Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810 Кб
Скачать
☆

1. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы кім?

2.Ол қайда оқыған?

3.Оның қандай еңбектерін білесіздер?

2. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Шоқан Уалиханов

(1835-1865)

Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов – қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы, саяхатшы. Сауатын мұсылман мектебінде ашып, артынан орысша оқыған. Шоқан қазақ сахарасындағы ақсүйектер отбасынан шыққан. Ол атақты Абылай ханның тікелей ұрпағы. Кадет корпусында оқуға қол жеткізе алуының негізі осында. Жаратылысынан қабілетті, тума талант Шоқан кадет корпусындағы негізгі мамандыққа қатысты әскери сабақтармен қатар жағрапия, тарих, батыс, орыс әдебиеттері мен философия, физика мен математика, шетел тілі тәрізді пәндерді де бар ынтасымен оқып, ерекше меңгереді.

Өзінің ізденгіштігінің, зеректігінің нәтижесінде азаматтық позициясы тез қалыптасып жетілген Шоқанды қараңғылыққа шырмалған, езгіде отырған туған халқының тағдыры ерекше толғандырады. Сондықтан қызметтік тапсырманы орындай жүріп, ел тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты құнды мәліметтерге мән береді.

Шоқан қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына саяхатқа шыққанда Омбыдан бастап жол-жөнекей Семей, Аягөз, Ақсу, Қапал, Шелек, Қарқара жерлерін мекендеген қазақ елінің бай тарихи-мәдени мұраларына, этнографиясына назар аударады, мүмкіндігінше жазып алады. Қырғыздың «Манас» эпосының «Көкетай ханның асы» атты тарауын тұңғыш рет қағазға түсіреді. Ыстықкөл сапарының нәтижесінде «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» атты еңбектерін жазады. Құлжа, Қашқария сапары негізінде «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Жоңғария очерктері» атты еңбектері сол дәуір үшін Ресей ғылымында аса маңызды жаңалық, құнды зерттеу болып табылады.

Ш.Уалиханов өз еңбектерінде Жоңғар Алатауының, Солтүстік және Ішкі Тянь-Шань тауының өзен торлары жөнінде аса маңызды мағлұматтарды мәлімдейді. Ыстық көлге сапарында жазылған күнделігінде ол Қазақстан өзендері – Аягөз, Ақсу, Лепсі, Іле, Шелек, Шарын жөнінде көртеген қызғылықты деректер келтіреді. Өзендердің жалпы сипаттамасымен қатар олардың геологиялық құрылымын, алқаптарының жаратылысын, ағу бағытын анықтап, климатын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сипаттап жазды. Сонымен бірге Шоқан Тянь-Шань тауының сүтқоректі жануарлары мен құстарының таралу заңдылығын ашып, тау жүйесін алғашқылардың бірі болып зоогеографиялық жағынан аудандастыруға талаптанды. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің аса мол коллекциясын жинады.

Өзінің бар білімін туған халқын оятуға арнаған, ағартушылық жолмен өркениетке жеткізуді көздеген ұлы ғалым отыз-ақ жыл өмір сүріп, 1865 жылы Алтынемел асуының маңында дүниеден озды. Зираты сол жерде.

3. Сөйлемді мәтін бойынша толықтырыңыздар.

Ол атақты ................................................ тікелей ұрпағы. Қырғыздың ................... «Көкетай ханның асы» атты тарауын тұңғыш рет қағазға түсіреді.

1865 жылы .................................................................. маңында дүниеден озды. Ш.Уалиханов ... ....................... Жоңғар Алатауының, Солтүстік және Ішкі Тянь-Шань тауының өзен торлары жөнінде аса маңызды мағлұматтарды мәлімдейді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің аса ... ................................... жинады.

4. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып сұраққа жауап беріңіздер.

1.Ш.Уалиханов кім? (зерттеуші, ғалым)

2.Ол нені жазып алды? (тарихи-мәдени мұраларды, этнографияны)

3.Шоқан қайда сапарға шықты? (Ыстықкөл)

4.»Манас» эпосының қай тарауын қағазға түсірді? (Көкетай ханның асы)

5. Сөздер мен сөз тіркестерін аударып, сөйлем құраңыздар.

Қазақ сахарасы, ақсүйек, қабілетті, тума талант, жағрапия, азаматтық позиция, ізденгіш, зерек, құнды зерттеу, дүниеден озды.

БӨЖ тапсырмалары

6. Шағын мәтінді оқып, аударыңыздар.

Ш.Уалиханов Қашқарияға барар жолында Орталық Тянь-Шаньда меридиан бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай өтіп, оның жоталарын түгелдей дерлік аралап шықты. Осы сапарында ол бірнеше жаңалықтар ашып, оларды тұңғыш рет суреттеп жазды. Жетімшоқы, Шоқырқорым, тауларын, Нарын, Қарасай, Қаракөл өзендерінің алқаптарын ғалымның ашқан аса зор жаңалықтарының қатарына жатқызуға болады.

7. Мәтіннен жалпы есімдер мен жалқы есімдерді табыңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Ш. Уалиханов туған өлкемізді зерттеуге қандай үлес қосты?

2.Қай жылы Шоқан орыс географиялық қоғамына толық мүше болды?

3.Шоқан Қашқарияға барар жолында қайда барды?

Ш.Уалихановтың еңбектерінің маңызы туралы әңгімелеңіз.