- •1. Аурудың алдын алу жөніндегі негізгі медициналық ғылым ретіндегі гигиена. Мақсаты, міндеттері, зерттейтін тақырыбы.
- •2. Гигиенаның басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның бөлімдері. Гигиеналық зерттеулердің әдістері.
- •3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және оның халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтудағы рөлі.
- •2. Гигиеналық білімдердің орта ғасырлардағы (б.Э.Д. VIxiVжж.) және феодализм мен өндірістік капитализмге өту кезеңіндегі (б.Э.Д. XV-XVIII жж.) дамуы.
- •5. Гигиенаның және санитарлық эпидемиологиялық қызметтің Қазақстан Республикасындағы дамуы.
- •5.1. Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы. Қазақстан аумағында бірінші дәрігерлердің пайда болуы.
- •5.2.Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру және оның соғысқа дейінгі кезеңде дамуы.
- •5.4. 1946-1991 Жылдардағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен гигиена ғылымы.
- •2. Нормалаудың бiрiншi кезектiлiгi .
- •1. Жалпы жағдайлар.
- •3. Нормалау қағидалары.
- •5. Жеделдетiлген нормалау .
- •6. Гигиеналық болжау.
- •1. Ауа ортасының гигиеналық маңызы.
- •3. Ауа ортасының физикалық факторлары және олардың гигиеналық маңызы.
- •3.1. Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы және олардың гигиеналық маңызы.
- •3.2. Барометрлік қысым және оның гигиеналық маңызы.
- •3.3. Ауа ортасының электрлік жағдайы және оның гигиеналық маңызы.
- •4. Күн радиациясы және оның гигиеналық маңызы.
- •4.1. Күн сәулесінің сипатттамасы. Жарық климаты.
- •4.2. Күн радиациясының адам ағзасына әсері.
- •5. Ауаның табиғи химиялық құрамы және оның гигиеналық маңызы.
- •6. Атмосфералық ауа ластануының гигиеналық маңызы.
- •7. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шаралар
- •8. Климат және ауа райы. Адам ағзасына әсері. Акклиматизация мәселелері.
- •Гигиенасы
- •1. Су көздерінің жалпы сипаттамасы.
- •Жер шары гидросферасының әр түрлі бөліктеріндегі судың көлемі мен су алмасудың белсенділігі
- •2. Судың адам ағзасы үшін және оның өмір сүруін қамтамасыз етудегі рөлі
- •Дәнекер тіні
- •Бүйректер
- •Тіс эмалі
- •3. Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде жер беті және жер асты сулардың ластануы.
- •Ластану деңгейіне байланысты су нысандарының гигиеналық жіктелуі (г.Н.Красовский бойынша)
- •4. Су сапасының адам денсаулығына әсері
- •5. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу
- •Мекендерді тазарту
- •1. Топырақ және топырақ түзуші факторлар.
- •2. Топырақтың гигиеналық маңызы
- •2.1. Топырақтың қасиеттері мен механикалық құрамының гигиеналық маңызы
- •2.2. Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы топырақтың ролі.
- •Топырақ арқылы берілетін жұқпалы аурулар мен инвазиялар
- •2.3. Топырақтың табиғи химиялық құрамының гигиеналық маңызы
- •2.4. Топырақтың химиялық заттармен ластануының гигиеналық маңызы.
- •2.5. Топырақтың өздігінен тазарту үрдістері және олардың қалдықтарды залалсыздандырудағы рөлі
- •3. Топырақтың ластану дәрежесін гигиеналық бағалау. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері.
- •Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері
- •Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіпсіздік көрсеткіштері
- •Топырақтағы бақылауға жататын ингредиенттер (ц.И. Бобовникова, с.Г. Малахов, э.П. Махонько бойынша)
- •4. Топырақты санитарлық қорғау
- •1. Урбанизацияның гигиеналық маңызы.
- •2. Қала құрылысы мен қалаларды сауықтырудың гигиеналық қағидалары. Елді мекендерді орналастыруға жер таңдау.
- •3. Қалалар мен ауылды елді мекендерді жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
- •3.1. Қаланы жоспарлау және салу.
- •1. Тұрғын үй құрылысына жер учаскесін таңдау. Тұрғын үй ғимараттарының түрлері.
- •2. Тұрғын үйлердің ішкі жоспарлануы
- •Аз метражды (а) және толық метражды (в) пәтерлер ауданының жоғарғы шегі
- •3. Тұрғын үйлердің ішкі ортасын ұйымдастыру
- •3.1. Микроклимат жағдайлары.
- •Тұрғын үй бөлмелеріндегі микроклиматтың қолайлы параметрлері
- •7.1. Сүрет. Тұрғын үй бөлмелері терезелерінің дүниенің төрт бұрышына қарай
- •Жабық бөлмелердегі ауаны ластаушы көздері және негізгі ластайтын заттар
- •Тұрғын үй ғимараттарындағы ауа алмасу нормативтері
- •Жабық бөлмелердегі ауа тазалығының көрсеткіштері
- •Табиғи және жасанды жарықпен жарықтандыру кезіндегі тұрғын және қоғамдық үйлердегі жарық деңгейінің нормативтері
- •VIII- тарау. Тамақтану гигиенасы
- •1. Рационалды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
- •2. Халықтың әр түрлі топтарына арналған тамақтық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормалары.
- •Жұмысқа қабілетті халықты (ер адамдарды) дене жұмысына белсенділік коэффицентіне байланысты топтарға бөлу
- •Үлкен адамдарға арналған тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормалары (бір күнге)
- •8.2. Кестенің жалғасы
- •8.2. Кестенің жалғасы
- •3. Тағамның құрам бөліктері. Тағамдық азықтардың тамақтық және биологиялық құндылығы түсінігі
- •4. Тамақтық заттардың биологиялық ролі. Қабылдау нормалары. Тамақтық заттардың көздері - азықтар.
- •Мұндағы: ақ-кез келген алмастырылмайтын амин қышқылы
- •Тағамдық азықтардың құрамындағы ақуыздары ( г/100г жеуге жарамды бөлігінде)
- •4.4. Минералды заттар.
- •Кейбір тағамдық азықтардағы микроэлементтердің мөлшері, мкг/100г
- •Микроэлементтерді қабылдаудың қауіпсіз деңгейі (тәулігі)
- •4.5. Дәрумендер.
- •Дәрумендер мен дәрумен тәрізді қосылыстардың жіктелуі
- •Кейбір тағамдық азықтардың құрамындағы с дәруменінің мөлшері
- •Тамақ өнімдері құрамындағы в1, в2, рр, в6, в12, және фолацинның мөлшері
- •5. Тамақтану режимі. Тоқтық сезімі және тағамның сіңімділігі.
- •6. Алиментарлық аурулар.
- •7. Азық-түліктердің тағамдық және биологиялық құндылығы. Адамда ауру дамуындағы ролі.
- •7.1. Ет және ет өнімдері.
- •7.5. Дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастар.
- •Шығымына байланысты ұндардың шығымы
- •7.6. Көкөністер, жемістер, жидектер.
- •Көкөністер мен бақша дақылдарының дәрумендері
- •7.7. Тағамдарды консервілеу әдістері. Банкідегі консервілер.
- •8. Тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау.
- •9. Тамақтан уланулар
- •Тамақтан уланулардың жіктелуі.
- •10. Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын медициналық бақылау.
- •10.1. Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын медициналық бақылаудың негізгі бағыттары.
- •Биологиялық жас кезеңдеріне бөлу
- •Әлеуметтік жас кезеңдеріне бөлу
- •2. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы және оған себепші факторлар.
- •3. Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері.
- •Оқушылардың биологиялық даму деңгейінің көрсеткіштері.
- •Балалардың дене дамуын кешендік әдіспен бағалау сызбасы
- •Балалар мен жасөспірімдерді дене дамуының әр түрлі дәрежесіне байланысты аурулар дамуының қауіп–қатер топтары.
- •4. Секулярлық тренд және қазіргі кезеңдегі балалардың өсу және даму ерекшеліктері
- •5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын бағалау. Денсаулық топтары.
- •6. Күн тәртібі мен оқу–тәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері.
