Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Гигиена-каз_.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Еам бөлмелеріндегі температураның және ауа алмасуының нормативтері.

Бөлмелер

t

Еселігі

Табиғи желдету кезіндегі сорып әкету еселігі

Тазалығы бойынша бөлмелердің

санаттары

енуі

сорып әкетуі

Үлкендерге арналған палаталар

220

1 төсекке есепте-генде сағатына 80 м ³ кем емес қажетті желдету көлемін қамтамасыз етуі тиіс

2

Таза

туберкулезбен ауратын -"-

220

-«-«-

2

Лас

гипотиреозбен ауыратын -"-

224

-«-«-

2

Таза

тиреотоксикозбен ауыратын-"-

115

-«-«-

2

Таза

Операциядан кейінгі, реани-мация, операция жасайтын бөлмелер, күйік аурулары, әйелдер босанатын, босанғаннан кейінгі, наркоз беретін, қарқымды емдеу бөлмелері

222

Жобадағы есептеу бойынша, бірақ ауа алмасуы 10 еседен кем емес (бактери-цидтік фильтрлерде тазартылған ауа беріледі.).

Рұқсат етілмейді

өте таза,

таза

Шала туған, емшек еметін жастағы, жарақаттанған балаларға арналған палаталар

225

1 төсекке есепте-генде сағатына 80 м ³ кем емес қажетті желдету көлемін қамтамасыз етуі тиіс

Рұқсат етілмейді

өте таза

Жұқпалы аурулар бөлімшесінің палаталық секциялары

220

1 төсекке есептегенде, сағатына қажетті желдету көлемі

төмендегідей қамта-масыз етілуі тиіс

-

Лас

80м3

80м3

Бокстар, жартылай бокстар, фильтр-бокстар, бокс алдыңдағы бөлмелер

22

2,5

Дәлізге беріледі

2,5

2,5

Лас

Босану алдындағы фильтрлер, қарау-қабылдау, жара таңу, ем-шара.

22

2

2

2

Таза

Инсоляция үшін терезелері қолайсыз бағытталған жағына қосалқы бөлмелерді орналастырады.

Жарық жақсы түсуі үшін, палаталардың тереңдігі 6 м артық болмауы тиіс, ал тереңдігінің еніне қатынасы 2 –ден артық болмауы керек. (ені 2,9 м кем емес); палатаның биіктігі 3-3,2 м.

Палаталардағы және науқастар күндізгі уақытта болатын бөлмелердегі жарық коэффициенті 1:6-1:7, дәрігерлер кабинетінде және ем-шара бөлмелерінде - 1:5-1:6, операция жасайтын, әйелдер босанатын, жара таңатын бөлмелерде - 1:4-1:5 қатынастарындай болуы тиіс. Табиғи жарықталу коэффициенті (ТЖК) 1% кем болмауы керек.

10.3.-кесте

Емдеу-алдын алу мекемелері бөлмелерінің терезелері дүниенің бұрыштарына қарай бағытталуы.

Бөлмелер

Географиялық ендіктер

С. ендіктін 45º-наң оңтүстікке

қарай

С. ендіктін 45º-55º аралығында

С. ендіктін 55º-наң солтүстікке қарай

Операция жасайтын, реанимациия, өлікті сойып көретін, әйелдер босанатын

С, СШ, СБ

С, СШ, СБ

С, СШ, СБ, Ш

Туберкулезбен және жұқпалы аурулармен ауыратындардың палаталары

О, ОШ, Ш

СШ*, СБ*

О, ОШ, Ш

СШ*, СБ*

О, ОШ, ОБ

СШ*, СБ*

Қарқынды емдеу, 3 жасқа дейінгі балалар бөлімінің палаталары, балалар бөлі-міндегі ойнайтын бөлмелер

Батысқа бағыттауға, қарқынды емдеу палаталарын батысқа және оңтүстік батысқа қарай бағыттауға рұқсат етілмейді.

* Бөлімдегі жалпы төсек санының 10% аспайтын бөлігіне рұқсат етіледі.

Палатадағы жасанды жарық, біркелкі, жұмсақ, көзді шағылыстырмайтын, қолайсыздық туғызбайтын, сонымен қатар, медицина қызметкері өз жұмысын орындау үшін жеткілікті болуы керек. Ауруханаларды жарықтандырудың ең жақсы көздері, спектрі табиғи жарыққа жақын, люминесценттік шамдар. Олар, ауруларды қарау және кейбір ем-шараларды орындау кезінде өте маңызды түрлі түстердің берілуін бұзбайды, жылу бөлмейді, ауаның химиялық және иондық құрамын өзгертпейді. Жалпы жарық түсіретін шырақтарды бөлменің төбесіне орналастырады. Сонымен қатар, әр төсектің қасына, еденнен 1,7 м биіктікте қабырғаға ілетін қосымша шырақтарды пайдаланады. Палаталардағы жасанды жарық деңгейі, люминисценттік шамдарды қолданғанда-100 лк, дәрігерлер кабинетінде – 300 лк болуы тиіс (10.4.-кесте).

Палаталардың, дәрігерлер кабинеттерінің, холлдардың, вестибюльдердің, асханалардың және басқа да құрғақ режимді бөлмелердің қабырғаларын силикатты сырлармен сырлайды, төбесін әкпен немесе су-эмульсиялық сырлармен ақтайды. Нитросырларды қолдануға тыйым салынады.

10.4-кесте.