Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810 Кб
Скачать
☆

Қазақстанның көне қалалары

Қазақ жерінде көне өркениеттің айғағы ретінде көптеген қалалардың орны табылуда. Сондай қалалар қатарына Сарайшық, Сауран, Түркістан, Тараз, Отырар және т.б. қалалар.

Еуропа мен Азияны қақ бөліп жатқан Жайық өзенінің оң жағлауында орналасқан Сарайшық қаласының іргесі Алтынорда тұсында қаланған. Оны Шыңғыс ханның шөбересі Бату хан салдырған.

Сатайшық қаласында Алтын Орда сарайының бірнеші хандары мен елге танымал тұлғалар жерленген. Олар: Мөңке Темір, Тоқтай, Жәнібек, Бердібек хандар. Бұл қала біраз уақыт Қазақ хандығының батысындағы астанасы да болып есептелген. Осы қалада қазақтың әйгілі ханы Қасым хан жерленген деген болжам бар.

Қала 1580 жылғы орыс казактарының ойранынан күйреді.

Тараз – Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгі қалалардың бірі. Тараз қаласы ҮІІ ғасырда Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, маңызды рөл атқарған. Ол туралы көптеген аңыздар мен шежірелерде айтылады.

Тараз – ортағасырлық географтар, тарихшылар, саяхатшылардың мәліметтері бойынша – түргештер, қарлуктар, қарахандар кезінде мемлекет астанасы болған. Қалада саудамен қатар, рухани мәдениет пен өркениет те дамыды.

Ақтөбе – орта ғасыр қаласының бірі. Жамбыл облысы, Шу өңірінде орналасқан. Аумағы 36 шаршы км. Алғаш рет 1947 жылы қазылған. Көне шахар үш бөліктен тұрған: бекіністен, шахирстаннан және рабаттан. Археологтардыңқазба жұмыстарының мәліметтерінде Ақтөбе қаласының Түрік, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттері дәуірінде Ү-ХІІ ғасырларда өмір сүргені айтылады.

13. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіздер.

1.Сарайшық қаласының іргесі қай кезде қаланған?

2.Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ең ежелгі қаланы атаңыз.

3.Ақтөбе қаласы қай жерде орналасқан?

Ағымдық бақылау сұрақтары.

1.Оңтүстік Қазақстан аймағына қандай облыстар енеді?

2.Онтүстік Қазақстан аймағына халықтың көп қоныстанып, шаруашылық жүргізуіне не әсер етіп отыр?

3.Оңтүстік Қазақстан аймағында қандай таулар бар?

4.Қазақстанда қандай көне қалалар болған?

Қазақстанның көне қалалары туралы реферат жазып келіңіздер.

12-САБАҚ

Гидрология саласы

Мезгілдік қатынастардың берілуі

Мақсаты: Студенттерге гидрология саласы туралы мәлімет беру арқылы елді, жерді құрметтеуге баулу, олардың сөздік қорларын байыту.

1. Сөздік жұмысы.

Су көздері – источники воды

Елді мекен –населенный пункт

Құбылыс –явление, изменение, перемена

Су қоймасы – водохранилище, водоем

Арна – русло, направление

Тосқын – засада, заграждение, переграда, припятствие, перепона

2. Мәтінді оқыңыздар.

Гидрология – мұхиттарды, өзендерді, көлдерді, батпақтарды, жерасты

және жер үсті суларын, қарлар мен мұздарды, атмосферадағы ылғалды және олардың қасиеттерін, онда өтіп жатқан құбылыстарды атмосферамен, литосферамен, биосферамен байланысын қарастырып, зерттейтін ғылым. Елді мекендерді, өнеркәсіптерді су көздерінсіз сумен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Гидрология екі үлкен салаға бөлінеді. Біріншісі – құрылықта орналасқан су көздері: өзендер, көлдер, су қоймалары, мұздар, батпақтарды зерттейтін құрылықтық гидрология. Екіншісі – мұхиттық гидрология. Ол мұхиттарда болып жатқан құбылыстарды зерттейді.

Қазіргі заманғы гидрология көптеген өте маңызды мынадай:

  1. Су қорларын пайдалануды жобалау және бағалау;

  2. Ғимараттарды жобалауда есептік су шығынының мәнін табу;

  3. Өзен арнасының қалыптасуының сырын ашу;

  4. Судың температурасы мен күйін анықтап, мәліметтер беру;

  5. Гидрологиялық болжамдар жасау (су шығыны, деңгейі, сең жүру қаупі және т.б.);

  6. Су ағынына ғимараттардың әсері;

  7. Тосқындар режимін зерттеу мәселелерін

шешумен айналысады.

Су қорларына негізінен жерүсті және жерасты суларының барлық түрлері жатады. Қазіргі кезде еліміздің су шаруашылығын басқару ерекше жауаптылықты қажет етеді. Өйткені ауылшаруашылығы дамыған сайын су тапшылығы да арта түседі. Сондықтан бұл мәселе өте күрделі болып отыр. Суды тиімді пайдалану мен қорғаудың жаңа технологияларын меңгеруді және су шаруашылығы обьектілерін жобалауды жақсарту қажет.

3. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіздер.

Гидрология нені қарастырады?

Гидрология қандай салаларға бөлінеді?

Мұхиттық гидрология нені зерттейді?

Гидрологиялық болжамдар не үшін қажет?

Су қорлары дегеніміз не?

Ауылшаруашылығына судың қандай пайдасы бар?

4. Тиісті қосымшаларды қойыңыздар.

Гидрология су ресурстарын зерттей... . Су қорларын жобалай... .

Су қорларына негізінен жерүсті және жерасты сулары... барлық түрлері жатады. Ол мұхиттарда болып жатқан құбылыстар... зерттейді. Су шаруашылығы обьектілер... жобалауды жақсарту қажет. Суды тиімді пайдалану мен қорғау... жаңа технологияларын меңгеруді қолға алу қажет.

5. Мәтіннен мезгілді білдіретін сөздерді табыңыздар.

6. Сөйлемдерді жазып, мезгілдік қатынастарды білдіріп тұрған сөздерді табыңыздар.

Қыста барлық сулар мұз болып қатады. Өзендер мен көлдердің қазіргі жағдайы өте нашар. Су ресурстарын жақсарту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Алдағы уақытта елімізде бірнеше су бөгеттері салынбақ. Келер жылы гидрология саласына қыруар қаржы бөлінбекші. Суды тиімді пайдаланудың жаңа жобалары таяу арада жасалады.

  1. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Су қорлары, су шаруашылығы, гидрология саласы, су бөгеттері, суды пайдалану, күрделі мәселе.

БӨЖ тапсырмасы

  1. Мәтінді оқыңыздар.