- •6.2 Емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы (бөбектік) жастағы балалардың күн тәртібі.
- •6.3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі мен оқу–тәрбиелеу үрдісінің гигиеналық негіздері.
- •Мектепке дейінгі топтардағы (жылдың салқын кезеңі) балалардың күн тәртібінің әр түрлі құрамдас бөліктерінің ұзақтығы (сағат).
- •6.4 Балалардың мектепте оқуға функционалдық дайындығы.
- •6.5 Мектеп оқушыларының күн тәртібі мен оқу – тәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері.
- •Мектеп жасындағы балалардың күн тәртібінің құрамдас бөліктері және ұзақтығы (сағат)
- •Жалпы білім беретін мектептердегі оқу жүктемелерінің нормалары.
- •9.2 Сурет. Пәндердің апталық қиындығының ең жақсы динамикасы.
- •7. Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру тәрбиесі.
- •7.1. Дене шынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізі ретіндегі қимыл белсенділігі. Дене шынықтыру тәрбиесінің қағидалары.
- •7.2 Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердегі дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру.
- •8. Балалар мекемелерінің орналастырылуына, жоспарлануына, жабдықталуына және балалардың күнделікті қолданатын заттарына қойылатын гигиеналық талаптар.
- •8.1. Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін балалар мекемелерін орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
- •8.2. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (мдм) жобалауға және жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
- •8.3. Жалпы білім беретін мекемелерінің (жббм) жоспарлануына қойылатын гигиеналық талаптар.
- •8.4 Балалар мекемелерінің ішкі ортасын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
- •Мектеп алды кезеңіне дейінгі және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған үстелдер мен орындықтардың өлшемдері
- •Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған үстелдер мен орындықтардың өлшемдері
- •8.6. Балалар ойыншықтарына, оқулықтарына және киіміне қойылатын гигиеналық талаптар.
- •9. Балаларды еңбекке тәрбиелеу және үйрету. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және мамандық түріне дәрігерлік кеңес беру.
- •9.2. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және мамандық түріне дәрігерлік кеңес беру.
- •1. Ауруханың жер телімін таңдауға және оны жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
- •2. Аурухана құрылысы жүйелерінің гигиеналық сипаттамасы.
- •3. Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелері. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі.
- •3.2. Ауруханалардың емдеу-диагностикалық бөлімдері.
- •3.3. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі.
- •2 Немесе одан артық төсектік палаталардың ауданы
- •Еам бөлмелеріндегі температураның және ауа алмасуының нормативтері.
- •Палата бөліміндегі жасанды жарықтың нормалары.
- •4. Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу (жұқпалы аурулар бөлімі мысалында).
- •Аіи алдын алу шараларының кешені
- •5. Аурухананың мамандандырылған бөлімдерінің ішкі ортасының жоспарлануына және ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.
- •5.2. Акушерлік бөлім.
- •5.3. Балалар бөлімі.
- •6. Ауруханалардағы қорғану режимін ұйымдастыру.
- •Өндірістік факторлар туралы түсінік. Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы. Еңбек жағдайының жіктелуі.
- •Өндірістік факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу.
- •Ой еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы
- •Өндірістік микроклимат, қолайсыз микроклиматтық жағдайларымен байланысты аурулардың алдын алу.
- •11.1 Кесте
- •Зиянды фактор ретіндегі, өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу.
- •Өндіріс жағдайындағы шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс.
- •11.2 Кесте
- •Зиянды және қауіпті өндірістік фактор ретіндегі діріл.
- •Иондаушы емес электромагниттік сәулеленулер мен өрістер, олардың адам ағзасына әсері.
- •9. Өндірістік канцерогенді факторлар.
- •10. Өнеркәсіптік улар
- •10.3 Негізгі өнеркәсіптік улардан кәсіби уланулар және олардың алдын алу.
- •11. Компьютерлермен жұмыс істеу кезіндегі зиянды факторлар және олардың қолайсыз әсерінің алдын алу.
- •12. Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы.
- •13. Ауылшаруашылығы еңбек гигиенасының негізгі мәселелері.
- •14. Өндірістік жарақаттану және оның алды алу.
- •1. Иондаушы сәулеленулер және олардың сипаттамасы
- •2. Радиациялық гигиенаның пайда болуы мен дамуының негізгі алғы шарттары, оның бағыттары мен міндеттері
- •3. Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі атаулар, анықтамалар, түсініктер, өлшем бірліктер.
- •4. Адамға әсер ететін иондаушы сәулелену көздері.
- •4.1. Табиғи радиациялық фон (трф) туралы түсінік
- •4.2. Табиғи жағдайларда адамды сәулеленудің әсеріне ұшырататын көздері
- •Сурет 12.1. Адамның сәулелену көздерінің қазіргі заманғы классификациясы.
- •Тмд халқының негізгі сәулелену көздері және өлімге әкелетін қатерлі ісіктің жаңа түзілімдерінің пайда болу қауіптілігі (л.А.Ильин және басқалар, в.А.Книжников бойынша)
- •4.3. Иондаушы сәулеленудің адамға әсер ететін жасанды көздері
- •Иондаушы сәулеленудің жабық көздерінің қолданылуы
- •Кейбір медициналық процедуралар кезінде халық алатын шамамен алынған сіңірілген дозалары (Ушаков и.Б мәліметтері бойынша, 2004).
- •Сұйық және қатты белсенді қалдықтардың жіктелуі
- •4.4. Халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын қосымша көздер
- •5. Иондаушы сәулеленудің ағзаға әсері
- •5.1. Иондаушы радиацияның биологиялық нысандарға әсер ету механизмі туралы жалпы мәліметтер
- •5.2. Адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының биологиялық эффектілері және салдары.
- •Мүшелер мен тіндердің сындарлы мүшелердің топтарына бөлінуі
- •6. Халықтың радиациялық қауіпсіздігінің негіздері.
- •6.1. Иондаушы сәулеленулердің ашық және жабық көздерінің әсер етуі кезінде кәсіби топтағы адамдар мен халықты қорғау жөніндегі гигиеналық шаралар
- •Рентген сәулесінің рұқсат етілген экспозициялық дозасының қуаты
- •Иондаушы сәулеленудің ашық көздерімен істелетін жұмыс кластары (СанЕмН-2003)
- •Халықтың әр түрлі жас топтары үшін тыныс алатын ауаның жылдық көлемі
- •6.2. Дозиметрлік және радиометрлік бақылау
- •Заттардың жұмыс атқарылатын беттерінің, терінің, арнайы киімдердің және жеке басты қорғайтын заттардың белсенді ластануының рұқсат етілген деңгейлері. (бөлш/см2·мин)
- •XIII -тарау. Жеке бас гигиенасы
- •1. Тері және ауыз қуысының гигиенасы.
- •Мазмұны
5. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу
Су тұтынуға байланысты әр түрлі аурулардың алдын алу мақсатында, гигиена мамандары ауыз су сапасына қойылатын бірқатар талаптар дайындады. Біріншіден, ауыз су эпидемиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз болуы тиіс, екіншіден, химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы керек, үшіншіден, органолептикалық қасиеттері (түсі, исі, т.б.) жағымды болуы керек. Бұл талаптар келесі іс-шаралар кешенін орындау нәтижесінде жүзеге асырылады:
- заңнамалы гигиеналық шараларды орындау;
- су көзін таңдау;
- су көзінің санитарлық-қорғаныш аймағын (ЗСО) ұйымдастыру;
- суды тазарту, зарарсыздандыру және өңдеудің арнайы әдістерін қолдану;
- су құбыры жүйесін санитарлық қорғау.
Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жүйесінің екі түрі бар:
орталықтандырылған жүйесі – бұл, су көздерінен механикаландырып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді қарастыратын, елді мекендерді сапалы ауыз сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге арналған шаралар мен құрылғылар, құрылыстар және су құбырларының кешені болып табылады.
орталықтандырылмаған (жергілікті) жүйесі – бұл, ауыз суды тұтынатын орындарына жеткізіп бермейтің, жалпы халық пайдалану үшін ашық немесе жеке адамдардың пайдалануындағы құрылыстардан тұрғындардың өз бетімен су алуына арналған жүйе.
Сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі су құбырларын орнату арқылы жүзеге асырылады. Су құбырлары деп, су көздерінен механикаландырып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді іске асыратын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге арналған инженерлік құрылыстар кешенін айтады. Қазіргі кездегі су құбырлары ашық және жер астылық су көздерінің суын пайдалана алады. Ашық су көздерінің суымен қамтамасыз ететін құбырлар:
а) су алатын құрылыстан;
б) суды жоғары көтеретін сору қондырғысынан;
в) судың сапасын жақсартуға арналған құрылыстан;
г) су құбырлары жүйесінен тұрады.
Құрылыстардың су құбырлар жүйесіне дейінгі бұл кешенінің барлығы бас құрылыстар деп аталады. Суды су көздерінен алу үшін, өзен ағысының бойымен елді мекеннен жоғары ұйымдастырылатын арнайы су қабылдағышты қолданады.
Жер асты су көздерінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі, негізінен, кішігірім ауылдық елді мекендер, қалалардың жекелеген аудандары, кейде жеке мекемелер үшін ұйымдастырылады. Оның артықшылықтары: бұл жердегі су барлық ластаушылардан сенімді қорғалғандықтан, суды тазартудың қажеттілігі, әдетте, туындамайды; су алатын орның елді мекеннің өзінде немесе оған жақын жерде орналастырады.
Су алу үшін, жер астындағы су тұтатын горизонтқа дейін жететін вертикалды шахталар түріндегі, бұрғылағыш артезиан ұңғымаларын құрады. Бұрғылау кезінде алынған топырақ шахтаға түспеу үшін, шахтаның қабырғаларын бекітетін айналдыра сақиналар қойылады. Ұңғымадан суды тартып алу үшін, оған сорғыш орнатады. Бұндай су құбырларының санитарлық қауіпсіздігінің кепілдігі, жүйенің, әсіресе, айналдыра қойылған сақиналардың қосылған жерінде, жақсы герметизациялануы болып табылады.
Орталықтандырылмаған ауыз су-шаруашылық мақсатында сумен қамтамасыз ету үшін жер асты сулары пайдаланылады. Тұрғындарды және шаруашылық- тұрмыстық нысандарды сумен қамтамасыз ету, су алатын құрылыстарға арнайы құрал-жабдықтарды (тарату жүйесі жоқ ұңғымаларды, шахталық және құбырлы құдықтарды, бастау каптаждарын) орнату арқылы жүзеге асырылады.
Ұңғымалар, құдықтар мен бастау каптаждарын орнату үшін қажетті орындар геологиялық, гидрогеологиялық мәліметтер негізінде таңдалып алынады.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің су көздерін ластанудан қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының санитарлық заңнамасы бойынша сумен жабдықтайтын су көздерінің санитарлық қорғау зонасы (СҚЗ) орнатылған, СҚЗ су көзінің жанындағы, санитарлық режимі ерекше, аумақ болып табылады.
СҚА үш белдеуден тұрады:
- бірінші белдеу (қатаң тәртіптегі) су алатын орынды және су алу құрылыстарын ластанудан және зақымданудан қорғауға арналған, оған су алатын орындары мен су алу құрылыстары орналасқан аумақтар кіреді;
- екінші және үшінші белдеулер (шектейтін) шаруашылық-ауыз су мақсатында сумен қамтамасыз ететін су көздерінің микробиологиялық және химиялық ластануының алдын алуға арналған аумақтарды қамтиды.
СҚА белдеулерінің шекараларын орнату:
- сумен жабдықтау көздерінің түріне (жер бетілік немесе жер астылық);
- ластану сипатына (химиялық, микробтық);
- жер бетілік ластанудан табиғи қорғалу деңгейіне (жер асты су көзі үшін);
- гидрогеологиялық немесе гидрологиялық жағдайларына байланысты.
Орталықтандырылған сумен жабдықтауда ауыз судың сапасы, су тарату жүйесіне берілер алдында, сонымен қатар, сыртқы және ішкі су құбырлары жүйесінің су алынатын жерлерінде, гигиеналық нормативтерге сай болуы тиіс.
Ауыз судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша, 4.3-кестеде көрсетілген нормативтерге сәйкес, бағаланады.
Жалпы микроб саны (ЖМС) бактериологиялық әдіс арқылы зерттелетін 1 мл судағы микроағзалар колониясының өсу санымен анықталады. ЖМС 50- аспауы керек. Жалпы колиформды бактериялар бойынша зерттеу 12 ай (1 жыл) бойына жүргізіледі, бұл кезде сыртқы және ішкі су құбырлары жүйесінің су алынатын жерлерінен алынған су сынамаларының саны 100 –ден кем болмауы керек және олардың 95% нормативтен аспауы керек.
4.3 – кесте
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйедегі ауыз су сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Норматив-тері |
Жалпы микроб саны |
1 мл-дегі колония түзетін бактериялар саны |
50-ден артық емес |
Жалпы колиформды бактериялар |
100 мл- дегі бактериялар саны
|
Жоқ |
Термотолерантты колиформды бактериялар |
100 мл-дегі бактериялар саны
|
Жоқ |
Колифагтар |
100 мл-дегі түймешек түзетін (бляшкообразующие) бірліктерінің саны(ТТБ) |
Жоқ |
Сульфитредуцирлеуші клостридийлердің споралары |
20 мл-дегі споралар саны |
Жоқ |
Лямблиялардың цисталары |
50 л-дегі цисталар саны |
Жоқ |
Термотолерантты (ыстыққа төзімді) колиформды бактерияларды, 100 мл суға үш рет зерттеу жүргізіп, анықтайды. Анықталған нәтижесі теріс болуы керек. Колифагтар мен лямблия цисталарын анықтау тек жер бетілік су көздерінен сумен жабдықтау жүйелерінде, суды тарататын жүйеге беру алдында, ал сульфитредуцирлеуші клостридийлердің спораларын - суды өңдеу технологиясының тиімділігін бағалау кезінде жүргізіледі. Бұларды анықтау нәтижелері де теріс болуы тиіс.
Ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы, оның құрамындағы химиялық заттардың мөлшері - табиғи суларда ең жиі кездесетін зиянды химиялық заттардың, сондай-ақ, антропогенді текті зиянды заттардың нормативтеріне сәйкес келуімен анықталады. Химиялық кұрамы бойынша ауыз судың сапасын бағалайтын көрсеткіштерге жалпылама көрсеткіштер, табиғи суларда ең жиі кездесетін және жаһандық таралу алған антропогенді зиянды органикалық және бейорганикалық химиялық заттар, суды өңдеу үрдісінде суға қосылатын және соның нәтижесінде суда түзілетін зиянды химиялық заттар, адамның іс-әрекет нәтижесінде сумен қамтамасыз ететін су көздеріне түсетін зиянды химиялық заттар жатады (4.4., 4.5., 4.6., 4.7. – кестелер).
Ауыз су құрамында 1- және 2- қауіптілік класына жататын және зияндылықтың санитарлық-токсикологиялық белгісі (с.-т.) бойынша нормаланған бірнеше химиялық заттар анықталған кезде, суда анықталған әрбір заттың концентрациясының әр қайсысына тиісті ШРЕК-не қатынасының қосындысы 1-ден аспауы тиіс (суат суларының сапасына қойылатын талаптар сияқты). Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
С1факт/ С 1рұқсат + С2факт. / С 2рұқсат... + Сn факт / С n рұқсат ≤ 1
мұндағы - С1, С 2, Сn – 1- және 2- қауіптілік класына жататын жеке химиялық заттардың концентрациялары: факт. – фактіге негізделген; рұқсат– рұқсат етілген.
4.4 – кесте.
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйедегі ауыз су сапасының жалпылама көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері (шектік рұқсат етілген концентрациялары – ШРЕК), артық емес |
Сутектік көрсеткіш |
рН мәндері |
6-9 аралығында |
Жалпы минералдануы (құрғақ қалдығы) |
мг/л |
1000 (1500) |
Жалпы кермектілігі |
ммоль/л |
7,0 (10) |
Перманганаттық тотыққыштығы |
мг/л |
5,0 |
Мұнай өнімдері, барлығы (жалпы) |
мг/л |
0,1 |
Беттік белсенді заттар (ББЗ), анионды-белсенді |
мг/л |
0,5 |
Фенол индексі |
мг/л |
0,25 |
4.5 –кесте.
