Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810 Кб
Скачать
☆

3. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Табиғи су қорларын пайдалану немесе судың қоршаған ортаға зиянды әсерін жою яғни болдырмау үшін салынатын инженерлік ғимараттарды ...........................................................деп атайды. Осындай мәселелерді шешу үшін ..........................................гидротехникалық ғимараттар жиынтығы салынды. .................. орналасқан жеріне байланысты өзендік, каналдық, теңіздік, көлдік және тоғандық деп бөледі. .......... ................ – бір жерге орналасып, ортақ су шаруашылығық жұмыстарын атқаратын гидротехникалық ғимараттар жиынтығы.

4. Мына сөз тіркестерін, аударып, сөйлем құраңыздар.

Жасанды су қоймалары, су тапшылығы, табиғи ресурстар, су тазартқыш, табиғи су, текше метр.

5. Берілген сөйлемдерді қарсы мағыналы сөйлемдерге айналдырыңыздар.

Үлгі: Гидротехника сумен жабдықтаумен айналыспайды. Гидротехника сумен жабдықтаумен айналысқан емес. Гидротехника сумен жабдықтаумен айналысқан жоқ. Гидротехника сумен жабдықтаумен айналысады, бірақ құрғатумен айналыспайды. Гидротехника сумен жабдықтаумен айналысқанымен, әлі де көп елдімекендер сусыз отыр.

Гидротехника сумен жабдықтаумен айналысады. Балық шаруашылығына арналған ғимараттар гидротехникалық ғимараттарға жатады. Гидротехникалық ғимараттар жиынтығы салынуда.

6. Берілген сөйлемдермен келісіңіз немесе қарсы шығыңыз.

Бүгінгі таңда суды қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда.

Гидротехникалық ғимараттарды балық өсіру үшін салады. Кемежайлар мен айлақтар су жол транспорттық мақсатта салынады. Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы обылыс аймағын суландыру мақсатында салынған.

7. Сөздік жұмысы.

Су қоймасы – водохранилище

Гидротехникалық ғимарат – гидротехнические сооружения

Суландыру – орошение, орошать,обводнять

Кемежай – порт

Айлақ – пристань, бухта

Тоған – плотина, дамба,пруд, котлован

Құрғату – осушение

Сумен жабдықтау – обеспечить водой

8. Есте сақтаңыздар!

Қазақстандағы

Ірі су қоймалары

Орналасқан жері

Аумағы шаршы км есебімен

Бұқтырма

Қапшағай

Шардара

Сергеев

Ертіс өзені

Іле өзені

Сырдария

Есіл өзені

5500

1847

900

117

БӨЖ тапсырмалары.

9. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Бұқтырма су қоймасының маңызы қандай?

2.Қапшағай су қоймасының маңызы қандай?

3.Шардара су қоймасының маңызы қандай?

  1. Мәтінді оқыңыздар.

Терісащыбұлақ су қоймасы

Жуалы ауданындағы су қоймасы. Теріс өзенінің арнасына 1963 жылы салынған. Жалпы ұзындығы 13 км. Суының сыйымдылығы 158,0 млн м куб. Топырақ тан салынған бөгеттердің биіктігі 32 м, ұзндығы 1800 м, енң 100 м. Бөгеннен канал және су құбырлары тартылған. Ең көп су ағымы 36,2 м куб/с, орташа ағым 4,23м куб/с. Жуалы ауданынң 20,4 мың гектардан астам жері суарлады және 30 мың гектар шабындығы суландырылады.

Терісащыбұлақ су қоймасының суы Жамбыл облысының Жамбыл ауданының егінді алқаптарын да суландырып отыр. Оның суы Аса өзеніне жалғасып, Талас ауданына дейін жетеді.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1.Гидротехникалық ғимараттар деп қандай ғимараттарды атаймыз?

2.Гидротехника немен айналысады?

3.Гидротехникалық ғимараттардың түрлерін атаңыздар.

4.Энергетикалық ғимараттар деп қандай ғимараттарды атайды?

5.Каналдар, шлюздер мен кемежайлар қандай қызмет атқарады?

Су қоймаларының маңызы туралы әңгімелесу.

14-САБАҚ