Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810 Кб
Скачать
☆

5.Сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Адам ақыл-ой мен еңбектің арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, ............................................... .

Адам әрекетінің салдарынан Қазақстанда пайда болған күрделі ............................. .

Табиғаттың құрамдас бөліктерінің бір-бірімен тығыз байланысты екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеріске ............................ .

Аралға құятын екі ірі өзен – Амудария мен Сырдария суын теңізге жеткізбей, егінге пайдалану осындай.................................................................................... .

6.Мәтіннен үстеулерді тауып, түрлерін ажыратыңыздар.

Үлгі: Бүгінгі таңда – мезгіл үстеуі.

Есте сақтаңыздар!

Үстеу

(Наречие)

Мекен үстеуі (места) – әріде (вдали), кейін (позади);

Мезгіл үстеуі (времени) – бұрын (раньше), таңертең (утром);

Себеп-салдар үстеуі (причины) – бекерге (напрасно), босқа (зря);

Мақсат үстеуі (цели) – әдейі (из за этого), оқуға

Қимыл-сын үстеуі (образа действия) – үлкендерше (по взрослому), аса (очень);

Мөлшер үстеуі (количества и меры) – екі рет (дважды), бірнеше (несколько).

7. Мына үстеулерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар.

Таңертең, кешке, босқа, құр босқа, бекерге, алыс, ілгері, төмен, арғы күні, ерте, біраз, біршама, балаша.

8.Сөйлемдерден үстеулерді тауып, түрлерін ажыратыңыздар.

Қазіргі кезде экологиялық проблемаларды шешу маңызды болып отыр.

Кей өндіріс орындары өзен-көлдерді әдейі ластайды. Кейінгі кезде атмосфераның бұзылуы адам денсаулығына кері әсер етуде. Кәсіпорын басшыларына табиғатты ластамау керектігі жөнінде бірнеше рет ескерту жасалды.

9. Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.

Қазақ халқының өмір тіршілігі табиғатпен етене байланысты. Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат құшағында тіршілік ете жүріп, оның алуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды тұжырымдар мен пікірлер айта білді. Қазақ халқының табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарының заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатады. Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі деп біледі. Табиғат пен адамдардың болашағы біртұтас деп біледі. Табиғатты сүюді Отанды сүю, туған елді, туған жерді сүю деп біледі. Сондықтан да қазақ халқының қанға сіңген қасиеттерінің бірі – табиғатты қорғау. Табиғатты қорғау дегеніміз – тіршілікке қиянат жасамау, қатыгездіктен аулақ болу. Халық ұғымында құмырсқаның илеуін, құстардың ұясын бұзбау керек деген киелі ұғым бар.

10. Мына тіркестерді аударыңыздар, олармен сөйлем құраңыздар.

Табиғи байлық, табиғи құбылыс, табиғи орта, табиғи қор, табиғатты қорғау, табиғатты пайдалану, табиғат қорғау заңы, қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаның ластануы,экологиялық мәселені көтеру.

11.Нақыл сөздерді ұғып, есте сақтаңыздар.

Табиғаттың иесі де, киесі де болады.

Туған жерді сүю – парыз,

Сүю үшін білу – парыз,

Қасиетін ұғу – парыз,

Күзетінде тұру – парыз.

12. Сөздік жұмысы:

Радиоактивті сәуле – радиоактивные лучи

Қорғасын –сивинец

Сараптама – экспертиза

Ем-дом – лечебная средства

Зиянды қылықтар – вредные привычки

13.Ойтүрткі сұрақтар.

1.Радиациялық сәуле дегеніміз не?

2.Радиацияның қандай зиянды әсері бар?

3.Семей полигонының адам денсаулығына тигізген әсері қандай болды?

14.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулемен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені атом элекр станциялары салынып, іске қосылып жатыр. Түрлі ракеталар ұшырылып, атом бомбалары сыналуда. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп, адам баласына неше түрлі зиян тигізіп отыр.

Сол себепті де адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр. Адамдарды радиациядан қорғау үшін құрамында қорғасыны бар киімдер тігу қажет. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулелерді өткізбейді.

Космостан келетін космостық сәулелерден іс жүзінде адам баласы қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000 км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де, жер шарына түгелдей таралады. Тіпті космонавтардың өзін космос сәулесінен қорғау оңай болмай отыр.

Адамдарға бұрыннан-ақ радиактивті сәулелер әсер етіп отырған. Жылына адам 200мР радиация қабылдаған. Жер шарының түрлі аймақтарында радияцияның таралуы да әртүрлі. Бір аймақтың тұрғындары көп, екінші аймақтың тұрғындары аз мөлшерде зақымданады. Жылына адам 50-1000 мР/ радиация алуы мүмкін.

Радиациядан қорғанудың бірнеше жолдары бар. Олар физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдер.

Физикалық тәсіл. Дер кезінде аяқ-қолды, денені жылы сумен жуып отыру керек. Қолға арнайы қолғаптар киіп, ішкі ағзаларға радиацияның өтіп кетпеуін қадағалау қажет.

Химиялық және биологиялық тәсілдер. Радиацияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп атайды. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектерін ғзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препатарттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радиациядан қорғап қалады. Иондалған сәулелерді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Ауруларға сараптама жасау үшін де таңбаланған атомда пайдаланады. Сәуле терапиясымен қан ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді емдеу үшін бета сәулесін қолданады. Республика халқын радиациядан қорғау – ҚР-ның алдында тұрған аса күрделі мәселе. Елімізде адамдардың денсаулығына көп көңіл бөлінуде. Әйтсе де әрбір адам өз денсаулығын күтіп, таза жүріп, зиянды қылықтардан аулақ болғаны жөн. Халқымызда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген аталы сөз бар. Осыны естен шығармайық!

15.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Не себепті адамдар радиация алады?

2.Құрамында қорғасыны бар киімдердің қандай қасиеті бар?

3.Космос сәулелерінен адамдар қорғана алады ма?

4.Радиациядан қорғанудың қандай жолдары бар?

5.Радиацияға қарсы қолданылатын дәрілер қалай аталады?