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз судың бейорганикалық заттары бойынша көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері (ШРЕК), артық емес |
Зияндылық көрсеткіші |
Қауіптілік класы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Алюминий (А13+) |
мг/л |
0,5 |
с.-т. |
2 |
Барий (Ва2+) |
мг/л |
0,1 |
с.-т. |
2 |
Бериллий (Ве2+) |
мг/л |
0,0002 |
с.-т. |
1 |
Бор (В, барлығы) |
мг/л |
0,5 |
с.-т. |
2 |
Темір (Fе, барлығы) |
мг/л |
0,3 (1,0) |
орг. |
3 |
Кадмий (Сd, барлығы) |
мг/л |
0,001 |
с.-т. |
2 |
Марганец (Мn, барлығы) |
мг/л |
0,1 (0,5) |
орг. |
3 |
Мыс (Сu, барлығы) |
мг/л |
1,0 |
орг. |
3 |
Молибден (Мо, барлығы) |
мг/л |
0,25 |
с.-т. |
2 |
Мышьяк (Аs, барлығы) |
мг/л |
0,05 |
с.-т. |
2 |
Никель (Ni, барлығы) |
мг/л |
0,1 |
с.-т. |
3 |
4.5 –кестенің жалғасы.
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Нитраттар (по NО3) |
мг/л |
45,0 |
с.-т. |
3 |
Сынап (Hg, барлығы) |
мг/л |
0,0005 |
с.-т. |
1 |
Қорғасын (РЬ, барлығы) |
мг/л |
0,03 |
с.-т. |
2 |
Селен (Sе, барлығы) |
мг/л |
0,01 |
с.-т. |
2 |
Стронций (Sr 2+) |
мг/л |
7,0 |
с.-т. |
2 |
Сульфаттар (SО42-) |
мг/л |
500,0 |
орг. |
4 |
Фторидтер (F), І и ІІ ІІІ климаттық аудандар үшін |
мг/л мг/л |
1,5 1,2 |
с.-т. с.-т. |
2 2 |
Хлоридтер (Cl-) |
мг/л |
350,0 |
орг. |
4 |
Хром (Cr6+) |
мг/л |
0,05 |
с.-т. |
3 |
Цианидтер(СN-) |
мг/л |
0,035 |
с.-т. |
2 |
Цинк (Zn2+) |
мг/л |
5,0 |
орг. |
3 |
4.6 –кесте.
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз судың органикалық заттары бойынша көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері (ШРЕК), артық емес |
Зияндылық көрсеткіші |
Қауіптілік Класы |
γ-ГХЦГ (линдан) |
мг/л |
0,002 |
с.-т |
1 |
ДДТ (изомерлердің қосындысы) |
мг/л |
0,002 |
с.-т |
2 |
2,4 – Д |
мг/л |
0,03 |
с.-т |
2 |
Ескерту* - нормативтер БДДҰ ұсыныстарына сәйкес қабылданған.
4.7 –кесте.
Шаруашылық-ауыз суымен орталықтандырып қамтамасыз ету кезіндегі суды өңдеу үрдісінде суға қосылатын және соның нәтижесінде суда түзілетін химиялық заттар бойынша көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері (ШРЕК), артық емес |
Зияндылық көрсеткіші |
Қауіптілік класы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Хлор: Бос күйіндегі қалған Байланысқан күйіндегі қалған |
мг/л мг/л |
0,3-0,5 0,8-1,2 |
орг. орг. |
3 3 |
Хлороформ (суды хлорлағанда) |
мг/л |
0,2 |
с.-т. |
2 |
Қалған озон |
мг/л |
0,3 |
орг. |
|
Формальдегид (суды озондағанда) |
мг/л |
0,05 |
с.-т. |
2 |
Полиакриламид |
мг/л |
2,0 |
с.-т. |
2 |
Белсенді етілген кремний қышқылы ( Si бойынша) |
мг/л |
10,0 |
с.-т. |
2 |
Полифосфаттар ( РО4 -бойынша) |
мг/л |
3,5 |
орг. |
3 |
4.7 –кестенің жалғасы.
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Коагулянттардың қалған мөлшерлері (алюминий мен темірдің) |
мг/л |
″Al″, ″Fe″ мөлшерлерінің көрсеткіштері, 4.5.-кесте бойынша |
|
|
Ауыз судың радиациялық қауіпсіздігі 4.8 – кестеде берілген жалпы α- және β- радиобелсенділігінің көрсеткіштері бойынша анықталады.
Жалпы α- және β – радиобелсенділігі нормативтерден асқан кезде, судағы радионуклидтердің түрлеріне және олардың жеке концентрацияларына анықтау жүргізіледі. Антропогендік және табиғи текті радионуклидтердің радиобелсенділігінің анықталған деңгейлерін бағалау, ауыз судағы белсенді элементтерге орнатылған радиобелсенділігінің рұқсат етілген деңгейі (РРД) берілген, қолданыстағы Радиациялық қауіпсіздік нормаларына (РҚН-99) сәйкес жүргізіледі.
4.8 –кесте.
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз судың радиациялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері
|
Зияндылық көрсеткіші |
Жалпы α - радиобелсенділігі |
Бк/л |
0,1 |
Радиация |
Жалпы β - радиобелсенділігі |
Бк/л |
1,0 |
Радиация |
Ауыз судың органолептикалық қасиеттері 4.9-кестеде көрсетілген бірқатар көрсеткіштер (иісі, дәмі, түсі, лайлылығы) бойынша, сол сияқты, 4.5 және 4.7 – кестелерде көрсетілген, судың органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін заттардың (темір, марганец, мыс, сульфаттар, хлоридтер, т.б.) мөлшері бойынша бағаланады.
Ауыз суда көзге көрінетін судағы ағзалар мен су бетінде қабыршық болмауы керек.
Жоғарыда аталған барлық талаптар (4.3-4.9–кестелер) орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйелер арқылы берілетін ауыз суға қойылады. Бұл су тұрғындардың ауыз су және тұрмыстық мақсатта қолдануда, азық-түлік шикізат өнімдерін өңдеу үрдістерінде және тамақ өнімдері өндірістерінде, оларды сақтау және сатуда, сол сияқты, сапалы ауыз су қолдануды қажет ететін өнімдер өндірістерінде пайдаланылады.
4.9 –кесте.
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз су сапасының органолептикалық көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері, артық емес* |
Иісі |
Балл |
2 |
Дәмі |
Балл |
2 |
Түсі |
Градус |
20 (35) |
Лайлылығы |
ЕМФ (Формазин бойынша лайлылық мөлшері) немесе мг/л (каолин бойынша) |
2,6 (3,5)
1,5 (2) |
Ескерту* - жақшада көрсетілген өлшем бірліктері сол территориядағы сумен жабдықтау жөніндегі нақты жүйеге арналған елді мекеннің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын және су дайындауда қолданылған технологияны бағалау негізінде қабылданған мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі.
Алайда, Қазақстанның көптеген ауылдық елді мекендерінде ауыз су және шаруашылық қажеттіліктері үшін тұрғындар орталықтандырылмаған (жергілікті) сумен қамтамасыз ететін су көздерінің суын пайдаланады.
Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге (ҚР ДМ 13.05.2005 ж.) сәйкес, тұрғындар топтарын және шаруашылық-тұрмыстық нысандарды орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су алатын құрылыстарға арнайы жабдықтарды (тарату жүйелері жоқ ұңғымалар, шахталық және құбырлы құдықтар, бастаулардың каптаждары) орнату арқылы жер асты сулары қолданылуы тиіс.
Ұңғыма – жер астылық суларды жердің бетіне шығаруға арналған қондырғы.
Құдықтардың ең көп таралған түрлерінің бірі – жер бетінен жоғары тұратын құдық бөлігінен (құдық аузы), оқпаннан және су қабылдайтын бөлігінен тұратын, пішіні дөңгелек немесе төрт бұрышты шахта түріндегі, шахталық құдық болып табылады. Шахталық құдықтарды, суды бірінші су тұтқыш қысымсыз горизонттан алатын етіп, орнату керек.
