Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810 Кб
Скачать
☆

1. Сөздік жұмысы.

Қызғалдақ – тюльпан

Алқап – равнинная местность, широкое поле

Жазира – широкая, цветущая степь

Пиязшықтар – луковица

Сұрып – сорт

  1. Мәтінді оқыңыздар.

Дүниежүзінде қызғалдақтардың 100-ден астам түрі таулы алқаптарда, жазиралы далаларда, шөлейтті және шөлді аймақтарда өседі. Қазақстан жерінде қызғалдақтың 34 түрі өседі. Оның 11 түрі тек қана біздің елімізде ғана өседі. Орта Азия мен Қазақстанда өсетін қызғалдақ түрлері қазіргі кезде қолда өсіріліп жүрген барлық қызғалдақ сорттарының тікелей арғы тегі екендігін ғалымдар дәлелдеп берді. Олай болса, әлемге әйгілі Голландия қызғалдақтарының түп төркіні біздің еліміз деп мақтаныш сезіммен айта аламыз! Ол елге қызғалдақтар қалай барған деп ойлайсыз? Азия мен Еуропаны байланыстырып жатқан ертедегі атақты Жібек жолы арқылы қызғалдақ пиязшықтары Қазақстаннан Түркияға бұдан 1000 жыл бұрын тараған. Кейіннен Түркиядан Еуропа елдеріне апарылған.

Голландия селекционерлері қызғалдақтарға ерекше қызығушылық танытып,

оның көптеген сұрыптарын шығара бастады. Тіпті қызғалдақтың қара түсті

сұрпын да шығарды. Голландияда шығарылған қызғалдақтың сирек кездесетін сұрыптары қымбат бағаланады.

Қазіргі кезде дүниежүзінде қызғалдақтардың 6,5-10 мыңдай сұрыптары шығарылады. Солардың 2500-ден астамы Голландияда өсіріледі. Сондықтан да Голландияны «қызғалдақтар елі» деп атайды. Ал, шын мәнінде, қызғалдақтардың түпкі төркіні Қазақстан екенін ешкім біле бермейді.

Шығыс елдерінде қызғалдақ «махаббат рәмізі» деп есептелінсе, Еуропа мен Америкада «тіршілік нышаны», «көктем хабаршысы», «жарық әкелуші» деп ерекше дәріптеледі. ХІІ ғасырда өмір сүрген Шығыс шайырларының бірі Омар Хайям өз жырларына қызғалдақты арқау етіп, тебірене жыр жазғаны да белгілі.

Қазақтар қыздарын қырдың қырмызы қызғалдағына теңеп, оның теңдесі жоқ сұлулығын сезіне білген. Көктемде жерімізді ерекше әрлендіріп, даламызды құлпыртатын қызғалдақтар қандай әдемі десеңізші! Осындай әдемі, бағалы байлығымызды сақтай білейік.

3. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес толықтырыңыздар.

1.Дүниежүзінде қызғалдақтардың 100-ден астам түрі .........................................

........................................................................................................................ өседі.

2.Орта Азия мен Қазақстанда өсетін қызғалдақ түрлері ........................................................................................ғалымдар дәлелдеп берді.

3. Азия мен Еуропаны байланыстырып жатқан ертедегі атақты Жібек жолы арқылы қызғалдақ пиязшықтары ........................................................................

  1. бұрын тараған.

4.Голландияда шығарылған қызғалдақтың ....................................................

қымбат бағаланады.

5.Қазіргі кезде дүниежүзінде қызғалдақтардың ................................................

шығарылады.

Есте сақтаңыздар:

Жай сөйлемнің түрлері

Қазақ және орыс тілдерінде сөйлемдерайтылу мақстатына және интонациясына қарай хабарлы (повестовательные), сұраулы (вопросительные), лепті (восклицательные), бұйрықты (побудительные) болып бөлінеді.

Хабарлы сөйлем. Бір нәрсені хабарлау, суреттеу, баяндау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады.

Мысалы: Қызғалдақтар жазиралы далаларда өседі.

Сұраулы сөйлем. Жауап алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі (?) қойылады.

Мысалы: Қазақстан жерінде қызғалдақтың қанша түрі өседі?

Лепті сөйлем. Айтушының түрлі көңіл күйін (қуану, ренжу, аяу, өкіну, т.б.)

білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.

Мысалы: Қазақстан қызғалдағы қандай әдемі!

Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйрық беру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз. Бұйрықты сөйлемнің соңына интонациясына қарай нүкте (.), леп белгісі (!) қойылады.

Мысалы: Әдемілікті аяла! Табиғатты сүй!