- •1. Аурудың алдын алу жөніндегі негізгі медициналық ғылым ретіндегі гигиена. Мақсаты, міндеттері, зерттейтін тақырыбы.
- •2. Гигиенаның басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның бөлімдері. Гигиеналық зерттеулердің әдістері.
- •3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және оның халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтудағы рөлі.
- •2. Гигиеналық білімдердің орта ғасырлардағы (б.Э.Д. VIxiVжж.) және феодализм мен өндірістік капитализмге өту кезеңіндегі (б.Э.Д. XV-XVIII жж.) дамуы.
- •5. Гигиенаның және санитарлық эпидемиологиялық қызметтің Қазақстан Республикасындағы дамуы.
- •5.1. Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы. Қазақстан аумағында бірінші дәрігерлердің пайда болуы.
- •5.2.Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру және оның соғысқа дейінгі кезеңде дамуы.
- •5.4. 1946-1991 Жылдардағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен гигиена ғылымы.
- •2. Нормалаудың бiрiншi кезектiлiгi .
- •1. Жалпы жағдайлар.
- •3. Нормалау қағидалары.
- •5. Жеделдетiлген нормалау .
- •6. Гигиеналық болжау.
- •1. Ауа ортасының гигиеналық маңызы.
- •3. Ауа ортасының физикалық факторлары және олардың гигиеналық маңызы.
- •3.1. Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы және олардың гигиеналық маңызы.
- •3.2. Барометрлік қысым және оның гигиеналық маңызы.
- •3.3. Ауа ортасының электрлік жағдайы және оның гигиеналық маңызы.
- •4. Күн радиациясы және оның гигиеналық маңызы.
- •4.1. Күн сәулесінің сипатттамасы. Жарық климаты.
- •4.2. Күн радиациясының адам ағзасына әсері.
- •5. Ауаның табиғи химиялық құрамы және оның гигиеналық маңызы.
- •6. Атмосфералық ауа ластануының гигиеналық маңызы.
- •7. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шаралар
- •8. Климат және ауа райы. Адам ағзасына әсері. Акклиматизация мәселелері.
- •Гигиенасы
- •1. Су көздерінің жалпы сипаттамасы.
- •Жер шары гидросферасының әр түрлі бөліктеріндегі судың көлемі мен су алмасудың белсенділігі
- •2. Судың адам ағзасы үшін және оның өмір сүруін қамтамасыз етудегі рөлі
- •Дәнекер тіні
- •Бүйректер
- •Тіс эмалі
- •3. Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде жер беті және жер асты сулардың ластануы.
- •Ластану деңгейіне байланысты су нысандарының гигиеналық жіктелуі (г.Н.Красовский бойынша)
- •4. Су сапасының адам денсаулығына әсері
- •5. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу
- •Мекендерді тазарту
- •1. Топырақ және топырақ түзуші факторлар.
- •2. Топырақтың гигиеналық маңызы
- •2.1. Топырақтың қасиеттері мен механикалық құрамының гигиеналық маңызы
- •2.2. Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы топырақтың ролі.
- •Топырақ арқылы берілетін жұқпалы аурулар мен инвазиялар
- •2.3. Топырақтың табиғи химиялық құрамының гигиеналық маңызы
- •2.4. Топырақтың химиялық заттармен ластануының гигиеналық маңызы.
- •2.5. Топырақтың өздігінен тазарту үрдістері және олардың қалдықтарды залалсыздандырудағы рөлі
- •3. Топырақтың ластану дәрежесін гигиеналық бағалау. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері.
- •Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері
- •Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіпсіздік көрсеткіштері
- •Топырақтағы бақылауға жататын ингредиенттер (ц.И. Бобовникова, с.Г. Малахов, э.П. Махонько бойынша)
- •4. Топырақты санитарлық қорғау
- •1. Урбанизацияның гигиеналық маңызы.
- •2. Қала құрылысы мен қалаларды сауықтырудың гигиеналық қағидалары. Елді мекендерді орналастыруға жер таңдау.