Құдықтың аузы жер бетінен 0,7-0,8 метрден кем емес биік болу тиіс және оның қақпағы немесе темірбетоннан жасалған, люгі (люк) бар, жабындысы болуы керек. Құдықтың аузы үстіңгі жағынан шатырмен жабылуы тиіс немесе будкаға (күркеге) орналастырылады. Құдық аузы периметр бойына, тереңдігі 2 м және ені 1 м, езілген және тығыздалған балшықпен немесе қою сазды топырақпен бекітіледі (балшықты құлып). Құдықтың айналасына тас, кірпіш, бетон немесе асфальттан, радиусы 2 м-ден кем емес, құдықтан 0,1 м еңістете, төсеніш салуды ұсынады. Ағынды сулар құдықтан шет жаққа тосқауылдайтын арық арқылы ағызылуы тиіс.
Құдықтың қабырғалары қалың және суға түсі шықпайтын, құдықты жер бетіндегі ағынды сулардан және топырақтың жоғарғы қабаттарында орналасқан жер асты суларынан оқшаулайтын, материалмен (бетон немесе темірбетон сақиналары, тас, кірпіш, ағаш) қапталуы керек. Грунттың көтерілуінің және судың лайлануының алдын алу үшін, құдықтың түбіне кері сүзгі салынуы керек.
Шахталық құдықтардан суды жоғары көтеру үшін, құрылымы әр түрлі сорғылар (қол сорғы немесе электрлі) қолданылады. Құдыққа, бір немесе екі қол ұстағышы бар, шығыр (ворот), дөңгелегі бар, бір немесе екі шелекке арналған және шелек орнатылған қол шығырларды да орнатуға рұқсат етіледі.
Шахталық құдықтардан басқа, жергілікті жерлерді сумен жабдықтауда құбырлы құдықтар да қолданылады. Құбырлы құдық - бұл да жер асты суларын алуға арналған құрылыс, бірақ ол, қабырғалары айналдыра құбырлармен қоршалған. тік, цилиндр тәрізді түтік болып табылады.
Құбырлы құдықтар, су өткізбейтін жыныстармен жер бетіндегі ластаушылардың енуінен жақсы қорғалған, сондықтан санитарлық тұрғыдан қолайлырақ болатын, топырақтың терең қабаттарындағы суларды алуға мүмкіндік береді. Құбырлы құдықтың аузы жердің бетінен 0,8-1,0 метрге дейін биік, саңылаусыз жабық болуы керек, қаптамасы және шелек ілетін ілмегі бар, су ағызылатын құбыры болуы тиіс. Құбыр аузының конструкциясы, түтіктер арасындағы және олардың артындағы кеңістіктеріне жер бетінен аққан сулардың және ластаушылардың өтуіне мүмкіндік бермейтін, құдықтың толық герметизациялануын қамтамасыз етеді.
Кейде сумен қаматамасыз ету үшін бастау (бұлақ) суларын да қолданады. Бастау сулары бұл мақсатта сирек қолданылады, себебі олардың қоры өте аз. Бастау суларын жинау үшін каптаж (ұстағыш) орнатылады, ол жер асты суларының жер бетіне өздігінен шығатын көздерінде суды түрлі мақсаттарға пайдалану үшін жердің бетіне шығаруын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс (ағаштан, кірпіштен немесе бетоннан жасалған жабық камера) болып табылады. Яғни, каптаж, бастау суларын жер бетіндегі лас ағынды сулардан қорғалған, белгілі бір су қорын жасайды .
Құдықтар мен бастау каптаждарын орнату үшін, дәретхана, сұйық қалдықтарды жинайтын шұңқырлар, тыңайтқыштар мен улы химикаттардың қоймалары, өнеркәсіп ұйымдары, канализация құрылыстары, ескі, пайдаланылмайтын құдықтар және мал қоралары сияқты, ластаушы немесе ластаушы болуы мүмкін көздерден, грунт сулары ағысы бойымен 50 метрден кем емес қашықтықта жоғары орналасқан, ластанбаған учаскелер таңдалып алынуы тиіс. Бұл су алатын құрылыстарды тасқын сулары басатын, ойпат, батпақтанған жерлерде, жер көшкіні болатын және топырақтың басқа да деформация түрлеріне ұшырайтын жерлерде; көлік қарқынды жүретін жолдарға 30 метрден жақын орындарға орналастыруға рұқсат етілмейді. Құдықтар тұрғын үйлерден 100 метрден артық қашықтықта орналаспауы керек.
Су алатын құрылыстарды жабдықтауда Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шаруашылық-ауыз су қамтамасыз ету жүйесіне арналған материалдар (сүзгілер, қорғаныш торлар, сорғылардың бөлшектері және т.б.), реагенттер және аз габаритті тазарту құрылғылар қолданылуы тиіс.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесінің суы (құдықтардың және бастау каптаждарының суы) өзінің құрамына және қасиеттеріне байланысты 4.10. – кестеде көрсетілген нормативтерге сай болуы керек.
4.10 –кесте.
Орталықтандырмай сумен қамтамасыз ететін су көздеріндегі судың сапасына қойылатын талаптар
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері |
Иісі |
Балл |
2-3 артық емес |
Дәмі |
Балл |
2-3 артық емес |
Түстілігі |
Градус |
30 артық емес |
Лайлылығы |
мг/л |
2 артық емес |
Нитраттар (NO3) |
мг/л |
45,0 артық емес |
Ішек таяқшасы тобы бактерияларының саны (коли-индекс) |
ІТТБ 1000 мл судағы саны |
10 артық емес |
Химиялық заттар |
мг/л |
ШРЕК |
Бұл кестеде көрсетілгендей, орталықтандырмай сумен жабдықтайтын су көздеріндегі судың химиялық көрсеткіштері (улы заттары) бойынша сапасында ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесіндегі судың сапасынан айырмашылығы болмауы керек. Алайда, бұл судың, ауыз су мақсатында қолданылуы алдында міндетті түрде қайнатылуы керек екенін ескеріп, органолептикалық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша, кейбір ауытқулар болуына рұқсат етіледі.
Орталықтандырмай сумен қамтамасыз ететін су көздеріндегі судың радиациялық қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы саласындағы күші бар нормативтік–құқықтық актілерге сәйкес бағалануы керек және ауыз сумен орталықтандырылып жабдықтаудағы сияқты, радиациялық қауіпсіздік нормаларына (РҚН) сайкес болуы тиіс.
Осы бөлімнің басында көрсетілгендей, тұрғындар арасында су факторына байланысты аурулардың алдын алу шараларының бірі – судың сапасын әртүрлі әдістер арқылы жақсарту болып табылады, өйткені, ашық су көздеріндегі табиғи сулар, сол сияқты шаруашылық-ауыз су мақсатында пайдаланылатын жер асты сулары, көптеген параметрлері бойынша гигиеналық нормативтерге сай емес.
Бірнеше ондаған жылдар бұрын өзендердің өздігінен тазаратын қабілетіне байланысты сулары тазарып отыратын. Ал қазір, жаңа қалалар мен көптеген өнеркәсіп орындары салынуына байланысты, тұтыну үшін су алатын құрылыстар соншалықты тығыз орналасқандықтан, кейде ағынды сулар жіберілетін жерлер мен су алатын жерлер бір-бірінің жанында орналасады. Сондықтан, ағынды суларды тазартудың және қайталап, аяғаны дейін тазартудың, су құбырлары суларын тазарту мен зарарсыздандырудың тиімді әдістерін дайындау мен практикаға енгізуге барған сайын көп көңіл бөлінуде.
Қазіргі заманғы соңғы үлгідегі жетілдірілген тазарту құрылыстары ағынды суларды органикалық ластаушы заттардан бар болғаны, 85-90%-ға ғана тазартады, тек жекелеген жағдайларда - 95% ғана. Сондықтан, су тазартылғаннан соң да, су экожүйелерінің қалыпты тіршілік етуін сақтап қалу үшін 6-12 рет, тіпті кейде бұдан да көп есе таза сумен араластырылуы керек.
