- •1.Синтетикалық каучуктер өндірісі – мұнай химиясының басты саласы
- •2.Стереоретті изопренді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Уретанды каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1.Синтетикалық каучуктер өндірісі дамуының тарихи сатылары.
- •2.Стереоретті бутадиенді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Силоксанды каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1.Каучуктер сыныптамасы. Синтетикалық каучуктердің типтері.
- •2.Стереоретті бутадиен-стиролды каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Вулканизаттардың қасиеттерi. Вулканизаттардың механикалық қасиет-терiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей қоспа алынды (салм.Б. Түрiнде):
- •3.Полисульфидті каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулкани-заттардың қасиеттері
- •1.Алу тәсіліне қарай каучуктерді сыныптау
- •2.Полиизобутиленді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Изопренді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттар-дың қасиеттері .
- •Этилен-пропиленді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Акрилатты каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •Арнай мақсатқа арналған каучуктер.
- •Бутадиен-нитрилді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Фторкаучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •Каучуктер өндірісіне арналған басты шикізат.
- •Акрилатты каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Хлорпренді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизат-тардың қасиеттері
- •Табиғи каучуктің технологиялық қасиеттері
- •Бутилкаучукті алу, құрылысы және қасиеттері
- •Полиизобутиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулка-низаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук макромолекулаларының құрылысы
- •2. Статикалық бутадиен-стиролды сополимерлерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Этилен-пропиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук вулканизаттарының қасиеттері және қолданылу аумағы
- •2. Изопренді каучуктер. Литий-органикалық катализаторларда изопренді каучуктерді алу.
- •3. Бутадиен-нитрилді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучукті алу
- •2. Силоксанды алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Этилен-пропиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулка-низаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучуктің химиялық құрылысы.
- •2. Уретанды каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Бутилкаучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулкaнизаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук түрлері және олардың физикалық қасиеттері
- •2. Акрилатты каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Бутадиенді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттар-дың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук макромолекулаларының құрылысы және оның каучуктің техникалық қасиеттеріне әсері.
- •2. Полисульфидті каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Этилен-пропиленді каучуктің макромолекулалық құрылысының резиналардың вулкандау қасиеттеріне әсері
- •1. Каучуктер өндірісіне арналған басты шикізат
- •2. Хлорпренді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Тиоколдар негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •Вулканизаттардың қасиеттерi. Вулканизаттардың механикалық қасиет-терiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей қоспа алынды (салм.Б. Түрiнде):
3.Силоксанды каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
Силоксанды каучуктер - кремнийорганикалық полимерлер жалпы форму-ласы I [R и R'-алкилды немесе арильды топтар (негізінен. СН3), R:-OH, аз - СН3], вулкандағаннан кейін резинаға өтеді.
СССР-де
силосанды каучуктердің мынадай маркалары
шығарылды: СКТ, СКТВ, СКТВ-1,СКТЭ, СКТФВ-803,
СКТФТ-100 және т.б.
СКТ каучугі ол диметилсилоксанды полимер, оның макромолекуласы қайталанатын диметилсилоксанды буындардан тұрады. Ал СКТВ каучугіның құрамында 0,1% мол метилвинилсилоксанды буындардан тұрады. Ол оның органикалық тотықтармен вулканизациясын жеңілдетіп ескіруге қарсылығын жоғарылатады.
Метилвинилфенилсиоксанды каучук СКТФВ-803 басқа каучук типтеріне қарағанда суыққа төзімділігі жоғарырақ, құрамында 8 % мол.метилфенилсилоксанды буындардан және 0,3 % мол.метилвинилсилоксанды буындардан тұрады. Және каучук СКТЭ 8%диэтилсилоксанды буындардан тұрады. Жоғары молекулалы силоксанды каучуктердің молекулалық массасы 350 000-800 000 аралығында. Молкулалық массаның жоғарылауы каучуктің өңделуін төмендетіп, ал мол, массаның төмендеуі резинаның физико-механикалық қасиеттірінің төмендеуіне алып келеді. Si-O байланысы жоғары беріктікке ие:байланыс энергиясы 435-495 кДж/моль.