- •3. Қалалар мен ауылды елді мекендерді жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
- •3.1. Қаланы жоспарлау және салу.
- •1. Тұрғын үй құрылысына жер учаскесін таңдау. Тұрғын үй ғимараттарының түрлері.
- •2. Тұрғын үйлердің ішкі жоспарлануы
- •Аз метражды (а) және толық метражды (в) пәтерлер ауданының жоғарғы шегі
- •3. Тұрғын үйлердің ішкі ортасын ұйымдастыру
- •3.1. Микроклимат жағдайлары.
- •Тұрғын үй бөлмелеріндегі микроклиматтың қолайлы параметрлері
- •7.1. Сүрет. Тұрғын үй бөлмелері терезелерінің дүниенің төрт бұрышына қарай
- •Жабық бөлмелердегі ауаны ластаушы көздері және негізгі ластайтын заттар
- •Тұрғын үй ғимараттарындағы ауа алмасу нормативтері
- •Жабық бөлмелердегі ауа тазалығының көрсеткіштері
- •Табиғи және жасанды жарықпен жарықтандыру кезіндегі тұрғын және қоғамдық үйлердегі жарық деңгейінің нормативтері
- •VIII- тарау. Тамақтану гигиенасы
- •1. Рационалды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
- •2. Халықтың әр түрлі топтарына арналған тамақтық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормалары.
- •Жұмысқа қабілетті халықты (ер адамдарды) дене жұмысына белсенділік коэффицентіне байланысты топтарға бөлу
- •Үлкен адамдарға арналған тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормалары (бір күнге)
- •8.2. Кестенің жалғасы
- •8.2. Кестенің жалғасы
- •3. Тағамның құрам бөліктері. Тағамдық азықтардың тамақтық және биологиялық құндылығы түсінігі
- •4. Тамақтық заттардың биологиялық ролі. Қабылдау нормалары. Тамақтық заттардың көздері - азықтар.
- •Мұндағы: ақ-кез келген алмастырылмайтын амин қышқылы
- •Тағамдық азықтардың құрамындағы ақуыздары ( г/100г жеуге жарамды бөлігінде)
- •4.4. Минералды заттар.
- •Кейбір тағамдық азықтардағы микроэлементтердің мөлшері, мкг/100г
- •Микроэлементтерді қабылдаудың қауіпсіз деңгейі (тәулігі)
- •4.5. Дәрумендер.
- •Дәрумендер мен дәрумен тәрізді қосылыстардың жіктелуі
- •Кейбір тағамдық азықтардың құрамындағы с дәруменінің мөлшері
- •Тамақ өнімдері құрамындағы в1, в2, рр, в6, в12, және фолацинның мөлшері
- •5. Тамақтану режимі. Тоқтық сезімі және тағамның сіңімділігі.
- •6. Алиментарлық аурулар.
- •7. Азық-түліктердің тағамдық және биологиялық құндылығы. Адамда ауру дамуындағы ролі.
- •7.1. Ет және ет өнімдері.
- •7.5. Дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастар.
- •Шығымына байланысты ұндардың шығымы
- •7.6. Көкөністер, жемістер, жидектер.
- •Көкөністер мен бақша дақылдарының дәрумендері
- •7.7. Тағамдарды консервілеу әдістері. Банкідегі консервілер.
- •8. Тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау.
- •9. Тамақтан уланулар
- •Тамақтан уланулардың жіктелуі.
- •10. Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын медициналық бақылау.
- •10.1. Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын медициналық бақылаудың негізгі бағыттары.
- •Биологиялық жас кезеңдеріне бөлу
- •Әлеуметтік жас кезеңдеріне бөлу
- •2. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы және оған себепші факторлар.
- •3. Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері.
- •Оқушылардың биологиялық даму деңгейінің көрсеткіштері.
