Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар ХТСК.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
458 Кб
Скачать
☆

2.Стереоретті изопренді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері

Изопрендi көптеп алудың техникалық тиiмдi әдiстерiнiң ашылуы мен полимерлеудiң жаңа комплекстi және литийлi катализатор-ларын қолдану, құрылымы мен физика-механикалық қасиеттерi жағынан табиғиға жақындау синтетикалық изопрендi каучуктердi алуға мүмкiндiк бердi.

Полимерлеудi ерiтiндiде жүргiзедi.

Изопрендi полимерлегенде қолданылатын каталитикалық жүйелер полимер құрылысына әжептеуiр әсер етедi.

Төменде каталитикалық жүйеге байланысты полиизопрендегi әртүрлi буындардың мөлшерi (% түрiнде) келтiрiлген:

Цис-1,4

транс-1,4

1,2

3,4

TiCl4+AlR3

Al:Ti  1. . . . . . . . . . . . . .

90 дейiн

4

2

4

Al:Ti  1 . . . . . . . . . . . . .

-

95

-

5

TiCl3()+Al(C2H5)3 . . . . .

-

91

-

9

TiCl3()+Al(C2H5)3 . . . . .

85

-

-

15

VCl3+Al(C2H5)3 . . . . . . .

-

99-100

-

-

ТМД СКИ-3 изопрендi каучугi өндiрiледi.

СКИ-3 каучугiнiң алдында СКИ каучугi болған. Ол литийлi катализатор-лар көмегiмен изопрендi полимерлеу өнiмi болып саналған. Мұндай полимерлеу процесi айрықша таза мономерлердiң қолданылуын талап еткен, өйткенi бөгде қоспалар полимер құрылысының реттiлiгiн төмендеткен. Полимердi алудың барлық операциялары инерттi газ ортасында тұйық жүйеде жүргiзiлген.

Комплекстi катализаторлармен изопрендi полимерлегенде құрамында 93-99% цис-1,4 пiшiнi бар реттi құрылымды СКИ-3 каучугiн алады.

Полимер ерiтiндiсiнен СКИ-3 сулы дегазация немесе этил спиртiмен бөлiнiп шығады. Каучук спирттi бөлiнуге қарағанда сулы дегазация арқылы бөлiнiп шыққан кезде, полимер құрамындағы күл мөлшерi 2-2,5 есе және темiр 5-7 есе көп болады.

Каучукке неозон Д (0.5%) және дифенилфенилендиамин (0.5%) қоспасын енгiзсе, бiр жыл бойы сақтағанда да тұрақтылығы ойдағыдай болады.

Шет ел әдебиеттерiнде мұндай каучуктер әртүрлi атаумен берiлген, мысалы: коралл, нэтсин, америпол SN, «Шелл» фирмасының каучугiнiң жаңа типi.

Алыну тәсiлiне байланысты изопрендi каучуктердегi цис-1,4 буындары-ның мөлшерi әртүрлi болады.

Изопрендi каучуктердiң қүрылымы

Көрсеткiштер

ТК

Li катализатор

Комплекстi катализатор

СКИ

коралл

СКИ-3

Америпол SN

Буындар мөлшерi, %

Цис-1,4

Транс-1,4

Транс-1,4

97,8

0

2,2

65

25

6

94

0

6

92-99

0-4

1-3

91

8

1

Сипаттамалық тұтқырлығы

8,3

6,0-14,0

10,6

2,6-3,0

3,3

Химиялық құрылысы.Изопрен полимерлерiнiң құрылысы әртүрлi болуы мүмкiн:

1,4-құрылымдар – “басы-басына”, “құйрығы-құйрығына” және “басы-құйрығына” қос байланысқа қарай цис- және транс- конфигурацияларда да бола бередi.

