Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар ХТСК.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
458 Кб
Скачать
☆
  1. Каучуктер өндірісіне арналған басты шикізат.

С.В.Лебедев синтетикалық каучук алудың әдісін жасады. Осылайша 1932 жылы каучуктерді өнеркәсіптік өндірісі дамыды. Табиғи каучук – диен көмірсутектің полимері екеніне негіздей отырып, Лебедев те осы жолды алды бірақ қарапайым әрі қол жетімді бутадиеннен алды. Ал бутадиен алудағы шикізат спирт болып табылады: С2Н5ОН: Н Н Н Н Н-С-С -С-С-Н === СН2=СН-СН=СН2 + 2Н2О + Н2. Синтетикалық каучук барлық қасиеті жағынан табиғидан артық түссе де, майысқақтық жағынан артық түсе алмады. Және дәл осы қасиеті негізгі болып табылды, себебі автомобиль және авиация шиналарының қозғалу кезінде ең көп деформацияға ұшырайтын бөлік болып табылады. Бутадиеннің Лебедев әдісі бойынша полимеризациясы кезінде металл натрий катализатор ретінде қолданылады. Осы әдіс бойынша алынған каучук су және газды өткізбейтін қасиетке ие болады.

Қазіргі кезде каучуктердің синтезі үшін мұнай газдарында және мұнай өңдеуден аллынған өнімдерде кездесетін көмірсутегілер қолданылады. Мысалы, бутадиен бутанды дегидрлеу кезінде түзіледі: СН2-СН= СН-СН2 === СН2=СН-СН=СН2 + 2Н2 _. Ал изопрен изопентаннан алынуы мүмкін: /2 - метил бутана): СН3-СН-СН2-СН3 === СН2.=С-СН=СН2 + 2H2 СН3 СН3.

Осылайша каучуктер өндірісінің негізгі шикізаты полимерлер болып табылады.

  1. Акрилатты каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері

Акрилатты каучуктер – акрил қышқылы эфирлерінің (этил-, бутил-, алкоксиалкил-, алкокситиоалкилакрилаттар) өзара немесе винилді мономер-лермен (акрилнитрилмен, 2-хлорэтилвинилді эфирмен, винилхлорацетатпен және т.б.) сополимерлері. Макромолекулалар құрамына тағы вулкандануға қатысуға қабілетті функционалды топтары бар үшінші сомономер буындары да енеді.

Төменде бастапқы шикізаттың құрылымдық формулалары келтірілген:

Акрилатты каучуктер алу технологиясы. Эмульсиялық полимерленуде қолданылады: сілтілік металдардың алкилсульфонаттары (эмульгатор), калий персульфаты немесе тотығу-тотықсыздану жүйесі темір-трилонронгалиті (инициатор). Полимерді полимерлеу мен бөліп алуды эмульсиялық каучуктерді алғандағы сияқты жүргізеді. Мономерлердің конверсиялану дәрежесін 95—97% дейін жеткізеді, өйткені каучуктердің қасиеттері конверсиялану дәрежесіне тәуелді емес. Каучукті латекстен электролиттер, A12(SO4)3. NaCl, KC1 көмегі-мен бөліп алады. Акрилатты каучуктердің тауарлық түрі – ұнтақ, таспа, брикет т.б.

Акрилатты каучуктердің типтері мен қасиеттері. Каучуктердің орташа сандық молекулалық массасы 500-800 мың. (осмометрия мәліметі бойынша). Мұндай каучуктер аморфты, шынылану температурасы -30-дан -53°С-ге дейін. Бутилакрилаттың акрилонитрилмен және этилакрилаттың 2-хлорэтил-винилді эфирмен сополимерлері ацетонда, толуолда, хлороформда және т.б. органика-лық еріткіштерде жақсы ериді; кейбір акрилатты каучуктер құрамында 70-90% дейін ерімейтін бөлігі болады (гель-фракция).

Акрилатты каучуктер төмен газ өткізгіштігімен сипатталады; мысалы, ауа үшін ол 23°С-да 1,58*10-20 м2/(Па*с), N2 үшін 30°С мен 0,8 МПа қысымда -0,99*10-20 м2/(Па*с) құрайды. Каучуктердің диэлектрлік қасиеттері онша жоғары емес - 105—106 Ом*м. Макромолекулаларында қанықпаған көміртек-көміртекті байланыстардың болуының арқасында ескіруге қарсы тұрушыларсыз сақтағанда тұрақты, жылуға, оттегі мен озонға төзімді, УК-сәулелер әсеріне тұрақты болады. Ылғал ортада қыздырғанда гидролизденеді.