- •Балалардың дене дамуын кешендік әдіспен бағалау сызбасы
- •Балалар мен жасөспірімдерді дене дамуының әр түрлі дәрежесіне байланысты аурулар дамуының қауіп–қатер топтары.
- •4. Секулярлық тренд және қазіргі кезеңдегі балалардың өсу және даму ерекшеліктері
- •5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын бағалау. Денсаулық топтары.
- •6. Күн тәртібі мен оқу–тәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері.
- •6.2 Емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы (бөбектік) жастағы балалардың күн тәртібі.
- •6.3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі мен оқу–тәрбиелеу үрдісінің гигиеналық негіздері.
- •Мектепке дейінгі топтардағы (жылдың салқын кезеңі) балалардың күн тәртібінің әр түрлі құрамдас бөліктерінің ұзақтығы (сағат).
- •6.4 Балалардың мектепте оқуға функционалдық дайындығы.
- •6.5 Мектеп оқушыларының күн тәртібі мен оқу – тәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері.
- •Мектеп жасындағы балалардың күн тәртібінің құрамдас бөліктері және ұзақтығы (сағат)
- •Жалпы білім беретін мектептердегі оқу жүктемелерінің нормалары.
- •9.2 Сурет. Пәндердің апталық қиындығының ең жақсы динамикасы.
- •7. Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру тәрбиесі.
- •7.1. Дене шынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізі ретіндегі қимыл белсенділігі. Дене шынықтыру тәрбиесінің қағидалары.
- •7.2 Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердегі дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру.
- •8. Балалар мекемелерінің орналастырылуына, жоспарлануына, жабдықталуына және балалардың күнделікті қолданатын заттарына қойылатын гигиеналық талаптар.
- •8.1. Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін балалар мекемелерін орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
- •8.2. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (мдм) жобалауға және жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
- •8.3. Жалпы білім беретін мекемелерінің (жббм) жоспарлануына қойылатын гигиеналық талаптар.
- •8.4 Балалар мекемелерінің ішкі ортасын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
- •Мектеп алды кезеңіне дейінгі және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған үстелдер мен орындықтардың өлшемдері
- •Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған үстелдер мен орындықтардың өлшемдері
- •8.6. Балалар ойыншықтарына, оқулықтарына және киіміне қойылатын гигиеналық талаптар.
- •9. Балаларды еңбекке тәрбиелеу және үйрету. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және мамандық түріне дәрігерлік кеңес беру.
- •9.2. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және мамандық түріне дәрігерлік кеңес беру.
- •1. Ауруханың жер телімін таңдауға және оны жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
- •2. Аурухана құрылысы жүйелерінің гигиеналық сипаттамасы.
- •3. Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелері. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі.
- •3.2. Ауруханалардың емдеу-диагностикалық бөлімдері.
- •3.3. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі.
- •2 Немесе одан артық төсектік палаталардың ауданы
- •Еам бөлмелеріндегі температураның және ауа алмасуының нормативтері.
- •Палата бөліміндегі жасанды жарықтың нормалары.
- •4. Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу (жұқпалы аурулар бөлімі мысалында).
- •Аіи алдын алу шараларының кешені
- •5. Аурухананың мамандандырылған бөлімдерінің ішкі ортасының жоспарлануына және ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.
- •5.2. Акушерлік бөлім.
- •5.3. Балалар бөлімі.
- •6. Ауруханалардағы қорғану режимін ұйымдастыру.
- •Өндірістік факторлар туралы түсінік. Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы. Еңбек жағдайының жіктелуі.
- •Өндірістік факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу.
- •Ой еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы
- •Өндірістік микроклимат, қолайсыз микроклиматтық жағдайларымен байланысты аурулардың алдын алу.
- •11.1 Кесте
- •Зиянды фактор ретіндегі, өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу.
- •Өндіріс жағдайындағы шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс.
- •11.2 Кесте
- •Зиянды және қауіпті өндірістік фактор ретіндегі діріл.