Қазіргі кездегі кәсіпорындарында ағынды суларды ізбелестіріп тазарту кезінде бірінші, механикалық тазарту (тұнбаға оңай түсетін және су бетіне қалқып шығатын заттардан) және екінші реттік, биологиялық (биологиялық белсенді органикалық заттардан) тазарту жүргізіледі.
Соңғы кезде ағынды суларды биологиялық тазартудан кейін радиациялық, электрохимиялық, сорбциялық, магнитті және т.б. сияқты тазартудың, қайталап, аяғына дейін, тазартудың жаңа, анағұрлым тиімді әдістері дайындалуда және қолданылуда. Ағынды суларды тазартудың технологияларын жетілдіру, тазарту дәрежесін одан әрі жоғарылату – табиғи суларды ластанудан қорғау саласындағы аса маңызды міндет болып табылады.
Қазақстандағы ең ірі мегаполис болып саналатын – Алматы қаласы жылына 290 млн кубометр су жұмсайды, осыған байланысты, ағынды сулардың көлемі де көбееді. Қалада суды тазартудың қолданылып отырған жүйесі қажеттіліктерге сай емес. Осыған байланысты Алматы қаласында қазіргі заманғы су тазартатын (ағынды суларды тазартудың мембраналық жүйесі бар) құрылыстарды салу жобасы қабылданды.
Су көздері суларын антропогендік ластанудан қорғау мәселесінің қаншалықты маңызды екендігіне Ресейдің Хабаровск өлкесінде болған төтенше жағдай дәлел бола алады. Цзилинь қаласындағы (ҚХР) 13.11.2005 жылы химия өнеркәсібінде орын алған апат нәтижесінде Сунгари өзенінің суы бензолмен, нитробензолмен ластанған.
Ластанған аймақтың ұзақтығы шамамен 110 км болды. Ресейдің төтенше жағдайлар Миністірлігінің Қиыр шығыс аймақтық орталығының мәліметтері бойынша, бір тәулік ішінде ластану зонасы сағатына 1-1,5 км-ге жылдамдықпен жылжып, 30 км-ге дейін өтіп, 16 желтоқсанның өзінде-ақ Сунгари өзенінен Амур өзеніне өткен. Осы тенденцияны және Сунгари өзенінің құятын жерінен төменірек, Амур өзені аңғарының ерекшеліктерін ескергенде, ластану аймағының ұзақтығы Хабаровск қаласына дейін жеткенде 200 км болар еді, ал бұл зонаның Хабаровск жанына өтетін уақыты - 4-5 тәулік болар еді.
Осы жағдайға байланысты, тез арада шұғыл шаралар қабылданды: Хабаровск қаласының және өлкедегі басқа да қалалардың су тазартатын бас құрылыстарында белсендірілген көмір арқылы суды сүзетін қондырғылар орнатылды.
Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған судың сапасы, жоғарыда қарастырылған гигиеналық талаптарға сай болуы үшін, суды алдын ала өңдеуден өткізеді,оның нәтижесінде су араласқан заттардан, иістен, дәмнен, микроағзалар мен әр түрлі қоспалардан арылады. Су қасиеттерін жақсарту су құбырлары станцияларында іске асырылады. Су сапасын жақсарту кезеңдерінің сызбасы мен оны өңдеудің негізгі әдістері 4.10- суретте көрсетілген.
I III
Фторлау
Фторсыздандыру
Тұндыру
Темірсіздендіру
Сүзу
Жұмсарту
Тұщыту
Физикалық
Химиялық
Коагуляция мен
флокуляция
Гамма-сәулелер
Хлорлау
Озондау
Дезодорация-лау
Дезактивация-лау
УЖЖ-толқындар
Күміс, мыс, алтынның олигодинамикалық
әсері
УК-сәулелер
Қайнату
4.10- сурет. Суды өңдеудің әдістері мен кезеңдері
Су көздерінің суы өңдеуден кезең-кезеңмен өтеді. Өңдеудің негізгі әдістеріне тазарту (суды мөлдірлендіру және түссіздендіру) және зарарсыздандыру жатады, ал қажет болғанда, судың органолептикалық қасиеттерін жақсарту, суды жұмсарту, кейбір химиялық заттардан бөлу үшін, қосымша (арнайы) әдістер қолданылады.
Тазарту – суды өңдеу әдістерінің жалпы кешенінде маңызды кезең болып табылады, өйткені, ол судың физикалық көрсеткіштерін жақсартады. Араласқан заттардан тазарту кезінде, судағы микроорағзалардың да едәуір бөлігі жойылады. Судың толық тазартылуы, оның зарарсыздандыруын жеңіл және тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді.
Мөлдірлендіру және түссіздендіру мақсатында суды тазарту механикалық (тұндыру арқылы), физикалық (сүзу) және химиялық (коагуляция, флокуляция) әдістер арқылы жүргізіледі.
Суды тұндыру арнайы құрылыстарда (тұндырғыштарда) жүргізіледі. Тұндырғышта су баяу ағатындықтан (2-8 сағат бойы), араласқан заттардың көп бөлігі судың түбіне шөгеді.
Тұндыру үрдісін жылдамдату үшін, коагуляциялау қолданылады. Коагуляциялау, тіпті тұндыру және сүзу үрдісінде де жойылмайтын араласқан заттардан суды тазартуға мүмкіндік беретін, химиялық әдіс болып табылады. Коагуляциялауды жүргізгенде, суға, онын құрамындағы бикарбонаттармен реакцияға түсуге қабілеті бар, химиялық зат (коагулянт) қосылады. Қазіргі кезде коагулянт ретінде күкірт қышқыл алюминий (алюминий сульфаты немесе күкірт қышқылды глинозем) кеңінен қолданылады, сонымен бірге жоғары молекулалы флокулянттар: сілтілік крахмал, белсендірілген кремний қышқылы және басқа препараттар да пайдаланылады. Күкірт қышқыл алюминий судағы бикарбонаттармен әрекеттесіп, ірі, салмақты, оң зарядты алюминий гидрототығының үлпектерін түзеді. Үлпектердің салмақтары ауыр болғандықтан, олар шөгіп, өздерімен бірге суға араласқан, теріс зарядты ластаушы бөлшектерді тұнбаға түсіреді, бұл судың тез тазаруына жағдай жасайды.
Коагуляциялау мен тұндыру нәтижесінде су мөлдірленеді және біршама түссізденеді, бірақ онда әлі де суға араласқан, тым майда, заттар мен микроағзалар қалады, сондықтан, судың онан арғы тазартылуы жүргізіледі.
Суды араласқан заттардан толық тазарту үшін сүзуді қолданады. Суды сүзу үшін баяу және жылдам сүзетін сүзгілерді пайдаланады.
Баяу сүзетін сүзгінің өнімділігі төмен болғандықтан, кішігірім су құбырларында, ауылды елді мекендерде ғана қолданылады. Ол бетоннан немесе кірпіштен жасалған резервуар болып табылады, ішіне қабат-қабатпен, бөлшектердің өлшемі жоғары қарай біртіндеп азаятындай, ұсақтас, малтатас, қиыршықтас, құм, (0,8-1,0 метр) салынады. Сүзгінің түбінде темір-бетон плиталарынан немесе саңылаулары бар түтіктерден тұратын дренажды жүйе орнатылады. Су, сүзгі арқылы баяу, сағатына 0,1-0,3 м жылдамдықпен өткізіледі. Баяу сүзетін сүзгі арқылы суды тазарту бірнеше фактор кешенінің әсерінен жүзеге асырылады: араласқан заттардың механикалық ұсталуы адсорбция, тотығу (суда еріген оттектің химиялық әсер етуі).
Бұнымен қатар, судың тазаруы микроағзалардың ферментативті қызметінің арқасында және сүзгіде тіршілік ететін қарапайымдылардың тіршілік әрекетімен байланысты биологиялық үрдістер нәтижесінде іске асырылады. Суды сүзгілеу үрдісінде сүзгінің бетінде және оның жоғарғы қабаттарында судағы әр түрлі органикалық, минералдық заттар, коллоидты бөлшектер және көп микроағзалар ұсталынып қалу нәтижесінде, биологиялық қабыршық түзіледі. Бұндай сүзгі «жетілген» деп саналады, себебі, ол органикалық заттардың минералдануына және микрофлораның жойылуына ең жақсы жағдай жасайды.
