Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар ХТСК.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
458 Кб
Скачать
☆
  1. Хлорпренді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизат-тардың қасиеттері

Бұл каучуктi вулкандау деп, физика-механикалық қасиеттерi жағынан басқа каучуктердiң вулканизаттарына ұқсас, полихлорпреннiң ерiмейтiн түрiн түзуiн айтамыз.

Полихлорпреннiң ерiмейтiн түрi әсiресе оттегi әсерiнен тез жүредi, әрине мұның оттегi көпiршелерiнiң пайда болуынан туындары сөзсiз. Дегенмен, кейбiр жеке молекулалар хлорлы сутегiнi ығыстырып шығарғанда (қашан да HCl шамалы мөлшерде полихлорпреннен ығыстырылып шығады) тiкелей көмiртектi атомдар арқылы байланысады деп жобалауға болады. Мұндай түрленулерде полихлорпреннiң қанықпауы шамалы ғана төмендейдi.

Полихлорпрендi вулкандау күкiрт пен үдеткiштерсiз өтедi және оны көптеген заттардың, сондай-ақ температураны жоғарылату жолымен үдетуге болады. Ең тиiмдi вулкандаушы агенттер металл оксидтерi болып табылады.

Полихлорпрендi вулкандауға көрсететiн әсерлерi бойынша металл оксидтерiн төрт топқа бөлуге болады:

  1. мырыш, магний және кальций оксидтерi үдетушi әсер етедi. Сонымен қатар магний оксидiне қарағанда кальций оксидiн қосса вулкандау жылдамдығы төмен болады; мырыш оксидi тiптi төмен температурада да (80-900С) қоспалардың артық вулкандануына апарып соғады;

  2. сүрме немесе сүрмелi қышқылдардың ангидридтерi, барий, кадмий, темiр және бериллий оксидтерi вулкандау жылдамдығы шамалы ғана әсер етедi;

  3. мыс, хром, ванадий, вольфрам және титан оксидтерi ешқандай әсер етпейдi;

  4. молибден оксидi вулкандауды баяулатады.

Мырыш оксидi мен магний оксидiнiң қоспасы (каучуктiң 100 салм.б. 5 салм.б. мырыш оксидi мен 4-8 салм.б. магний оксидi) вулкандау жылдамдығы мен вулканизаттардың механикалық қасиеттерiне тиiмдi әсер етедi.

Күкiрт жоғарыда қарастырылған металл оксидтерiнiң бiрiншi тобы қатысқан жағдайда вулкандау уақытының қысқаруына, модулдерi, резина-лардың созылымдылығы мен қаттылығының артуына ықпал етедi, бiрақ сонымен қатар вулкандау жазығы қысқарады. Күкiрт қатысқан жағдайда полихлорпрен вулкани-заттары сақтаған кезде аз қататын болады.

Неопреннiң кейбiр типтерi араласқан полимерлер болып саналады, мысалы FR және W типтi неопрендер күкiртпен вулканданады.

Тиурамды қолданса полихлорпреннiң вулкандануын үдетедi және вулканизаттардың механикалық қасиеттерiн жақсартуға мүмкiндiк бередi.

Көптеген органикалық және бейорганикалық заттар полихлорпреннiң ерiмейтiн түрге өту процесiн үдетедi. Мұндай заттарды өзi вулканданатын деп аталатын желiмдердi жасау үшiн пайдаланады. Бейорганикалық заттардан мұндай катализаторлар – хлорлы мырыш пен хлорлы темiр, ал органикалық заттардан – бiрiншiлiк аминдер, нафтиламиндер, бензидин және полифенолдар болып табылады.

Вулканизаттардың қасиеттерi. Хлорпрендi каучуктiң құрылысының ерекшелiктерi оның басқа полимерлермен салыстырғандағы артықшылықтары мен кемшiлiктерiн айқындайды.

Найрит негiзiндегi вулканизаттардың механикалық қасиет-терiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей резина қоспасын пайдаланады (салм.б. түрiнде ):

Наирит

100,0

Вазелин майы

3,0

Мырыш оксидi

5,0

Канифоль

5,0

Магний оксидi

8,0

Альтакс

1,0

Қоспаларды келесi режим бойынша дайындайды (мин):

Наирит

0

Вазелин майы

8

Альтакс

5

Канифоль

8

Магний оксидi

8

Мырыш оксидi

15

Жалпы араластыру уақыты 18-20 мин.

Наирит негiзiндегi толықтырылмаған резиналардың созғандағы берiктiк шегi жоғары (200-220 кгс/см2). Дегенмен толықтырғыштарды қосатын болса, вулканизаттардың жұлмалауға қарсылық модулi мен қаттылығының артуына апарып соғады. Дисперстiлiгi жақсы күйелер мен минералды толықтырғыш-тардан ұсақ дисперстi кремнийдiң қосоксидiн пайдалану арқылы ең тиiмдi күшейту нәтижесiне қол жеткiзуге болады.

Полихлорпреннiң молекуласында қос байланысқа қарағанда -күйде болатын хлор атомы оны қалқалай отырып, резиналарға басқа синтетикалық каучуктер, сондай-ақ табиғи каучук негiзiндегi резиналардан асып түсетiн жылу әсерiне төзiмдiлiк пен жоғары химиялық төзiмдiлiк бередi. Осы себептен де полихлорпрен вулканизаттары динамикалық деформацияларда жоғары шыдамдылыққа ие болып келедi.

Полихлорпреннiң озон әсерiне төзiмдiлiгi өте жоғары; озонаторда табиғи каучук негiзiндегi созылған вулканизаттар бiрнеше минуттан кейiн қирайды; хлорпрендi каучуктер негiзiндегi вулканизаттар дәл сол жағдайда 3 сағат бойына да бұзылмайды. Хлорпрендi каучуктiң осы қасиетi жоғары вольттi желiлердi (ток өткен кезде тiкелей желiге жақын жерде ауа озонданады) қаптауда қолдануға мүмкiндiк бередi.

Полихлорпрен химиялық заттар мен ерiткiштердiң әсерiне төзiмдi болғандықтан оны майға-, бензинге төзiмдi бұйымдар, корорзиядан қорғайтын қаптамалар және т.с.с. жасауға қолданады.

Полихлорпрен молекуласында хлор атомы болғандықтан басқа каучук-терге қарағанда тұтануы қиын және жанғыштығы төмен; тiкелей от тиген жағдайда полихлорпрен жанады, егер от көзiн алыстатса жануы тоқтайды. Полихлорпреннiң полярлы сипаты резиналарды металлға бекiткен кезде адгезиялық байланыстардың берiктiгi жоғары болуына ықпал етедi.

Полихлорпрен вулканизаттарының кемшiлiгiне олардың тығызды-ғының жоғары және аязға төзiмдiлiгiнiң төмен (-40-тан –450С дейiн) болуы жатады.

Полихлорпрендi сақтаған кезде иiлiмдiлiгi мен ерiгiштiгi төмендейдi, қышқылыдығы шамалы өседi, сондай-ақ механикалық берiктiгi де артады.

Полихлорпренмен созылымдылығы мен май- мен бензинге төзiмдiлiгi жоғары бұйымдар жасаған кезде қолданылатын табиғи каучуктi алмастыруға болады. Әсiресе полихлорпрендi мұнай өнiмдерiн соруда қолданылатын шлангiлер және сорап дифрагмасы мен төсемдердi жасайтын резиналарда, сондай-ақ резиналық желiмдер мен белдiктi маталардың майлаушы қоспаларында пайдаланудың маңызы зор.

№ 8 емтихан билеті