- •Иондаушы емес электромагниттік сәулеленулер мен өрістер, олардың адам ағзасына әсері.
- •9. Өндірістік канцерогенді факторлар.
- •10. Өнеркәсіптік улар
- •10.3 Негізгі өнеркәсіптік улардан кәсіби уланулар және олардың алдын алу.
- •11. Компьютерлермен жұмыс істеу кезіндегі зиянды факторлар және олардың қолайсыз әсерінің алдын алу.
- •12. Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы.
- •13. Ауылшаруашылығы еңбек гигиенасының негізгі мәселелері.
- •14. Өндірістік жарақаттану және оның алды алу.
- •1. Иондаушы сәулеленулер және олардың сипаттамасы
- •2. Радиациялық гигиенаның пайда болуы мен дамуының негізгі алғы шарттары, оның бағыттары мен міндеттері
- •3. Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі атаулар, анықтамалар, түсініктер, өлшем бірліктер.
- •4. Адамға әсер ететін иондаушы сәулелену көздері.
- •4.1. Табиғи радиациялық фон (трф) туралы түсінік
- •4.2. Табиғи жағдайларда адамды сәулеленудің әсеріне ұшырататын көздері
- •Сурет 12.1. Адамның сәулелену көздерінің қазіргі заманғы классификациясы.
- •Тмд халқының негізгі сәулелену көздері және өлімге әкелетін қатерлі ісіктің жаңа түзілімдерінің пайда болу қауіптілігі (л.А.Ильин және басқалар, в.А.Книжников бойынша)
- •4.3. Иондаушы сәулеленудің адамға әсер ететін жасанды көздері
- •Иондаушы сәулеленудің жабық көздерінің қолданылуы
- •Кейбір медициналық процедуралар кезінде халық алатын шамамен алынған сіңірілген дозалары (Ушаков и.Б мәліметтері бойынша, 2004).
- •Сұйық және қатты белсенді қалдықтардың жіктелуі
- •4.4. Халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын қосымша көздер
- •5. Иондаушы сәулеленудің ағзаға әсері
- •5.1. Иондаушы радиацияның биологиялық нысандарға әсер ету механизмі туралы жалпы мәліметтер
- •5.2. Адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының биологиялық эффектілері және салдары.
- •Мүшелер мен тіндердің сындарлы мүшелердің топтарына бөлінуі
- •6. Халықтың радиациялық қауіпсіздігінің негіздері.
- •6.1. Иондаушы сәулеленулердің ашық және жабық көздерінің әсер етуі кезінде кәсіби топтағы адамдар мен халықты қорғау жөніндегі гигиеналық шаралар
- •Рентген сәулесінің рұқсат етілген экспозициялық дозасының қуаты
- •Иондаушы сәулеленудің ашық көздерімен істелетін жұмыс кластары (СанЕмН-2003)
- •Халықтың әр түрлі жас топтары үшін тыныс алатын ауаның жылдық көлемі
- •6.2. Дозиметрлік және радиометрлік бақылау
- •Заттардың жұмыс атқарылатын беттерінің, терінің, арнайы киімдердің және жеке басты қорғайтын заттардың белсенді ластануының рұқсат етілген деңгейлері. (бөлш/см2·мин)
- •XIII -тарау. Жеке бас гигиенасы
- •1. Тері және ауыз қуысының гигиенасы.
- •Мазмұны
8. Тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мекемелері мен органдарының жұмысындағы негізгі орындардың бірін тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау алады. Ол азықтарды зерттеуден, олардың сапасының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуі туралы қорытынды беруден тұрады.
