- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы
- •5В060800 – Экология, 5в060900 – География, 5в061000 – Гидрология
- •Силлабус
- •1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы.
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тіізімі
- •6.1. Негізгі әдебиет:
- •6.2 Қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиет:
- •6.2 Қосымша әдебиет тізімі
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Сөздікпен жұмыс:
- •Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.
- •6. Мәтінде кездесетін етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.
- •8.Көп нүктенің орнына өткен шақтың тиісті жұрнақтарын қойып жазыңыздар.
- •9.Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрап жазыңыздар.
- •10.Жақшаның ішіндегі етістіктерді нақ осы шаққа айландырып, сөйлемді аяқтаңыздар.
- •11Ауыспалы осы шақта тұрған нұсқасын тауып жазыңыздар.
- •12.Сұрақтарға жауап беріп, сөйлем құраңыздар.
- •16. Берілген сөйлемдегі сөздердің қай шақта тұрғанын анықтап, көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қойыңыздар.
- •17.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •Сөздікпен жұмыс.
- •3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •4. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.
- •4.Мәтіннен етістіктің райларын тауып, түрлерін анықтаңыздар.
- •6.Етістіктерді тиісті рай формасына қойыңыз.
- •8. Суға байланысты айтылатын ырым сөздерді ұғып алыңыздар.
- •9. Берілген жоспар бойынша мәтін құраңыздар.
- •10.Мәтінді оқыңыздар.
- •11. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыздар.
- •5. Берілген сөйлемдердегі көп нүктелердің орнына тиісті шылауларды қойып жазыңыздар.
- •6. Мәтінді оқып, түсінігін айтыңыздар.
- •7. Сөйлемді мәтін бойынша аяқтаңыз.
- •1. Сөздік жұмысы.
- •3.Мәтінді оқыңыздар.
- •4.Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып жауап беріңіздер.
- •5.Сөйлемдерді аяқтаңыздар.
- •6.Мәтіннен үстеулерді тауып, түрлерін ажыратыңыздар.
- •7. Мына үстеулерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар.
- •8.Сөйлемдерден үстеулерді тауып, түрлерін ажыратыңыздар.
- •9. Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.
- •16.Сөйлемдерді жазыңыздар.
- •17.Берілген сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыздар.
- •19. Мәтінді оқыңыздар.
- •Сөздікпен жұмыс.
- •Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтінді оқып, аударыңыздар.
- •4.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5.Мәтінен іс-әрекеттің өту сипатын білдіретін сөздерді, сөйлемдерді тауып жазыңыздар.
- •6.Берілген сөйлемдерді растаңыз.
- •7. Мәтінді оқыңыздар. Табиғат ескерткіштері
- •8. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыздар.
- •1. Сөздік жұмысы:
- •3. Мәтінді оқып, түсінігін айтыңыздар.
- •4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыздар.
- •6. Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.
- •7. Фразеологиялық сөздіктен берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын табыңыздар.
- •8. Мақал-мәтелдердің мағынасын ұғынып, есте сақтаңыздар.
- •9. Шағын мәтінді оқыңыздар. Атамекен
- •10. Мәтінді оқып түсінігін айтыңыздар.
- •11. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •1. Сөздік жұмысы.
- •2.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •3.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •4.Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
- •5. Берілген сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыздар.
- •6. Мәтінді оқыңыздар.
- •7. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыздар:
- •1. Сөздік жұмысы.
- •3. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Орман – тіршілік көзі, таза ауаның өзі
- •4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Мәтіннен 5 жай сөйлемді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдаңыздар.
- •6. Көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойыңыздар.
- •7. Берілген мәтінді оқып, мағынасына назар аударыңыздар.
- •8. Өлеңді оқып. Жаттап алыңыздар.
- •9. Сөйлемдердің мағынасын түсініп, жазыңыздар.
- •10. Мәтінді оқыңыздар. Бас қаланың бағбаншысын білеміз бе?
- •11. Мәтінді оқып, аударыңыздар.
- •1. Сөздік жұмысы.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •3. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес толықтырыңыздар.
- •4. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, түрлерін ажыратыңыздар.
- •5. Мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, есте сақтаңыздар.
- •6. Мәтінді оқыңыздар.
- •7. Сөйлемдерді аударып, жазыңыздар.
- •1. Сөздік жұмысы.
- •7. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табыңыздар.
- •4. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырып, жазыңыздар.
- •5.Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, құрмалас сөйлемдер құраңыздар.
- •6. Мәтінді оқып, аударыңыздар.
- •2. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •4. Мәтіннен болымды, болымсыз мағыналы сөйлемдерді тауып, жазыңыздар.
- •5. Берілген болымды сөйлемдерді болымсыз сөйлемдерге ауыстырыңыздар.
- •Қазақстанның көне қалалары
- •13. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіздер.
