- •1.Синтетикалық каучуктер өндірісі – мұнай химиясының басты саласы
- •2.Стереоретті изопренді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Уретанды каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1.Синтетикалық каучуктер өндірісі дамуының тарихи сатылары.
- •2.Стереоретті бутадиенді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Силоксанды каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1.Каучуктер сыныптамасы. Синтетикалық каучуктердің типтері.
- •2.Стереоретті бутадиен-стиролды каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Вулканизаттардың қасиеттерi. Вулканизаттардың механикалық қасиет-терiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей қоспа алынды (салм.Б. Түрiнде):
- •3.Полисульфидті каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулкани-заттардың қасиеттері
- •1.Алу тәсіліне қарай каучуктерді сыныптау
- •2.Полиизобутиленді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Изопренді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттар-дың қасиеттері .
- •Этилен-пропиленді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Акрилатты каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •Арнай мақсатқа арналған каучуктер.
- •Бутадиен-нитрилді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Фторкаучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •Каучуктер өндірісіне арналған басты шикізат.
- •Акрилатты каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Хлорпренді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизат-тардың қасиеттері
- •Табиғи каучуктің технологиялық қасиеттері
- •Бутилкаучукті алу, құрылысы және қасиеттері
- •Полиизобутиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулка-низаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук макромолекулаларының құрылысы
- •2. Статикалық бутадиен-стиролды сополимерлерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Этилен-пропиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук вулканизаттарының қасиеттері және қолданылу аумағы
- •2. Изопренді каучуктер. Литий-органикалық катализаторларда изопренді каучуктерді алу.
- •3. Бутадиен-нитрилді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучукті алу
- •2. Силоксанды алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Этилен-пропиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулка-низаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучуктің химиялық құрылысы.
- •2. Уретанды каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Бутилкаучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулкaнизаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук түрлері және олардың физикалық қасиеттері
- •2. Акрилатты каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Бутадиенді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттар-дың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук макромолекулаларының құрылысы және оның каучуктің техникалық қасиеттеріне әсері.
- •2. Полисульфидті каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Этилен-пропиленді каучуктің макромолекулалық құрылысының резиналардың вулкандау қасиеттеріне әсері
- •1. Каучуктер өндірісіне арналған басты шикізат
- •2. Хлорпренді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Тиоколдар негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •Вулканизаттардың қасиеттерi. Вулканизаттардың механикалық қасиет-терiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей қоспа алынды (салм.Б. Түрiнде):
Акрилатты каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
Акрилатты каучуктердің негізіндегі резиналардың маңызды артықшылығы – гипоидті беріліске арналған майлар әсеріне төзімділігі. Жылуға төзімділігі жағынан бутадиен-нитрилді каучуктер мен фторлы каучуктер негізіндегі резиналар ортасында аралық орынды иемденеді, бірақ соңғысына қарағанда анағұрлым арзандау.
Акрилатты каучуктерден жасалған резиналық бұйымдар ұзақ уақыт бойы 150°С-да және азғана уақыт 200С-да жұмыс істей алады. Олар майлағыштар, майлар, озон және күн сәулесі әсеріне төзімді.
Акрилатты каучуктер салқын біліктерде пластикацияланады (қызған каучуктерге жабысып қалады), ингредиенттермен оңай араласады. Олардың негізіндегі қоспалар кәдімгі, яғни каландрлеу, экструзиялау және т.б. әдістерімен өңделеді. Жоғары механикалық қасиеттерге ие акрилатты каучуктердің негізіндегі резиналарды алу үшін активті техникалық көміртекті (каучуктің 100 масс.б. 40-100 масс.б.) қолданады. Құрамында қанықпаған буындар болмағандықтан вулкандаушы агенттер ретінде күкірт немесе үдеткіштермен (каптакс және т.б.) үйлестіре полиэтиленполиаминдерді қолданады. Қоспаларды 150-160°С-де 10-120 мин вулкандайды, кейде 150-180 °С 2-24 сағ қосымша ұстап тұрады (жоғары температураларда сығылған соң қалдық деформациясы аз вулканизаттар алу үшін жылумен өңдеу қажет болады).
Акрилатты каучуктердің негізіндегі вулканизаттардың негізгі физика-механикалық қасиеттері 16 кестеде келтірілген.
Акрилатты каучуктердің кемшілігі – технологиялық қасиеттері қанағаттанарлықсыз (пластификацияланған каучуктер құрал-жабдықққа жабысып қалады), созылымдылығы және аязға төзімділігі төмен, ыстық суда және су буында ісінуі жоғары.
Акрилатты каучуктердің негізіндегі резиналарды негізінен 170С дейінгі температурада ауада, 150-200С температурада майларда және 200С шамасындағы температурада тұйық жүйелерде жұмыс істейтін әртүрлі төсемдерді, түтікшелерді, нығыздау сақиналарын және басқа да бұйымдарды жасау үшін автомобиль өнеркәсібінде қолданады. Одан бөлек, бұл резиналарды
1 кесте
Акрилатты каучуктердің негізіндегі вулканизаттардың негізгі физика-механикалық қасиеттері
№ |
Көрсеткіштердің аталуы |
Толықтырылмаған қоспа |
Толықтырылған қоспа |
1 |
Созғандағы беріктігі, МПа 23 °С-де 100°С-де |
3,6—4,1 1,0—1,2 |
8,8-10 3,4-3,9 |
2 |
Үзгендегі салыстырмалы ұзаруы, % 23 °С-де 100°С-де |
280-350 180-200 |
260-350 - |
3 |
Үзгендегі қалдық ұзаруы, % |
4—6 |
10—16 |
4 |
Ыршығандағы созылымдылығы, % 23 °С-де 100°С-де |
5-7 37—40 |
5-9 40-45 |
6 |
Қаттылығы, TM-2 бойынша |
40—44 |
56-65 |
7 |
Омырылғыштық температурасы, °С |
—35 |
—24 |
8 |
Жұлмалауға қарсылығы, кН/м |
6,9—7,8 |
24.5-.34,3 |
9 |
10 тәулік бойы 150 °С-де трансформаторлық майда ісінген соң |
|
|
Үзгендегі беріктігі, МПа |
- |
4,0 |
|
Үзгендегі салыстырмалы ұзаруы, % |
- |
170 |
|
Үзгендегі қалдық ұзаруы, % |
- |
2 |
|
Ісіну дәрежесі, % |
- |
29 |
бензинге арналған сиымдылықтар, резина біліктер мен шығыошықтар, сондай-ақ жылуға, майға төзімді резина-техникалық бұйымдар жасауға қолдануға болады.
№ 6 емтихан билеті