Тағамдық азықтарды санитарлық-гигиеналық сараптау ҚР 4.01.071.03 «Тағамдық азықтардың қауіпсіздігі мен тамақтық құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар», ҚР № 4.01.060.12 «Тез бүлінетін тағамдық азықтарды сақтау жағдайына және тарату (сату) мерзіміне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар» деп аталатын СанЕменН-ға және басқа да ҚР нормативтік және нұсқаулық құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың мақсаты, азықтың тамақтық құндылығын және оның халықтың денсаулығына зиянсыздығын анықтау болып табылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында, қоғамдық тамақтану нысандарында, сауда орындарында, сонымен қатар тағамдық азықтарды ұзақ уақыт сақтауда сақтық санитарлық бақылауды да және күнделікті (ағымдағы) санитарлық бақылауды да іске асыру кезінде жүргізіледі. Сақтық (өндіріске енгізгенге дейінгі) санитарлық бақылауды жүргізуде міндетті түрде сараптауға жататындар:
өндірістен шығарылатын тағамдық өнімдердің жаңа түрлері;
жаңа рецепттерге немесе жаңа шикізат түрін қолданумен байланысты құрамы өзгерген тағамдық азықтар ;
жаңа тағамдық қоспалар енгізген азықтар;
тағамдық азықтарды өндіру технологиясына өзгерістер енгізгеннен кейінгі, азықтарды өндіру, сақтау және тарату үшін жаңа технологиялар, агрегаттар, машиналар, жабдықтар енгізгеннен кейінгі кәсіпорындардың өнімдері;
бұрын берілген қорытындыларының іс жүзіндегі күшінің мерзімі өткен азықтар;
тамаққа қолданылатын жаңа ыдыстар, мүліктер, буып-түйетін заттар, жабдықтарға арналған бетін жабатын заттар;
өнімдердің тәжірибелік партиясы;
сырттан әкелінетін өнімдер.
Күнделікті (ағымдағы) санитарлық бақылауды жүргізу кезіндегі сараптау жұмыс істеп тұрған тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қоғамдық тамақтану нысандары шығаратын және халықтың тамақтануы үшін таратылатын (сатылатын) өнімдерге қатысты.
Сараптау, жоспар бойынша жүргізілетін және жоспардан тыс жүргізілетін болуы мүмкін. Жоспарлы түрі- СЭБ жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі, жоспардан тыс түрі -тамақтан уланулар, тағамдық азықтарды қолданумен байланысты жұқпалы аурулар, технологиялық үрдістердің бұзылыстары болған жағдайларда, тергеу органдарының талабы бойынша, бәсеке сұрақтарды шешу кезінде және т.б. жүргізіледі.
Тағамдық азықтарды сараптау кезінде келесі сұрақтар шешілуі тиіс:
органолептикалық қасиеттері гигиеналық талаптарға сай келеді ме;
химиялық құрамында өзгерістер бар ма және олардың себептері қандай;
азықтың биологиялық ластануы бар ма, оның сипаты қандай, тағам инфекциялары мен тамақтан уланулардың себебі және дамуындағы ролі;
тағамдық азықтарды сақтау жағдайы және оның жарамдылық мерзімі гигиеналық талаптарға сай келе ме;
органолептикалық, химиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық және басқа да зерттеулердің мәліметтері бойынша, азықтың сапасы гигиеналық талаптарға сай ма;
анықталған қасиеттеріне байланысты тағамдық азықты қолдану шарты қандай болуы тиіс, қайта өңдеу мүмкін бе, әлде жою қажет пе.
Сараптама жүргізу келесі кезеңдерді қамтиды:
Құжаттармен танысу, ол бойынша азық-түлікті өндірушіні анықтауға болады, алдын ала оның сапасы мен қауіпсіздігі, тасымалдау және сақтау жағдайының сақталуы туралы ойлауға болады: азық-түлікті беруші мен сатып алушының арасындағы келісім шарт; куәлік - сертификаттар; мал дәрігерлік – санитарлық куәлік, берілген өнім бойынша нормативтік құжаттардың, белгілер мен заттаңбалар жөніндегі талаптардың көшірмелері; көліктік тауар құжаты және автокөлікке берілген санитарлық төлқұжаттың көшірмесі;
Егер осы көрсетілген құжаттардың кейбіреулері жоқ болса, тағамдық азық потенциалды-қауіпті деп саналады да, оған сараптаманы сапасы төмен және қауіпті азық-түліктерді сараптауға қойылатын талаптарға сәйкес жүргізеді.