- •1. Сөздік жұмысы.
- •2. Мәтінді оқыңыздар.
- •Жер асты суы
- •Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.
- •1. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.
- •4. Мына сөз тіркестерін, аударып, сөйлем құраңыздар.
- •5. Берілген сөйлемдерді қарсы мағыналы сөйлемдерге айналдырыңыздар.
- •Терісащыбұлақ су қоймасы
- •Қазақстанның жер бедері Мекендік қатынастардың берілуі.
- •1. Сөздік жұмысы.
- •2. Мәтінді оқып, түсінігін айтыңыздар.
- •3. Мәтіннен мекендік қатынасты білдіріп тұрған сөздерді табыңыздар.
- •4. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес толықтырып жазыңыздар.
- •5. Сөйлемдерден мекендік қатынастарды білдіріп тұрған сөздерді табыңыздар.
- •6. Адасқан обьектілерді сәйкестендіріңіздер.
- •7. Мәтінді оқыңыздар. Жер жаннаты – Жетісу
- •8. Мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, есте сақтаңыздар.
- •9. Мәтінді оқыңыздар. Қазақстанның таулы аймақтарының табиғаты
- •1. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Шоқан Уалиханов
- •3. Сөйлемді мәтін бойынша толықтырыңыздар.
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •24. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауғадың орындалуы
- •25. Аралық бақылау тапсырмалары ................................................................................ 67
- •26. Мазмұны...................................... .................................................................................... 68
Сөздікпен жұмыс.
Табиғат ресурстары – природные ресурсы
Қорықтар – заповедник
Қарыштап даму – быстро (интенсивно) развиваться
Табиғат лабораториясы –природное лаборатория
Өлке – край
Қорық аймағы – территория (зона) заповедника
Қызыл кітапқа – Красная книга
Барыс – барс
Қарақұйрық – джейран
орманды алқаптар – лесные площади
Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Қазақстан территориясында қандай қорықтар бар?
2.Қай қорықта болдың?
3.Қорықтар не үшін ұйымдастырылған?
Мәтінді оқып, аударыңыздар.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау мен байыта беру мәселесіне қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде айрықша мән беріліп отыр. Болашық ұрпаққа оларды кемеліне келтіріп табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше болмақ. Республикамызда табиғатты және хайуанаттарды қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. «Табиғат лабораториясы» атанған бұл қорықтарда саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті орындары да сол қалпында сақталуда. Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл, Наурызым қорықтары осындай ерекше бақылауға алынған.
1927 жылы елімізде тұңғыш ашылған табиғат қорығы – Ақсу-Жабағылы қорығы. Ол Талас Алатауының батысында Қаратау, Жабағылы, Өгем, Піскем тауларының түйіскен тұсында орналасқан. Бұл қорықта «Қызыл кітапқа» енгізілген аса сирек кездесетін өсімдіктердің 18 түрі сақталған. Мұнда өсімдіктердің алуан түрлері мен аң-құстардың да түрлері көптеп кездеседі.
Алматы қорығы алғаш рет Іле Алатауындағы Кіщі Алматы орман шаруашылығы территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды. Қорық аймағы Іле Алатауын, Талғар шыңын, Есік, Талғар, Шелек өзендерін қамти отырып, Қырғызстанға дейінгі жерлерге дейін созылып жатыр. Мұнда халықаралық «Қызыл кітапқа» енген, жойылып кету қаупі бар барыс, қарақұйрық мекендейді. Өсімдіктердің де сирек ұшырасатын Сиверс алмасы, Островский қызғалдағы сияқты түрлері кездеседі.
Наурызым қорығы 1959 жылы ұйымдастырылған. Қорықтың алып жатқан жер көлемі 87694 гектар. Соның 17662 гектары орманды алқаптардың үлесіне тиеді. Қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер бар. Бұл көлдер көктем, күз айларында нағыз құс базарына айналады.
Қорғалжын қорығы Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтиды. Қорық 1968 жылы ұйымдастырылған. Мұнда да көктем мен күз мезгілінде көлдердің беттері құстан көрінбей кетеді. Жалпы бұл қорық жылдың қай мезгілі болмасын қанаттылардың құтты қонысы. Сол себепті Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерваттар қатарына жатқызылған.
1976 жылы 7 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл қорығы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында жатыр. Алтайдың ару көлі – Марқа қамқорлыққа алынып, қорыққа сән беріп тұр. Суы тұщы осы көл теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте орналасқан. Жалпы қорықтың аумағы 71369 гектар. Марқакөлдің жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Көлде балықтың бірнеше түрі бар.
Барсакелмес қорығы Арал теңізіндегі аралда орналасқан. Көлемі 200-250 шаршы километр. Қорық саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау мақсатында 1939 жылы құрылған.