Ірі су құбырлары станцияларында жылдам сүзгілер қолданылады. Олардың сүзу жылдамдығы, баяу сүзгілерге қарағанда, 50 есе жоғары, алайда, бұндай сүзгілерден өтетін судың мөлшері көп болғандықтан, олар тез ластанып, оқтын-оқтын, төменнен жоғары қарай бағытталған, сумен жуып тазартуды қажет етеді.
Қазіргі кезде суды тазарту үшін санитарлық практикада, сүзу жылдамдығы 10-12 м/сек болатын, кварцты-антрацитті сүзгілер қолданылады. Сүзу нәтижесінде су толық мөлдірленеді және микроағзалардан, шамамен, 99% тазарады .
Су құбырлар арқылы сумен қамтамасыз ету практикасында, сондай-ақ, «жанаспалы мөлдірлегіш» қолданылады. Бұл, әдеттегі су тазартатын құрылыстардың барлық кешенін алмастыратын қондырғы. Ол коагуляция, тұндыру, сүзу - сұлбасы бойынша жұмыс істейтін, 2,3-2,6 м биіктікке дейін қиыршықтаспен, құммен толтырылған, бетоннан жасалған резервуар. Су, құбырлар жүйесімен мөлдірлегіштің төменгі жағына беріледі, ал коагулянт су мөлдірлегішке түсуі алдында тікелей құбырға қосылады. Коагуляция мөлдірлегіштің, ірі түйіршікті бөлшектер салынған, төменгі бөлігінде жүреді, ал жоғарғы бөліктерінде коагулянттың және басқа да араласқан заттардың үлпектері ұсталынып қалады. Жанаспалы мөлдірлегіштің кемшілігі, оның су тазарту өнімділігінің төмендігі және тез ластанатындығы болып табылады, сондықтан оны жиі тазартып тұру керек.
Суды еріген органикалық қосылыстардан тазарту үшін, адсорбция әдісі, ал еріген органикалық және минералдық заттардың мөлшерін азайту үшін - электролиз қолданылады.
Судың сапасын жақсартудың келесі кезеңі – оны зарарсыздандыру, яғни - микроағзаларды жою. Бұл әр түрлі химиялық, физикалық және механикалық әдістер көмегімен жүргізілуі мүмкін.
Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі, оған, судағы микроағзаларды жоятын, әр түрлі химиялық қосылыстар – реагенттер қосу арқылы жүзеге асырылады. Реагенттер ретінде газ күйіндегі хлор, хлордың әр түрлі қосылыстары (хлорлы әк, гипохлориттер, хлорамин және басқалар), озон, сутектің асқын тотығы, т.б. заттар қолданылады.
Санитарлық практикада суды зарарсыздандырудың ең жақсы сыналған және сенімді әдісі - хлорлау болып табылады.
Хлорлаудың негізгі қағидасы, суға хлорды қосқанда, ол гидролизденіп, нәтижесінде, тұз қышқылы мен хлорлылау қышқылы түзілуінен тұрады:
Cl2 + H2O = HCl + HOCl
Суды хлорлау кезіндегі бактерицидтік әсерінің мәні келесіде: хлорлылау қышқылы суда Н+ және OCl- иондарына ыдырайды, ал олар хлорлылау қышқылдың өзі сияқты, бактерия жасушасының қабығынан оңай өтіп, микробтарды өлтіреді. Бактерицидтік әсер ететін хлорлылау қышқылы мен гипохлорит-ионы (OCl-) бірге алғанда белсенді хлор деп аталады.
Ірі су құбыры станцияларында суды зарарсыздандыру үшін газ күйіндегі хлор қолданылады, жиі суды хлорлауға хлорлы әктің 1% ерітіндісі қолданылады, ондағы белсенді хлордың мөлшері 25% кем болмауы керек.
Суды хлорлау арқылы зарарсыздандыру кезінде хлор органикалық және минералды қосылыстармен өзара әсерлеседі. Оларды тотықтыру үшін жұмсалған хлордың мөлшерін судың хлор сіңіргіштігі деп айтады. Суда бұндай заттар неғұрлым көп болса, хлорсіңіргіштігі де соғұрлым жоғары болады және зарарсыздандыру үшін белсенді хлордың көбірек мөлшерін қажет етеді.
Толық бактерицидтік эффектісіне қол жеткізу үшін, белсенді хлорды суға тек органикалық қосылыстарды тотықтыруға ғана емес, сонымен бірге микроағзаларды да жоятын мөлшерде қосу керек. Оның үстіне, хлорлаудың тиімділігін көрсететін, суда хлордың біршама мөлшері қалуы тиіс; оны қалған бос күйндегі хлор деп атайды. Оның мөлшері 1 л суда 0,3-0,5 мг болуы керек.
Суды зарарсыздандырудың химиялық әдістеріне озондау да, яғни озонның көмегімен зарарсыздандыру жатады.
Озонның тотығу-тотықсыздандыру потенциалы жоғары. Озонның зарарсыздандыратын қабілеті, оның ыдырауы кезінде молекулалық оттектен басқа, күшті тотықтырғыш болып табылатын, атомарлы оттегі түзілуіне байланысты. Сол сияқты, суда бұл кезде күшті тотықтырғыш қасиеттері бар, бос радикалдар -ОН және НО2 - түзіледі. Озонның зарарсыздандыратын әсерінің механизмі хлордың әсеріне ұқсас, бірақ судағы органикалық қосылыстардың озонмен реакцияға түсуі, хлорға қарағанда, толығырақ жүреді және ол, күшті тотықтырғыш ретінде әсер етіп, микроағзалардың өмірі үшін аса маңызды ферменттерін зақымдайды және олардың өліміне әкеп соғады. Озон - протоплазмалық у сияқты әсер етеді деген болжамдар да бар.
Суды озондаудың, хлорлауға қарағанда, бірқатар артықшылықтары бар:
- судың органолептикалық қасиеттері жақсарады (түсі, иісі);
- озон судың минералдық құрамы мен рН ортасына теріс әсер етпейді;
- озонның артық мөлшері тез арада оттекке айналатындықтан, қалған озон (0,3 мг/л – ге дейін мөлшері рұқсат етіледі) ағзаға қауіпті емес және судың органолептикалық қасиеттеріне әсер етпейді;
- озондауды бақылау, хлорлауды бақылауға қарағанда, аса қиын емес, өйткені, озондау үрдісіне температура, судың рН ортасы, т.б. факторлар әсер етпейді.
Суды зарарыздандыру үшін озонның қажетті мөлшері, 3-5 мин әсер ету кезінде, орта есеппен 0,5-6 мг/л тен. Озондау арнайы аспаптардың – озонаторлардың көмегімен жүзеге асырылады.
Суды зарарсыздандырудың химиялық әдістеріне, ауыр металдар (күміс, мыс, алтын) тұздарының олигодинамикалық әсерін пайдалануға, яғни олардың өте аз концентрацияларында ұзақ уақыт бойына бактерицидтік әсер ететін қабілетіне негізделген әдістер жатады.
Әсер ету механизмі, ауыр металдардың оң зарядталған иондары судағы теріс зарядталған микроағзалармен электроадсорбция деп аталатын, реакцияға түсуіне негізделген. Бұл реакция нәтижесінде ауыр металдардың иондары микроб жасушаларына терең еніп, оларда ауыр металдардың альбуминдерін және нуклеин қышқылдарымен қосылыстар түзіеді де, микроб жасушаларын өлімге келтіреді. Бұл әдіс кеңінен қолданылмайды. Ол тек, көлемі аз суларды зарарыздандыру үшін ғана қолданылады.
