Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Гид, Геог, Экол., 2 курс.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
810 Кб
Скачать
☆

16.Сөйлемдерді жазыңыздар.

Адамдарға бұрыннан-ақ радиактивті сәулелер әсер етіп отырған. Йондалған сәулелерді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Сәуле терапиясымен қан ауруларын емдеуге болады.

17.Берілген сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыздар.

Түрлі ракеталар ..............................................................................сыналуда.

Ол 1000 км ..................... лезде өтіп кетеді де, жер шарына түгелдей таралады.

Жер шарының түрлі аймақтарында .................................. таралуы да әртүрлі.

Қауіпті ісіктерді емдеу үшін ............................................................. қолданады.

БӨЖ тапсырмалары

18. Ойтүрткі сұрақтар:

1. Өздерің тұратын жердің табиғат жағдайлары қандай?

2.Экологиялық жағынан қандай қолайсыз аудандарды білесіңдер?

19. Мәтінді оқыңыздар.

Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз

аудандар

Адамның тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы табиғат жағдайланына байланысты. Жаздың жылы, қыстың суық қоңыржай болуы, т.б. жағдайлар қолайлы боса, құрғақ, құмды шөлдер, биік таулар, қатал қыс, аптапты жаз қолайсыз болып табылады. Дегенмен табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді.

Бқл экологиялық жағдайларға байланысты. Өнеркәсіпті қалаларға қарағанда алыс ауылдарда ауа аз ластанады. Ал, керісінше, орталықтандырылған су құбырлары болғандықтан қалада ауыз судың сапасы жақсы.

Республика территориясын бірнеше экологиялық аудандарға бөлуге болады:

  1. Экологиялық жағдайы нашар аудандар;

  2. Экологиялық жағдайы орташа аудандар;

  3. Экологиялық жағдайы жақсы аудандар.

Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай-газ өндірілетін, металлургия, көмір кен орындары және өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы жатады.

Экологиясы орташа аудандарға ауылшаруашылығы аудандары жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері су, жер ресурстарының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған.

Экологиялық жағдайы басқаларға қарағанда қолайлы аудандарға табиғат ландшафтары аз өзгеіске түскен аймақтар, орманды дала мен таулы аймақтар жатады.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

  1. Атмосферананың бұзылуына әсер ететін факторлар.

  2. Арал теңізінің экологиялық жағдайына себепкер болған кімдер?

  3. Қазақстан территориясы қандай экологиялық аймақтарға бөлінеді?

  4. Радияциядан қорғанудың қандай жолдары бар?

Ауасы ең таза емес қалалар туралы мәліметтер жинастырып әкелу.

5-САБАҚ

Қазақстан қорықтары:

Іс-әрекеттің өту сипаты

Мақсаты: Студенттерді өз Отанын сүюге баули отырып, қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.