Азық-түліктің партиясын қарау, оларды сақтау жағдайының гигиеналық талаптарға сәйкес келуін анықтауға, ол азық-түліктер салынған ыдыстары мен буып-түйетін заттарының бүтіндігін, сондай-ақ азық түріне тән емес иісін, зат белгісі болуын және олардың талаптарға сай келуін анықтауға мүмкіндік береді.
Буып-түйілген азық-түліктерді ашу. Азықтың әрбір түрінің буып-түйілген өлшем бірліктерінен ашып қарауға жататын белгілі бір мөлшері (саны) нормативтік құжатта (ГОСТ) көрсетіледі. Егер ГОСТ жоқ болса, онда партиясынан 5-10 % өлшем бірлігі ашылады, ал егер аз болса – бәрі де ашылады. Буып-түйген ыдыстары зақымданған және күдік тудыратындары да міндетті түрде ашылатындарға жатады.
Органолептикалық зерттеу және азықтың партиясын қарау нәтижелері бойынша сараптау актісін жазу, азықтың бүлінген белгілерін, ластанғандығын, жәндіктер немесе олардың личинкаларының болуын, бөгде иісі және дәмі болуын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Азықтарды органолептикалық зерттеуден кейін, дәрігер азық партияларын қарау нәтижесі бойынша сараптау актісін жазады. Егер алынған ақпарат азықтың сапасы және оның залалсыздығы туралы күдік тудырмаса, онда дәрігер-гигиена маманы қарау актісінің соңында азықты қолдану мүмкіншілігі туралы қорытынды береді. Азықтың сапасы туралы күдік болған жағдайда және жоспардан тыс сараптау жүргізген кезде де, азықтың сынамасын зертханалық зерттеуге жібереді. Тек айқын бүлінген белгілері бар (өте айқын білінетін иісі бар, консистенциясы бұзылған, көгерген, т.б.), қамба зиянкестерімен және басқалармен зақымданған азықтар, зертханалық зерттеуге жүргізбей-ақ бірден жарамсыз деп саналады.
Зертханалық зерттеу үшін сынама алу. Оны санитарлық дәрігер немесе көмекшісі жүргізеді.
Зертханалық зерттеу.
Азықтың сапасы туралы қорытынды жазу. Азықтың партиясын немесе оның бөлігін қарау және зертханалық зерттеу мәліметтері негізінде, азықтың сапасы және қауіпсіздігі туралы қорытынды жазылады.
Сапасы бойынша тағамдық азықтарды келесі санаттарға бөлу қабылданған:
Залалсыз (сапалы) тағамдық азықтар – барлық гигиеналық талаптарға сай, тамаққа қолдану кезінде қауіпсіз. Тамақтану мақсатында қолдануға шектеуі жоқ.
Залалды (сапасыз) тағамдық азықтар – гигиеналық талаптарға сай келмейді, тамақтану үшін жарамсыз, себебі, адамның денсаулығы үшін қауіпті немесе тағамға қолдануға кедергі жасайтын қанағаттанарлықсыз органолептикалық қасиеттері (бөгде иісі және дәмі) бар. Оның үстіне, ешқандай өңдеу түрлері бұл азықтардың сапасын жақсартуға және адам денсаулығына қауіптілігін жоюға мүмкіндік бермейді.
Мұндай азықтарға, мысалы, трихинеллалармен зақымданған етті жатқызуға болады. Мұндай еттерді тағамға қолдану, трихинеллез деп аталатын, жиі өліммен аяқталатын ауыр ауру түрін тудырады. Қара күйемен, зең саңырауқұлақтарымен зақымданған дәнді дақылдардан дайындалған тағамды қолдану ауыр улануларға әкеп соғуы мүмкін. Құрамында пестицидтердің, ауыр металдардың, нитраттардың және басқа да ксенобиотиктердің үлкен концентрациясы бар азықтар да, адам үшін қауіпті болып табылады.
