Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар ХТСК.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
458 Кб
Скачать
☆

3. Бутадиен-нитрилді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері

Табиғи каучук сияқты бутадиен-нитрилдi каучук те күкiртпен вулкан-данады, бiрақ басқа каучуктер бар қоспаларға қарағанда жұмсақ каучуктерi бар қоспалардағы күкiрт мөлшерi аз болуы (әдетте каучук салмағының 1,5-2%) қажет. Күкiрт мөлшерiн 15% дейiн көбейтсе жартылай эбониттер және 30% көбейтсе эбониттер алынады.

Бутадиен-нитрилдi каучук үшiн кейбiр металлдардың оксидтерi, аминдер және жеке құрамында оттегi бар заттар (бензоил пероксидi, n-динитробензол және т.б.) вулкандаушы заттар қызметiн атқарады, сонымен бiрге күкiрттi пайдаланып алынған вулканизаттарға қарағанда толықтырылмаған вулкани-заттардың сапасы жоғары болып келедi.

Бутадиен-нитрилдi каучук негiзiндегi қоспаларды вулкандауға ТК негiзiндегi қоспаларды вулкандау үшiн қолданылатын үдеткiштердiң барлық түрi жарамды.

Қышқыл үдеткiштер мырыш оксидiмен активтендiрiледi; сiлтiлi үдеткiш-тер онсыз да активтi.

Одан басқа, СКН негiзiндегi активтi каналды күйемен толықтырылған резина қоспалары кейбiр хинон туындыларымен күкiртсiз вулканданады.

Вулканизаттардың қасиеттерi. Бутадиен-нитрилдi каучуктер негiзiн-дегi толықтырылмаған вулканизаттар жоғары механикалық берiктiкке ие. Акрил қышқылы нитрилiнiң мөлшерi көбейген сайын вулканизаттардың берiктiгi артады (12 кесте).

Бутадиен-нитрилдi каучуктер негiзiндегi толықтырылмаған қоспалардың вулканизаттарының механикалық көрсеткiштерi

Көрсеткiштер

Каучук маркiсi

СКН-26

СКН-40

Созғандағы берiктiк шегi, кгс/см2

35-55

60-80

300%-ке ұзартқандағы кернеу, кгс/см2

15-30

20-35

Салыстырмалы ұзаруы, %

500-600

500-650

Қалдық ұзаруы, %

10-15

10-15

Ыршытқандағы созылымдылығы, %

55

35

Iс жүзiнде құрамында күшейткiштерi: күйе, әртүрлi шайырлар, коллоидты кремний қышқылы бар қоспалардың маңызы зор.

СКН каучуктерi негiзiндегi вулканизаттардың механикалық қасиеттерiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей қоспалар алынды (салм.б. түрiнде):

СКН-18

100,0

-

СКН-26, СКН-40

-

100,0

Күкiрт

2,0

1,5

Меркаптобензтиазол

1,5

0,8

Мырыш оксидi

5,0

5,0

Техникалық стеарин

1,5

1,5

ДГ-100 маркiлi күйе

50,0

45,0

Резина қоспаларын дайындау режимi төмендегiдей (мин түрiнде):

СКН

0

Мырыш оксидi

19

Техникалық стеарин

15

Күйе

21

Меркаптобензтиазол

17

Күкiрт

36

Бiлiктерде жалпы араластыру уақыты 41 мин. Жұмсақ бутадиен-нитрилдi каучуктер үшiн иiлiмдету уақыты 2 мин дейiн қысқарады.

Толықтырылған вулканизаттардың берiктiгi салыстырмалы ұзару 550-600% және қалдық ұзару 15-54% болған жағдайда 280-320 кгс/см2 жетедi; олар айнамалы күш түскендегi гистерезистiк шығынның аздығы және ыстық ауа мен булы ортада жылуға төзiмдiлiгiнiң жоғарылығымен ерекшеленедi.

Төменде температура көтерiлгенде СКН-26 негiзiндегi (стандартты рецептура) резиналардың механикалық қасиеттерiнiң өзгеруi жөнiндегi мәлi-меттер берiлген:

Созғандағы берiктiк шегi, кгс/см2

Салыстырмалы ұзаруы, %

200С кезiндегi

280

600

600С кезiндегi

185

420

1000С кезiндегi

95

320

Табиғи каучукке қарағанда бутадиен-нитрилдi каучуктерден алынған эбо-ниттер жоғары температураға төзiмдiлiгiмен сипатталады.

Бутадиен-нитрилдi каучуктерден алынған вулканизаттар алифатты көмiр-сутектерде, майларда және өсiмдiк майларында аз, бiрақ ароматты көмiр-сутектерде және құрамында хлоры бар органикалық қосылыстарда қатты iсiнедi (13 кесте).

Табиғи және бутадиен-нитрилдi каучуктердiң вулканизаттарының әртүрлi ерiткiштерде және майларда iсiнуi (200С 8 апта бойы тұрғанда)

Орта

Iсiну, %

СКН-26

Табиғи каучук

Май

Парафиндi

Трансформаторлық

Дизелдi

Зығыр

3,5

4,4

12,2

15,7

121,7

128,6

100,0

88,6

Бензин

Жеңiл

Ауыр

18,2

37,5

137,3

196,5

Скипидар

41,7

260,0

Олеин қышқылы

53,0

230,0

Ацетон

85,2

10,4

Күкiртсутек

120,8

409,6

О-ксилол

174,0

292,2

Тетрагидронафталин

177,3

323,5

Бензол

180,0

309,6

Төртхлорлы көмiртек

192,2

583,6

Каучуктiң ерiткiштерде еру және iсiну қабiлетi макромолекуласындағы нитрил тобының мөлшерiне және каучук иiлiмдiлiгiне байланысты. Иiлiмдiлiк артқан сайын ерiгiштiк пен iсiну өседi; мысалы СКН-26 қатаңдығы 5000 гчс болған жағдайда ацетонда 15% дейiнгi мөлшерде ерiсе, ал қатаңдығы 2500 – толық еридi. Полимердегi акрил қышқылы нитрилiнiң мөлшерi көбейген сайын, вулканизаттардың алифатты көмiрсутектер әсерiне тұрақтылығы артады. Тио-каучуктен жасалған резиналарға қарағанда бутадиен-нитрилдi каучук негiзiн-дегi вулканизаттардың механикалық берiктiгi жоғары болады; вулканизаттар-дағы күкiрт мөлшерi өте аз, сол себептi тиокол вулканизаттарындағы сияқты ерiткiштер көмегiмен оңай алынып тасталынады. Температура жоғарылаған сайын вулканизаттардың созылымдылық қасиеттерi сақталады.

Бутадиен-нитрилдi каучук негiзiндегi қоспалар, әсiресе толуолдағы 15%-тiк ерiтiндi түрiнде металлға жағылған хлорланған каучук көмегiмен металлға жақсы бекiтiледi. Адгезияны жақсарту үшiн қоспаға 15% дейiн мырыш оксидiн қосады.

Бутадиен-нитрилдi каучуктердiң бағалы қасиеттерiнiң арқасында олардан жасалған резиналық бұйымдарды машина жасау және автомобиль өнеркәсiптерiнде қолданылады.

№ 11 емтихан билеті