Жалпы алғанда, суға белгілі бір химиялық заттарды қосуға негізделген зарарсыздандырудың барлық химиялық әдістерінің бірқатар кемшіліктері бар, біріншіден, судың құрамы мен органолептикалық қасиеттеріне қолайсыз әсер етеді. Бұдан басқа, бактерицидтік эффектісі барлық микроағзаларға бірдей әсер етпейді, көбінесе, ол қосылатын заттың дозасы дұрыс алынуына, оның бактериялармен байланыста болуы уақытына байланысты, сондықтан, зарарсыздандыру үрдісіне әсер ететін факторларға үнемі және ұқыпты түрде бақылау жасау қажеттілігі туындайды. Реагенттердің кейбірі (әсіресе, хлор) улы болғандықтан, олармен жұмыс істегенде, сақтық шараларын сақтауды қажет етеді.
Осының барлығы, химиялық әдістермен салыстырғанда, көптеген артықшылықтары бар физикалық әдістерді дайындауға себеп болды.
Суды зарарсыздандырудың физикалық әдістері. Техникалық жағынан ең толық зерттеліп, дайындалған әдістердің бірі – ультракүлгін сәулелерді пайдалану болып табылады. Суды ультракүлгін сәулелермен зарарсыздандыру кезінде, микробтардың вегетативті түрлері ғана жойылып қоймайды, сонымен қатар, споралық түрлері де және хлордың әсеріне тұрақты келетін вирустар, гельминт жұмыртқалары да жойылады. Суды ультракүлгін сәулелермен зарарсыздандырудың тиімділігіне судың лайлылығы, түстілігі, ондағы темірдің тұздары әсер етеді, өйткені олар ультракүлгін сәулелерді сіңіреді. Сондықтан, суды ультракүлгін сәулелерімен зарарсыздандыру үшін, алдымен оны мұқият тазарту керек.
Суды зарарсыздандырудың физикалық, реагентсіз әдістеріне, сол сияқты, ультрадыбыс, иондаушы сәулелерді қолдану да жатады. Олар зарарсыздандырылатын судың құрамы мен қасиеттеріне әсер етпейді, оның органолептикалық қасиеттерін де нашарлатпайды. Олар микроағзалардың құрылысына тікелей әсер ететіндіктен, бактерицидтік әсерінің диапазоны өте үлкен. Зарарсыздандыру үшін аз ғана уақыт жұмсалады. Алайда, қазіргі кезде бұл әдістерді практикада пайдалану үшін жеткілікті дәрежеде тиімді болып табылатын қондырғылар жоқ.
Суды зарарсыздандырудың өте қарапайым физикалық әдістерінің бірі – қайнату. Суды қайнатқанда 3-5 минут ішінде ондағы барлық вегетативті түріндегі микроағзалар жойылады, ал 30 минут қайнатқанда - су толық стерильденеді.
Дегенмен, бактерицидтік эффектісінің жоғары болғанына қарамастан, бұл әдісті көлемі үлкен суды зарарсыздандыру үшін қолдану мүмкін емес, негізінен, бұл әдіс тұрмыс жағдайында қолданылады. Оның үстіне, бұл әдістің бірқатар кемшіліктері бар: қайнатқанда, газдардың ұшып кетуіне байланысты, судың дәмі нашарлайды, сонымен бірге, суда микроағзалардың тезірек көбею мүмкіншілігі жоғарылайды.
Су сапасын жақсартудың арнайы әдістері, судың минералдық құрамын және оның органолептикалық қасиеттерін жақсартуға бағытталған.
Суды өңдеудің арнайы әдістеріне жататындар:
- дегазациялау – судағы еріген газдарды кетіру; бұл әдіс судан күкіртсутек газын және басқа да, иісі жағымсыз, газдарды кетіру үшін қолданады;
- суды жұмсарту – судан кальций мен магний катиондарын толық немесе ішін-ара кетіру: реагенттік, ион алмасу немесе термиялық әдіс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;
- суды тұзсыздандыру – өнеркәсіптік қолдануға дайындау кезінде суды толық тұщыландыру; жарым-жартылай тұзсыздандыру немесе тұщыландыру судың құрамындағы тұздардың мөлшерін ауыз суда болатын мөлшеріне (1000 мг/л-ден төмен) дейін төмендету үшін жүргізіледі; оларға әр түрлі тұщыландырғыштарда (атомдық, вакуумдық, көп сатылы, гелиотермиялық), ионитті қондырғыларда суды дистильдеу арқылы, сол сияқты электрохимиялық әдіспен және мұз қатыру арқылы қол жеткізуге болады.
- суды темірсіздендіру - судан темірді кетіру аэрация, суға әк аралыстыру, коагуляция, катиондау арқылы іске асырылады;
- суды дезодарациялау - судың иісі мен татыған дәмін кетіру, дегазациядағы сияқты әдістермен іске асырылады; микроағзалардың болуынан және бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және әртүрлі органикалық заттардың ыдырау өнімдері болуынан пайда болған иістерді жою үшін, озондау, калий перманганатымен, сутектің асқын тотығымен өңдеу, сорбциялық сүзгілер арқылы сүзу, сияқты әдістер қолданылады;
- дезактивация – суды, құрамындағы белсенді заттардан тазарту;
- фторлау – суда фтор жетіспеген жағдайда, оған фтор қосу;
- фторсыздандыру – суда фтордың мөлшері көп болған жағдайда, оның мөлшерін азайту;
Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесі жиі қолданылатын ауылдық елді мекендер үшін жергілікті су көздерінің суын зарарсыздандыру әдістері айырықша өзекті болып табылады.
Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес құдықтарды дезинфекциялау:
- аурудың алдын алу мақсатында (жаңа құдықтар салынғаннан соң немесе бұрынғы құдықтарды тазарту, не жөндеу жұмыстарынан кейін);
-эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша (елді мекенде ішек инфекциялары өршуі кезінде немесе құдық суларына ағынды сулар, нәжіс, жануарлардың өліктері түскенде, т.б.) жүргізіледі.
Аурулардың алдын алу мақсатында, кем дегенде, жылына бір рет құдықтарды (каптаждарды) түбінде жиналған лайдан және жыныстардың шөгінділерінен тазарту, құдық жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Жүргізілген әрбір тазарту және жөндеу жұмыстарынан соң, құдықты (каптажды) дезинфекциялау керек.
Құдықтарды эпидемиологиялық көрсетілімі бойынша дезинфекциялау:
- құдықты алдын ала дезинфекциялауды;
- құдықты тазалауды;
- құдықты қайта дезинфекциялауды қамтиды;
Құдықтың суын зарарсыздандыру, құдықтың өзін дезинфекциялағаннан кейін, әр түрлі әдістерді қолдану арқылы, көбінесе, хлорлы препараттармен толтырылған, суға мөлшерлеп хлор бөлетін, патрон көмегімен іске асырылады. Құдықтарды дезинфекциялау үшін, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттарды (мысалы, «Акватабс», т.б.) пайдалану керек. Орталықтандырылмай сумен қамтамасыз ету кезінде суды зарарсыздандырудың арнайы режимі дайындалған, бұл режим белсенді хлордың қажетті мөлшерін, бос күйіндегі қалған хлордың мөлшерін және зарарсыздандыру уақытын ескереді.
Құдықтың суын құрамында хлоры бар препараттармен зарарсыздандыру үрдісінде хлорлағаннан кейін суда қалған (белсенді) хлордың мөлшері 0,5 мг/л деңгейінде болуы керек. Бұл деңгейге жетуі көптеген факторларға байланысты, оның ішінде, негізгісі - су зарарсыздандыруда қолданылатын, суға мөлшерлеп хлор бөлетін патронды толтыру үшін дезинфекциялаушы препараттың қажетті мөлшері болып табылады. Құдық суының хлор сіңіргіштігі зертханада, 1 л зерттелетін суға қосылған белсенді хлордың мөлшерімен, оның суға қосылғаннан соң 30 минут өткеннен кейінгі судағы мөлшерінің арасындағы айырмасымен анықталады.
Егер, құдық суы сапасының микробиологиялық көрсеткіштері бойынша нашарлау себептерін анықтау және /немесе жою мүмкін болмаса, онда суды үнемі зарарсыздандырып отыру қажет. Судың химиялық ластануы тұрақты болса, санитарлық –эпидемиологиялық мекемелер құдықты жою жөнінде шешім қабылдайды.
V-ТАРАУ. ТОПЫРАҚ ГИГИЕНАСЫ ЖӘНЕ ЕЛДІ