Шартты түрде жарамды тағамдық азықтар, тамақтану үшін тек табиғи азықтың сапасы гигиеналық талаптарға сай келмеуіне байланысты, адамның денсаулығына қауіптілігін жоюға мүмкіндік беретін өңдеу жүргізгеннен кейін ғана жарамды болуы мүмкін. Мысалы, шартты түрде жарамды азықтарға, ет тінінде жалпақ таспа құрттың бірлі-жарым плероцеркойды анықталған балықтар жатады. Мұндай балықтарды тағамға қолдануға тек плероцеркоидын өлтіретін қарқынды қайнатып немесе қуырып пісірген жағдайдан кейін ғана қолдануға рұқсат етіледі. Егер, ет тіндері өте көп мөлшерде зақымданған (ластанған) болса, онда жоғары температурада өңдеу тиімді болмауы мүмкін, мұндай жағдайда ондай балықты сатуға (таратуға) тыйым салады.
Тамақтық құндылығы төмен тағамдық азықтар барлық гигиеналық талаптарды қанағаттандыра алмайды., бірақ тамақтану үшін жарамды және адамның денсаулығына қауіпті емес. Мысалы, құрамында майы аз сүт, ылғалдылығы жоғары нан.
Суррогат тағамдық азықтар – табиғи азықтарды алмастырушы ретінде қолданылатын азықтар. Табиғи азықтарға органолептикалық белгілері ұқсас, бірақ химиялық құрамы басқа және көпшілігінің тамақтық құндылығы да төмен. Мысалы, арпаны күйдіріп, қуырып дайындаған арпа кофесі, құрамына өсімдік майлары енгізілген жеңілдетілген сары май, т.б. Сертификаты болса, бұл азықтар адамның денсаулығына қауіпті емес және тамақтану үшін жарамды.
Фальсификат - тағамдық азықтар. Мұндай азықтарға тамақтық құндылығы мен сапасы гигиеналық талаптарға сай келмеуін жасырып табиғи азықтардың қасиетін жасанды түрде беруді көздейтін азықтар жатады. Әдетте, мұны пайда түсіру мақсатында жасайды. Мысалы, су араластырған сүтке тиісті қоюлық беру үшін, оған крахмал қосады, аши бастаған сүтке сода қосады. Фальсификат-азықтарға, сондай-ақ зат белгісінде сары май деп сатылатын, бірақ құрамына ас үйі майы, маргарин кіретін сары майды, қанттан жасалған балды, т.б. жатқызуға болады. Дефектісіне (стандарттан ауытқу түріне) байланысты, фальсификат азықтарды қолдану жағдайы әр түрлі болуы мүмкін: малдың жеміне жібереді, денатурациялайды, жояды немесе техникалық мақсатқа пайдаланады.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың қорытындысында азық сапасы бойынша жоғарыда көрсетілген санаттардың қайсысына жататыны және осыған байланысты азық тамақтану үшін шектеусіз жарамды ма немесе белгілі бір шарт орындалғаннан кейін жарамды ма, әлде жарамсыз ба, солар көрсетіледі. Егер азықты тағамға қолдану үшін белгілі бір шарттарды орындау қажет болған жағдайларда, бұл жағдайлар қорытындыда толығымен жазылуы тиіс. Тамақтануға жарамсыз деп табылған азық жоюға жіберіледі. Мұндай азықтарды жоюды, құрамына азық-түліктің иесі, азықты жоюға берген ұйымның өкілдері кіретін комиссияның бақылауымен жүргізеді. Жарамсыз деп есептелген азықтарды өртеу немесе жерге көму арқылы жояды. Егер, азықтар инфекциямен ластанған болса, жою алдында міндетті түрде зарарсыздандырылады. Жойғаннан кейін жойғаны туралы акт жазылады, оның бір данасы СЭБ-ке жіберіледі.
