөмірі, операцияның аты және нөмірі, ақау түрінің коды және ақауға кінәлінің себептері жазылған, ақау жөніндегі актіде көрсетіледі.

Ішкі ақаудан болған шығындар ақау анықталған айдағы өндіріс шығындарында, ал сыртқы ақаудан болған шығындар ақаулы өнімді сатып алушылардан келіп түскен талапты қабылдаған айдағы өндіріс шығындарында көрсетіледі

Өнімдердің өзіндік құнын есептеу.

35 Тақырып. Калькуляциялау ұғымы және оның маңызы.

Өнімнің өзіндік құны – бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.

Калькуляциялау дегеніміз - өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.

Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады. Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы кәсіпорындарда қандай да бір әдісті қолдану өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкес белгіленеді.

Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі) болып екіге бөлінеді.

Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативтік калькуляция жатады.

Жоспарлы калькуляция - өнімге (жұмысқа, қызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістің технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.

Сметалық (болжамдық) калькуляция – бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.

Нормативтік калькуляция - ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және кәсіпорынның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын қолданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады.

Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға қарағанда дәлділігі анағұрлым жоғарылау болып келеді.

Кейінгі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады.

Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы) және шамаланған калькуляция жатады.

Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты себептері бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.

Калькуляцияның бұл түрі нақты шығындар туралы есептік мәліметтің негізінде дайындалады.

Шамаланған калькуляция нақты шығындар және тоғызайдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады.

Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін алдын ала бағалау үшін пайдаланылады.

Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын және шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен ролъ атқарады.

Шығын есебінің объектісі – кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы объект. Өнеркәсіптерде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісі бір-біріне дәл келеді. Мысалы, тігін өндірісінде шығын есебінің объектісі мен калькуляиялау объектісіне бұйым (сырт және іш киімдер) жатады.

Калькуляциялау объектісі – кәсіпорын калькуляциялайтын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері. Мысалға, ауыл шаруашылығында есеп және калькуляциялау объектілері бір-біріне дәл келмейді (мал шаруашылығы: шығын есебінің объектісі – ірі қара мал, ал калькуляциялану объектісі – сүт, төл, көң).