Силоксанды каучуктердің тығыздығы 960-980 кг/м3 тең. Каучуктердің электтризоляциялық қасиеттері де жоғары.
Силоксанды каучуктердің басты артықшылығы олар өте жоғары газөткізгіштік қасиетке ие, яғни көміртекті каучуктерге қарағанда 10-30 есе жоғары.
Силоксанды каучуктер негізіндегі резиналардың беріктігі жоғары емес, яғни 0,2-0,5 МПа. Толықтырғыштар әсерінен олардың беріктігі 30-40 есе өседі. Толықтырғыштар ретінде кремнилі қышқылдар (аэросил, ақ күйе БС-150, БС-280, У-333) қолданылады. Сонымен қатар титан диоксиді, алюминий гидроксиді, каолин, цинк оксидтерәі қолданылады.Силоксанды каучуктер органикалық тотықтармен вулкандалады, екі стадияда, алғашқысы қалыпта, келесісі ыстық ауа ортасында.Силоксанды каучуктер негізіндегі резиналардың ескіруге қарсылығы, озонға,оттекке,УФ сәуле әсеріне және жылуға төзімділігі жоғары.
№ 3 емтихан билеті
1.Каучуктер сыныптамасы. Синтетикалық каучуктердің типтері.
Тұрақты жағдайда синтетикалық каучуктерді классификациялау мен атаулары мономер бойынша бөлінеді, яғни оларды алу кезінде пайдалану (изопренді, бутадиенді, бутадиен - стиролды), немесе негізгі тізбектегі бүйірлік топтардағы топ тәндеріне байланысты ( мысалы полисульфидті,уретанды, кремниий органикалық, фторкаучуктер). Оларды сонымен қатар басқа мәндері бойынша да бөлуге болады мысалы, толықтырғыш құрамымен – толықтырылмаған және толықтырылған каучуктер, молекулалық массасы бойынша (консистенции) және шығарылған формасы бойынша – қатты, сұйық (Сұйық каучуктерді қара) және ұнтақ түрінде.Синтетикалық каучуктердің бір бөлігін сулы дисперсті – синтетикалық латекс түрінде шығарылады. Ерекше топтары СК – термоэласто пласттар.
Ортаның фазалық күйіне байланысты, полимерлеу реакциясы өтетін процестің бірнеше түрі болады: сұйық фазалы, газды фазалы, эмульсионды және ерітіндіде полимерленуі. Осы түрлі полимерлеу әдістермен алынған синтетикалық каучуктер құрылысы және қасиеттерімен ерекшеленеді.
Синтетикалық каучуктердің негізгі типтері: изопренді, бутадиенді, бута-диен-метилстиролды, бутилкаучук (изобутилен-изопренді сополимері), этилен-пропиленді (этилен-пропиленді сополимері), бутадиен-нитрильді (бутадиен-акрилонитрильдің сополимері), хлорпренді (поли-2-хлорбутадиен), силоксанды, фторкаучуктер,тиоколдар.
Синтетикалық каучуктер шартты түрде жалпы және арнайы қолданыс-тағы каучуктер болып бөлінеді. Жалпы қолданыстағы каучуктерге жартылай немесе толық түрде автомобиль, авиациялы және ауылшаруашылық шиналар, резина техникалық бұйымдар: бутадиен - стиролды, изопренді және бутадиенді каучуктер өндірісінде табиғи каучукты алмастыратын каучуктерді жатқызады. Арнайы қолданыстағы каучуктерге жатады: бутадиен – нитрилді және хлорпренді каучуктер, бутилкаучук, силоксанды, фторкаучуктер, уретанды каучуктер, тиоколдар және т. б. Бұл каучуктер бұйымдарға бензинген, майға, жылуға, агрессивті орталарға тұрақтылық, суыққа төзімділігін береді.
