Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810 Кб
Скачать
☆

1. Сөздік жұмысы.

Аймақ – регион

Өңір – окрестнось

Аумақ – 1)величина, масштаб; 2)территория

Ащы – соленый

Тұщы – пресный, несоленый

Жазық – равнина, ровная гладкая местность

Қырат – холмистая местность, возвышенность

Үстірт – плато, возвышенность

2.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.

Солтүстік Қазақстан аймағының құрамына Ақмола, Көкшетау, Қызылжар, Кереку Қостанай, Торғай өңірлері қарайды. Оның жалпы аумағы – 565,7 мың шаршы км. Халқы шамамен 3706,4 мың адам. Халқының орташа тығыздығы – 1шаршы км-ге 7,2 адамнан келеді.

Бұл аймақтың жер бедері, негізінен, жазық болып келгендіктен, егін егуге қолайлы. Жері ойпаңды, сондықтан онда тұщы да, ащы да көлдер көп кездеседі.

Климаты Батыс Сібір табиғатына ұқсас. Жазы қоңыр салқын, қысы айтарлықтай суық, әйтсе де дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастардың, көкөніс, бақша дақылдарының пісіп жетілуіне толық жағдай бар.

Ақмола өңірі Солтүстік Қазақстан аймағының оңтүстік бөлігіндегі үлкен аумақты қамтиды. Батысында Қостанай, солтүстігінде Көкшетау, шығысында Кереку, оңтүстігінде Қарағанды өңірлерімен шектеседі. Бұл өңір Сарарқаның солтүстк бөлігінде орналасқан. Өңірдің батыс, орталық және шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік батысында Теңіз-Қорғалжын ойпаты бар. Есіл өзенінің оң қанаты Атбасар жазығымен, ал сол қанаты Теңіз жазығымен шектеседі. Өңірдегі ең ірі өзен – Есіл. Ол Сарыарқадағы Нияз тауларынан бастау алады да, Астана қаласын кесіп өтіп, ары қарай кеңейіп, баяу, бірқалыпты ағыспен Атбасар, Қызылжар қалаларына дейін жетіп біраз жерді аралайды.

Қарағандының Қарқаралы тауларынан бастау алатын Нұра өзені де бұл өңірге ерекше сән береді. Ол Қорғалжын көліне, одан соң Теңіз көліне құяды. Ақмола өңірінің ең бір ерекше тоқталар мақтанышы – Қорғалжын қорығы. Мұнда аң-құстардың түрлері өте көп.

Көкше өңірі – елдің ән мен жырға қосқан әсем өңірі. Оның төңірегінде қарағай мен қайыңды орманы өскен, табиғаты өте әсем Бурабай, Шортанды, Шарбақты сияқты көлдері, қыраттары, Айыртау, Аралтөбе, Үндемес, Сырымбет және Имантау атты шағын таулары бар. Ақын С.Сейфуллин табиғаттың осы сұлулығын әнге қосып, жыр етіп төккен.

Қостанай өңірі Қазақстанның қиыр солтүстік батысында орналасқан. Ол батысында Ресейдің Орынбор, Челябі, солтүстігінде Қорған жерімен шектессе, шығысында Қызылжар, Көкшетау, Ақмола өңірлерімен, оңтүстік шығысында Қарағанды, оңтүстік батысында Ақтөбе, Торғай өңірлерімен шектеседі. Қостанай өңірінің жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай.

Бұл өңірде қар аз түседі, сондықтан қара суық ұзақ болып тұрады. Жазы өте ыстық. Өңірде өзендер мен көлдер өте көп. Наурызым қорығы – Қостанай өңірінің зор мақтанышы.

Торғай өңірі Торғай үстірті мен Оңтүстік Торғай жазығына орналасқан. Қысы суық, жазы ыстық болып келеді. Бұл өңірде негізінен өсімдіктердің түрлері аз болғанымен ойпатты жерлерінде сексеуілдер көп өседі.

Кереку өңірі қазіргі Павлодар облысы аумағымен сәйкес келеді. Ол Ресейдің Новосибир, Омбы облыстарымен, Алтай өлкесімен, Қазақстанның өз ішінде Қарағанды, Ақмола, Көкшетау және Семей өңірлерімен шектеседі. Өңірде үш қала, 10 аудан 553 ауыл бар. Ертіс өзенінің 750 километрі осы Кереку өңірімен өтеді. Табиғаты ауылшаруашылығын өркендетуге қолайлы. Жазы ыстық, қысы суық. Бұл өңір пайдалы қазба байлықтарға бай. Екібастұз бен Майкөбеде таскөмір, қоңыр көмір, Бозшакөл мен Майқайыңда мыс, полиметалл кендері бар. Табиғаты ерекше әсем. Осы өңірде республикаға танымал «Мойылды» демалыс орыны бар. Балшығының емдік қасиеті ертеден-ақ белгілі болған, сол себепті де мұнда көптеген адамдар келіп, ем қабылдайды.

Қызылжар өңірі қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағымен сәйкес келеді. Ол солтүстігінде Ресейдің Түмен (Тюмень), шығысында Омбы, батысында Қорған облыстарымен, өз еліміздің Торғай, Қостанай өңірлерімен, оңтүстігінде Көкшетау өңірімен шектеседі. Қызылжар өңірінің климаты шұғыл континентті. Жазы ыстық, қысы суық. Өңір түгелдей Батыс Сібір ойпатында жатыр. Миллиондаған жылдар бұрын бұл ойпат алып теңіз болған. Құрғаққа айналған ежелгі теңіз алабының түбімен енді Тобыл, Есіл, Ертіс, Обь өзендері ағып өтіп жатыр. Өңірдің оңтүстігі жазық дала болса, солтүстік бөлігінде ормандар көп. Ормандарда қайың көп өседі, арасында қарағай мен емендер де кесдеседі.