Физикалық қасиеттерi. СКИ-3 тығыздығы 0,92 г/см3 тең, шынылану температурасы –700С, сипаттамалық тұтқырлығы 2,6-3,0, бензолдағы ерiгiштiгi 97-99%, қанықпаулығы 94-98%, молекулалық салмағы 230000 шамасында, Каррер бойынша иiлiмдiлiгi: I топта – 0,28-0,40; II топта – 0,41-0,53. СКИ сипаттамалық тұтқырлығы 6-дан 14 дейiн, шынылану температурасы –680С. ТК үшiн 250% созғанда, ал СКИ – 700-800% созғанда болса, СКИ-3 400% созғанда кристалды фазалық-диаграмманы бере алады.

Технологиялық қасиеттерi. Негiзiнен синтетикалық изопрендi каучуктердi өңдеудiң технологиясы табиғи каучуктiкi сияқты. Дегенмен изопрендi каучуктердiң тұтқырлығы төмен, ал молекулалық салмағы жоғары “жалған” аумақтың болуы салдарынан ингредиенттерiн алдын-ала енгiзуге болады және олар нашар дисперсияланады. Бұл жағдайды изопрендi каучукердi пластикациялау және араластыру кезiнде ескеру қажет. Қоспаларды дайында-ғанда изопрендi каучуктi иiлiмдетудi (пластикациялауды) 93-1070С темпера-турада химиялық пластификатор пентон 65 (каучуктiң 100 салм.б. 0,25 салм.б) қатыстыра отырып резина араластырғышта жүргiзуге болады, ал сосын қалған ингредиенттердi қосады. Бiлiктерде араластырғанда НК негiзiндегi қоспаларды араластырғандағыға қарағанда бiлiктер температурасын төмендеу ұстап тұру қажет, сонымен бiрге әрбiр вулкандаушы топ үшiн араластыру режимiн таңдап алу қажет.

СКИ-3 негiзiндегi резина қоспаларының когезиялық берiктiгi төмен, сондықтан оны арттыру үшiн СКИ-3 1:1 қатынаста НК қосады. Сонымен қатар изопрендi каучук пен НК жеке-жеке иiлiмдейдi, ал сосын араластырып, әдеттегiдей етiп ингредиентердi енгiзедi.Технологиялық және механикалық қасиеттерi жағынан СКИ-3 СКИ-ден асып түседi.

СКИ артықшылығы механикалық өңдегенде және күйемен араластырғандағы оның температурасының баяу өсуi болып саналады.

СКИ негiзiндегi резина қоспаларының желiмденгiштiгi, басқа СК негiзiндегi қоспалардыкi сияқты төмен. СКИ-3 негiзiндегi қоспалар жоғары желiмденгiштiгi және аққыштығымен сипатталады, сол себептi оларды пiшiндi бұйымдар жасауға, сондай-ақ шиналар жасауға қолдануға болады, бiрақ кейiнгi жағдайда НК қосып пайдаланған дұрыс.

НК сияқты изопрендi каучуктерде де созғандағы берiктiк шегi бойынша вулкадау оптимумы өте анық байқалады. Ұсынылатын вулкандау температурасы 1330С. Температураның өсуi процестi үдетедi, бiрақ сонымен қатар салыстырмалы ұзару мен берiктiк көрсекiштерiнiң абсолюттi мәндерi төмендейдi, бұған температура артқан сайын күшейе түсетiн бұзылудың өтуi себепкер.

СКИ мен СКИ-3 үшiн вулкандау тобын дұрыс таңдау және ның қоспада бiрқалыпты тарауы өте маңызды. Вулкандаушы заттардың бiртегiс таралмауы жергiлiктi артық вулкандануға немесе толық вулканданмауға апарып соғады, яғни бұл резиналардың механикалық қасиеттерiне керi әсер етедi.

Бұл каучуктердi вулкандауға арналған үдеткiштердiң мөлшерi күкiрттiң аз мөлшерiнде НК вулкандауға арналғанға қарағанда көп болуы қажет.