Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810 Кб
Скачать
☆
  1. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары...................................................................................... .

2. Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың................................................... ..

3. Аз ғана уақыт әсер етуінің өзінен ........................................................................ .

4. Осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе,..................................................... .

5. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерінен бір-бірімен ......................................... .

6. Адам ағзасының осы сияқты улы заттарға төзімділігі ......................................... ....................................................................................................................................... .

7. Улы заттарға .............................................................................................................

өте сезімтал келеді.

6. Мәтінде кездесетін етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.

Үлгі: болып отыр - нақ осы шақ.

Есте сақтаңыздар!

Қазақ тілінде де іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын, сөйлеп тұрған кезде болып жатқанын, сөйлеп жатқан кезден кейін болатынын білдіретін шақ категориясы бар. Олар өткен шақ, осы шақ, келер шақ деп үшке бөлінеді.

Өткен шақ

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болып кеткенін білдіреді: бардым, айтқан, келген емес, бартынмын.

Өткен шақтың үш түрі бар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ.

Жедел өткен шақ

Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады: бардым, бардың, барды, бардық.

Жедел өткен шақтың болымсыз түрі етістіктің -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарынан кейін -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: бармадым, бармадың, бармады.

Бұрынғы өткен шақ

Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен әлдеқашан бұрын жасалғанын білдіреді. Бұрынғы өткен шақтың жұрнақтары:

  1. -ған,-ген, -қан,-кен тұлғалы етістіктің жіктеліп қолданылуы арқылы жасалады: айтқан, келген.

  2. -ып, - іп,-п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: барыпты, келіпсің.

  3. -ған,-ген, -қан,-кен тұлғалы етістіктің еді көмекші етістігімен және емес, жоқ сөздерінің тіркесіп келуінен де жасалады: барған еді, барған емес, барған жоқ.

  4. -ып, - іп, -п тұлғалы етістікке еді көмекші етістігінің тіркесіп келуінен де жасалады: айтып еді, барып еді, көріп еді.

Ауыспалы өткен шақ

Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын/-етін, -йтын/-итін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында жұмсалады: болатын, баратын, келетін, сөйлейтін

7.Іс-ірекеттің қашан болғанын айтыңыздар.

Атам көп ағаш отырғызатын. Қоршаған ортаны қорғау туралы оқытушы ескерткен. Бізге ешкім айтқан емес. Сіз тауға баратын едіңіз. Үнемі бақшаға баратынсыңдар. Айгүл қашан келетінін айтқан. Өткенде сенбілікке қатысыпты. Ерте айтқанда келетін едім.